|
Иттектестер тұқымдасы – Canidae.Бұл тұқымдасқа орташа және майда денелі, дене тұрқы 40 см ден 160см ге дейінгі жыртқыштар жатады.Майда түрлерінің салмағы 2кг дан үлкендерініңкі 80 кг ға дейін жетеді.Құйрықтары біршама ұзын болады.(11-55см).Тұмсығы ұзарған, аяқтарының ұзындығы түрлерге байланысты әр түрлі.Алдыңғы аяқтары әдетте 5саусақты,ал артқылары 4 саусақты болып келеді.Тырнақтары сыртқа шығып тұрады.Тері жамылғысы қалың және үлпілдек.Реңі бір түсті сарғылт, сұр, қызғылт, қара болып келеді, қызғылт, қара болып келеді.3-8жұп емшектері бар.Жыртқыш тістері жақсы дамыған.
Барлық континенттерде жақсы таралған.Олар тек Антарктида, Жаңа Зеландия, Мадагаскардан басқа барлық жерлерде жақсы дамыған.Көптеген түрлері ін қазып тіршілік етеді.Иттектестер көптеген кеміргіштерді жойып адамға пайда келтіреді.Кейбір түрлері қолда бағалы терісі үшін өсіріледі.Десе де кейбір түрлері аңдар мен адамдар арасында түрлі жұқпалы аурулардың таратушысы болып табылады.Тұқымдастың систематикасы толық анықталмаған.Қазіргі таңда 35 түрді біріктіретін 12туысқа біріктіреді.
Жанаттәрізді иттер. Өзендер мен жағалаулардың маңында,жайылма ормандарды,бұталы жерлерде, қамыстар арасында мекендейді.Қорек талғамайды.Жанаттәрізділердің терісі өте әдемі болып келеді. Оны тон, бас киімдер, кеудкше жасауда көптеп пайдаланады.Жанаттәрізділер егін шаруашылығына көптеп зиянын тигізеді.Қазақстанда Каснпий маңында, Солтүстік аймақтарды таралған.
Қасқырлар.Бұл туысқа қасқыр шиебөрінің 4түрі біріктіріледі. Евразияда, Солт Америкада,Мексикада мекендейді. Көбіне бұғылар мен,бұландармен қоректенеді,Өлекселерден де бас тартпайды.Шиебөрілер түрлі өсімдіктермен қоректенеді.
Түлкілер. Түлкілердің құлағы ұзын үшкір болады. Түлкілер кеміргіштерді көптеп жояды Европа,Азия, Африка, Солт Америкада мекендейді.ТМД мен Қазақстанда кең тараған түрі кәдімгі түлкі.Түлкі кәсіптік жолмен ауланатын бағалы аңдардың бірі болып табылады. Бағалы терісі үшін қолдыа өсіріледі.
39. Бұғылар тұқымдасына жататын сүтқоректілер, олардың биологясы мен экологиясы және ресурстық түрлері ретінде аңызын түсіндіріңіз.
Бұғылар тұқымдасына жататын тұяқтарныда еркектердің маңдай сүйектерінің туындысы болып саналатын тармақталған мүйіздер болады. Олар жылма жыл түсіп, қатадан өскенде мамық жүнді тері қатпары жауып тұрады. Мүйіздері жетіліп сүйектене бастағанда оны көлкерген тері қатып ұзына бойы жарыла бастайды. Бұғылар тұқымдасының бұғылар туысына марал атты сүтқоректі жатады. Марал- бұғы тұқымдасының ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 227-244, бұқасының шоқтығының биіктігі 142-155см, салмағы 416кг, ал ұрғашыларынікі 176кг дай. Маралдың дәрілік шикізатын беретін мүйізі еркегінде ғана болады. Басқа бұғылардан ерекшелігі маралдығ мүйізі алтын бұтақты. Марал Қытай мен Моңғолияда, Алтай мен Саянда, Байкал көлінің маңында таралған. Қазақстан жерінде Талас, Іле, Күнгей және Теріскей аудандарында кездеседі.
Маралдар шағын табын құрып тіршілік ететін жануарлар. Таулы өңірдің ашық беткейлерін, орман ішін, субальпі мен альпі шабындықтарын мекендейді. Табын мөлшері мекендейтін жерлеріне байланысты. Күзде салқын түссе үлкен топтар бірте бірте ыдырап, 2-5тен топтанып, жылы орман ішін жайлайды. Қыста таудың етегіне қарай түссе жазда таудың жоғарғы белдеулеріне қарай көтеріледі.
Жайылуға кешке қарай шығып түні бойы жайылады. Тойынған сон жан жағы жақсы көрінетін жотаның биіктеу жеріне жатып демалады. Көктемде жанарлар тау беткеййлерінде күндіз жайыатын болса, жазғы қонсорғыш насекомдардың қорктенуі кезінде тек түнде ғана шығады. Негізгі қорегі – шөптесін және бұталы өсімдіктер. Олардың жапыратар, бүршіктерін азық етеді. Маралдың азық құрамына үй жануарлары жемейтін улы өсімдіктер де кіреді. Шаруашылықтағы маңызы. Маралдар аа бағалы еті мен дәрілік шикізат беретін алтын мүйізі үшін аланатын аң. Әсіресе сүйектенбеген жас мүйізі жоғары бағаланады. Бұл пантыны тау женьшені деп атайды. Бұдан пантокрин дәрісі жасалынады. Ол жүрекке, қан тамырлар жүйесіне, тері, бұлшық етке, тыныс алу жүйесіне т.б органдарға әсер ететін сергіткіш дәрі. Көктемде панты жетілген кезде маралдың қанының шипалық қасиеті бар. Одан пантогематоген препарат дайындалады. Шығыс медицинасында маралдың ұрығы, құйрығы, сіңіріде әртүрлі ауруларға ем ретінде пайдаланылады.
40.Кеміргіштер,олардың ресурстық топтары және биологиясы мен экологиясының ерекшеліктерін және ресурстық түрлер ретінде маңызын түсіндіріңіз.
