|
57.Сұңқартәрізділердің систематикасы 1.Хордалылар типі- Chordata 2.Бассүйектілер немесе Омыртқалылар типтармағыVertebrata 3.Жақтылар бөлімі- Gnathastomata 4.Төртаяқтылар класүсті – Tetrapoda 5.Құстар класы – Aves 6.Нағыз құстар кластармағы-Neornithes7.Сұңқартәрізділер отряды- FalconiformesСұңқартәрізділер (Falconiformes) – құстардың бір отряды. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында тараған. Қазақстанда 2 тұқымдасы (сұңқар, қыран), 14 туысы, 38 түрі бар, 29 түрі ұялайды. Ең кішкене сұңқартәрізділердің (ергежейлі сұңқар) салмағы 50 г, ең ірісі (калифорния құмайы) 12 кг болады. Калифорния құмайының жайған қанаты 3 м-ге дейін жетеді. Шәулісі ұябасарынан ірілеу болады. Бұлардың арасындағы жыныстық айырмашылық кейбір Жыртқыш құстарда (күйкентай, құладын) айқын көрінеді. Сұңқартәрізділердің қыстап қалатын және қайтып кететін түрлері бар. Олар жерден тез көтеріліп, мәнерлеп, көпшілік түрлері қалықтап ұшады. Негізінен моногамды(басыбайлы жұп құрады) құстар, ұясын қатарынан бірнеше жыл пайдаланады. Ұясын ағаш басына, жартас қуысына, құрақ арасына салады. Ірі түрлері (қыран, құмай) 1 – 3-тен, ұсақтары (бөктергі, тұйғын) 4 – 7-ден жұмыртқа салады. Оны шәулісі мен ұябасары кезектесіп басады, балапандарын да бірігіп асырайды. Қорегін іздеуі, жемінің құрамы Жыртқыш құстардың әр түрінде әр түрлі болады. Көпшілігі етпен қоректенеді. Негізінен зиянды кемірушілермен, кейбір түрлері өлексемен қоректеніп, қоршаған ортаны тазартып, пайда келтіреді. Жыртқыш құстардың біраз түрі (ителгі, лашын, бүркіт, жылан жегіш қыран, ақ сұңқар, аққұйрықты субүркіт, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.Американ құмайлары тұқымдасыАмерикан құмайлары (лат. Cathartidae) – сұңқартәрізділер отряд тармағына жатады. Бұған кондор, король құмай, күрке қумай (Cathartes aura); көкжал құмайлар (Sarcorhamphus) және тауық құмай жатады. Бойында дегелек және бірқазанның кейбір қасиеті сақталған қарапайым құс. Қанат құлашы 3 м дейін, жалпақ. Соның нәтижесінде қорегін іздеп ауада сағаттар бойы қалқып ұша алады. Басы мен мойын терісі жартылай ашық болғандықтан өлексенің іш құрылысын жегенде былғанбайды. Артқы тұяғы басқаларынан жоғары орналасқан және ұсақ, американдық құмай жерде тез жүріп қимылдауға мүмкіндік береді бірақ өзінің қоректік қорын аяғымен қысып алып кете алмайды. Тырнақтары сәл иілген мұқыл. Өңеш бұлшық еттерінің жетілмеу салдарынын американ құмай дыбыс шығара алмайды. Қазіргі уақытта 3 тұқымдасқа қарасты 5 туыс 7 түрі белгілі; ең белгілісі айдарлы құмай. Қорегі балық және жануарлар өлексесі. Таралуы Канаданың оңтүстігінен Отты жерге дейін. Балапандары көздері көретін болып туады бірақ баяу дамиды. Калифорниялық құмайдың (Gymnogyps californianus) жойылу қауіпі бар (1983 жылы 26 құс есептелген) ХТҚО Қызыл кітабында
58.Қоянтәрізділердің систематикасы. 1.Хордалылар типі- Chordata2.Бассүйектілер немесе Омыртқалылар типтармағы- Vertebrata3.Жақтылар бөлімі- Gnathastomata4.Төртаяқтылар класүсті – Tetrapoda 5.Сүтқоректілер класы- Mammalia 6.Аңдар кластармағы – Theria 7.Жоғары сатыдағы аңдар немесе Плаценталылар (Ұрықжолдастылар) –Eutheria, seu Placentalia инфракласы 8.Қоянтәрізділер отряды- Lagomorpha
