Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Егемендікке ұмтылған Ежелгі Оғыз ұлыстары

Читайте также:
  1. Оғыздар Қазақстан аумағында

9-10 ғғ. Сырдың орта, төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпалардың саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Махмуд Қашғари, Марвази енбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — бузук және үшүк (учук).

8 ғ. ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия» деп аталатын ордасы болды. 9 ғ. бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, қанғар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. 9 ғ. соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қоластына қаратады. Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-европа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды. 9 ғ. соңы мен 11 ғ. басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер 9-10 ғ. б. араб деректерінде мысалы, әл-Якубидің еңбегінде айтылады.

Орта Азия мен Шығыс Европаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғ. оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, ел ішінде бақсы-балгерлер ықпалын жүргізді. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.

10-11 ғғ. Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпалары көтерілістері себеп болды. Салжықтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті 11 ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Европа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, хорасан селжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.

VІІІ ғасырдан бері тарихымызға берік орныққан, алайда әлі де оқулықтарымызға ене қоймаған бабалар Оғыздар (Өгіздер) болып табылады. Орта ғасырлардағы тарихының көмескі болуына байланысты: «Оғыздар кімдер?» деген сауалға зерттеушілер әртүрлі жауап беріп келді.
Олар, ең алдымен, Оғыздардың замана ағымына қарай әртүрлі этносаяси бірлестіктерге кіруге мәжбүр болғандарын және дамудың түрлі кезеңдерінде Оғыздар құрамынан түркі тілдес әртүрлі халықтарға негіз болған тайпалық бірлестіктердің бөлініп шыққандарын ескере бермейтін тәрізді. Сондықтан да тек лингвистикалық тұрғыдан алғанда оғыз тілділерге Түркия түріктерін, әзірбайжандарды, түрікмендерді, гагауздарды, саларларды, Қырым татарларын және т.б. бірқатар елдердегі этникалық топтарды жатқызумен шектелеміз. Мұнда бір ескерер мәселе, Орхонда ежелгі Оғыздар бірлестіктері батысқа жылжырдан бұрын оларға алғашқы кездері мүше болып, онан соң бөлініп кеткен тайпалық бірлестіктер оғыз тілдестерге жатпайды.

Бұлардың бәріне ортақ қателік: лингвистикалық немесе тарихи-филологиялық тұрғыдан ежелгі түркі тайпаларының этнонимдерін шығу себептерін толық айқындай алмайсыз. Тайпалар атауларының шығуы нақты этноәлеуметтік жағдайға тікелей тәуелді. Сондықтан да ру-тайпаларға қойылған генонимдер немесе этнонимдер олардың күнделікті тыныс-тіршіліктерін, олардың қандай тарихи тұлғадан тарағандарын және сандық құрылымдарын нақты ескеру негізінде пайда болған.
Осы тұрғыдан келгенде, «Оғыз» этнонимінің «өгіз» атауынан шыққаны күдік тудырмауы тиіс. Мұны зерттеушілердің көпшілігінің мақұлдайтынын да айта кеткен жөн. Кейбір еуропалық зерттеушілер өгіз бен бұқаны ажырата алмай, «Оғыз» атауын өгізбен емес, бұқамен байланыстырып қателеседі (Базен; Синор). Жалпы, «Оғыз» этнонимі түркілердің өздерінің және арғы бабаларының сиыр малын негізгі шаруашылық кәсібіне, күнделікті тіршілік көзіне айналдыруларынан туындаған. Мұны қытай жылнамаларын шұқшия зерттеген Баеддин Өгелдің (қазақша аудармасын Ә.Дәулетхан жасаған) ежелгі хұндар тарихына қатысты зерттеулерін оқыған адам айқын аңғара алады. Онда түркітілдестер сиыр малын өсіруге баса көңіл бөлсе, ал олардың шығыстағы көршілері – тұңғыс-манчжур (моңғол) тілдестердің негізінен шошқа шаруашылығын өркендеткендері анық айтылған.
В.Бартольд батысқа жылжығандардың сандық көрсеткіштерсіз, тек Оғыздар деп атал ғанына назар аударды. Оғыздар ІХ ғасырда Жетісу арқылы Сырдарияның төменгі ағысына қоныстана бастағанда олардың сандық және сапалық тұрғыдан құрамдары өзгеріп кетті. Х ғасырдан бастап оларды араб географтары Ғұздар деп атай бастады. Махмұд Қашқаридың еңбегінде көрсетілген 22 Оғыздар тайпалары осы бірлестікке кіргендердің бір бөлігі ғана екендерін ұмытпаған жөн. Тарихи деректер Оғыз тайпаларының Учук және Бузук деп аталатын екі топқа бөлінгендерінен хабардар етеді. Кас пий мен Арал теңіздерінен солтүстікке қарайғы аймақта Оғыздар күшті мемлекет құрды. Алайда солтүстік-шығыстан келген Қыпшақтар Х ғасырда оларды ығыстыра бастады. Оғыздардың біраз тайпалары Еділ өзеніне дейін барып, осында печенегтермен қақтығысса, ал екінші үлкен бөлігі Орта Азиядағы мұсылман иеліктеріне басып кіріп, Жерорта теңізіне дейін барды. Олардың 1065 жылы Дунайдан өтіп, Балқан түбегіндегі халықтарды тонап, Элладаға дейін барғандары белгілі. Қазіргі Осман түріктерінің біразы – солардың ұрпақтары. Бірақ олар қазір «түрік» атанып кеткен.

