Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мәдениеті

Читайте также:
  1. VI-ХII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
  2. Радиожурналистің соз мәдениеті
  3. ХХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін ыдыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

 

5 сұрақ – жауабы: Ғұндар – көшпенді халық. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған.

Б.з.д 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.

Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.

Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.

Мөде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.

Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.

Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылығы

Шаруашылық-мәдени типінің негізі – көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.

Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
Қоғамы

Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған.

Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Қытай жазбаларында Ғұндардың 36-ға жуық көрші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде біздің заманымызға дейін 174 жылы қайтыс болды.

Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады.

Біздің заманымызға дейін 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган кұрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, біздің заманымызға дейін 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ — Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.

Біздің заманымыздың Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дәстүрлі тәңірқұты атағын алды.

Сұрақ-жауабы: Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да,Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға дейін саяси үстемдік жүргізді.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 201 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Соңғы палеолит. | Орналасуы. | Саяси тарихы. | Шаруашылығы. | Егемендікке ұмтылған Ежелгі Оғыз ұлыстары | Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. | Оғыздар Қазақстан аумағында | Кімет ұймы-мемлекеттік қурылым. | Жер иелену түрлері. Икта. | Жеті жарғы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).| Түргеш қағанатының қалыптасуы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)