Қазақстан территориясында сүтқоректілердің Әлемдік териофаунаның 4%-н құрайтын 178 (180) түрі мекендейді. Олар 34 тұқымдасқа, 89 туысқа және 8 отрядқа бірігеді.Соның ішінде кеміргіштер отряды 15 Тұқымдас, 41туыс,82 түрді біріктіреді. Кеміргіштер отрядына жататын сүтқоректілердің арасында ашық алаңда (суырлар, сарышұнақтар, қосаяқтар, құмтышқандар және.т), топырақ арасында (соқыр тышқандар, момақан тышқан), ағаш-бұта арасында не ағаш сүлбесінде (ұшар, тиін, қарақастар), жартылай суда (құндыз, ондатр, саз құндызы-нутрия) тіршілік ететіндер бар. Осындай ортада мекендеуге бейімделген ерекшеліктері болады. Республикамызда XX-ғасырда сұр тиін (белка-телеутка) ойдағыдай жерсіндірілді. Ол Ертіс өңіріндегі ормандардан ұсталып, Орталық және Солтүстік Қазақстанның қарағайлы ормандарына, сол сияқты Тянь-Шань мен Жетісу Алатауының қылқан жапырақты ормандарына жіберілді. Бұрында бұл жерлерде тиіндер болмаған, ал қазір бұлар жаңа қоныстарына, соның ішінде Алматы қаласындағы Ботаника бағы, ҚазҰУ қалашығы, Баум тоғайы, Демалыс және мәдениет паркінде және т.т. ойдағыдай бейімделді. Қала тұрғындары және қонақтар үшін эстетикалық мәні бар ресурс болып табылады. Енді ресурстық маңызына тоқталар болсақ, адам баласы Жер бетінде пайда болысымен-ақ күн көру үшін (тамақ, киім) жабайы аңдарды аулауды үйрене бастады.Адам баласы осы кезге дейін жабайы аңдарды түрлі мақсаттарға пайдаланды, яғни бұлардың басым көпшілігі ресурстық түрлердің қатарына жатады.
Сүтқоректілерді пайдалануға байланысты мынандай ресурстық топтарға бөледі. Олар: 1-аңшылық ресурстар (бұлар а-кәсіптік жолмен ауланатын және ә-әуесқойлық не спорттық жолмен ауланатын ресурстар деп бөлінеді); 2-бағалы терісі үшін ауланатын ресурстар; 3- дәрі-дәрмек алатын ресурстар;4-ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін түрлер ресурстары; 5-санитарлық-эпидемиологиялық маңызы бар ресурстар; 6-экологиялық маңызы бар ресурстар және т.т.
Кеміргіштер (суырлар, сарышұнақтар, ондатр, тиіндер, жұпар, құндыз және т.б) бағалы терісі үшін ауланатын сүтқоректілердің ресурстық түрлеріне, дәрі-дәрмек алуға шикізат беретін түрлердің ресурстарына,ауыл және орман шаруашылықтарына зиян келтіретін түрлер ресурстарына жатады. Бұлардың қатарына түрлі тоқалтістер, момақан тышқан, қаптесерлер, тышқандар, сарышұнақтар, атжалмандар, аламандар, сарықоржындар (пеструшки), құмтышқандары және құндыз, егеқұйрықтар және т.т. жатады.Кеміргіштер санитарлық-эпидемиологиялық ресурстар қатарына да жатады. Біздің елде, обаға қарсы күресетін мекемелер ашылған. Онда қызмет жасайтын медиктер мен зоологтар кеміргіштердің қоныстарын (әсіресе құмтышқандарының 4 түрі мен суырлардың 3 түрі) үнемі бақылап, эпизоотияның алдын алу шараларын ұйымдастырады. Ал көптеген түрлердің биологиялық түр ретінде экологиялық маңызы болатыны барлығымызға да түсінікті.
Енді Қазақстандағы суыр кәсібіне тоқтала кетсек. Қазақстандағы суыр кәсібі 1947 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Кәсіп көп уақыттан бері жүргізілмеген жерлерде суыр жанұялары өліп жатыр, себебі кәрілер жастарға көбеюге мүмкіндік бермейді. Ал кәсіп жүргізіліп жатқан аумақтарда суыр популяциясы азаймайды және оған қоса тұмау мен оба секілді аурулардың таралуын болдырмайды. Кәсіптің басқа да негізгі себебі – суыр майы. Ол медицина мен парфюрмерияда кеңінен қолданылады, көптеген емдік қасиеттерге бай және теріге өте пайдалы болады. Суырдың терісі өте жылы болады және соңғы кезде үлкен сұранысқа ие. Суыр еті өте таза және айтарлықтай дәмді.
41.Polygonacea тұқымдасы Rumex туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама бер.
Қымыздық(Rumex) — таран тұқымдасына жататын көп жылдық және бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Ақмола, Ақтөбе облыстарында, Күнгей, Теріскей, Жетісу (Жоңғар) Алатауларының шалғындарында, өзен-көл жағалауында, тастақты тау бөктерінде, субальпі және альпі шалғында өсетін 24 түрі кездеседі. Гүлі қос және дара жынысты, қос үйлі, түсі қызғылт, сары не қызыл.[1] Аталығы 6 (ішкі гүл қоршауының арасында қосарланып жетіледі). Аналығы 1 не 3 жеміс жапырағынан тұрады. Бір ұялы, онда бір тұқым бүршігі болады. Қымыздықтың арасында жиі кездесетін, емдік маңызы бар түрі — кәдімгі Қымыздық (R. аsetosa). Оның биіктігі 1 м-дей. Сабағы тік, тамыры қысқа, түйнекті. Жапырағы ірі, сағақты. Аталық гүлдерінің гүл қоршауы ұзын. Аналық гүлі сыртқа қарай қайырылып, гүл сағағына жанасады. Қызыл, сары гүлдері сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Мамыр — маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі — үш қырлы жаңғақша, жылтыр, қоңыр түсті (ұзындығы 1,5 — 2 мм, ені 1 мм). Жапырағында қышқыл дәмді калий тұзы, сондай-ақ, белок, темір және өте көп мөлшерде С витамині бар. Халық медицинасында кәдімгі Қымыздықты бауыр қызметін реттеуге, өттің бөлінуін күшейтуге, қан тоқтатуда пайдаланылады. Жапырағынан салат жасайды.
42.Cruciferae тұқымдасы Meniocus туысының түріне дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып,атын атап биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипаттама беріңіз?
