Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Модельдеу тәсілдері

1. ұқсастық әдісі: модель мен түпнұсқаның ұқсастығы традукция ережесін береді: модель мен түпнұсқаның бірдей нүктелерінде ұқсастық критериялары (көрсеткіштері) тең (бірдей) болады.

ұқсастықтың әрбір көрсеткіші процеске әсер ететін әр түрлі факторлардың шамаларының қатынасының өлшемін береді. ұқсастықты анықтайтын көрсеткіштер саны көп болса, модельді жасау қиындап, тіпті жасау мүмкіншілігі болмайды. өткен ғасырдың 30-40 жж. Дьяконов және т.б. реакторлық процестердің ұқсастық критерияларын тұжырымдады. Алайда, олардың күрделігінің салдарынан ұқсастықтың көптеген көрсеткіштерінің бірдейлігін (идентичность) қамтамасыз етуге болмайды. Кей жағдайда көптеген факторлардың әсерлерін елемеуге болады, өйткені лимиттеуші (шектеуші, анықтаушы) сатыны (стадияны) олардың біреуі ғана анықтайды. Ол кезде ұқсастық жағдайлары жеңілденеді де, ұқсастық теориясы негізінде модельді жасауға болатын болады.

2. Аналогия. Табиғаттың әртүрлі құбылыстары- ның арасындағы анологияны (ұқсастықты) пайдалану танымдық процестің маңызды этапы болып табылады. Мысалы, атомның Резерфорд жасаған моделі планеталар жүйесінің анологиясы бойынша жасалған. Шын мәнінде анология болса, ол түпнұсқа үшін де дұрыс сандық тұжырымдар (қорытындылар) жасауға мүмкіншілік береді. Физиканың көп салаларында жалпы түрі төмендегідей теңдеумен сипатталатын процестер болады:

(1)

мұндағы: – векторлық шама, x – скалярлық шама, - коэффицент, grad-градиент, векторлық оператор.

Кеуек орта арқылы сұйықтықты сүзу Дирен-Вейсбах заңына бағынады:

 

(2)

мұндағы w - сүзу жылдамдығы, k - сүзу коэффиценті, p - қысым.

үш өлшемді өткізгіштегі электр тогы Ом заңына бағынады:

(3)

мұндағы: i - токтың тығыздығы, - меншікті электр өткізгіштік, u- потенциал.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 382 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Nbsp;   К-ның физикалық мәні | ОТЫНДЫ ХИМИЯЛЫҚ өҢДЕУ | СУТЕКТІ өНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ | БАЙЛАНЫСҚАН АЗОТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ | АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫН өНДІРУ | КүКІРТ ҚЫШҚЫЛЫН өНДІРУ | МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ өНДІРУ | ФОСФОР ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ | КүЙДІРГІШ НАТР ЖӘНЕ ХЛОРДЫ өНДІРУ | І. ОРГАНИКАЛЫҚ СИНТЕЗ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
ЛКЕН МОЛЕКУЛАЛЫ ҚОСЫЛЫСТАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ| ХТЖ-дің (химиялық технологиялық жүйелердің) математикалық моделін жасаудағы құрылымдық тәсіл.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)