Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Травматология және ортопедия кафедрасы

Читайте также:
  1. C Тері және сіңірлердің некрозы
  2. Ағымдар, инциденциялар және аралас матрицаларды анықтау.
  3. Азақ АКСР-інің құрылуы ұлттық- территориялық межелеу және әкімшілік- территориялық құрылуы
  4. Алған (берілген) жылын көрсете отырып наградалары, атағы, ғылыми және дәрежесі
  5. Дәріс тақырыбы №1. Кіріспе. Полиграфиялық өнім және полиграфия жайлы жалпы түсінік
  6. Дәріс тақырыбы №6. Мәтіндік және бейнелік ақпараттарды өңдеу
  7. Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

 

Травматология мен ортопедияда сирек қолданылатын зерттеу әдісі://

рентгенография//

рентгеноскопия//

контрасты затпен рентгенография//

+ контрасты затпен ядролы магнитті томография//

компьютерлі томография.

***

Жарақатты анықтауда төменгі диагностикалық шаралардың қайсысы қалданылмайды.//

анамнезін жинау//

науқасты тексеру//

+ дене салмағын анықтау//

жарақат механизмін анықтау//

рентегенді зерттеу жасау.

***

Аяқ-қолдың буын денгейінен жұлынуы кезінде жасалатын операцияны атаңыз://

ампутация//

+ экзартикуляция//

біріншілік хирургиялық өңдеу//

сүйекпластикалық операция//

фисциопластикалық операция.

***

Ұзын сүйек диафизінің сынуын операциялық тәсілмен емдеуде орын алатын қателіктер://

сүйек бөлшектерінің дұрыс салынбауы//

конструкцияның дұрыс таңдалмауы//

сынықтың тұраты бекімеуі//

ішкі иммобилизация мерзімінің қысқалығы//

+ барлық жауаптар дұрыс.

***

 

Бұғана сынығы кезінде операциялық емге көрсеткіш://

тамыр-нерв шоғырының қысылуы//

ашық сынулар//

бұғананың бөлшектеніп, ығысып сынуы//

жабық сынық бөлшектерімен теріні тесу қаупінде//

+ барлық жауап дұрыс.

***

 

Жедел кезеңде аяққа циркулярлы гипсті таңғыш салудың салдарынан болатын асқынуға жатпайды//

гипстің қысуынан ойықтың пайда болуы//

ишемиялық көпіршіктердің пайда болуы//

+ терінің бактериалды микрофлорасының саңырауқұлақтарға алмасуы//

тамырлардың қысылуы (имшемия) және ишемиялық контрактураларының дамуы//

невриттердің одан әрі дамуымен нерв бағандардың жаншылуы.

***

Жарақаттан кейін алғашқы сағатта сүйектің көп сынықтарында жалпы асқынуға жатады://

бітпеген сынық//

жалған буын//

остеомиелит//

майлы эмболия//

+ жарақаттық шок.

***

Омыртқа жотасының қандай бөліктерінің сынуы кезінде омыртқаны жазуға болмайды?//

омыртқа денесінің компрессионды сынуы кезінде//

+ омыртқа доғасының сынуы кезінде//

біз тәрізді өсіндінің сынуында//

көлденең өсіндінің сынуы кезінде//

буын өсіндінің сынуы.

***

Бақай шығуын орнына салудан кейін гипсті таңғышты қанша уақытқа салады://

5 күнге дейін//

+7 күнге дейін//

2 аптаға дейін//

3 аптаға дейін//

4 аптаға дейін.

***

Сан мойыны сынығын оперативті емдеуі әдісіне жатпайды://

әртүлі металды конструкциямен жабық остеосинтездеу//

металдық конструциямен ашық остеосинтездеу//

ауто немесе алло трансплантаттармен остеосинтездеу//

+ бөлешектердің ашық репозициясы және гипс таңғышымен бекіту//

жамбас-сан буынды эндопротездеу.

***

Аталған аппараттардың ішінен таңдаудағы сыртқы бекіткіш үшін ең тиімісі://

Сиваш аппараты//

+ Илизаров аппараты//

Калнберза аппараты//

Волков-Оганесян аппараты//

Демьянов аппараты.

***

Алақан сүйектерінің шығуымен бірге сынықтары жиі кездеседі://

5-ші алақан сүйегінің дисталды мойнының сынуы//

+ 1-ші алақан сүйегі негізінің сынуы//

2-ші алақан сүйегінің дисталды бөлігінің сынуы//

5-ші алақан сүйегінің проксималды бөлігінің сынуы//

3-ші алақан сүйегі негізінің сынуы.

***

Шынтақ буынына қан жиналғанда пункция жасалады://

шынтақ өсіндісі мен иық-шынтақ бұлшықет арасы арқылы//

үш басты бұлшықет шеті мен саусақтың шынтақтық бүгушісінің арасы арқылы//

шынтақ өсіндісі мен ішкі айдаршық арасы арқылы//

+ шынтақ өсіндісі мен сыртқы айдаршық арасы арқылы//

шынтақ өсіндісі үстімен.

***

Сан басының жаңа болған шығуын емеуде қолдану қажет://

наркоз арқылы шығуды орнына салу, бекітусіз қалдыру//

шығуды орныныа салу, аяқты артқы гипсті таңғышпен иммобилизациялау//

+ шығуды орнына салып, үлкен жілікті сүйектің төмпешігінен тарту//

жергілікті анестезия арқылы шығуды орнына салу//

шығуды орнына салып, жамбас-сандық таңғышпен иммобилизациялау.

***

***

Аяқ-қолды позиционды қысылудан босатқанан кейінгі алғашқы кезеңде инфузия үшін қолданылмайтын ертінді://

+ 10% -10 мл кальций хлориді ерітіндісі//

400 мл реополиглюкин//

500 мл глюкоза-калий-инсулинді қоспасы//

5% -500 глюкоза ерітіндісі//

0,25%-100,0 мл новокаин ерітіндісі.

***

Иық сүйегінің остеосинтезіне көрсеткіш болып табылмайды://

иық сүйегінің тін интерпозициясымен бірге сынығы//

иық сүйегінің дұрыс бітпеген сынығы//

иық сүйегінің ашық сынығы//

иық сүйегі диафизінің бөлшектенген сынығы//

+ иық сүйегі хирургиялық мойнының шаншылған сынығы.

***

І-ші бел омыртқаның компрессионды сынығы бар науқас ауыр физикалық еңбекпен айналысса, оның еңбекке қабылетсіздік мерзімі қанша болады?//

2-3 ай//

3-4 ай//

4-5 ай//

5-6 ай//

+6-8 ай.

