Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Ш өлшемді графикаға кіріспе

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ МОТИВАЦИЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6

І ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті мен мотивациясы қалыптасу негізінде оқыту процесіне теориялық талдау 9

1.1 Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық сипаттама 9

1.2 Бастауыш сынып оқушыларында оқу мотивациясының қалыптасуы мен дамуы 24

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыруға теориялық шолу 38

ІІ ТАРАУ. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті мен мотивациясы қалыптасу негізінде оқыту процесін эмпирикалық зерттеу 53

2.1 Зерттеу мақсаты, міндеттері, болжамдары, әдістері мен таңдау топтарына сипаттама беру 53

2.2 Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясының зерттеу нәтижесін математикалық статистика бойынша зерттеу 62

Екінші бөлім бойынша тұжырымдама 67

ҚОРЫТЫНДЫ 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 72

ҚОСЫМШАЛАР 75

 

 

КІРІСПЕ

Мектеп оқушысы – баланың алғашқы әлеуметтік мәртебесі. Жеткіншек сатысы баланың мектептің бастауыш сыныптарында оқу кезеңімен сәйкес келеді. Сондықтан, өмірдің осы бөлігіндегі бала дамуының ерекшеліктері мен заңдылықтарын сипаттау кезінде біз оны «жеткіншек» немесе «бастауыш мектеп оқушысы» деп атайтын боламыз.

Баланың мектепке баруы оның өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Мектепке келгеннен бастап адамның әлеуметтік өмірі басталады деп толық құқықпен айтуға болады. Бұл жеткіншек кезеңге дейін индивид әлеуметтік тіршілік иесі болған жоқ дегенді білдірмейді (ол туғаннан бері сондай болып табылады). Бірақ мектепке дейінгі балалық шақта бала өз-өзінің әлеуметтік мәртебесінде сезінбейді. Мектеп оқушысы – баланың алғашқы әлеуметтік мәртебесі; бұл мәртебе оған қойылатын талаптардың жаңа жүйесімен, оның әлеуметтік міндеттері мен құқықтарының жиынтығымен байланысты. Л.И. Божовичтің бейнелі түрдегі пікірінше, мектепке барған баланы азаматтық кемелділікке апаратын сатының бірінші баспалдағын аттаған адам ретінде қарастыра бастайды.

Мектеп дегеніміз – ерекше қоғамдық мекеме, онда, Г.Гегельдің айтуынша, жалпы тәртіпке сәйкес, барлығына бірдей ортақ ереже бойынша өмір басталады, онда субъективті рух өз оғаштықтарынан бас тартуға, білімге және ортақтықты қалауға келтірілуі тиіс. Бала мектепке баруы, оқу пәндерімен айналысуы, сабақта мұғалімнің талабын орындауы, мектеп тәртібіне ілесуі, мінез-құлық ережелеріне бағынуы тиіс.Балалар жаңа, өзінің мазмұны бойынша және өзінің функциясы бойынша қоғамдық болып табылатын қызметті – оқу іс-әрекетінбастайды. Олардың ересек адамдармен және құрдастарымен өзара қатынастары енді оның өзінің жаңа, қоғамдық тұрғыдан маңызды міндеттерін қалай орындайтындығымен анықталады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі таңда психология ғылымының өзекті де, өткір мәселелерінің бірі оқушылардың білім сапасын арттыру, оқыту мәселесін жақсарту болып отыр. Соған байланысты оқушылардың білім бағасына және сол білімді бақылау жүйесі жайлы құжат "Жалпы білім және кәсіптік бағдар беретін мектеп реформасының негізгі бағыттарында" бұл мәселеге жоғары мән беріледі.

Құжатта былай делінген: "Оқушылар білімін бағалауда қандайда болмасын жалаң бүркемелеушілікке жол берілмеуін міндетті түрде қадағалау қажет".