Орамжапырақ тұқымдасы, крестгүлділер тұқымдасы (Crucіferae, Brassіcaceae) – қосжарнақты, бір, екі және көп жылдық шөптесін, бұта, жартылай бұта өсімдіктер. Дүние жүзінде негізінен Солтүстік жарты шарда тараған 350 туысы, 3 мыңдай түрі белгілі. Қазақстанда 78 туысқа жататын 298 түрібар. Жапырақтары кезектесе орналасқан, бөбе жапырағы болмайды. Гүлі ақ, қызғылт, сары, көк түсті, қосжынысты. 4 тостағанша, 4 күлте жапырақшалары қиғаш (крест) орналасқан. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Аталығы 6, аналығы – біреу. Наурыз – тамыз айларында гүлдейді.Жемісі – бұршаққын, кейде жаңғаққа ұқсас болады. Тұқымы майлы, құрамында глюкоидтар бар. Орамжапырақ тұқымдасының арасында тағамдық көкөністер (капуста, шалқан, шалғам, тарна, т.б.), майлы өсімдіктер (қыша, арыш, т.б.), дәм-татымдық (қышабас, ақжелкек, баймана, т.б.), дәрілік (ымыртгүл, шытырмақ, қанатжеміс, жұмыршақ, т.б.), бояу алынатын (қышабас, шытыршық), балдық және әсемдік үшін өсірілетін көптеген түрлері кездеседі. Орамжапырақ тұқымдасының шөл, шөлейтті жерлерде өсетін түрлерінің мал азықтық маңызы зор. Орамжапырақ тұқымдасына жататын өсімдіктердің арасында қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген 15 түрі бар.
43.Cucurbitaceae тұқымдасы Bryonia туысының, дәрілік өсімдіктердің гербаринін алып, атын атап биологиялық ерекшеліктеріне пайдалануына сипаттама беріңіз.
Систематика: Бөлім: Magnoliophyta,Класс Magnoliopsida, Тұқымдас: Cucurbitaceae –тыквенные –асқабақ тұқымдасы,Туыс: Bryonia –Пересупень –Итжүзім, Түр: Bryonia alba- сырт дән итжүзім. Тұқымдасқа сипаттама: Қосжарнақтылар класына жатды. Бұлар бақша өсімдігі. Асқабақ қарбыз қауын қияр – бақшада өсетін қос жарнақты өсімдіктер Қазір бақша өсімдіктерінің 900 түрі белгілі.Қазақстанда 9 түрі бар бұл өсімдікткердің көпшілігі бізге бұрыннан таныс.Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшілігі- шөптекті бір жылдық өсімдіктер Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктердің бір түрі .Туысқа сипаттама Асқабақтұқымдасына жатаатын көп жылдық шөптесін өсмдік Дүние жүзінед, орта Азияда Батыс еуропада,және жер орта теңізі аймағында кезедесетін12 түрі белгілі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарындағы жазық жерлер тау аңғарларында, сондай- ақ орман шетімен бұталары арасында өсетіін 3 түрі бар. Олардың ішінде реликті түрі өте сирек. Тамыры жуан, түйнекті сабағы көп бұтақты, шырмалып өседі. Етжеңді, төмен жағғындажапырақтары ірі болады. Бір үйлі, сарғыш жачыл гүлі дарра жынысты. Тұқымынан көбейеді Сәуір мамыр айларында гүлдеп, маусымында жемісі піседі.Жемісі шар тәрізді қан жасыл түсті жидек. Бұл өсімдіктің тамырынан алынатын
44.Fabacea тұқымдасы Trifolyum туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атынт атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаоланауына сипаттама беріңіз.
Бұршақтар тұқымдасы (бобовые - Fabaceae).Бұршақтар тұқымдасында 12 мыңдай түр, 490 туыс бар.Бұлардың өкілдерінің көпшілігінің бұрынғы БОР-дың климаты құрғақ болып келетін субтропикалық, сонымен бірге солтүстік қоңыржай және салқын климатты аудандарындағы өсімдіктер жабынының қалыптасуында маңызы аса зор. Бұл тұқымдасқа бiр жылдык, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, бұталар және ағаштар жатады. Жапырақтары мен гүлшоғыры әртүрлi. Ал кейбiр өсiмдiктерде, мысалы, асбұршағында(горох - Pisum) ол кәдiмгi жапырақтардан көп үлкен. Бұршақтар тұқымдасына негiзiнен күрделi жапырақтар тән. Мысалы беде(клевер - Trifolium), жоңышқа(люцерна – Medicago), түйежоңышқа(донник - Melilotus) жапырақтары үш кұлақты күрделi жапырақтар. Асбұршақ (горох - Pisum), қытайбұршақ(соя - Glycine), үрмебұршақ(фасоль - Phaseolus), ағаш қараған(карагана древовидная – Caragana arborescens), ақ акация (робиния - Robinia), сиыржоңышқа (вика - Vicia) жапырақтары қауырсын тәрiздi күрделi жапырақтар. Бөрiбұршақтың (люпин - Lupinus) жапырағы саусақсалалы күрделi жапырақ.
Егiн шаруашылығы тәжiрибесiнде — бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшелiктерiнiң маңызы аса зор. Мысалы, олардың тамырларында түйнектер түзiледi. Топырақтан бұршақ тұқымдас өсiмдiктер тамырларының клеткаларына тамыр түктерi арқылы бактериялар өтедi. Олар ауадағы бос азотты бойына сiңiредi. Бактериялар тамыр клеткаларының бөлiнуiне жөне көлемiнiң ұлғаюына әсер етiп, нәтижесiнде түйнектер түзiледi. Организмдердiң екеуiне де пайдалы мұндай селбесудi симбиоз деп атайды (гректiң "симбиозис" — селбесiп өмiр сүру деген сөзiнен алынған). Өсiмдiк қураған соң топырақ құрамындағы азоттың мөлшерi, яғни топырақтың кұнарлылығы артады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң барлық мүшелерi белоққа бай болады
Бұршақтар тұқымдасының табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Бұршақтар тұқымдасының көптеген мәдени түрлерi тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерi дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады. Оларға мияның(cолодка - Glycyrrhiza) түрлерi, дәрiлiк түйе жоңышқа(донник лекарственный – Melilotus officinalis) жатады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң басым көпшiлiгi аса кұнды малазықтық өсiмдiктер. Олар жайлымдар мен шабындықтардың негiзгi өсiмдiктерi болып табылады.Жоңышқа (люцерка - Medicado), түйежоңышқа(донник – Melilotus), эспарцет(эспарцет - Onobruchis) секiлдi туыстарының түрлерi мәдени жағдайда өсiрiледi. Бұршақтар тұқымдасының түрлерiнiң барлығының шiрнелiктерiнде тәттi шырындар мол болады. Соған байланысты олардың гүлдерiнен аралар көп мөлшерде бал жинайды.