Қоянтәрізділер отрядының таксономиялық белгілері.Қоянтәрізділер (лат. Lagomorpha) – сүтқоректілер класының бір отряд. Бұларды 20 ғасырдың ортасына дейін жұп күрек тістілер отряд тармағына жатқызып келді. Қоянтәрізділердің кеміргіштермен ұқсастығы дивергенция емес,керісінше конвергенция процесімен түсіндіріледі. Бұлар бор кезеңнің аяғында қарапайым жәндік қоректілерден пайда болған. Ең көне қазба қалдықтары жоғары палеоцен қабатынан табылған. Жер шарында кең таралған, тек Антарктидада, Оңтүстік Америкада, Мадагаскар аралында кездеспейді. Ал Австралия, Жаңа Зеландияаралдарында жерсіндірілген. Арктика тундрадан тропиктік ормандар мен шөлді аймақтарға дейінгі жерлерде, тіпті тауда альпі белдеулерінде тіршілік етеді. 4 тұқымдасы 65-тен астам түрі белгілі. Маусымдық түлеуі (жүнінің түсі өзгеріп отырады) көп түрлеріне тән қасиет. Үстіңгі жағында екі жұп күрек тістері болады, алдыңғы күрек тістері өте үлкен, өткір қашау тәрізді. Күрек тістері мен азу тістері нің аралығында тісі болмайтын жері диастема деп аталады. Ерекшелігі – соқыршегі спираль тәрізді қатпарланып жатады. Жылына 2 – 5 рет 2 – 8 көжек туады. Шөп, ағаштың қабығымен, бүршігімен, бұтағымен қоректенеді. Қоянтәрізділердің кәсіптік маңызы зор (терісі, жүні, түбіті, еті пайдаланылады). Кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, орманға зиян келтіреді. Сондай-ақ, ауру (туляремия, т.б.) да таратады. Өте өсімтал, сондықтан тым көбейіп кеткен жылдары жоспарлы түрде ауланады. Қазақстанда Қоянтәрізділердің 2 тұқымдасы: қоян (Leporіdae) және шақылдақ бар. Қоянның дене тұрқы 75 см-дей. Артқы аяғы алдыңғы аяғынан едәуір ұзын. Құйрығы қысқа, құлағы ұзын болады. Қазақстанда қоян тұқымдасының 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) мекен етеді.Шақылдақтар (лат. Ochotonidae)қоянтәрізділер отрядының тұқымдасы. Шақылдақтар Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Азия, Солтүстік Америкадамекендейтін 18 — 20 түрі бар. Қазақстанда 5 түрі (дала Шақылдағы, алтай Шақылдақғы, моңғол Шақылдағы, қалқанқұлақты Шақылдақ және қызыл Шақылдақ) кездеседі, олар республиканың барлық аймақтарындағы далалы, шөлейтті, шөлді, кейде тіпті таулы аймақтарға дейін таралған. Дене тұрқы 23 — 25 см, салм. 100 — 300 г. Аяқтары қысқа, алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындықтары бірдей. Құлақ қалқаны кішкентай, дөңгеленген (түйеқұлақ деп аталуы да осыдан). Құйрығы түгінен көрінбейді. Реңі жыл маусымдарына қарай өзгеріп тұрады: жазда — жұқа, қоңыр сұр, қоңыр қызыл, ашық сары не сарғыш; қыста — қалың, ақшылдау болады. Шақылдақтар ашық жазықта, бұталар мен шөптесін өсімдіктер арасында, таулы жерлерде 3000 м биіктікке дейін қоныстанады. Тастар мен қорымдар арасындағықуыстар мен жарықшақтарда, басқакеміргіштердің бос індеріндетұрақтытіршілікетеді. Жиітоптаныпшоғырқұрады. Бұлардыңдыбыс беру қабілетіөтежақсыжетілген. Күндізбелсенді, қысқыұйқығажатпайды. өсімдіктердің 100-ге жуықтүріменқоректенедіҚысқақарайазыққорынжинайды, өсімдіктердікептіріп, кейдесалмағы 27 кг-дай шөмелесалады(кейдебұлардыңшөмелешілердепаталуыосыдан). Жыныстықжағынанаталығы мен аналығы 8 — 11 айда жетіледі. Жылына 2 — 4 мәрте, сәуір — тамызайларында, көбеюгеқатысады. Буаздықмерзімі 1 ай шамасында, 2 — 13 көжектуады. Көжектері шала, соқырболыптуылады, салмағы 11 — 22 г, денетұрқы 6 — 8 см. Олар 3 жетідейсүтеміп, соданкейіншөппенқоректенебастайды. Кәсіптікмаңызыжоқ. Шақылдақтардың саны көбейгенкезіндекейбіртүрлері оба індетінтара
