Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Орытынды

Читайте также:
  1. ОРЫТЫНДЫ
  2. Орытынды мемлекеттік аттестацияны өткізу шарасы

 

Бұл дипломдық зерттеу жұмысында бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясы қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері жайлы сөз қозғалады. Теориялық зерттеу бөлімінің өзі үш үлкен маңызды мәселелерді қозғайтын бөліктерден тұрады. Яғни, мұнда оқыту процесіндегі білімнің сапасына қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптар қатары анықталады. Сонымен қатар, Қазақстандық, Ресейлік, шетелдік психолог ғалымдар, өзге ғылымдар өкілдерінің құнды ой-пікірлері айқындалады.

Сондай-ақ, дипломдық зерттеу жұмысының мазмұнын мотивация, белсенді оқыту әдістері жайлы және танымдық процестер (іс-әрекеттер) жайлы теориялар да толықтыра түседі.

Оқу мотивациясы жайлы жазған атақты психолог А.К. Маркова, С.Л. Рубинштейн, Дж.Брунер, В.В. Давыдов және т.б. көзқарастары толығымен ашылып, бастауыш мектеп оқушыларының білімін бағалауда тұрақты негіз болуға жарайтындығы дәлелденді.

Сондай-ақ, бұл жерде баланың мектепке баруы оның өмірдегі жаңа бір кезеңнің басталуын білдіреді. Л.И. Божовичтің пікіріне сүйенетін болсақ, мектепке барған баланы азаматтық кемелділікке апаратын сатының бірінші баспалдағын аттаған адам ретінде қарастыра бастайды. Жалпы, мектеп – бұл ерекше қоғамдық мекеме, онда Г.Гегельдің айтуынша, жалпы тәртіпке сәйкес, барлығына бірдей ортақ ереже бойынша өмір басталады. Онда субъективтік рух өз оғаштықтарынан, жағымсыз жайттарынан бас тартуға, білімді, ынтымақ-бірлікті сақтауға, ортақтықты қалауға келтірілуі тиіс.

Әрине, «тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», «тәрбие – тал бесіктен басталады» - деген нақыл сөздердің астарында терең мән жатқаны белгілі. Осыны түсінген әрбір адамзат баласы жамандыққа душар болмасы анық. Ең әуелі баланы жастан – тәрбиеге, білімге, адамгершілікке баулыған абзал.

Сол себептіде, зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерінің оқу тәрбие үрдісіндегі мәнін анықтау болды.

Қазіргі таңда, оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының рөлі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде.

Сонымен қатар, теориялық бөлімде В.Г. Алексеев көрсеткендей, «адамның мотивациялық жүйесі тұрақтылардың қарапайым қатарына қарағанда неғұрлым күрделі құрылымға ие». Л.И. Божович және оның әріптестерінің еңбектерінде жазып кқрсеткендей, оқу мотивациясы – түрткілер бағыныштылығымен анықталынады және де олардың ішінде осы іс-әрекет мазмұнымен және оның орындалуымен байланысты ішкі түрткілер немесе қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуына ұмтылуымен байланысты кең әлеуметтік түрткілер үстем болуы мүмкін.

Оқу мотивациясы – бұл үнемі өзгеріп отыратын және бір-бірімен жаңа қатынастарға түсуші түрткілер қатарынан қалыптасады. Сондықтан мотивацияның жетілуі бұл жай ғана оқуға деген жағымды қатынастың өсуі немесе теріс қатынастың тереңдеуі емес.

Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациялық аясын талдау үшін олардың оқуға деген қатынасының сипаты маңызды. А.К. Маркова атап көрсеткендей, қатынастардың үш түрін анықтай отырып, теріс, бейтарап және жағымды қатынастар оқушының оқу үрдісіне араласуы негізінде соңғы қатынастың нақты саралап жіктелуін келтіреді. Яғни, мұндай жағдай мектеп оқушыларының іс-әрекетін басқару үшін өте маңызды.

Егерде оқушының оқуға – үйренуге деген ықылас-ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нәтижесінің мардымды болуы екіталай. Осыған қатысты атап көрсеткендей, Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «тамақ тек зор тәбетпен ішкенде ғана сіңеді» - деген екен. Осы мысалға сүйене отырып, оқу мотивациясы дегеніміз дәл (осы сияқты білімге, білуге, үйренуге деген «тәбет»).

Сонымен қатар, дипломдық зерттеу жұмысында теориялық және тәжірибедегі баға, бағалау ұғымдарының мәні ашылып, түсіндіріледі. Ал, оқыту процесінде оқушылардың танымдық іс-әрекеті арқылы білімді бағалаудағы теориялық ой-пікірлер қатарын шетелдік ғалымдар Ж.Пиаже, А.Анастази, Б.С. Блум, Л.С. Выготский және т.б. ғалымдардың еңбектері толықтыра түседі.

Сондай-ақ бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жеке тұлғасының қалыптасуындағы оқу іс-әрекетінің мәніне ерекше көңіл бөліп, «оқушының ішкі позициясын қабыл алуда» Л.И. Божович, В.В. Давыдов, Н.Ф. Добрынин, А.Н. Леоньтев өздерінің пікірлерін ойға тиек етіп қалдырған.