Беде (Тrіfolіum) – бұршақтар тұқымдасына жататын көп жылдық кейде бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Солт. жарты шардың қоңыржай белдеулерінде, сирек Оңт. Америка мен тропиктік Африкада кездесетін 200-ге жуық түрі белгілі. Республиканың барлық жерінде, шалғындықтарда, ойпаң жерлерде, өзен, жолбойларында, тау бөктерлерінде өседі. Беде туысы (клевер). Түрлерінің саны 300-дей, БОР-дың флорасыңда 65 түрі, ал Қазақстаңда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық қүрлықтарыңца (континентерінде) кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық жөне біржылдық шөптесін өсімдіктер. Жиі тараған түрі – қызылбас Б. (Т. pratense). Оның биікт. 15 – 50 см-дей, сабағы жұмыр, тамыры жуан болады. Жапырағы күрделі, 5 – 9 жапырақшалары бар. Гүлі ұсақ қызыл, қызғылт, сары не ақ түсті, шар тәрізді домалақ немесе сопақша келген шашақ гүлшоғырға топталған. Жемісі – бұршақ, оның 1 – 2, кейде 3 – 6 дәні бар. Мамыр – тамыз айларында гүлдейді. Б-ні таза күйінде немесе еркек шөппен, бидайықпен, тарғақшөппен қосып себеді. Бұл жағдайда ол мол өнім береді әрі мал сүйсініп жейді. Б-нің құрамында протеин, каротин, витамин, азотсыз заттар, клетчатка, май, күл және фосфор көп болады, жылына 3 – 4 рет орылады. Беденің топырақтың сортаңданбауына, эрозияға қарсы күресте тигізетін әсері зор, сонымен қатар гүлдеген кезінде одан жақсы бал жиналады
45.Scraphulariacea тұқымдасының Verbascum туысынң дәрілік өсімдіктерінің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне, пайдаланылуына сипаттама беріңіз.
Тұқымдасы - Scraphulariacea (Норичневовые)
Туысы – Verbascum(аюқұлақ)
Дәрілік түрі, мысалға - V. Blattaria(улы аюқұлақ)
Еккі жылдық өсімдік, Биіктігі – 30-120 см, сабағы жалаңаш, тік келген, жоғарғы жағы бүйір бұтақтарына байланысқан, жапырақтары отырыңқы, ұзындығы 5-8мм. Жемісі безді қорапша. Су жағалауындағы құмда өседі, бақшада да кездеседі. Семей, мойынқұм, түркістан, алтай жерлерінде кездеседі. Жалпы таралу аймағы: сібір, орта азия, кіші азия. Практикалық маңызы:өсімдік атына байланысты белгілі ерекшелігі - оның гүлі мен жапырағынана жасалған ұнтақты тарақандар мен көптеген жәндіктерге қарсы күресуде қолданады, және тағы бір мәліметтер – оның психобелсенді қасиетері бар. Дәрілік түрі, мысалға - V. thapsus(кәдімгі аюқұлақ) – екі жылдық, биіктігі 150см. Өсі мдіктің ссабақтары түгелімен қалың түкпен қапталған. Сары гүлдері шоғыр болып топтасып, жоғарғы ұшында орналасқан. Практикалық маңызына келетін болсақ – жапырақтары мен гүлдері қақырық түсіріп, жөтелді кетіретін, ауруды басатын, қабынуды басатын қасиеті бар. Сонымен қоса – демікпеге, тұмауға, бронх ауруларына өзіндік емдік қасиеттері бар. Гулдері мен жапырағын сондай-ақ жарақаттанған жерлерге, жараларға басуға болады. Жоғарыда айтып өткендей, барлық аюқұлақтар психобелсенді, седативті қасиетттері бар. Сондай-ақ темекінің құрамына да қосады, себебі тыныс алу жолдарының тітіркенгіштігін басады.
46. Tamariceae тукымдасы Tamarix туысының дәрілік өсімдікті гербариін алып, атын атаңыз биологиялық ерекшеліктеріне, пайдалануына сипатама беріңіз.
Жыңғыл(Tamarix) – жыңғылдар тұқымдасына жататын бұта не ағаш. Негізінен Оңтүстік Еуразия мен Солтүстік-Батыс Африкада кездесетін 60 (кейбір деректерде 90) түрі белгілі. Қазақстанның далалы, шөлді аймақтарында таралған 11 түрі, 2 буданы бар. Ең көп тарағаны: қызыл Жығыл (T. ramosіssіma). Ол өзен бойларында, тоғайлардың арасында, құм, саз, сортаң топырақты далада кездеседі. Биіктігі 1 – 3 м, қабығы қою қызыл не сарғыш қызғылт түсті. Жапырағы ұсақ жұмыртқа тәрізді, сабақ бойына кезектесіп орналасады. Гүлі қос жынысты қызғылт, ақшыл көк не ақшыл түсті. Мамыр айынан қыркүйекке дейін гүлдейді. Гүлшоғыры – масақ не сыпыртқы. Жемісі – үш қырлы қауашақ. Құрғақшылыққа, сортаң жерге, суыққа төзімді. Қабығы, жапырағы, тамыры және жас өркендерінің құрамында илік заттар (8%-ға дейін) бар. Шірнелі өсімдік. Шөлді аймақтарда ұзын Жығыл (T. elongata) жиі кездеседі.Жыңғыл – шөл аруы атанған өсімдік. Оны бұта немесе ағаш өсімдігі деуге болады. Сыр бойының сәніне айналған жыңғылдың төзімділігіне тең келер өсімдік жоқ-ау. Табиғаттың дүлей күштері-мейірімсіз құммен де, топан сумен де, сортаңмен де сұрапыл айқасқа түсіп, жыңғыл жеңіп шыға береді.Басқа өсімдіктер құмның немесе саздың астыңғы қабатында қалса, өліп қалады. Жыңғылдың жер үсті өркені көшпелі құмның астында қалғанда өркен ұшынан қайта тамыр жайып, жаңа өркен өсіріп, қайта желек жая түседі. Әр құм басқан сайын осындай ерекшелігі арқасында биіктігі 20-30 м-ге жететін құм қорған пайда болады да оның үстіне жыңғыл қаптап өседі. Жыңғылдың Қазақстанда 25 түрі бар. Олардың түсі жыл мезгіліне қарай өзгеріп отырады: көктемде жасыл, жазда көкшіл-сұр ұзын шашақ тәрізді гүл шоғырында өте ұсақ мыңдаған гүл болады. Олар біржылда екі-үш рет көктем мен жаз, күзде гүлдей береді. Тұқымы желмен, сумен, құспен алысқа тарайды, гүлінен ара бал-шырын жинайды. Біз ауылда қызыл жыңғылды отынға пайдаланамыз. Оған су сіңе бермейді тез жанады. Бұл күнде осы қасиеті өзіне сор болып отыр. Аң мен құсқа пана болған жыңғыл тоғайларына енді қатер төнді.
47.Polygonaceae тұқымдасы Polygonum туысының дәрілік өсімдіктерініңгербарийін алып атын атап,биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіздер.
