Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Туыс (Marmota)

Отряд (Rodentia)

Тұқымдас (Sciuridae)

Түрдің авторы Kaschkarov, 1925

Қысқаша сипаттамасы Сирек, таралған аймағы шағын, Батыс Тянь-Шань эндемигі. Альпі және субальпі шалғындары мен астық тұқымдас шөптерге бай далада мекендейді. Қазақстандағы жалпы саны - 20-25 мың; санының азаюының негізгі себептері - малды (әсіресе қойды) шектен тыс жаю және қасақылық. Өгем мен Сайрам өзендерінің алқаптарын Ақсу - Жабағылы қорығына қосу және Бадам өзенінің бойында республикалық мақсатта қорықша ұйымдастыру қажет.

37.Сусарлар (лат. Martes) — сусарлар тұқымдасының сусарлар туысына жататын бағалы терілі аңдар. Дене ұзындығы 50 см дейін, кейбіреулері 80 см жетеді. Құйрығы ұзын, (34—44 см). Түсі көбінесе құбақоңыр және коңыр, кеудесінде ақ дағы бар. Еуразия мен Солтүстік Американың орманды аймақтарында таралған. ТМД—да, 4 түрі: бұлғын, орман сусары, тас сусары, харза кездеседі. Полигамдар. Жыртқыштар және кейбір жағдайларда өсімдікжегіштер бола алады. Тері кәсіпшілігінің бағалы аңдары және аң шаруашылығында өсірілетін бағалы терілі аңдар.

Ресурстық түрлері:

Тас сусары (лат. Martes foina) — жыртқыштар отряды, сусар тұқымдасына жататын жануар. Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларының, сондай-ақТарбағатай, Сауыр тауының және оңтүстік Алтайдың ормансыз беткейлерінде, тастақты жерлерінде тіршілік етеді. Үлпілдек жүнді, жылтыр, қара қоңыр түсті. Төсі ақ, бірден көзге түседі. Дене тұрқы 39-50 см, құйрығының Ұзындығы 23-29 см, салм. 1,5 кг. Қорегі — тышқан тәрізді кемірушілер, ұсақ құстар, жазда — жәндіктер. Қыста жеміс-жидектермен қоректенеді. Қорегін түнде, кейде күндіз аулайды. Маусымшілдеде ұйығады. 236-275 күннен кейін 2-5 соқыр, саңырау шақалық туады. Олар 30-36 күннен кейін көзін ашады және естиді. Жыныстық жағынан 1516 айда жетіледі. Терісі өте бағалы. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген (1996. Республикада Талас пен Қырғыз жоталарында, Қаржантау, Қаратау, Шу-Іле, Кіндіктас, Іле және Күнгей Алатауларында, Кетмен Жоңғар Алатауының сілемдерінде, Тарбағатай мен Саурда кездеседі. Сиректе болса Оңтүстік Алтайда Қамбы және Нарым жоталарында, Марқакөлкөлінің суалабында және Бұқтырма өзенінің аңғарында да есепке алынған. Тау бөктерлерінен альпі белдеуіне дейінгі (теңіз деңгейінен 800-3400 м биіктікте) барлық биотоптарда кездеседі. ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарында біршама көп болған. Солтүстік Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында сол жылдары оның саны шамамен 3 мыңдай болды, оның өзінде Іле Алатауында 1968 жылы ақпан-наурызда 1000 га жерде 6.6 бастан келді. 1968-1969 жылдардағы өте қатал қалың қарлы қыстан соң бұл аймақта саны 500-ге дейін кеміді, ал Іле Алатауында 1969 жылы қыркүйекте 1000 га-да бар – жоғы 1.7 бастан келді. Соңғы жылдары қалың қарлы қыстардың нәтижесінде, сол сияқты қаскерліктен оның саны одан әрі азайды.

Орман сусары (лат. Martes martes) — сүтқоректілер отряды, сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш. Дене тұрқы 43-58 см. Салмағы 1,8 кг. Иілгіш денелі, қысқа аяқты аң; терісі қара, омырауында ақ дағы бар. Жайық бойында және оның төменгі ағысында кездеседі. Түн мен кеште ғана шығады. Сәуірде күшіктейді. Тышқан тәрізділер мен кішігірім құстары жеп қоректенеді. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Сирек. Жайық өзенінің жайылмалары мен Солтүстік Қазақстан ормандарында таралған; жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда мекендейді. Қазақстанда жалпы саны 200 бастың шамасындай; санының азаюының негізгі себептері - орман алқабының қысқаруы және қасақылық. Қолда ойдағындой өсіп-өнеді. Үш қорықшада қорғалады. Жайық өзенінің жайылмасы мен Солтүстік Қазақстан ормандарында мекендеуге жарайтын учаскелерді сақтау қажет.Жайық өзенінің суалабындағы жайылма тоғайлары мен Солтүстік Қазақстан ормандарында кездеседі. 1938 жыл Гурьев (Атырау) қаласынан 6 км жерде ауланған, мұнда кезде»соқ келуі мүмкін. 1986 жыл Екі сусар Калмыков ауылының манынан ұсталды. 1948 жыл Шілде-тамызда Солтүстік Қазақстан облысындағы Ленин ауданынан, ал 1978 жыл Шілдеде еркек орман сусары Көкшетау облысының Зеренді ауданынан ұсталған. Егер соңғы екі кездесуді кездейсок деп есептесек, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI-ғасырдың басында Солтүстік Қазақстанда ол тұрақты түрде кездеседі. Жайық өзенінің суалабында негізгі биотоптары – көк терек, ақ терек, емен, тал өскен ормандар. Солтүстік Қазақстанда – шөптесін өсімдіктері мен бұталары сирек ескі қарағайлы ормандар, таза қайыңды ормандарда да кездеседі.


Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 290 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Фазановые (Phasianidae) Цесарковые (Numididae) | Features and architecture of ISDN network | Level 1 of the OSI model | ISDN adapter Teles S0/16. 3 and its main features implemented by program RVS-COM Lite. | Configuring ISDN adapter for transmitting or receiving data by network. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Марина Максимова рассказала о том, когда ценителям ее творчества можно ждать выхода нового альбома.| Иттектестер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)