***

Иық сүйектің проксималды бөлігінің сынығы жиі кездесетін жері://

тоқпан жіліктің басы//

иық сүйектің анатомиялық мойны//

иық сүйектің төмпешігі//

+ иық сүйектің хирургиялық мойны//

иық сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігі.

***

 

Егде және қарт адамдардағы ұшық арқылы сынықтардың ерекшеліктеріне жатпайды://

бөліктер қанмен жақсы қамтамасыз етілген //

сынықтар тез бітеді//

жалған буындар сирек дамиды//

консервативті ем әдістері тиімді//

+ науқас сынықты жеңіл көтереді

***

Егде және қарт адамдарда сирақтың ығысқан сынығын емеуде қолданылмайтын әдіс://

сүйек сынықтарын бір мезгілде салу//

жеңілдетілген гипс таңғышын салу//

оперативті ем//

аппаратпен емдеу//

+ аяққа салмақ түсіріп сыртқы иммобилизацияны қолданбай ерте функциональды ем.

***

 

Білек сүйектерінің ортаңғы үштен бір бөлігінің ығысқан сынығына оперативті емі жүргізіледі://

5-6% жағдайда//

10-20% жағдайда//

25-50% жағдайда //

+ 50-90% жағдайда//

3% жағдайда.

***

Сан сүйегі сынығын остеосинтездеуден кейінгі кеш кезеңде кездесетін асқынуға жатпайды://

сынықтың бітпеуі//

аяқ деформациясы мен қысқаруы//

буындар контрактурасы//

остеомиелит//

+ нерв-тамыр шоғырының қысылуы.

 

Сирақ сүйектерінің бұранда тәрізді ығысқан сынықтарын тиімді емдеу әдісін таңдаңыз://

қолмен репозициялау+гипс таңғышын салу//

сүйектен тарту+гипс таңғышын салу//

компрессионды -дистракционды остеосинтез//

пластинамен остеосинтездеу операциясы //

+пластинамен тұрақты остеосинтез операциясы.

***

Бұғана сынуын оперативті әдіспен емдеуге көрсеткіш://

тамыр-нерв шоғырының қысылуымен немесе зақымдалуымен болған ашық сынық//

терінің зақымдалу қаупімен болған бұғананың бөлшектенген сынығы//

ығысуы және вертикальды тұрған сынық бөлшектері бар жабық сынық//

+ барлық айтылғандар//

тек қана бірінші және екінші позиция.

***

Иық буынын бекітуге қатыпспайтын бұлшықет://

+ иық бұлшықеті//

сүйекүсті бұлшықеті//

сүйекасты бұлшықеті//

жауырынасты бұлшықеті//

дельта тәрізді бұлшықет.

***

Сүйекішілік анестезияның кемшіліктеріне жатпайды://

амбулаторлы жағдайда өткізілуі мүмкін//

кез келген квалификациядағы хирург өткізуі мүмкін//

кез келген жастағы науқастарда өткізуге болады//

ауруды жақсы басатын әсері бар//

+ асқынулармен жүрмейді.

***

Сүйекішілік анестезия практикада қолданылады://

сирақ сүйектерін остеосинтездеу кезінде//

сан сүйегін остеосинтездеу кезінде//

тобық сынуының репозициясы кезінде//

+ бірінші және үшінші позициясы дұрыс//

барлық аталғандар.

***

Сүйектің асқынған сынуында тамырларды контрасты рентгенологиялық зерттеуде анықталмайды://

тамыр зақымдалуы//

+ тамыр тромбозы//

тамыр аневризмасы мен варикозы //

тамырмен өтетін нерв зақымдалуы //

артерио-венозды өзекшенің қалыптасуы.

***

Тұрақты магнитпен емеуге кері көрсетілім: //

жүрек-тамыр жеткіліксіздігі//

қатері түзілім//

өкпе туберкулезінің ашық түрі //

қосарланған радиациялық зақымдалу//

+ сынықтың біту кезеңі.

***

Сынық кезінде остеосинтез операциясын жасауға нақты көрсетілімге жатпайды://

+ сынық бөлшектері тері перфорациясын тудырмайтын жабық сынықтар//

сынық бөлшектерімен тамыр-нерв шоғырын қысылуы//

сынық бөлшектері арсында жұмсақ тіндердің анық интерпозициясы//

сүйектің ашық сынығы//

майлы эмболиямен асқынған сүйек сынығы.

***

Сан сүйектің жаңа шығуында қолданған тиімді://

наркозбен сан шығуын орнына салу, бекітуді қолданбау//

шығуды салу және аяқты гипс таңғышымен арттан иммобилизациялау //

+ шығуды салу және сирақ сүйегінің бұдыры арқылы сүйектен тарту//

жергілікті анестезиямен шығуды салу//

шығуды салу және аяқты жамбас-сан таңғышымен иммобилизациялау.

***

Плечевой сустав укрепляют все перечисленные мышцы, кроме://

+плечевая мышца //

надостная мышца//

подостная мышца//

подлопаточная мышца//

дельтовидная мышца

***

Қалыпты ұршық (жамбас-сан) буынында аталған қозғалыстың қайсысы болмайды://

130◦ бүгу//

90◦ ішке айналдыру//

90◦ сыртқа айналдыру//

+ 45◦ жазу//

70◦ әкету.

***

Төмендегі көрсетілген сынықтардың қайсысы сан мойны сынықтарының түрлеріне жатады://

+ субкапитальды//

бүгуші//

Т - тәрізді//

супинационды//

ескірген.

***

Ортан жіліктің проксималдық бөлігі сынықтарының қайсысы әдетте жаншылған болады://

капитальды//

мойын арқылы//

+ вальгусты//

ұршық аралық//

ұршық арқылы.

 

Остеосинтезге жасауға нақты көрсетілімді атаңыз://

бөлшектенген сынық//

ығысқан сынық//

сынып-шығу//

+ тамыр-нерв шоғырының зақымдалуымен болған сынық//

қиғаш сынық.

 

 

Жаттығу кезінде спортсмен оң иығымен құлаған. Науқасты тексеруде дәрігер оң жақ бұғананың шеті жоғары көтерілуін және оң перне симптомын анықтады. Оң жақ иық буынында қимыл шектелген. Науқастың болжамды диагнозын атаңыз://

бұғана сынығы //

+ бұғананың акромиондық шетінің шығуы//

оң иықтың шығуы//

үлкен кеуде бұлшықетінің ажырауы//

сүйекүсті бұлшықетінің ажырауы.