Білім сапасының теориялық негізделген принциптерін жасау мәселесі және соған сай психологиялық тұрғыда оқушылардың білімін тексеру тәсілдері қазіргі танда ерекше қиын әрі күрделі болып отыр. Осы мәселені шешу жолдарын іздеу – біздің зерттеуіміздің негізгі мақсатын құрайды. Тәжірибелік әдістер мен оқушылардың білім сапасын бағалау критеррийлерінің соған сәйкес оқыту, меңгеру теориясымен байланысты талап ету мәселесі – педагогикалық-психологияның негізін құраушы принцип болып табылады (Д.Б. Эльконин, Н.Ф. Талызина).

Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов зерттеулері дамыта отырып, оқыту қағидаларын ұстанады. Әрі ғылымда берік орын тепкен, өзінің оң нәтижелерін беретін дамыта отырып оқыту мәселесі оқушының ғылыми-теориялық ойлау жүйесін қалыптастыру, танымдық іс-әрекеттерінің үйлесімді дамуын көздей отырып, үлкен табысқа жетіп отыр.

Қазақстандық психологтар С.М. Жақыпов, Ж.Ы. Намазбаева, Қ.Б. Жарықбаев, Х.Т. Шерьяздановалар еңбектері де осы оқыту процесінде басшылыққа алатын пікірлерді алға тартады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті мотивтерінің оқу тәрбие үрдісіндегі мәнін анықтау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын қалыптастыру.

Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекет мотивтері.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын және олардың оқыту процесіндегі білімді танымдық іс-әрекетті дамыту арқылы бағаласа, онда білім сапасы артады.

Зерттеу міндеттері:

1.Педагогикалық психологияда отандық және шетел әдебиеттеріндегі оқытудағы бағаның психологиялық мазмұны және ерекшеліктеріне теориялық талдау жасау.

2. Оқыту процесіндегі бағалаудың оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тиімділік әсерін анықтау.

3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мотивациясын психологиялық тұрғыдан зерттеу.

Зерттеу жұмысының базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Жаңаталап ауылы, №81 Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептің 1, 2, сынып оқушылары, жас аралықтары 6-8 жас.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері: Зерттеу барысында келесі психологиялық-ғылыми зерттеу әдістемелері пайдаланылды:

1. Бастауыш сынып оқушыларының оқыту процесін бағалауды танымдық іс-әрекет арқылы зерттеу.

Бұл бағыттағы әдістемелер: Сөз-мағыналық ойлауды бағалау, рефлексивтік ойлаудың белсенділігін анықтау, А.Р. Лурияның есте сақтауға байланысты "10 сөзді жаттау" әдістемесі, зейіннің таңдамалылығын зерттеу әдістемесі.

2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мативациясын қалыптастыруға байланысты әдістемелер тобы: Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын аныктау әдістемесі және Н.Г. Лусканованың оқу мотивациясының деңгейлерін анықтау әдістемесі.

Зерттеу кезеңдері: Жоспарланған зертеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде, бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясы қалыптасуының психологиялық ерекшеліктерін зерттеудің теориялық негіздері талданып, әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Жаңаталап ауылы, №81 Т. Тәжібаев атындағы жалпы орта мектептің 1, 2 сынып оқушыларының, жас аралықтары 6-8 жас қатысушыларының мотивациялық сферасын диагностикалау және оқушылардың оқу мотивациясы зерттелінді. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижесі ережеге сай тандалды.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Ғылыми зерттеу жұмысы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 74 бет.


Дата добавления: 2015-08-03; просмотров: 613 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бастауыш сынып оқушыларында оқу мотивациясының қалыптасуы мен дамуы | Бастауыш сынып оқушыларының мотивациясын қалыптастыруға теориялық шолу | Зерттеу мақсаты, міндеттері, болжамдары, әдістері мен таңдау топтарына сипаттама беру | КЕСТЕ 1. | Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясының зерттеу нәтижесін математикалық статистика бойынша зерттеу | ОРЫТЫНДЫ | ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ | ОСЫМШАЛАР | САБАҚТЫҢ ХАТТАМАСЫ | АНЫҚТАУ ДИАГНОСТИКАСЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Классификация персонала.| Бастауыш сынып оқушыларына психологиялық сипаттама

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)