Оқушының оқу-танымдық әрекетінің мазмұны мына сияқты білімнің сапалы сипатында байқалады, бұл заттылық (пәндік) – оқушы үшін түпкі қатынасты және оның қасиеттерін бөліп алу, жүйелік-түпкі, бастапқы қасиеттердің жеке байқалу тұстарын шығара алу мүмкіндігі, жалпыламалық – көптеген қасиеттерді тұтас бір негізге жеткізу. Оқушының оқу-танымдық әрекеттерінің пәнділігі, жүйелілігі және жалпылылығы – ол балада теориялық (ғылыми) түсініктің қалыптасқандығын білдіреді. Міне, сондықтанда дені сау әрбір бала өзінің танымдық процестерінің толық дамығанының арқасында, оқу іс-әрекетін жеткілікті дәрежеде меңгере алады деп, - біз толық құқықпен айта аламыз.

Зерттеу жұмысының анықтаушы эксперимент бөлімі бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекет негізінде оқыту процесін бағалауға бағытталады және ол бағалану бағыттары анықталады. Олар:

1) бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесін бағалауды танымдық іс-әрекет арқылы зерттеу. Бұл бағыттың әдістемелерін құрайтындар: сөз-мағыналық ойлау, ойлаудың рефлексивтілігінің белсенділігі, А.Р. Лурияның 10 сөзді жаттау әдістемесі, зейіннің тандамалылығының бағасы;

2) бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекетін бағалау әдістері. Бұл бағыт әдістемелері: бастауыш мектеп оқушыларының жазбаша тіл шеберліктерін бағалау және жазбаша сөйлеудің психографологиялық сипаттамасы;

3) Бастауыш сынып оқушылары мотивациясының қалыптасуы.

Бұл бағыттағы әдістемелер:

1. Бастауыш сынып оқушылары оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау. С.Д. Дубовицкаяның әдістемесі.

2. Бастауыш сынып оқушыларының мотивациялық деңгейін бағалауға арналған Н.Г. Лусканованың әдістемесі.

Зерттеу жұмысымыздың барысы бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің негізінде білімді бағалаудың маңыздылығын ашып көрсетті.

Бастауыш сынып оқушыларының сөз-мағыналық ойлаудың рефлексивтілігінің белсенділігі, есте сақтау, зейіннің таңдамалылығының бағасын дамытатын экспериментке дейінгі және дамытатын эксперименттен кейінгі нәтижелердің мәнділігін анықтау үшін Спирменнің коэффициенттік корреляциясының рангілеу формуласы бойынша анықталды.

Дамытатын эксперимент бастауыш сынып оқушыларының іс-әрекетінің негізінде білімін бағалаудағы маңыздылығын үшін жүргізілді.

Сыныпқа алынған бірінші, екінші сыныптың алтауының үшеуі эксперименталды сыныпқа, үшеуі қадағалаушы сыныпқа бөлінді. Осы 2 топқа да бірдей анықтаушы зерттеудің бірінші "көлденең кесу" эксперименттік оқу жылының ортасында үшінші тоқсанның 1-ші жартысында жүргізілді.

Оның жеке өлшеулік көрсеткіштерінің мәнділігін және дұрыстығын анықтау үшін Спирменнің коэффициентін рангілеу коррекциясының формуласыбойынша анықталды.

Бірінші "көлденең кесу" зерттеуінде эксперименталдық және кадағалаушы сыныптардың арасында ешқандай өзгешелік жоқ екені дәлелденді. Кейін экспериминталды топтарды бөліп алып, дамытатын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мектептердің эксперименталды зерттеуге алған сыныптары мен қадағалаушы сыныптардың арасында дамытатын эксперименттен кейін жоғары мәнділікке қол жеткізілді.

Эксперименттік зерттеуге алынған сыныптардың дамытатын эксперименттен кейінгі нәтижелерін талдауды екінші "көлденең кесу" зерттеу әдістемесі бойынша оқу жылының IV тоқсан басында жүргізілді. (1-ші және 2-ші көлденең кесу зерттеуінің аралығы 2 ай).

Дамытатын эксперименттен кейін жеке өлшеулік көрсеткіштердің мәнділігін, валенттілігін және дұрыстығын аныктау үшін Спирменнің коэффициенттік рангілеу корреляциясы негізінде дәлелденді.

Сонымен қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде білімдерін бағалауда біріккен-диалогты танымдық іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, белсенді оқыту әдістерін мотивацияға сүйенген жағдайда ғана оқытуда жоғары нәтижелілікке қол жеткізуге болатындығы дәлелденді.

 


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 419 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық сипаттама | Бастауыш сынып оқушыларында оқу мотивациясының қалыптасуы мен дамуы | Бастауыш сынып оқушыларының мотивациясын қалыптастыруға теориялық шолу | Зерттеу мақсаты, міндеттері, болжамдары, әдістері мен таңдау топтарына сипаттама беру | КЕСТЕ 1. | ОСЫМШАЛАР | САБАҚТЫҢ ХАТТАМАСЫ | АНЫҚТАУ ДИАГНОСТИКАСЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясының зерттеу нәтижесін математикалық статистика бойынша зерттеу| ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)