***

 

Жаттығу кезінде спортсмен оң иығымен құлаған.. Науқасты тексеруде дәрігер оң жақ бұғананың шеті жоғары көтерілуін және оң перне симптомын анықтады. Оң жақ иық буынында қимыл шектелген. Қандай ем әдісін қолданасыз://

+ бұғананың байлам аппаратын хирургиялық әдіспен қалпына келтіру//

бұғана остеосинтез жасау//

бұлшықетті тігу//

сүйектен тарту//

репозиция жасау, содан кейін қолды сау иықтан бастап гипсті лангетпен бекіту//

***

 

Тамыр-нерв шоғырының зағымдануымен асқынған бұғананың жабық сынуы кезінде бекітудің қандай түрін қолданады?//

сегіз тәрізді гипс таңғышын//

әкетуші ЦИТО шендеуішінде шынтақ өсіндісі арқылы сүйектен тарту//

Кузьминский шендеуішінде бекіту//

сүйек арқылы остесинтез жасау//

+ интрамедулярлы остеосинтез жасау.

***

Иықтың төменгі 3/1 бөлігінің винт тәрізді сынуы бар К. деген науқасқа сынық орнын анестезия жасасағаннан кейін сүйектен тарту орындалды. Сымшабақ қай жерден жиі өткізіледі://

шынтық сүйегінің тәж өсіндісінен//

+ шынтақ сүйегінің шынтақ өсіндісінен//

кәрі жіліткің сүйек басынан //

шынтақ сүйегінің басынан//

кәрі жіліткің біз тәрізді өсіндісінен.

***

 

Иықтың төменгі 3/1 бөлігінің винт тәрізді сынуы бар К., деген науқасқа сынық орнын анестезия жасасағаннан кейін сүйектен тарту орындалды. Тарту қандай шендеуіште (шина) жүргізіледі://

Крамер//

Кузьминский//

+ ЦИТО//

Еланский//

Белер.

***

Қандай бұлшықеттің тез жиырылуында шынтақ өсіндісінің сынуы пайда болады://

иықтың үшбасты бұлшықеті//

+ иықтың екібасты бұлшықеті//

иық құстұмсық бұлшықеті//

иық кәрі жілік бұлшықеті//

дельтатәрізді бұлшықет.

***

Қандай мениск жиі зақымдалады://

алдыңғы//

+ ішкі//

сыртқы//

артқы//

барлығы дұрыс.

***

Науқас 43 жаста, жұмысқа бара жатқанда мұзда аяғы тайып, құлаған кезде табанын сыртқа айналдырып алды. Бекітуге қандай құрал жиі қолданады://

+ гипс таңғышы//

қаңқадан тарту//

сүйекүстілік остеосинтез//

сүйекішілік остеосинтез //

сүйекарқылы остеосинтез.

***

Омыртқа денесінің компрессионды сынуына жарақаттанудың қандай механизмі тән://

+жазу//

бүгу//

вертикальды (білік өсі бойымен салмақ түсу)

флексионды-ротационды//

барлық жауаптар дұрыс.

***

 

Жамбастың қандай зақымында науқас арқамен алға қарай жүруді қалайды://

құйымшақ сынуында//

сегізкөз сынуында//

+ алдыңғы -жоғарғы өстің үзілуінде//

шонданай төмпешігі сынғанда//

мықын сүйегінің сынуында.

***

Ұршық ойығы түбінің сынығымен болған сан сүйектің орталық шығуын салуда сүйектен тартудың қандай түрі қолданылады://

санның білік өсі бойымен сүйектен тарту//

аяқты әкеткен қалыпта сүйектен тарту//

+ үлкен ұршықтың өсі арқылы екі жаққа тарту жүйесін қолдану//

үлкен ұршықтан тарту//

барлық жауабы дұрыс.

***

Өкпе сүйегінің компрессионды сынығы бар науқасқа Юмашев әдісі бойынша қаңқадан тарту емі жүргізілуде. Тартуды әдетте қандай шендеуіште жүргізеді://

Крамер//

ЦИТО//

Дитерихс//

Кузьминский//

+ Белер.

***

Қандай жағдайда түзетуші корсет кию көрсетілген://

кифосколиозда//

омыртқалардың гемангиомасында//

спондилолистез кезінде//

айқын қыртыстық көріністері бар остеохондрозда//

+ омыртқа денесі сынуында.

 

Қабырға сынуының жіктелуіне жататын зақымдалуды корсетіңіз://

тұрақты//

көлденең//

+ асқынбаған//

компрессионды//

ескірген.

***

 

Иық шығуының түрін атаңыз://

+ алдыңғы//

артқы жоғарғы//

ажырайтын//

ішкі//

ротационды.

***

Иықты шығуын салуда қандай анестезия әдісін қолданған тиімді://

+ жалпы наркозды//

буын ішіне 1-2 новакаин ерітіндісін енгізуді//

өткізгіштік анестезияны//

наркотикалық анальгетиктерди бұлшықетке енгізуді//

барлық жауаптары дұрыс.

***

Тізе буыны зақымдары мен ауруларын зерттеудің қазіргі әдісіне жатады://

рентгенография//

артропневмография//

контрасты рентгенография//

+ артроскопия

буын пункциясы.

***

Білекке рентгенография жасағанда қандай ережені сақтау керек://

рентгенография қолдың пронациясы кезінде түсіріледі//

+ рентгенография жасағанда екі буын толығымен қамтылады//

тура және қиғаш проекцияда жасалынады//

рентгенография қолдың жартылай пронациясы кезінде жасалады//

барлық жауаптар дұрыс.

***

Алдыңғы және артқы жарты сақиналар бүтіндігінің бұзылуымен жүретін жамбас сүйектерінің сынуында науқас қанша мөлшерде қан жоғалтуы мүмкін://

500 мл//

1000 мл//

1500 мл//

+ 2000 мл//

4000 мл.

***

 

 

Омыртқа денесінің сынығын функциональды емдеуді кім ұсынған://

Юмашев//

Силин//

Каплан//

Цивьянов//

+ Гориневская.

***

Өкше сүйектің сынығы жиі байқалады://

аяқ басының пронациясында //

аяқ басын тез бүккенде//

аяқ басының супинациясында//

+ биіктіктен құлағанда//

аяқ басын тез жазғанда.

