Читайте также:
|
Оқушылардың тәрбиелік деңгейі көрсеткішінің картасы
(Б. Иманбекова)
Оқушының фамилиясы, аты – жөні...............................................................
Сыныбы.............................................................................................................
Сынып жетекшісінің фамлиясы, аты – жөні..................................................
| Тәрбиелік көрсеткіштері | Өз бағасы | Ата-ана бағасы | Сынып жетекші бағасы | Сыныптасының бағасы | Қорытынды бағасы |
| 1. Дүниетанымдық сапалары мен адамгершілік құндылықтары. 1.1.Ғылыми дүниетаным негіздерін меңгеруі. · Қоршаған өмірдегі өзгеріспен дамудағы адам рөлін саналы сезінуі; · Шынайы деректерді талдау, салыстыру және қорытындылай білуі; · Түрлі қоғамдық және теориялар мен көзқарастарға сыни қатынасы; · Қоғамдық дамудың заңдылықтарын түсінуге, тануға ұмтылысы; · Өз көзқарастары мен пікірін дәлеледеуі мен қажеттілігі; · Өз елінің мемлекеттік рәміздерін, дәстүріне құрметі, өз халқының тарихын білуі мен аялы қатынасы; | |||||
| 1.2.Рухани-адамгершілік құндылықтары: · Қоғамдағы және адам өміріндегі рухани адамгершілік құндылықтарды білуі мен түсінуі; · Ұжымда жолдастық, достықты сақтай білуі, отбасында, сыныптағы өзара сыйластық пен өзара түсіністігі. · Саналы тәртіп, өз мінез-құлқын өзі бақылап, реттеуі; · Адамның ішкі және сыртқы мәдниетінің өзара байланысын түсінуі; · Адамгершілік шегінен шыққан әрекеттерге төзбеушілік. | |||||
| 1.3. Еңбекке саналы қатынас: · Қоғамдағы еңбектің рөлін түсінуі, адам еңбегіне құрметпен қарау; · Халық байлығына аялы қатынас; | |||||
| 1.4. эстетикалық мәдениет негіздерін меңгеруі: · Қошаған әлемдегі әдемілікті түсінуі; · Халық дәстүрі мен мәдени құндылықтарға аялы қатынас; · Жалпы қабылданған мәдени нормаларды меңгеруі мен сақтауы; · Көркем шығармашылық қабілеттерін дамытуға құлшынысы. | |||||
| 2. Оқу-ғылыми білімі, білігі мен дағдысы: 2.1. Танымдық белсенділігінің дамуы: · Ғылым мен білімнің қоғам дамуындағы рөлін терең түсінуі; · Білім алуға, оны кеңейтуге тұрақты ынталануы; · Өз бетімен білім алу және оны практикада қолдану білігі; · Ғылыми ақпаратты игеру, іздеу, іріктеу және өңдеу білігі; · Ұжымдық және танымдық әрекеттерге қатысу белсенділігі. | |||||
| 2.2.Оқу еңбегін Ұйымдастыруы: · Өз оқу әрекетін өз бетімен жоспарлай білуі; · Оқу еңбегінің нәтижесін өзі сыни бағалай білуі; · Сыныптағы оқу үрдісін ұйымдастыру дағдысының қалыптасуы; · Практикалық сабақтарға тиімді дайындалу дағдысы мен білігінің болуы; | |||||
| 3.Жазбаша және ауызша сөйлеу мәдениеті: · Ана тілі пәнінен бағдарлама көлеміндегі білімді толық игеруі; · Жазу және сөйлеу мәдениетін игеруі; · Сауатты және дәйекті диалогтар жүргізу білігі және әр түрлі сипаттағы сұрақтар қоя және жауап бере алуы, талқылауларға қатысуы. | |||||
| 4.Денсаулығы: · Денсаулығын қалыптастыруға және сақтауға ынталы болуы; · Салауатты өмір салтын қажетсінуі |
Бағалауүш баллдық жүйемен жүргізіледі. Мұнда жоғары деңгей – 3 балл, орташа деңгей – 2 балл, төменгі деңгей – 1 балл.
