Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

МинералдыҚ тыҢайтҚыштарды өндіру

Читайте также:
  1. АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫН өНДІРУ
  2. КүЙДІРГІШ НАТР ЖӘНЕ ХЛОРДЫ өНДІРУ
  3. КүКІРТ ҚЫШҚЫЛЫН өНДІРУ
  4. СУТЕКТІ өНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

 

Егіннің бітік шығуына минералдық тыңайтқыштардың маңызы зор. өсімдік өскен жерден түрлі еріген минерал тұздарды тамыр арқылы бойына тартып керек етеді, ал егінді жинағанда жерден алынған заттар бірге кетеді, өсімдік бойында яғни топырақтың нәрі азайып құнарсызданады. Жаратылыстың өзінде мұның орнын толтыратын процестер жоққа жақын, сондықтан топырақта жоғарыда аталған (С, Н, N, P, Ca, Mg, S, Fe, B, Mn, Cu, Mo, Zn және т.б.) элементтер тапшылығы басталады. Соған қарсы әрекет ретінде әр түрлі минерал тұздарын егістік жерге сеуіп, топырақты қайтадан құнарландырады. Көміртек өсімдіктер организміне фотосинтез процесінің нәтижесінде ауа құрамындағы көміртек (IV) оксидінен алынады. Бірсыпыра мөлшері топырақ құрамынан тамыр арқылы бойына тартып керек етеді. Сутек су құрамынан бөлінеді. Қалғандардың барлығын өсімдіктер топырақ құрамындағы еріген минерал тұздарынан бөліп алып керек етеді.

Тыңайтқыш ретінде өсімдікке берілетін үш элементтің: фосфор, азот, калий орындары ерекше, әсіресе фосфор - өсімдіктің дәніне жиналады, бірсыпыралары – сабағы, жапырағы, тамырына жиналады.

 

1. ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫ КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ

 

1. Тыңайтқыштар тегіне байланысты: минералдық, органикалық, органо-минералдық және бактериялық болып бөлінеді.

Минералдық тыңайтқыштарға жататындар: табиғи және өндірістерде өндірілетін минералдық тұздар.

Органикалық тыңайтқыштар – табиғи немесе жасанды өндірісте өндірілетін құрамында өсімдікке керек болатын элементтер бар органикалық қосылыстар, мысалы карбамид, көң, қи, тезек.

Органо-минералдық тыңайтқыштар құрамында өсімдіктерді көректендіргіш элементтер органикалық және минералдық қосылыстар қоспасында болады, мысалы торф (шым тезек).

2. Тыңайтқыштар агрохимиялық мағынасына байланысты минералдық тыңайтқыштар тікелей және жанама болып екі түрге бөлінеді.

Тікелей тыңайтқыштар құрамында өсімдікті қоректендіретін элементтер болады.

Жанама тыңайтқыштар топырақтың құрамына араласқанда оның физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттері жақсарады. Мысалы топырақтың қасиетін әктас немесе диломитпен (СаСО3×MgCO3) өңдегенде қышқылдығы төмендеп, жақсарады. Гипс (СаSO4×2H2O) - сор топырақтың қасиетін жақсартады.

3. Физиологиялық әсеріне байланысты тыңайтқыштар: қышқылдық, сілтілік және бейтарапты қасиетті болып бөлінеді. Мысалы (NH)2SO4; KCl – топыраққа қышқылдық, NaNO3, Ca(NO3)2 сілтілік, KNO3 және NH4NO3 бейтарап қасиеттерімен әсер етеді (бірінші топтағы тұздардың өсімдікке керек болатын элементтер катиондар, екінші топта аниондар, ал үшінші топтағы өсімдікке керек болатын – катион және аниондар).

4. Қоректендіргіш элементтерге байланысты: азот, фосфор және калий тыңайтқыштары болып бөлінеді.

Егер тыңайтқыш құрамында біртектес элемент болса – біртектес тыңайтқыштар, егер бірнеше элементтердің түрлері болса – көптектес, немесе кешенді тыңайтқыштар деп атайды.

Егер әртүрлі біртектес тыңайтқыштардың қоспасы болса – аралас тыңайтқыштар деп атайды. Күрделі кешенді тыңайтқыштар-химиялық реакциялардың нәтижесінде түзіледі.

5. Қоректі заттардың концентрациясына байланысты: микротыңайтқыштар (В, Mn, Zn, Cu және т.б.)-өсімдіктерге тым аз мөлшерде қажет,және концентрлі тыңайтқыштар-көректі заттар 30%-дан жоғары болады.

 


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 547 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ | ХИМИЯЛЫҚ ӨНДІРІСТЕРДІҢ ШИКІЗАТЫ | ХИМИЯЛЫҚ өНДІРІСТЕРДЕГІ СУДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ СУДЫ ТАЗАРТУ | ХИМИЯ өНДІРІСТЕРІНДЕГІ ЭНЕРГЕТИКА | ХИМИЯ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАР | Nbsp;   К-ның физикалық мәні | ОТЫНДЫ ХИМИЯЛЫҚ өҢДЕУ | СУТЕКТІ өНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ | БАЙЛАНЫСҚАН АЗОТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ | АЗОТ ҚЫШҚЫЛЫН өНДІРУ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КүКІРТ ҚЫШҚЫЛЫН өНДІРУ| ФОСФОР ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)