***

 

Травматологиядағы реабилитациялық құралдарға жатпайды://

бальнеотерапия//

баротерапия//

+ физиотерапия//

еңбек терапиясы//

механотерапия.

***

Сүйек диафизін ұзарту үшін қолданылады://

сүйектен тарту//

сүйек үсті остеосинтезі//

+ сүйек арқылы остеосинтезі //

сүйек ішілік остеосинтез//

гипс таңғышы.

***

Бұғананың акромиондық ұшының толық шығуында қандай екінші байлам зақымдалады://

+ бұғана-құстұмсық //

бұғана-төс//

акромион-құстұмсық//

дельта тәрізді//

бұғана-жауырын.

***

 

 

Тоқпан жіліктің хирургиялық мойны сынықтарының түрін атаңыз://

Т-тәрізді//

бүгілетін//

варусты//

+ аддукциялы//

пронациялы.

***

40 жастағы науқаста клиникалық-рентгенологиялық зерттеуден кейін шынтақ өсіндісінің сынып, ығысқаны анықталған. Сынықтың орталық бөлігі әдетте қалай ығысады?//

сыртқа//

ішке//

+ жоғары//

төмнге//

алдыға.

***

40 жастағы науқаста клиникалық-рентгенологиялық зерттеу кезінде шынтақ өсіндісінің сынып, ығысқаны анықталған. Сынықтың орталық бөлігінің ығысуына қандай бұлшықет әсер етеді://

иықтың екібасты бұлшықеті//

+ иықтың үшбасты бұлшықеті//

иық-кәрі жілік бұлшықет//

иық бұлшықеті//

дельта тәрізді бұлшықет.

***

Білек шығуын салғаннан кейін қолға иммобилизация қанша уақыт бойы орындалады: //

7-12 апта//

+ 4 апта//

6 апта//

8 апта//

3 ай.

***

 

Кәрі жілік басының бөлшектенген сынығында қандай емдеу тәсілін қолданған тиімді://

сүйек ішілік остеосинтезді//

сүйек үстілік остеосинтезді//

сүйек арқылы остеосинтезді//

+ жілік басын алып тастауды//

сүйектен тартуды.

***

Айқыш байлам жарақаттан кезде анықталатын негізгі симптомды атаңыз://

сирақтың бүйірге қарай девиациясы//

+ қозғалмалы жәшік//

гемартроз//

сықыр//

буын блокадасы.

***

Омыртқа денесінің компрессионды сынығында қандай анестезия орындалады://

перидуральды//

Вишневский бойынша //

+ Школьников - Селиванов бойынша//

Белер бойынша //

Юмашев бойынша.

***

Тұрақсыз зақымдалуға жатпайды://

омыртқа шығуы//

омыртқа шығуы мен сынуы//

омыртқа денесінің алдыңғы бөлігі биіктігінің жартысынан артық компрессионды сынуы//

+ «жарылып» сыну//

флексонды ротационды сынық.

***

Қандай симптом бел және төменгі кеуде омыртқалары сынықтарынан арқаның жұмсақ тіндерінің және көлденең өсінділердің сынықтарын ажыратуға көмектеседі://

қанталау//

пальпация кезіндегі ауырсыну//

+ Силин симптомы//

Джойс симптомы//

Гирголав симптомы.

 

 

Науқас мұзда тайғанақтап қолын созған күйі құлаған. Иықтың үштен бір бөлігінде ісіну, деформация, сынық бөлшектерінің сықыры естіледі. Қолды жазуы және 1-ші саусақты сыртқа әкетуі шектелген. Қол терісінің сезімталдығы бұзылған. Рентгенограммада иықтың үштен бір бөлігінің қиғаш сынығы ангыцқталады. Қандай емдеу әдісін тағайындаған тиімді://

гипс таңғышын//

сүйектен тартуды//

ошақтан тыс сүйекарқылы остеосинтезді//

+ батырмалы остеосинтезді//

барлық жауаптары дұрыс.

***

Мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғы өсінің ажырауына қандай симптом тән://

Джой симптомы//

+ Лозинский симптомы //

Габая симптомы//

жабысқақ табан симптомы//

үйрек жүріс симптомы.

***

Тоқпан жілік диафизінің сынық бөлшектері ығыспаған сынығында қандай бекіту тәсілі тиімді://

орамал тәрізді байлам//

+ торакобрахиалды гипс таңғышы//

сүйектен тарту//

остеосинтез//

иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне гипсті лонгетті салу.

***

Монтедж шығып-сынуы - бұл:// бір жақ қолының шығуы және олардың екінші жақтағы сынуы// білезіктің шығуы және білек сүйектерінің ортаңғы үштен бір бөлігінің сынықтары// шынтақ буынындағы білек сүйектерінің шығуы және солардың біреуінің білектің төменгі үштен бір бөлігіндегі сынығы// шынтақ сүйегінің шығуы және кәрі жіліктің сынығы// + кәрі жілік басының шығуы және осы қолда шынтақ сүйегінің ортаңғы және жоғарғы үштен бір бөлігінің шекарасындағы сынығы. ***

 

Тізе тобығының бөлшектелген сынығын емдеудің қолайлы оперативті әдісі://

+ лавсан тігісін айналдыра салу// тізе тобығын алып тастау// сым шабақпен бекіту// бұрандамен бекіту// сыммен байлау.

***

Үлкен жіліктің проксимальды метафизі арқылы сүйектен тарту жасауға көрсетілім://

+ жамбастың жартысының ығысуымен сипатталатын жартылай шеңбердің

алдыңғы және артқы бір жақты сынуы. //

ығысумен болған жартылай шеңбердің сынығы//

ығысумен болған қырының сынығы //

ығысумен болған артқы жартылай шеңбердің сынығы.

***

Кеуденің жарақаты кезінде көкірек (средостение) неден қысылады: //

сынған қабырғамен//

сынған төспен//

гематоракспен//

+ көкірек эмфиземасымен (ауасымен)//

пневмоторакспен.

***

Гематоракс кезінде плевралды қуысқа дренаж жасалады: //

орта бұғана сызығы бойынша 3-і қабырға арасы арқылы//

қолтықасты алдыңғы сызық бойынша 5-і қабырға арасы арқылы //

қолтықасты ортаңғы сызық бойынша 6-ы қабырға арасы арқылы //

қолтықасты алдыңғы сызық бойынша 7-і қабырға арасы арқылы //

+ жауырын сызығының 8-і қабырға арасы арқылы.

