Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орналасуы.

Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мәселелерінің тарихы И.Блечуриннен басталады. Ол оны орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгіленген. «Шицзи» тексінде «Давань туралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазір қазақтың Ұлы жүзі мер Орта жүзі көшіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен.

«Шицзиде» кангюйдің орналасуы туралы былай делінген: «Кангюй Даванның (талас) солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 м жерде жатыр. Бұл әдетте 2000 әскері бар юечжиліктерге ұқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес және күшінің аз болуына қарай оңтүстікте юечжиелердің билігін, шығысында ғұндардың билігін таниды. Үлкен хан әулетінің келесі храникасы «Цянь Ханьшудың», «Жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында кангюйлерге арналған бөлім бар онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: «Кангюй билеушісі Лоюень елінде, уананнан 12 300 м жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол намесникке тәуелді емес. Әміршінің жазда болатын жеріне Люеннен жеті күнде жетуге болады. Халқы 120 000 отбасы, 600 000 адамнан тұрады, әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юечжимен бірдей. Кангюйлер шығысында ғұндарға бағынады. ХХ ғасыдың ортасына қарай олардың орналасу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас.

1) Кангюйлер Ташкент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең байтақ жерді алып жатты.

2) Кангюй иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Сарысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейінгі орналасқан деген көзқарастар қалыптасты. Бірінші көзқарасты С.П.Толстов мейлінше дәлелді қорғады. Кангюй жерлері шығысында Ферғанаға (Давань) дейін жетті. Оңтүстігінде парфиямен және Бактриямен шектесіп жатқан, батысында Бұхара жазирасы мен Хорезмді қамтыған. Бес иелігі былайша орналасқан:

1. Сусе – Қашқа сериядағы шахрисябз.

2. Фума – Зеравшан өзеніндегі Кугшания облысы.

3. Юини – Ташкент жазирасы.

4. Цзу – Бұхара.

5. Юицзнь - бұл мемлекеттің орталығы болған хорезм.

С.П.Толстовтың бұл мәселедегі негізгі қарсыласы А.Н.Бершитам кангюй жерінің шығыстағы шекарасы Талас өзенінің бойымен өтеді деп санады. Кейін біздің заманымыздың ІІІ ғасырында Цзиньшидің мәліметіне қарағанда, ол Іле өзеніне дейін жеткен Кангюйдің бес иелігі Сырдария өзенінің бойында былайша орналасқан: Юицзнь-Хорезм; Цзи-сырдария сағасы: фулю – Жаңақорғанның солтүстік батысынан Қазалыға дейінгі; Сусе – Сырдарияның орта сағасы, Арыс өзенінің аңғары, Қаратау беткейі; Юйни – Ташкент жазирасы. Жекелеген археологялық мәдениетін, Сырдария арнасында Кангюй – Каратау мәдениеті; Ертедегі Қуандария арнасында – Жеті асар мәдениеті; Сырдария сағасында қала жұртының мәдениеті мен антик кезеңіндегі хорезмнің мәдениеті бар. Алайда кангюйлердің байырғы жерлері, атап айтқанда Сырдарияның орта ағысындағы жерлер болған. А.Н.Бернитамның пікірі бойынша, неғұрлым ертедегі тарихи ескерткіштер - Авестада, Махабхаратада, Пехлевилердің бундахишіні мен эпикалық Шахнамада аңызға айналдырылған. Кангха нақ осында орналасқан. Ол ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерініің пенгутарбанд елін де осында орналасқан деп көрсетуді ұсынған жөн.

Кейіннен бұл көзқарасты Қазақстан зерттеушілері мен ежелгі орта Азия тарихының саласындағы басқа да мамандар негіз алды. Сонымен, кангюйлер Сырдария өзенінің орта сағасының солтүстік жағын мекендеген және Кангха мемлекетінің ұйытқысы болған тайпалар одағы деп мейлінше айқын айтуға болады.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 218 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Соңғы палеолит. | Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). | Мәдениеті | Шаруашылығы. | Егемендікке ұмтылған Ежелгі Оғыз ұлыстары | Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. | Оғыздар Қазақстан аумағында | Кімет ұймы-мемлекеттік қурылым. | Жер иелену түрлері. Икта. | Жеті жарғы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Түргеш қағанатының қалыптасуы| Саяси тарихы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)