Қарлұқ қағана тының солтүстік-ба тыс жағын да, Сыр да ри яның ор та және төменгі бойын да, оған жалғасып жатқан Ба тыс Қазақстан да лала рын да IX-X ғасыр ларда Оғыз тай па лары ның ежелгі фе одал дық мем ле кеті қалып тасты. Оғыз дардың ата-ба­бала рының әуелгі қоныс танған жер лері Ыс тықкөлдің маңы. Оғыз дар IX ғасыр да Сыр да рия бойына келіп ор на ласа ды, бірақ он дағы кан гар-пе ченег бірлестігімен ұзақ уақыт соғысуға ту ра ке леді. Махмұд Қашғари Оғыз елінің 22 кейбір де рек терде 24 тай паға бөлінгенін және әр тай па ның өз белгі таңба сы мен туы болғанын ай та ды.

X ғасыр да Оғыз мем ле кетінің ас та насы – Ян ги кент не месе Жаңа Гу зия деп ата латын қала бол ды. Ол Қимақ да ласы арқылы Са рысу, Есіл және Нұра бой ла рына ба ратын са уда жо лының үстінде ор на ласқан. Оғыз мем ле кеті өзінің са яси және әле уметтік тұрмы сы жағынан көне фе одал дық мем ле кет бол ды. «Жабғы” атағы бар жоғарғы би­ле уші Оғыз мем ле кетінің бас шы сы бо лып са нал ды. Оғыз жабғыла рының орын ба­сар ла рын Көл-еркін деп атаған. Жоғарғы би ле ушілер ор ны мұра гер ге беріліп отырған. Оғыз хан да рын сай лау кеңес терде өткізілген. Жабғудың «инал” де ген атағы бар өз мұра гер лері болған. Жас кезінде олар ды тәрби елеу үшін ар найы қамқор шы лар (ата бек тер) тағайын далған. Оғыз жабғыла рының әйел дері са рай маңын дағы өмірде ай тар лықтай рөл атқарған. Оларға «қатын” де ген атақ берілген. Са рай да әске ри кеңес ке сүйенетін оғыз әскерінің бас тығы (Сю башы) маңыз ды орын алған.

IX-X ғасыр ларда Оғыз мем ле кетінде ескі ру лық-тай па лық инс ти тут тардың тез ыды ра уы жағдайын да пат ри ар хаттық-фе одал дық қаты нас тар да мыды. X ғасыр дың аяғы мен XI ғасыр дың бас кезінде Оғыз елінде алым-са лықты ти янақты түрде жи­нап оты ру жүйесі орын ал ды, бұл – мем ле кет те тұрақты басқару ап па раты ның құрылғанын көрсе теді. Оғыз дардың көпшілігінің бас ты кәсібі көшпелі мал ша ру­ашы лығы бол ды. Оғыз тай па лары ның бір бөлігі Сыр да ри яның төменгі бойын қыс­тап, жай лауға Кас пий маңын дағы да лаға көшкен. Оғыз дар негізінен жылқы, қой, ешкі, си ыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіре се, қой өсіру ша ру ашы лығы маңыз ды рөл атқарған. Сон дай-ақ оғыз бай-фе одал да ры жер қайыс тырған қалың жылқы үйірлерін ұстаған. Көшпелі оғыз дар түйе, оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыз­дар аңшы лықпен де ай на лыс ты. Оғыз ке дей лері Арал теңізінен, Сыр да ри ядан, тағы басқа да өзен дерден ба лық аулап кәсіп қылған. Қала лар дағы үй лер көбіне тас тан, ағаш тан, қамыс тан тұрғызыл ды. Оғыз дардың Сыр да ри яның төменгі ағысын да Жан­кент, Жент, Жу ара, ал Сыр да ри яның ор та ағысын да Қар нақ, Сүткент, Фа раб, Сығанақ және Са уран т. б. қала лары болған. Олар да қолөнер кәсібі, со ның ішінде мал өнімдері мен шикізат тарды өңдеу да мыды. Оғыз дарда құмы рашы лық өндірісі де өркен деді. Олар ме кен дейтін аумақтар да темір, күміс, ал тын, мыс және асыл тас тар өндірілді.

XI ғасыр дың ба сын да Оғыз мем ле кеті құлды рай бас та ды. Оған алым-са лықты жыртқыш тықпен аяусыз жи науға на разы лық білдірген оғыз тай па лары ның көтерілісі се беп бол ды. Бұл жағдай X ғасыр дың екінші жар ты сын да өкімет ба сына кел ген Әли хан ның билік құрған кезіне жа тады. Жабғының өкіметіне қар сы ха лық на разы лығын, Жент маңына келіп қоныс танған салжұқтар дың көсем дері пай да лан­ды. Салжұқ көсем дері Ян ги кент тегі оғыз би ле ушілеріне қар сы көтерілісті бас тап, Жент қала сын ба сып ал ды, бірақ оны ұзақ ұстап тұра ал ма ды. Осы кез де ел ба сына Әли хан ның мұра гері Шахмәлік келіп, мем ле кет едәуір кұшейді. 1041 жы лы оғыз дар Хо резмді жа улап ала ды. Алай да, ара да екі жыл өткен нен кейін оғыз дардың соңғы жабғысы Шахмәлік салжұқтар дың қолы на түсіп өлтіріледі.

Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасыр оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы — түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғы» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғыларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналамиға» — беріліп отырған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерінің «сюбаши» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды роль атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылықта қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 194 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Соңғы палеолит. | Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). | Мәдениеті | Түргеш қағанатының қалыптасуы | Орналасуы. | Саяси тарихы. | Оғыздар Қазақстан аумағында | Кімет ұймы-мемлекеттік қурылым. | Жер иелену түрлері. Икта. | Жеті жарғы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шаруашылығы.| Этникалық қауымдастығының қалыптасуы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)