***

6-ы мойын омыртқаның асқынбаған компрессионды сынығы бар адамның ауыр физикалық еңбекпен айналысуға қабілеті қалпына келуі үшін қанша уақыт қажет етеді: //

1 айда//

2 айда//

3 айда//

+ 4 айда//

5-6 айда.

***

 

Жамбас шеңберінің жарылумен жүретін сынықтарға жатады: //

мықын сүйегінің сынығы//

шат сүйегінің сынығы //

ұршық ойығының ернеуі//

бір жақты шонданай және шат сүйектерінің сынығы //

+ екі жақты шонданай және шат сүйектерінің сынығы.

***

Бұғана сынығын консервативті емдеуде иммобилизация мақсатында аталған таңғыштардың қайсысы қолданылмайды: //

+ Кузьминский таңғышы//

8 тәрізді таңғыш//

Дельбе сақиналары//

Турнер бойынша гипс таңғышы.

***

Иықтың проксималдық бөлігінде жиі сынатын аймақ: //

басын//

анатомиялық мойны//

төмпешіктері//

+ хирургиялық мойны.

***

Иық диафизі сынықтарын шеттетуші шендеуіште (шина) консервативті емдеу кезінде қолды сыртқа тиімді әкету бұрышы://

30//

60//

70//

+ 90//

100.

* **

Оперативті емдеудегі қателіктерді атаңыз://

операция кезіндегі жалпы жағдайдың дұрыс бағаланбауы//

конструкцияның дұрыс таңдамауы//

иммобилизация уақытының қысқа болуы//

операцияның ұзақ болуы//

+ аталғанның барлығы.

***

 

 

Орталық нервтің зақымымен асқынған иықтың төменгі 1/3 бөлігінің сынығында сезімталдылықтың бұзылуы байқалады://

4-5 саусақта//

2-ші саусақта//

тек 1-ші саусақта//

тек 3-ші саусақта//

+ білезіктің 1,2,3 саусақтарда және ішкі беткейінде.

***

Буын шығуының түрлері://

жаңа шығу//

жаңа емес//

ескірген//

дағдылы//

+ аталғанның барлығы

***

Бұғананың төст жақ бөлігі шығуын салғаннан кейінгі иммобилизация салынады://

иықты 90˚ әкеткен қалыпта//

+ иықты 90˚бүккен қалыпта//

иықт ішкі ротациялаған қалыпта//

иық сыртқа ротациялаған қалыпта//

***

Иық шығуын салғаннан кейін қолға салмақ түсіру қанша мерзімге дейін шектеледі://

1,5 айға//

2 айға//

3 айға//

+ 6 айға//

10 айға.

***

Иық шығуын салғаннан кейін иммобилизацияны немен орындайды.//

орамалмен//

сақиналы таңғышпен//

Дезоның жұмсақ танғышымен//

әкетуші шинамен//

+ Дезоның гипстік танғышымен//

***

 

Қайық тәрізді сүйек (ладья) шығуына жат белгілер: //

1-ші бармақ әкетілген қалыпта//

қол басы шынтақ жаққа әкетілген қалыпта//

анатомиялық табакерка аймағында ауырсынған томпаю пайда болады//

+ қол басы алақанға бүгілген қалыпта//

білезік-кәріжілік буынында қозғалыстар шектелген және ауырсыну туындатады.

***

Ортан жіліктің қай аймағы сынғанда проксимальдық фрагмент барынша сыртқа әкетіліп бүгіледі?//

+ диафиздің жоғарғы 1/3//

диафиздің ортаңғы 1/3//

диафиздің төменгі 1/3//

ұршық үсті//

диафиздің ортаңғы және төменгі 1/3.

***

Тізе тобығы көпбөлшектеніп ығысып сынғанда ең тиімді емдеу әдісі қандай:

консервативті ем//

сүйектен тарту//

остеосинтез жасау//

Мюллер бойынша остеосинтез жасау//

+ тізе тобығына алып тастау, төртбасты бұлшықет сіңірін және тізе тобығы байламын қалыпқа келтіру, 4 аптаға туторды салу.

***

 

Жұмсақ тіндердің көлемді жарақатымен жүретін сүйектердің ашық сынығын емдеудің тиімді әдісіне жатады://

жараға біріншілік хирургиялық өңдеу жасау; сынықты қалпына келтіру, кесілген гипс таңғышымен бекіту//

жараға біріншілік хирургиялық өңдеу жасау; сынықты қалпына келтіру, демферлік сүйектен тартуды орындау//

+ жараға біріншілік хирургиялық өңдеу жасау; сым шабақты аппараттың модулін салу.

***

 

 

Тобықтарды орнына салғаннан кейін аяқты бекіту үшін қолданылады:

циркулярлы төсенішсіз гипс таңғышы//

циркулярлы мақталы төсеніші бар гипс таңғышы//

+ «Етікше» тәрізді циркулярлы гипс таңғышы//

U-тәрізді таңғышпен аяқ басын бірге таңу//

U-тәрізді таңғышпен табанды бекіту.

***

Жауырынның сүйекқабы асты сынығында қолданылатын тиімді ем:

Дезо таңғышы//

ашық репозиция + Дезо таңғышы//

жабық репозиция + Дезо таңғышы//

+ гематомаға пункция жасау + бекіту таңғышы//

ем керек емес.

***

Омыртқаның компрессиялық сынуында қандай рентгенограмма ақпаратты көп береді?//

тура//

+ бүйірінен//

қиғаш ¾//

қиғаш½//

аксиальді

***

Омыртқаның компрессиялық сынуында қандай рентгенограмма ақпаратты көп береді?//

тура//

+бүйірінен//

қиғаш ¾//

қиғаш½//

аксиальді

***

Науқас жерден ауыр затты жұлып – тартып көтергенде белінде ауыру сезімі пайда болды. Науқасты тұрған бойында тексергенде бел бұлшықеттерінің тырысуы оң жағында байқалады. Оң жаққа бұрылу науқасқа ауыру сезімін күшейтеді. Паравертебральды сызығының оң жағын тексергенде ауыру сезімі басым. Жарақатың алдынала диагнозын атаңыз:

қылқанды өсінділерінің сынығы //

омыртқаның компрессионды сынығы//

+ көлденең өсінділерінің сынығы//

қылқан өсінділерінің арасы және үстінгі байламдарының үзілуі//

Омыртқааралық диск жыртылуы.