Тарандар түрлерініңжалпы саны 900-дей (40 туыс). ТүрлерініңшыққанжеріОрталықжөне Оңтүстік Америка (ағаш),солтүстікендіктіңқоңыржайклиматтыоблыстары (бүталар, шөптер).Климаты құрғақелдерде, мысалы Орта Азияда, бұталар менбіржылдықшөптесінөсімдіктерібасымболыпкеледі; солтүстіккетаманөсетінтүрлерікөпжылдықшөптесінөсімдіктер. Жапырақтарыкезектесіпнемесеқарама-қарсы, сиректеутоптасыпорналасады.Буынаралықтарьшыңтүпжағынтүтіктөріздіжапыраққынапшасы- раструб жауыптүрады. Олқосалқыжапырақшалардыңбірііуініңнәтижесіндепайдаболған.Сабағыныңбуыңдарыкөпжағдайдажуаңдапісіетенболыпкелді,буьшаралықтарытүпжағынанбіразуақытбойықыстырмамеристеманыңесебіненұзындыққаөседі. Гүлдеріүсақ, гемициклдінемесециклді,өдеттеқосжыныстыГүлсерігіқарапайым 3—6, сиректеу 5 мүшелі, әдетте бос орналасады, әртүрлі — жасыл, ақ, қызылтүстергебоялғанболыпкеледі. Аталықтарының саны 6—9 (3—8). Гинецейіценокарпты 3 (2—4) жемісжапьірақшалардантүрады. Гүлтүйінітөменгі. Жемістері 1-дәнді — 3-2 қырлыжаңғақшалар,кейдеқанаттыболыпкеледі.
Таран туысы (горец). 280-дей түрлері бар, БОР-дың флорасыңда 160 түрі, ал Қазақстанда 52 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Құстаран - (лат. Polýgonum aviculáre) топтанып өседі.Сабағының биіктігі 60 см-ге дейін болады.Тамыры сабағынан жуан болады.
Жапырақтары майда сопақша тәрізді болады. Таран туысының өзіне тән ерекшелігі – бірігіп кеткен тостағанша жапырақшаларының түбі қабыршақтанып келіп, гүл жапыраққа жабысып тұрады.
Гүдері - көбінесе қызыл, қызғылт, ақ, ала түсті. Гүлдері 2-5 данадан жапырақшаларының түбінде оналасады. Маусым – қыркүйек айларында гүлдеп, жеміс салады.Жемісі – көп тұқымды үшбұыш қауашақ.Құстаран - космполит өсімдік: Арктика мен Антарктикадан басқа бүкіл материктарда кездеседі.Емдік мақсатта өсімдіктің жер үстіндегі бөлігін гүлдеп тұрған кезінде жинайды.
Құстараннын шөбін медицинада қуық және зә айдағыш жлдаының қабынуына қарсы, асқазан-ішек ауруларына, тіпті өкпе құрты ауруына қарсы қосымша шара ретінде қолданылады. Сырттай терінің түрлі жарақаттарын емдеуге қолданады.Шырмауық таран (горец вьюнковый — Polygonum convolvulus) — біржылдық өрмелеп өсетін өсімдік, биіктігі 1м. дейін барады, гүлдері жапырақтың қолтығында 3—6-дан топтасып отырады. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі, көп жағдайда егістік дақылдарының арамшөбі болып табылады, дәрілік жөне бал беретін өсімдік
48.Уқорғасын (Аconitum) сарғалдақтұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Сабағытік, кейде шырмалын өседі.Тамырытүйнек пішінді жуан. Жапырақтары саусақ салалы,гүлісары, көк, күлгін, кейде ақ, сабақ ұшында шашаққа топтанған.Қазақстанда14 түрі бар.Жетісудағыормандыжерлерде,таушағылдарында өседі. Ең улы түрлері —орман, қаракөл, Сахалин Уқорғасындары. Өсімдіктің барлық бөлігінде, әсіресе, тамырында алкалоидтар (аконитин, атизин, зонгорин, талантизин, т.б.) болады. Уқорғасынменқой,шошқа, бал арасы уланады. Уланғанмалеті адамденсаулығынаөте қауіпті. Уланған малға сүт, таннин, кофеин, камфора, т.б. беріледі. Уқорғасын өскен жерге мал жаймау керек. Уқорғасынның тамырынан дәрі, сондай-ақзияндыкемірушілер мен жәндіктерді жоятын препарат дайындалады. Әсемдік үшін өсірілетін түрлері де барУқорғасынның емдік қасиеттері мол. Бұл шөптен жасалған емдік тұнбаны кеселдің асқыныуына қарсы қолданады. Тұнбаны сыртай жақпа ретінде немесе іштей де қабылдауға болады. Артрит, артроз, радикулит, остеохондроз ауруларына жақсы емдейді. Емдік тұнбасын бұлшық ет аурулары немесе буын ауруларына седалищный нерв қысылғанға қарсы ем.Аконит солай ақ басқа да ауруларға ем
· қауіпті емес(доброкачественный) ісіктер,
· астма,
· туберкулез,
· бастағы мидың түтікшелері мен тамырларының ауыруына,
· эпилепсияға, склерозға
49.Rosaceae тұқымдасына Rosa туысының дәрілік өсімдіктерінің гербарийн алып, биологиялық ерешеліктеріне,пайдалануына сипаттама беріңіз. Раушангүл тұқымдасы (Rosaceae)— қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен, қоңыржай аймақта өседі, 100-ден аса туысы, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200-ден артық түрі бар, оның 12-сі өте сирек кездесетін өсімдіктер, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Раушангүл тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі, кезектесіп орналасады, бүтін жиекті, қосалқы жапырақшалары болады. Гүлі қос жынысты, кейде дара жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі — көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма, тұқымы эндоспермсіз (кейбір өсімдіктің тұқымы мен жемісінде болатын, ұрықтың қоректенуіне қажетті ерекше ұлпа болмайды). Раушангүл тұқымдасының көбі пайдалы өсімдіктер: жеміс беретін ағаштар (алма, алмұрт, айва, шие, өрік, шабдалы, т.б.); жидек (таңқурай, қойбүлдірген, сиыр бүлдірген, қарақат, т.б.), әсемдік түрлері (раушангүл, шетен, тобылғы, долана, т.б.) және дәрілік түрлері (итмұрын, түзу қазтабан, бүршікгүл, т.б.). Жемісі тамаққа пайдаланылады, құнарлы мал азығы, гүлінен ара бал жинайды. Қазақстан ҒА-ның Бас ботаник. бағында 1957 — 84 ж. аралығында Раушангүл тұқымдасының әсемдік түрі — раушан гүлінің 16 сорты шығарылған. Ең бастылары: “Қазақстандық мерекелік” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызыл түсті); “Алматыдан сәлем” (биікт. 130 см-дей, гүлі қызғылт түсті); “Алматы хош иістісі” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызғылт түсті, хош иісті); “Қызжібек” (биікт. 110 см, гүлі қызыл күрең түсті); “Аққу” (биікт. 250 см-дей, гүлі ақ түсті); “Гүлсұлу” (биікт. 190 см-дей, гүлі қызыл күрең түсті, қыста үсімейді)т.б.Итмұрын деп раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктердің жемісін атайды.Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін қүрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататынАлтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы —парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