Сынып жетекшісі әрекетінің деңгейі мен бағалау өлшемдері
| Р.с | Бағалау өлшемдері | Деңгейлер | |||
| Төмен | Орташа | Жоғары | |||
| 1. | Тәрбиенің психологиялық-педагогикалық негіздерін білуі | Қазіргі психологиялық- педагогикалық тұжырымдамалар, мектеп оқушыларының жас ерекшелігі туралы жалпы мағұлматы бар | Қазіргі психологиялық- педагогикалық тұжырымдамаларды бағдарға алады, бірақ сирек қолданады, мектеп оқушыларының жас ерекшелігі туралы біледі | Қазіргі психологиялық- педагогикалық тұжырымдамаларды меңгерген және жұмысында негізге алады. | |
| 2. | Тәрбиенің мазмұнын, формаларын, әдістерін білуі | Тәрбие жұмысы, формалары мен әдістері туралы жалпы түсінігі бар, өресі тар. | Нормативті құжаттарды біледі, әдістемелік журналдарды біршама пайдаланады. | Тәрбие мәселесіне байланысты әдебиеттерді, нормативті құжаттарды жақсы біледі, әр жақты терең білімі бар. | |
| 3. | Тәрбие жұмысына жеке амал тұрғысынан келу | Жеке амал тұрғысынан келуді қаматамасыз ете алмайды | Жеке амал тұрғысынан келуді негізінен жүзеге асырады | Оқушылардың ерекшелігін жүйелі зерттейді, тәрбиелілік деңгей кестесін жүргізеді, әрбір тәрбиеленушімен жеке жұмысты жүргізеді | |
| 4. | Оқушыларды педагогикалық басқаруда педагогикалық ынтымақтастықтың жүзеге асуы, оқушылардың өзін-өзі басқаруы | Оқушыларға деген қарым-қатынаста әділетсіздік байқалады, авторитарлық стильдегі басқару | Педагогикалық такт сақталады, оқушылармен ынтамақтастық жүзеге асырылады. Көпшілігі тұрақты тапсырмалар алады, ұжымдық-шығармашылық әрекет әдісі қолданылады. | Оқушылармен қарым-қатынаста ересек жолдас стилі, өзін-өзі басқарудың ұтымды құрылымы байқалады. Сынып өмірін басқару ұжымдық-шығармашылық әрекетке негізделген. | |
| 5. | Сабақтан тыс тәрбие жұмысын жоспарлай білуі | Жоспар тәрбиеленушілердің ерекшеліктері мен қызығушылықтарын ескермеген шаралардың жиынтығы ретінде түзілген | Жоспарлауға қойылатын талаптарды, оқушылар қызығушылықтарын есепке алып құрылған. | Тәрбие мақсаты мен міндеттері дәл, нақты анықталған, тәрбиелілік деңгейлер есепке алынған.Оқушы қызығушылықтары ескеріліп жоспарланған. | |
| 6. | Оқуға қызығушылық қалыптастыру, оқушының танымдық қажеттіліктерін қалыптастыру. | Оқушылардың танымдық әрекетін басқару әлсіз. | Өз бетімен білім алу дағдысын қалыптастыру, танымдық әрекетті ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіледі. | Өз бетімен білім алу дағдысын, ақыл-ой мәдениетін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын дамыту бойынша жұмыстардың жүйесі құрылған. | |
| 7. | Сынып жетекшісінің сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жұмысы | Байланыс әлсіз. | Сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын негізгі талаптарды орындайды. | Тәрбиеленушілердің танымдық әрекетін ұйымдастыруда олардың даму деңгейін, мүмкіндіктерін зерттеуде мұғалімдермен тығыз байланыс бар. | |
| 8. | Сынып жетекшінің ата-аналармен өзара әрекеті | Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктері туралы тек мағлұматы бар, ата-аналардың сынып жұмысына араласуы әлсіз, белсенділіктері төмен. | Отбасы мүмкіндіктері және ата-аналар туралы біршама хабары бар, ата-аналарды тәрбиелік шараларға ішінара тартады. | Отбасыларын, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін жақсы біледі, оларды белсенді тартады және жүйелі бірлескен шаралар жүргізеді. | |
| 9. | Әлеуметтік ортамен өзара әрекеті | Мектептен тыс бос уақытты өткізу туралы хабары аз. Мектептен басқа мекемелердің тәрбиелік мүмкіндіктерін мүлдем пайдаланбайды | Ішінара жақын әлеуметтік ортаның мүмкіндіктерін пайдаланады. | Әлеуметтік ортаның тәрбиелік мүмкіндіктерін жақсы біледі және жүйелі пайдаланады. | |
Сынып жетекшісінің диагностикалық картасы
| Р.с | Әрекеттер мазмұны | Жақсы білемін | Аздаған қиындықтар бар | Көмек қажет етемін |
| 1. | Баланың жас ерекшелігі туралы | |||
| 2. | Оқушы тұлғасының психологиясы туралы | |||
| 3. | Мұғалім мен оқушының өзара қатынасын түзеу | |||
| 4. | Сынып жетекшісінің психологиялық – педагогикалық мінездемесін құруды | |||
| 5. | Сыныпта ұйымшыл ұжым қалыптастыруды | |||
| 6. | Сыныптағы өзін-өзі басқару мәселелерін | |||
| 7. | «Қиын» оқушымен жұмысты | |||
| 8. | Бала тұлғасын зерттеудің психологиялық әдістері | |||
| 9. | Оқушылардың саналы тәртібін қалыптастыру | |||
| 10. | Оқушыны мадақтау және жазалау әдістері | |||
| 11. | Тәрбие жұмысының жоспарын құру | |||
| 12. | Сынып сағатының тақырыбын таңдау | |||
| 13. | Сынып сағатын өткізу формасын таңдау | |||
| 14. | Оқушылармен тест, сауалнама жүргізу | |||
| 15. | Сыныптың бос уақытын дұрыс жоспарлау теориясы мен практикасы | |||
| 16. | Тәрбиедегі бала-бақша, бастауыш саты, орта буын арасындағы сабақтастық мәселелері | |||
| Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттары мен мазмұны | ||||
| Ата-аналар жиналысының тақырыптарын таңдау | ||||
| Аутотренинг теориясы мен практикасы туралы | ||||
| Жаңа педагогикалық әдебиеттер мен басылымдарды оқуы |
Дата добавления: 2015-08-09; просмотров: 3920 | Нарушение авторских прав
| <== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
| Примеры решения задач | | | Диаграмма последовательности |