Читайте также: |
|
(мекеменің аты)
Кәсіпорынның атауы
Телефон ______________
Факс
2 сурак: 9 билет
Билет
Еңбек келісімі
Еңбек шарты – заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте «жұмыс беруші» және «жұмысшы» деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады. Аталған міндеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген құжат секілді еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы мен мазмұны, рәсімдеу ережелері бар.
Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасаған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым әкімшілігінде белгілінген тәртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады. Еңбек келісімі мыналардан тұрады:
Құжат аты, келісімнің жасалған орны мен күні, екі жақтың толық және шартты атауы, жұмыстың сипаты мен мазмұны. Оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі, келісім типі (негізгі жұмыс әлде қосымша істелетін жұмыс), келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде ұзақ уақытқа ма), келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін), сынау мерзімі.
Жұмысшының міндеттері - еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс беруші міндеттері. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат, еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет. Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет, демалыс алу тәртібі мен оның мерзімі туралы мәлімет. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар, келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бұзылуы немесе қайта қаралуы мүмкін), келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі. Екі жақтың мекен-жайы мен реквизиттері, екі жақтың қойылатын қолы (сигнатура), шартқа қол қойылған күн, келісім қосымшасы (егер бар болса).
2 сурак: Өмірбаян. Оның түрлері. 8 билет
Билет
Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын съезд қабылдайды және бекітеді. Жарғы міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Құжаттар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұхсат беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді. Жарғының негізгі деректемесі – мәтін. Жарғыда ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, мекен- жайы, қызметінің мақсаты мен мәні, еңбек ұжымының мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, басқару мен бақылау органдары, дауларды шешу, есепке алу және есеп беру т.б. мәліметтер берілуі тиіс.
Жарғыда негізінде мекеменің құрылымдық жүйесі мен жұмысшылар саны анықталады. Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі. Онда құрылымдық бөлімшелердің құқықтық жағдайын айқындайтын, жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін бағыттағы Ереже жасалады. Жұмысшылардың еңбегін ұымдастыру мекеме әкімшілігінің міндеттеріне жатады және ол ішкі тәртіп ережелерінен көрініс табады.
Ішкі тәртіп ережесінің мәтінін мекеме әкімшілігі кәсіподақ қызметкерлерімен бірлесе отырып жазады. Ол еңбек ұжымында өткізілетін жалпы мәжілісте талқыланып, соңынан мекеме жетекшісі бекітеді.
Кейбір мекемелерде қызметкерлер құқығы жайында ережелер болады. Онда қызметкерлердің мекемемен жұмыс барысындағы құқықтық қарым-қатынасын, мекеме жетекшісі мен қызметкерлердің құқықтық қарым-қатынастары және т.б. мәселелер жазылады. Қызметтік құсқаулар мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
2 сурак: Анықтама 20 билет
Билет
Жарлықтар. Нұсқаулар
Нұсқау – ақпараттық-әдістемелік немесе ұйымдастырушы сипатқа ие құжат. Нұсқаулар бұйрық, нұсқау, жарлықтардың орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға қол қою құқығына бірінші басшы, бас мамандар ие. Нұсқаудың мәтіні бұйрықтағыдай белгілеуші және жарлық бөліктерінен тұрады. Белгілеуші бөлігі: «орындау мақсатымен», «соған сәйкес», «мақсатында» деген сөздермен басталады. Жарлық белгілі бұйрықтағыдай құрылады.
Жарлық – басқарудың шұғыл мәселелері шығарылатын құқықтық акт. Оған директордың орынбасарлары, өз өкілеттіліктері шегінде құрылымдық бөлімше басшылары қол қояды. Жарлықтың мәтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады.
Жарлық құжатының сапалы болуы пішімі жағынан дұрыс болуына емес, мазмұны жағынан толық, анық, дәл болуына да байланысты. Тәжірибе көрсеткендей, жарлықты құруда көбінесе мынадай қателер жіберіледі:
- Құжатты шығаруға себеп болған дәлелдерді талдаудың орнына қабылданған шешімге байланысты басшыны ақтау орын алады;
- Жарлық құжаты бір мезгілде бірнеше адамға немесе бірнеше бөлімшелерге қатысты болып келеді де, кімге не істеу қажеттігі нақты айтылмайды;
- Құжат не шамадан тыс нақты болып келеді де, орындаушының бастама көрсетуге ынтасын жояды, не бұйрықты орындаудың оған бұрыннан жақсы таныс жолдары мен әдіс-тәсілдерін көрсетеді;
- Құжатта оны орындауға жауапты адамдар айтылмайды, мерзімі көрсетілмейді;
- Құжатта «деңгейін көтеру керек», «жоғарылату қажет», «төмендету қажет» т.б. осындай жалпылама нұсқаулар болады. Нақты кімге арналғаны, орындалу мерзімі көрсетілмегендіктен, бұндай нұсқаулардың орындалуын тексеру қиын болады. Мұндай «жалпылама басшылық» - жаман әдет, мәнсіз-мағынасыз іс.
Басқарудың жетілмеген шешімдері – басшының біліктілігінің төмен екендігінің белгісі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы
Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуына және егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі 20 жылдығының құрметіне қаулы етемін:
1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;
2) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Дата добавления: 2015-07-24; просмотров: 442 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Жарнама | | | Н.Назарбаев |