 

 

Бел немесе төменгі кеуде омыртқалар денесінің сынығын арқаның жұмсақ тіндері зақымдалуы мен көлденең өсінділерінің сынығынан ажырататын симптом://

көгерудің болуы//

пальпацияда ауырсыну//

+ Силин симптомы //

Джойс симптомы //

Гирголав симптомы

 

Омыртқа денесінің компрессионды сынуында корсетті кигізгенде зақымданған омыртқа бөлігі қандай жағдайда орналасу қажет://

бүгілген жағдайда//

орта физиологиялық жағдайда//

күшейген кифоз жағдайында //

күшейген лордоз жағдайында //

+ жазылған жағдайда.

***

Мойын омыртқаларының экстензионды сынуы мен шығуын қаңқадан тартып емдеу тәсілінде жастықша қай жерге орналастырылады://

+ бастың астына //

арқа астына мойнына дейін//

мойын лордозының басым жеріне //

жастықша қолданылмайды //

арқаның астынан жауырынға дейін

***

Жамбас сүйегінің қандай зақымдарында науқас арқасымен алдыға қарай жүруге тырысады://

құйымышақ сынғанда//

сегізкөз сынғанда//

+ алдыңғы жоғарғы өсі жұлынғанда //

шонданай төмпешігі сынғанда//

мықын сүйегі сынғанда.

***

 

 

Жамбас сүйектері сынғанда шокка қарсы шаралар ретінде арнайы көмек көрсету барысында таңдалатын анестезия әдісі://

А.В.Вишневский бойынша жергілікті анестезия//

+ Школьников-Селиванов бойынша анестезия//

наркотиктермен жансыздандыру//

өткізгіштік анестезия//

перидуральді блокада.

***

Жамбас сүйектерінің сынуы бар науқастарды тасымалдау қажает://

Дитерихс шинасын салғаннан кейін //

ішімен жатқызып//

Виноградов шинасын салғаннан кейін//

жамбас белдеуін қатты таңу арқылы//

+ «құбақа» жағдайында қатты зембілде/

***

Жамбас сүйегінің Мальгени типті сынуы дегеніміз://

+жамбас сүйегінің алдыңғы және артқы жарты сақинасының бүтіндігінің бұзылуы //

шат және шонданай сүйектерінің бір жақты сынуы//

мықын сүйегінің қанатының сынуы//

шат және шонданай сүйектерінің екі жақты сынуы //

жамбас сүйегінің артқы жарты сақинасының бүтіндігінің бұзылуы//

*** Мальгени типті жамбас сынығында қандай емдеу әдісі жиі қолданылады?//

жамбас-сан гипс таңғышын қою арқылы бір кезеңді репозициясы //

Волкович әдісі бойынша емдеу//

сүйектен тарту//

остеосинтез жасау//

репозициясыз

 

 

Ортан жілік диафизінің жоғарғы үштен бір бөлігі сынғанда орын алатын өзіне тән сынықтың ығысуы://

сынық бөлшектерінің ұзынына, еніне және бұрышына қарай ығысуы//

өз өсінің маңындағы ығысу//

сыртқа әкету, бүгілу, сыртқа айналу, жоғарыға және орталыққа//

+орталық бөлігінің ішке және алға, шеткі бөлігінің артқа, жоғары және бұрышқа ығысуы//

орталық бөлігінің артқа, шеткі бөлігінің алдыға және артқа ығысуы.

***

Сирақ сүйектерінің жабық, бұранда тәрізді ығысқан сынықтарын консервативті әдіспен емдегенде қандай нәтиже береді://

өте жақсы нәтиже//

жақсы нәтиже//

қанағаттанарлық нәтиже//

нашар нәтиже//

+ дұрыс жауабы: в, г.

***

Сирақ сүйектерінің сынығынан кейін науқастың жұмысқа қабілетінің қалпына келу мерзімі://

2-3 ай//

+ 3-4 ай/

4-5 ай//

5-6 ай//

6-8 ай.

***

30 жастағы науқасты машина қаққан. Ауруханаға иммобилизациясыз жеткізілген. Жалпы жағдайы ауыр. Тамыр соғысы 120 1 мин., АҚ 80/60 сын.бағ. Санның жоғарғы үштен бір бөлігінде 3х1,5 см жара орналасқан. Аяғы күрт деформацияланғанғ варусты қисайған. Аяқ басындағы тамырлар соғысы қалыпты. Төмендегі көрсетілген шаралардың қайсысы бірінші орындалуы керек://

аяғына рентгенография жасау//

жараға алғашқы өңдеу жасау//

+ полиглюкин ертіндісін тамыр ішіне енгізу//

сүйектен тарту жасау//

сынық орнына новокаинді блокада жасау.

 

 

43 жастағы науқас аяғы тайып, аяқ басын сыртқа қарай қайырып құлаған. Рентгенограммадан қандай жарақатты болжайсыз://

Потта-Десто жарақатын//

Галеацци жарақатын//

Монтеджи сынығын//

+Дюпюитрена жарақатын//

Дюверней жарақатын//

***

Жауырынның мойны ығысып сынғанда қолданатын емдеу әдісі://

орамалмен бекіту//

сау иықтан бастап бармаққа дейін гипс танғышын салу//

+ сүйектен тарту//

остеосинтез жасау//

торакоброхиальды танғыш салу.

***

Шынтақ өсіндісі ығысып сынғанда қандай емді таңдайсыз://

бір мезгілдегі репозиция және гип таңғышымен бекітуді//

сүйектен тартуды//

+ тартатын сыммен синтездеуі//

сүйек пластикасын//

циркулярлы таңғышты.

***

Бұғананың акромионды бөлігінің шығуы сипатталады://

Маркс белгісімен//

«үш бұрышты жастық» белгісімен//

+ «перне» белгісімен//

иықтағы «серіппе» тәрізді белгісімен//

орнына салыну мен шығу белгілерімен.

***

Шынтақ сүйектері шыққанда қандай белгілер бұзылады://

Шумахер сызығы//

+ Гюнтера сызығы мен үшбұрышы//

Маркс сызығы//

Бриана сызығы//

білек өсі.

***

 

 

Кәрі жіліктің төменгі үштен бір бөлігі сынып шынтақ сүйегінің басының шығуы аталады://

Смит жарақаты деп//

Монтедж жарақаты деп//

Коллес сынуы деп//

+ Галеации жарақаты деп//

Пота жарақаты деп.

***

Сирақ сүйегінің сыртқы айдаршығы орнынан тайып сынғанда тізе буынында келесі деформация пайда болады://

рекурвация//

антекурвация//

варусты//

+ вальгусты//

аяқтың өсі өзгермейді.