50.Leguminaceae тұқымдасы Trifolium туысының дәрілік өсімдіктердің гербарийін алып атын атап, биологиялық ерекшеліктеріне,пайдаланылуына сипаттама беріңіз. Бұршақтар, Fabaceae тұқымдасын кей кездері Leguminaceae деп те атайды.Бұршақтар тұқымдасының көптеген түрлерінің халық шаруашылығында маңызы аса зор.Олар азықтық,жем-шөптік,бал жинайтын,сәндік,дәрі-дәрмектік,т.б. өсімдіктердің топтарын құрайды.Бұршақтар тұқымдасының азықтық,жем-шөптік сапасы кейде олардың құрамында глюкозидтердің немесе алкалоидтардың көп мөлшерде болуына байланысты біршама төмендейді.Бұршақтар тұқымдасының көптеген мәдени түрлерi тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiктер. Бiрқатар түрлерi дәрiлiк өсiмдiктер болып табылады. Оларға мияның(cолодка — Glycyrrhiza) түрлерi, дәрiлiк түйе жоңышқа(донник лекарственный – Melilotus officinalis) жатады. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсiмдiктердiң басым көпшiлiгi аса кұнды малазықтық өсiмдiктер. Олар жайлымдар мен шабындықтардың негiзгi өсiмдiктерi болып табылады.Түйежоңышқа(донник – Melilotus), эспарцет(эспарцет — Onobruchis) секiлдi туыстарының түрлерi мәдени жағдайда өсiрiледi. Бұршақтар тұқымдасының түрлерiнiң барлығының шiрнелiктерiнде тәттi шырындар мол болады. Соған байланысты олардың гүлдерiнен аралар көп мөлшерде бал жинайды.Негізгі өмірлік формалары:ағаштар,бұталар,көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер.Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай,тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан,ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі.Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор.Мысалы,олар түйнек бактерияларымен симбиоз түзіп,ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады.Бұршақтар тұқымдасының 120мыңдай түрі бар (490 туысы бар,олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты). Жоңышқа латынша атауы «Trifolium» -үш жапырақ дегенді білдіреді.300-ге жуық түрі белгілі.Жапырағы үш құлақты,ұзынша келген.Гүлшоғыры-көп гүлді шашақ.Жемісі-көптұқымды бұршақ.Жоңышқа-республикамызда көп өсірілетін мал азықтық дақыл.Малға пішен,балғын көк майса,кептіріліп ұнтақталған,сүрлем күйінде беріледі.Ылғал және жылу сүйгіш дақыл.Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді.Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады.Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса,жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады.Дәрілік мақсатта жоңышқаның гүлі мен жапырақтарын қолданады.Жаз бойы гүлдейді.Жоңышқаның емдік қасиеті өте жоғары,оны суық тигенде,өкпе ауруына,қан тазалауға,қан аздыққа,безгек ауруларына қарсы қолданады. 51.Қазақстан суқоймаларында мекендейтін бекіретәрізділер мен албырттәрізділер систематикасын,токсономиялық белгілерін сипатап салыстыр. Албырт балық тәрізділер (Salmoniformes) - сүйекті балықтар отряды. Ұзындығы 2,5 мм-ден 1,5 м дейін. Дене скелеті және бас сүйегі толық сүйектенбеген. Жоғарғы жақ сүйектерінің шеті, жоғарғы жақ сүйектері және алдыңғы сүйектерінен құралған. Ашық торсылдақтылар. жүзбеқанаттары тікенексіз. Құрсақ жүзбеқанаттары 7-15 сәуледен құралған, арқа қанаты жалғыз, оның соңында көптеген түрлерінің майлы жүзбеқанаттары болады. Қабыршақтары циклоид типтес. Бүйір сызықтары жақсы жетілген. Албырт балықтардың 27 тұқымдастары белгілі; олардың арасында албырт балықтар тұқымдасы, ақсахалар, қараауыздылар, корюшкала сланксалар, күмістілер, шортандар, умбриелар, даллилер, галаксиелер, гоностомалар, жылтырбастылар т.б. бар. Тұщы су, өткінші теңіз жағалауы және терең Су балықтары. Әлемдік мұхиттың солтүстік және оңтүстік жарты шарларының салқын, қоңыржай және тропикалық суларын мекендейді. ТМД-ның тұщы Сулары мен теңіз жағалауларында 16 тұқымдастары таралған. Албырттар, ақсақалар, қараауыздылар, корюшкалар, сланксалар; Охот және Беренгов теңіздерінде, Тынық мұхитта жағалауын мекендейді, Камчатка мен Куриль аралдары жағалауларында, үлкен терендікте Bathylagidae, Stomiatidae және жылтырбас тұқымдастары таралған. Албырт балықтәрізділер кәсіпшілік, қолдан өсіру және қорғау, жерсіндіру, көбейту және спорттық аулаудың маңызды балық түрлері болып саналады Бекірелер- Қазақстанда бұл отрядтың 7 өкілі бар: қартпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре, тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті –шеміршекті балықтар, басқа балықтардан сыртқы пішіні және құрлысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған (бір қатары арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың ортасында ұсақ сүйекті түйіршіктер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5- 13-тен 8-18 жаста, ал аналықтары 8- 12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі. Сонымен қатар, дене пішіндері өте үлкенг болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4- 4,5 метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі. Тасбекіре 40 см- ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді (Каспий және Арал теңіздері), ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда көп ауланған. ХХ ғасырдың аяғында саны азайып кетті, сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре балығын ұстау үшін арнайы рұхсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре) және ұстауға тыйым салынады. Қазақстанда қортпа, бекіре, шоқыр – Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір бекіресі- Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте; сүйрік бекіре- Жайық, Ертіс, Тобыл өзендерінде; мекіре- Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректк ол Арал теңізінде кездесетін, Қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал тасбекіре – Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған.