59. Ресурстықжыртқышаңдардың (мысалы, иттектестердің) систематикасын, таксономялықбелгілерінсипаттапсалыстырыңыз. Бөлімі: Жақтылар – GnathostomataКласы: Сүтқоректілернемесеаңдар – Mamalia, TheriaКластармағы: Аңдар – TheriaИнфракласы: Жоғарысатыдағыаңдарнемесеплеценталылар – Eutheria, seu PlacentaliaОтряды: Жыртқыштар – CarnivoraТұқымдасы: Иттектестер – Canidae Бұл тұқымдасы барлық материктерде тараған және 35 – ке жуық түрді біріктіреді. Дене тұрқы 40 см – ден 160 см – ге жетеді. Басының тұмсық бөлімі ұзарған. Құлақ қалқандары үлкен, үшкірлеу, сирек қысқа және дөңгеленген. Сезім мүшелерінен иіс сезу және есту жақсы жетілген. Құйрығы әдетте ұзын. Аяқтары ұзын (жалды қасқыр) немесе қысқа (жанаттәрізді ит). Саусақпен жүретіндер: алдыңғы аяқтары 5, артқылары 4 саусақты. Тырнақтары доғал және аздап иілген. Қорегі – түрлі омыртқалылар, кейде өлекселер, сирек – омыртқасыздар. Ашық жерлерде мекендейді. Жылына 1 рет көбейіп, 4 -7 ұрпақ алып келеді. Көптеген түрлерінде аталықтары күшіктерін тәрбиелеуге қатысады. Иттектестер тұқымдасына 35 – ке жуық түр жатады. Соның ішінен Қазақстанда, тұрі кездеседі. Олар:Жанаттәрізді ит – Nyctereutes procyonoides, Қызыл қасқыр - Cuon alpines, Шиебөрі - Canis aureus, Қарсақ - Vulpes corsac, Қасқыр - Canis lupus,Түлкі - Vulpes vulpes.
60.Ресурстық аша тұяқты сүтқоректілердің систематикасын,таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз. Artiodactyla-Жұптұяқтылар немесе Ашатұяқтылар отряды Автралия мен Антарктидадан басқа Жер шарына кең тараған 2 отряд тармағы,8 тұқымдасқа жататын 200-ге жуық түрді біріктіреді.Тері жамылғысы жақсы жетілген.Көпшілік түрлерінде не аналықтарында,не екеуінде де жұп мүйіздері болады.Үстіңгі күрек,шошақ және ұрт тістері кішірейген немесе болмайды.Көптеген түрлерінің алдыңғы және артқы аяқтарында 4-4-тен саусақтары болады.Бұғана жоқ.Кәрі және асық жіліктердің сүйектері біріккен.Көптеген түрлерінің қарны күрделі,көп камералы,сирек қарапайым.Жатыры қос мүйізді.Әдетте табын құрып жүреді.Өсімдіктермен қоректенеді.Полигамдар.1-2 ұрпақ береді.Төлдері ширақ,туғаннан соң енесінің соңынан ереді.Жұптұяқтылар 2отряд тармағына бөлінеді.Күйісқайырмайтындар отрядтармағы (Suiformes) тропикалық және қоңыржай аймақтардың әр түрлі биотоптарында мекендейтін 3 тұқымдасқа (доңыздар тұқымдасы,пекарилер тұқымдасы және бегемоттар тұқымдасы)жататын 11түрді біріктіреді.Терісі қалың,тері асты май қабаты жақсы жетілген.Тері жамылғысы сирек,кейде редукцияға ұшыраған.Мүйізі болмайды.Қорек талғамайтындар,десе де өсімдіктерді ұнатады.Доңыздар тұқымдасы (Suidae) Европа,Азия мен Африкада тараған 7 түрді біріктіреді.Денесін қылшықты түк басқан немесе ешнәрсе болмайды.Шошақ тістері үлкен,сыртқа және жоғары қарай өседі.Суқоймаларына жақын қалың шіліктерде мекендейді.Тез жүгіреді,жақсы жүзеді.
Күйісқайыратындар отрядтармағы (Ruminantia) Австралиядан Антарктидадан басқа барлық материктердің әртүрлі биотоптарында мекендейтін 5тұқымдасқа жататын 148түрді біріктіреді.Көптеген түрлерінде мүйізі бар.Өсімдіктермен қоректенеді.Табын құрып тіршілік етеді.Күйісқайыратындар отряд тармағының тұқымдастары: бұғышықтар(Tragulidae), бұғылар(Cervidae), керіктер немесе жирафтар (Giraffidae), киіктекелер (Antilocapridae), қуысмүйізділер (Bovidae).
Қызыл Кітаптың соңғы 4-басылымында (2010) аңдардың 40 түрі мен түршесі тіркелді.Соның ішінде Ашатұяқтылар отрядынан 8 түр мен түрше – тоғай бұғысы, қарақұйрық, үстірт жабайы қойы (устюртский муфлон), алтай арқары, қызылқұи арқары, қазақстан арқары, тяньшань арқары, қаратау арқары тіркелді.
Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 249 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Иттектестер | | | Features and architecture of ISDN network |