***

Тізе буынының сыртқы бүйір байламы үзілгенде пайда болатын өзіне тән симптомға жатады://

қатты ауырсыну//

гемартроз//

қымылдың шектелуі//

+сирақтың ішке қарай бүйірлік девиациясы//

тері астындағы гематома.

***

 

Мениск жарақаты пайда болуының өзіне тән механизмін атаңыз://

тура//

+ тізе буынында бүгілуі мен ротация//

буынның шектен тыс бүгілуі//

тізе буынында сыртқа әкетілуі мен ротация//

сирақтың жазылуы.

***

Омыртқа сынулары кезінде пайда болатын жалған жедел іштің зақымдану көрінісінің негізгі себебін атаңыз://

+ іш пердесі артындағы гематома//

жұлынның зақымдануы//

жұлын тармақтарының зақымы//

орталық жүйке жүйесінің қатты қозуы//

омыртқа аралық дисктердің зақымы.

***

 

 

Школьников-Селиванов блокадасын жасағанда сынық аймағына енгізетін новокаин ертіндісін көрсетіңіз://

+ 0,25%//

0,5%//

1%//

2%//

5%.

***

Өкше сүйегінің компрессионды сынуын репозициялау қандай мақсатты көздейді://

комсетикалық жетіспеушілікті болдырмауды//

сүйек бітуін//

+ жалпақ табанды болдырмауды//

қуыс табанды болдырмауды//

«ат табан» пайда болдырмауды.

***

Бел аймағындағы омыртқалар сынғанда төмендегі анестезиялардың қай түрі жасалады://

сүйір өскіндері арасына блокада//

паранефральды екі жақты блокада//

+ Шнек бойынша блокада//

Попелянский бойынша блокада//

вагосимпатикалық блокада.

***

Жазылып тұрған қолға құлағанда жиі кездесетін жарақат://

+ Коллес сынығы//

Смит сынығы//

ладья (қайық) тәрізді сүйектің сынығы//

алақан сүйектерінің сынығы//

шынтақ сүйегінің басының сынуы.

***

Пневмоторакспен асқынған кеуде құрсағының (қабырғалар) зақымында анықталмайтын белгі://

ентігу//

қан түкіру//

тері асты эмфиземасы//

+ перкуссияда дыбыстың тұйықталуы//

перкуссияда «қорап» тәрізді дыбыс.

 

 

Жамбастың ұршық ойығы түбінің ығыспаған сынығын емдеуде таңдалатын әдісті көрсетіңіз://

оперативтік ем//

зақымдалған аяғына күш түсірмей науқасты ерте белсендіру//

«Волков-Дьяконов» жағдайында функциональды емдеу//

+ сүйектен тарту әдісі//

гипсті кокситті таңғыш.

***

Ортан жіліктің мойнының ығысқан сынығына тән белгі://

тек нақты қысқару//

+ тек салыстырмалы қысқару//

нақты және салыстырмалы қысқару//

нақты, салыстырмалы қысқару жоқ//

тек проекциялық қысқару.

***

Төменде көрсетілген тоқпан жілік диафизі сынығының қандай түрінде емдеудің таңдаулы әдісі сүйектен тарту болып табылады://

ығысусыз//

+ қиғаш//

көлденең//

кәрі жілік нерві зақымдануымен//

ашық.

***

Ортан жіліктің проксимальдық бөлігі сынығының нақты белгілеріне жатпайды://

аяқтың сыртқы немесе ішкі ротациясы//

аяқтың салыстырмалы қысқаруы//

Гирголав симптомы//

+ Байков симптомы//

«жабысқан табан» симптомы.

***

***

Тізе тобығы сынығы буынның жалғамалы аппаратты зақымдануымен қабаттасқанда сынуында тізе тобығы ығысады://

+ жоғары//

төмен//

ішке//

сыртқа//

ығыспайды.

***

 

 

Санның ұзындығы өлшенеді://

мықын сүйегінің алдыңғы, жоғарғы қырынан бастап тізе буынының буын

саңылауына дейін//

+ үлкен ұршықтан бастап тізе буынының буын саңылауына дейін//

шап қатпарынан тізе тобығына дейін//

үлкен ұршақтан бастап тізе тобығына дейін //

мықын сүйегінің алдыңғы, жоғарғы қырынан бастап тізе тобығына дейін.

***

Емдеу шендеуішін (шинасын) көрсетіңіз://

пневматикалық//

торлы//

Крамер//

Дитерихс//

+ Белера.

***

Тасымалдаушы иммобилизация ретінде қолданылмайтын шендеуішті көрсетіңіз://

пневматикалық//

Дитерихс//

+Беллер//

Крамер//

торлы.

***

«Құрбақа» қалпында қандай сынығы бар науқасты тасымалдау керек://

омыртқа//

жауырын//

+ жамбас//

екі саны//

екі сирағы.

***

Омыртқаның мойын бөлігі зақымданғанда қолданылмайтын транспортты иммобилизация://

Еланский шинасымен//

Шанц типті жағамен//

Крамер шинасымен//

бастың астына резеңке қою арқылы//

+Дитерихс шинасымен.

 

***

 

Бұғана сынықтарын салғанда сәйкес жақтың иық буынын://

+ артқа, сыртқа және жоғары әкету керек//

артқа, сыртқа және төмен әкету керек //

алға, сыртқы және жоғары әкету керек //

алға, сыртқа және төмен әкету керек //

сыртқа итеріп, иықты айналдыру керек.

***

Шынтақ өсіндісінің ығысқан сынығы кезінде шынтақ буынында қандай қозғалыс күрт шектеледі://

білекті белсенді бүгу//

+ білекті белсенді жазу//

супинация//

пронация//

қол басын шынтаққа қарай бұру.