52. Қазақстан суқоймаларында мекендейтін тұқытәрізділер мен алабұға тәрізділердің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз? Қазақстан суқоймаларынан жылма-жыл 80 мың тн-дай балық ауланады. Ең көп ауланатындар –тұқытәрізділер отрядының өкілдері, олардың үлесі барлық аулаудың 80%-н алады. Екінші орынды қорының көптігі бойынша майшабақтәрізділердің өкілдері алады. Олар тек Каспий теңізінен ауланған. Жылдық аулау үлесі 45 мың тн-ға дейін жеткен. Қазір теңізде балық аулау қысқарғандықтан жылына бірнеше тн-сы ғана ауланады. Үшінші орында алабұғатәрізділердің өкілі көксерке алады. Республика бойынша жылма-жыл 4-8 мың тн ауланады. Балқаш алабұғасы да кәсіптік жолмен ұсталады. Ал төртінші орында–жайын. Республика бойынша 2,5-4 мың тн жайын дайындалады. Негізінен ол Каспий-Жайық және Балқаш суалабтарына ауланады. Дегенменде Республикамыздың суқоймаларында жылма-жыл балық аулау мөлшері өзгеріп тұратыны белгілі және ол облыстар бойынша да ауытқып тұрады. Тұқытәрізділерден – қасқа ақмарқа (жерех щуковидный), арал қаязы, түркістан қаязы, шу сүйрікқанаты (остролучка чуская), күтім (кутум), іле қарабалығы (іле популяциясы); Алабұғатәрізділерден – балқаш албұғасы (балқаш-іле популяциясы) және Скорпентәрізділер отрядынн – шатқал тастасалағышы (подкаменщик чаткальский). Бұл балықтардың басым көпшілігі (7) Арал-Сырдария бассейнінде, 5 түрі –Каспийде, 4 түрі – Балқаш-Алакөл бассейнінде, 3 түрі – Ертіс бассейнінде және 2 түрі – шу бассейнінде мекендеген.
53. Ресурстық қосмекенділердің түрлерінің систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап салыстырыңыз. Қосмекенділер алғашқы құрлыққа шыққан және ең көне төртаяқты Анамниялар тобына жататын омыртқалы жануарлар. Бұлар палеозой эрасының девон кезеңінде бұдан 350 млн жыл бұрын пайда болған. Қазіргі қосмекенділердің Әлемде соңғы деректер бойынша (Frost,2011) 6686 түрі белгілі. Олар 3 отрядқа бірігеді: Құйрықсыздар (Ecaudata, seu Anura) -5900-дей түр, Құйрықтылар (Caudata) – 600-дей түр және Аяқсыздар (Apoda) -186 түр. Ал Қазақстанда алғашқы 2 отрядтың 12 түрі кездеседі (құйрықсыздардан 9 түр, құйрықтылардан 3 түр).Бұлар 5 тұқымдасқа және 5 туысқа бірігеді.
Қазақстанда қосмекенділердің түрлік құрамы өте аз. Бұл біздің республикамыздың ландшафтық-климаттық жағдайларына байланысты және территориямыздың басым көпшілігі аридтік (құрғақшылық) кеңістікте орналасқан. Түрлік құрамның жартысына жуығы Қазақстанның басқа мемлекеттермен шекаралас аудандарында тараған. Бұлар солтүстік, негізінен еуропалық түрлер болып табылады. Олардың қатарына қызылбауыр шұбарбақаны (краснобрюхая жерлянка), тарбақаны (чесночница), шөпбақаны (травяная лягушка), сібір бұрыштістісін (сибирский углозуб) жатқызуға болады. Бұлар республикамыздың батысы мен солтүстігіндегі орманды-дала зонасындағы ылғалы биотоптарда кездеседі. Сұр немеесе кәдімгі құрбақа республикамыздың солтүстік-батыс, солтүстік-шығыс және шығысында тараған. Сүйіртұмсық бақа орманды-дала зонасынан бастап оңтүстікте Торғай, Қарағанды, Аякөз пен Алакөлге дейін мекендейді. Ал Жетісу бақатісі (семиреченский лягушкозуб) тек Жетісу Алатауының биік белдеулеріндег салқын суларда ғана кездеседі. Ал қызылаяқ бақа немесе орталықазиялық бақа (центральноазиатская или сибирская лягушка) XX-ғасырдың ортасына дейін Оңтүстік Балқаш өңірінде кең тараған-ды. Бірақ ғасырдың аяғында саны кеміп, таралу аймағы тарылып, өте сирек кездесе бастады. Нәтижесінде Қазақстан республикасының Қызыл кітабының барлық басылымдарына (1978; 1991; 1996; 2010) енгізілді. Бұған басты себептер – тіршілік ортасын меңгеру (мысалы, Қапшағай су электр стансасын салу) және сол кезде саны көбейген және мекендеу ортасы кеңейген жасыл бақаның бәсекелестігіне шыдамауы да мүмкін. Қалған 3 түр (көлбақа, жасыл бақа және Певцов құрбақасы немесе Даната құрбақасы) республикамыздың оңтүстік бөлімінде кең тараған, саны көп.Қосмекенділер ресурстарын пайдалануына қарай шартты түрде дәрі-дәрмек шикізатын алатын ресурстар, тағам ретінде пайдаланылатын ресурстар, ғылым мен білім саласында пайдаланатын ресурстар, экологиялық маңызы бар ресурстар және эстетикалық тұрғыда пайдаланылатын ресурстар деп бөлуге болады.Амфибияларды жаппай аулау жайындағы алғашқы мәліметтер Жетісу Алатауының эндемигі – Жетісу бақатісіне қатысты. XIX-ғасырдың өзінде-ақ бұл қосмекенді Қытаймен сауда-саттық жасауда басты нысан болған. Қытай саудагерлері бақатісті халық медицинасында пайдалану үшін көптеп сатып алғаны белгілі (Параскив, 1953). Амфибиялардың арасында ең көпсандысы көлбақа болып табылады. Осы бақаның және басқаларының ресурстарының көп немесе аз болуы суқоймаларының жағдайына тікелей байланысты. Ертеректе көлбақа кең көлемде ауланды. Қазақстанда жылма-жыл оның 200-250 мыңдай басы дайындалды. Медицина мен ғылыми-зерттеу мекемелер үшін 1978-1993 жылдар аралығында 3 млн 356 мың данасы ұсталды. Осындай көлемде аулауды қазір де, болашақта да жүзеге асыруға болады, өйткені шектен тыс аулау жоқ, олар кең таралған және саны жоғары. Деседе бұлардың кейбір экожүйелерде ауылшаруашылық зиянкестері болып табылатын омыртқасыздардың санын реттеуші екендігін де ескеруіміз керек. Мысалы, Индияда амфибияларды шектен тыс аулау зиянкестердің санының көбеюіне алып келді, оның нәтижесінде пестицидтерді көптеп қолдануға тура келеді. Келесі көпсанды түр –жасыл құрбақа.