***

Науқастың үстіне жәшіктер құлаған. Оң жақ кеудесінің ауырғанына шағымданады, терең дем ала алмайды. Жағдайы ауыр, тері қабаты цианозды, ентігу бар. Артериалды қысымы 80/60 мм.сын.бағ. Көкірек қуысының оң жақ бөлігі дем алғанда аз қозғалады, перкуссия кезінде қораптық дыбыс естіледі. Аускультация жасағанда тыныс естілмейді. Жүрегі солға қарай ығысқан. Пальпация жасағанда оң жақтағы бірнеше қабырғалардың сынғаны анықталған. Қабырғалар сынғаннан кейінгі дамыған асқынуды көрсет://

гемоторакс, плевропульмональдік шок//

гемоторакс, тері асты эмфиземасы//

өкпе соғылуы, жарақаттан кейін дамыған пневмония//

пневмоторакс, жүрек жарақаты//

+ пневмоторакс, плевропульмональды шок

***

Плевропульманальды шокпен асқынған көкірек қуысының жарақаты бар науқасқа төмендегі шаралардың қайсысын бірінші кезекте жүргізу керек?://

көкірек қуысының рентгенографиясын //

оксигенотерапияны//

+ вагосимпатикалық блокаданы//

көкірек қуысын пункциялауды//

кеңірдек интубациясын

***

 

«Кеуде жарақаты кезінде плевра қуысына аққан қан тоқтады ма жоқ па?» деген сұраққа жауап беру үшін қандай сынама (проба) жасалады?://

Эфендиев сынамасы//

Рувила-Грегуар сынамасы//

Петров сынамасы//

Филиппс-Ван сынамасы //

Жоров сынамасы

***

Пункция жасалғаннан кейін плевра қуысында ауа қайтадан жиналса дәрігердің келесі тәсілі қандай?://

пункцияны қайталап жасау//

торакотомия жасап, жарақаттанған өкпе тініне тігіс салу//

электрлік сорғышпен белсенді түрде аспирация жасау//

+ Бюлау бойынша плевра қуысына дренаж салу

трахеостомия жасау//

***

Пневмоторакста плевра қуысынан ауаны сорып алу үшін пункцияны қай жерден жасайды?://

+ ортаңғы бұғана сызығы бойынша екінші қабырға арасы арқылы//

ортаңғы бұғана сызығы бойынша үшінші қабырға арасы арқылы//

артқы қолтық асты сызығы бойынша жетінші қабырға арасы арқылы//

жауырынның төменгі шеті арқылы//

алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша екінші қабырға арасы арқылы

***

Науқаста жауырын сызығы бойымен сол жақтағы бірнеше қабырғалары сынған, рентгенограммадан сол жақ плевралды қуыста гомогенді қараю анықталады. Жарақаттан кейін бірнеше сағат өткен. Осы жарақаттың асқынуын атаңыз://

пневмоторакс//

посттравматикалық пневмония//

плевра эмпиемасы//

плеврит//

+ гемоторакс

***

 

48 жасар ер адам тротуарда аяғы тайып жығылып, қолдарын созып артқа құлаған. Иық буынында ауырсынуға байланысты белсенді қозғалыс жасау мүмкін емес. Белсенсіз қозғалыс ауырсыну тудырады. Шынтақты бұрағанда ауырсыну жіліктің басына беріледі. Иық буыны аймағына жасалған пальпация қатты ауырсыну тудырады. Жарақатқа диагноз қойыңыз://

иықтың алға шығуы//

иықтың артқа шығуы//

иық буынының соғылуы//

+ тоқпан жілік мойынының шаншылған сынуы//

тоқпан жіліктің диафизарлық сынуы

***

Шыққан иықты салғанда қолданылатын анестезияның қолайлы әдісі://

буын ішілік анестезия//

өткізгіштік анестезия//

+ жалпы наркоз//

наркотикалық анальгетикті бұлшық етке енгізу//

жергілікті анестезия

***

Тоқпан жіліктің дистальды бөлігінің сынуы бар науқасқа шынтақ буынына массаж жасау қандай асқынудың алдын-алу мақсатында тағайындалмайды://

+ оссификациялайтын миозиттің//

шынтақ буынының контрактурасын//

ортаңғы нервінің невритін//

шынтақ нервінің невритін//

Фолькман контрактурасын

***

Спортшы жаттығу кезінде оң жақ ығын сыртқа бұрап құлады. Науқасты зерттеуде оң жақ бұғанасының дистальдік бөлігі баспалдақ тәрізді көтеріліп тұр, «перне» симптомы анықталады. Оң жақ иық буынындағы қозғалыс көлемі шектелген. Болжамалы диагнозды атаңыз://

бұғананың сынуы//

+ бұғананың акромиондық бөлігінің шығуы//

оң жақ иықтың шығуы//

үлкен кеуде бұлшық етінің жыртылуы//

сүйек үсті бұлшық етінің жыртылуы

***

 

Тоқпан жіліктің ортаңғы үштен бір бөлігінің қиғаш сынуы бар науқаста қол басының белсенді жазылуы мен үлкен саусақтың сыртқа әкетілуі шектелген. Сүйек сынықтары ені және ұзына бойы ығысқан. Сынықпен бірге орын алған қосалқы зақымдануды атаңыз://

орталық нервтің зақымдануы//

шынтақ нервтің зақымдануы//

бұлшық ет-терілік нервтің зақымдануы//

кәріжілік нервсінің зақымдануы//

иық өрімінің зақымдануы

***

Шынтақ өсіндісінің ығысуы бар сынуды емдеуде қандай әдісті қолданған тиімді://

лейкопластырмен тартуды//

сүйектен таруды//

+ операциялық емді//

Колдуэлл бойынша таңғышты//

Дезо таңғышын

***

60 жастағы науқас тротуарда тайып құлап алақанымен жерге соғылды. Білезік буынының ауырғанына шағымданады. Кәрі жіліктің дистальды бөлігін басқанда ауырсыну күшейеді. Зақымдану диагнозын атаңыз://

Галеации зақымы//

Монтеджи зақымы//

Смит зақымы//

Мальгени зақымы//

+ Коллесс зақымы

***

.Науқас 43 жаста, жұмысқа бара жатқанда мұзға тайып құлағанда аяғын сыртқа қайырып алды. Рентгенограммада қандай зақымдану түрін болжайсыз://

Потта-Десто зақымын//

Галеации зақымын//

Монтеджи зақымын//

+ Дюпюитрен зақымын//

Дюверней зақымын

***

 

Асық (таран) сүйектің зақымында асептикалық некрозды алдын-алудың негізгі шарасы://

+ статикалық салмақ кеш түсіру//

ерте басталған ЕДШ (ЛФК)//

кеш басталған ЕДШ//

ерте статикалық салмақ түсіру//

артродездеу

***

Жаяу жүрушіні автокөлік қаққан. Тізе буынының қатты ауырғанына және табанының жансызданғанына шағымданады. Аяқ басы бозарған, салқын. Аяқ басының сыртқы артериясының пульсациясы анықталмайды. Тізе буыны ісінген, деформацияланған. Тізе буынында белсенсіз қозғалыс аз мөлшерде, серппелі қарсыластық белгісі анықталады.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 409 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Осложнения переломов| Ортопедия

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.297 сек.)