Ол болашақта у дайындаудың негізгі нысаны болмақ. Өйткені құрбақалардың паротидаларынан (құлақмаңы бездері) у алу қазіргі таңда ғалымдарды қызықтыруда. Мысалы, 1987, 1988 және 1993 жылдары осы мақсат үшін бұлардың 8500 данасы ауланған. Ал бақалардың ғылыми-зерттеу мекемелерінде және білім ордаларында зерттеу нысандары ретінде пайдалану және террариумдерде ұстау Сіздерге таныс. Қазіргі таңда көпсанды қосмекенділерге қауіп төніп тұрған жоқ. Бұлар ылғалы бар жерлерде тіршілігін жалғастыра алады (тек көбею кезінде ғана су мөлшері көп болуы керек). Жаңа суқоймаларының пайда болуы, мысалы шалшық сулар, құдықтар мен скважиналардың маңындағы шағын көлдер, жол бойындағы шұңқырлардағы жаңбыр суы, тақырды жерлерде пайда болатын хақтар және т.т. қосмекенділер үшін өте таптырмайтын орындар. Бұл жерлерде жасыл құрбақалар уылдырықтарын шашады, өніп-өседі. Шөлді аймақтарға амфибиялардың тереңдеп енуіне мысалы, Алматы қаласынан 70 км жерде пайда болған Сорбұлақ көлі. Бұл жерде соңғы 10 жылда көлбақаныңөте күшті популяциясы пайда болды. Бұл - таптырмайтын ресурс көзі. Деседе қосмекенділердің табиғаттағы өміршеңдігі өте сирек 10 жылдан асады, ал террариумде кейбір амфибиялар бірнеше ондаған жылдар өмір сүруі мүмкін. Мысалы, бақалар мен құрбақалар қолда ұстағанда 16-36 жыл, тритондар 28-30 жыл, ал бір отты саламандраның 43 жыл өмір сүргені белгілі. Бұл айтылғандар қолда өсіріп-бағуда ескерілуі керек.Қазақстанның амфибиялары мен рептилияларын қорғауды күшейту үшін мынандай іс-шараларды жүзеге асыру керек. Олар: 1- барлық түрлерге және сирек, жойылып кету қаупіндегі түрлерге мониторинг жасау; 2-арнайы рұқсатсыз аулауға тиым салу; 3- айыппұл салу жүйесін қалпына келтіру; 4-сирек кездесетін түрлерді қолда өсіру;5-ғылыми –зерттеу мақсаты үшін аздаған даналарын ұстау; 6-үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жүргізу.
54.Ресурстық бауырымен жорғалаушылардың түрлерінің мысалы, жыланның систематикасын, таксономиялық белгілерін сипаттап беріңіз. Қазіргі кезде Әлемде бауырымен жорғалаушылардың 4 отрядына (Тасбақалар-313 түр, Тұмсықбастылар-2 түр, Қабыршақтылар-8396 және Қолтырауындар-23 түр) жататын 8734 түрі бар. Қазақстанда Тасбақалар мен Қабыршақтылар отрядтарының өкілдері ғана кездеседі.Қазақстан бауырымен жорғалаушылардың түрлік құрамы жағынан Орта Азияда Түркменстан және Өзбекстаннан кейінгі 3 орынды алады. Бауырымен жорғалаушыларды пайдалануына қарай: 1-азықтық ресурстар, 2- дәрілік шикізат алатын түрлер ресурстары, 3-эстетикалық маңызы бар түрлер ресурстары, 4-экологиялвқ маңызы бр ресурстар және т.т. деп бөлуге болады.
Систематикасы: Класс:бауырымен жорғалаушылар немесе рептилиялар(Reptilia) Класс үсті: Анапсида (Anapsida) Отряд: Жыландар (Serpentes) Тұқымдас:Cұр жыландылар-лат. Viperidae 1963 жылы Ташкент серпентарийі үшін Шу-Іле өзендерінің аралығында және Іле өзенінің жағалауынан 30 мың дала сұржыланы ауланды. Іле өзенінің бойынан 4-5 адам күніне 900-1000 жылан ұсталды. 1962-1963 жылы маусым-шілде айларында Отар стансасынан 1000-нан аса сұр жылан ауланғаны белгілі (Богданов, 1965). Бұл цифрлар шындыққа жата ма, жоқ па, белгісіз? Қазір бұл жерде жыландардың санының азаюына байланысты дайындалмайды. Осындай уы үшін ауланатын екінші жылан – бозжылан Барсакелмес аралынан да ауланды.Жалтырауық жармасқы (сцинковый геккон) және жыландардың басқа түрлері, Жетісу бақатісі қаскерлік жолмен ауланғаны жайында деректер де бар. 1989 жылғы 15 желтоқсандағы ССРО хайуанаттар бақтарының үйлестіру Кеңесінің ақпараты бойынша Қазақстаннан Германияға Жетісу Алатауының эндемигі – 30 Жетісу бақатісі жіберілген.
Осылармен қатар, әртүрлі мекемелер түрлі кесірткелерге де (ешкемерлер, батбаттар, жармасқылар, кесірттер, кесірткелер) сұраныс береді, бірақ ол аса көп емес. Соңғы ширек ғасырда кесірткелердің 1800-ден аса данасы ұсталғаны белгілі. Бұларды негізінен хайуанаттар бағы мен әуеқой-террариумистер дайындайды. Осылармен қатар усыз жыландарға да аздаған сұраныстар бар. Мысалы, 1978-1981 жылдары 11066 жылан ауланды.Соңғы кезде улы жыландарға, соның ішінде дала сұржыланы мен бозша жыланға деген сұраныс көбейе бастады. 1985 жылы Охотзоопром өзінің серпентарийін ашты және 3 жылдың ішінде 400 бозша жылан ауланды.1991 жылы бозша жыланға қажеттілік 400 бас, ал 1992-1993 жылдары – 900 –ге жетті. 1988 жылы 100 дала сұржыланы ұсталды, ал 1992 және 1993 жылдары қажеттілік – 1600 данаға жетті.Өкінішке орай, Қазақстанда улы жыландарға санақ жұмыстары жүргізілмейді және олардың ресурстары жайында деректер жоқ.
Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 590 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Туыс (Marmota) | | | Фазановые (Phasianidae) Цесарковые (Numididae) |