Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2011 жылғы 17 мамыр. №83

2 сурак: 6 билет

Билет

Акт – бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні не оқиғаны растап қол қойған құжат түрі. Актіні жеке адам (тексеруші – ревизор, сарапшы – аудитор, инспектор) толтыруы да мүмкін.

Актілер кәсіпорынның не оның бөлімшесінің және жеке лауазымды адамдардың қызметін тексеру қортындысы бойынша, мүлікті не құжатты қабылдау-өткізу, объектіні немесе тауар-ақшалық бағалы заттарды қабылдау кезінде жасалады.

Актіде мынадай деректер болады: кәсіпорын атауы, құжат түрі, күні, индексі, жасалу орны, бекіту белгісі, тақырыбы, мәтіні, қосымшасы бар екені туралы белгі, қолы.

Актіге комиссия төрағасының және мүшелерінің қолы қойылады. Актінің мәтіні екі бөліктен: кіріспеден және белгілеуші бөліктен тұрады. Кіріспеде актіні жасауға негіз болған құжат түрі, оның нөмірі, күні көрсетіледі. Ары қарай лауазымдары көрсетілген комиссия құрамы, сондай-ақ тексеру кезінде болған адамдардың тізімі аталады.

Белгілеуші бөлігінде комиссия жұмысының мақсат-міндеттері, мәні баяндалып, айқындалған фактілер ресімделеді. Актінің саны мүдделі жақтарға қажетті мөлшерде жасалып, мәтін соңында көрсетіледі. Акт жасалған соң, комиссия оның мазмұнымен актіде аталған адамдардан қолхат алып таныстырады. Акт әкімшілік тарапынан бекітіліп, басқару шешімдерін шығару үшін негіз болады.

Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен еңбекшілердің денсаулығына зиян келтіретін басқа да оқиғалар туралы

АКТ

1.Кәсіпорынның атауы, тіркелу нөмірі___________________________________________________________________________________________________________________

1.1.Кәсіпорынның мекен-жайы:

Облысы, ауданы_________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қаласы, көшесі үйдің №_______________________________________________________________________________________________________________________________

1.2. Меншік нысаны_______________________________________________________________________________________________________________________________________

(мемлекеттік немесе жеке меншік)

1.3.Жазатайым оқиға болған цех, участок, орын___________________________________________________________________________________________________________

2. Экономиканың саласы (министтлік, ведомство)________________________________________________________________________________________________________

3. Қызметкерді жіберіп отырған кәсіпорын______________________________________________________________________________________________________________

4. Зақымданған адамның аты-жөні_____________________________________________________________________________________________________________________

5. Жынысы: еркек, әйел (астын сызу)___________________________________________________________________________________________________________________

6. Жасы (толық жасын көрсету керек)_________________________________________________________________________________________________________________

7. Мамандығы, лауазымы__________________________________________________________________________________________________________________________________

7.1. Разряды, класы________________________________________________________________________________________________________________________________________

8. Сәтсіз оқиға болған кездегі атқарып жүрген кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс стажы_____________________________________________________________________

9. Еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықты қашан оқыды (күні)_____________________________________________________________________________________________

9.1. Кіріспе нұсқаулық____________________________________________________________________________________________________________________________________

9.2. Еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту__________________________________________________________________________________________________________________

9.3. Алғашқы (қайталама) нұсқаулық__________________________________________________________________________________________________________________

9.4 Қауіптілігі күшті жұмыс үшін білімін тексеру__________________________________________________________________________________________________________

9.4.Мерзімді және алдын-ала дәрігерлік тексеруден өту____________________________________________________________________________________________________

10.Жазатайым оқиғаның болған күні мен уақыты (кәсіби ауру, улану)________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________ ___________________________________________________________

(күні, айы, жылы) (жұмыс басталғаннан бергі толық сағатының саны)

11.Сәтсіз оқиғаның жағдайы (кәсіби ауру, улану)__________________________________________________________________________________________________________

11.1. Оқиғаның түрі_______________________________________________________________________________________________

11.2. Себептері_______________________________________________________________________________________________________________________________________

11.3. Жарақатқа себеп болған жабдықтар_______________________________________________________________________________________________________________

(атауы, түрі, маркасы, шыққан жылы, өңдіруші-дайындаушысы)

11.4. Зақымданушының ішімдікті ішкендігі немесе анаша пайдаланғандығы туралы деректер____________________________________________________________________

11.5. Диагнозы_________________________________________________________________________________________________________________________________________

(алдын ала жасалған, соңғы, негізгі, қосымша)

12. Сәтсіз оқиғалардың себептерін жою жөніндегі шаралар:

 

№ Кәсіпорынның атауы Орындалу мерзімі орындаушы Орындалғаны туралы белгі

13. Еңбек туралы заң актілерін және еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді бұзған тұлғалар (баптар, параграфтар, нормативті құжаттар, заң актілері)

14.Сәтсіз оқиғаны көзімен көргендер___________________________________________________________________________________________________________________

Акт жасалды_______________________________________________________________________________________________________________________________________

(күні, айы, жылы)

Еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің басшысы (маманы)__________________________________________________________________________________________________

(қолы, аты-жөні)
Еңбекті қорғау жөніндегі еңбек ұжымының (кәсіподақтың) өкілі____________________________________________________________________________________________

(аты-жөні, қолы)

Бөлімшенің (цехтың, участоктың) басшысы______________________________________________________________________________________________________________

(аты-жөні, қолы)

Мемсанқадағалаудың өкілі_____________________________________________________________________________________________________________________________

(аты-жөні, лауазымы.қолы)
Емдеу-профилактикалық мекеменің өкілі________________________________________________________________________________________________________________

(қолы, аты-жөні, лауазымы)

2 сурак: 6 билет

Билет

Анықтама

Анықтама – 1) белгілі бір деректер мен оқиғаларды сипаттайтын, растайтын құжат; 2) қызметтік сипаттағы деректерді растайтын құжат. Анықтама жоғары тұрған органның немесе лауазымды адамның нұсқауымен жазылады. Ол қажет ететін мәліметтерден ғана тұрады, ұсыныс, қорытынды болмайды. Мекеменің өз ішіне қажет анықтамаға соны жазушы адам қол қояды, жоғарыға жіберілетін анықтамаға мекеме басшысы қол қояды.

Анықтамалар баяндау хаттарға тән деректерден тұрады. Анықтамада бірнеше мәселелер қамтылса, мәтінін бірнеше бөлікке бөлген немесе кесте түрінде құрастырған жөн. Жеке адамға байланысты анықтамалар (мекемедегі жұмысы, лауазымды,оқуы, тіркелімі, т.б) қалыпты қағаздарға толтырылып, кадр бөлімі бастығының не кәсіпорын басшысының және бас бухгалтердің қолы қойылады, мөрмен куәландырылады.

Анықтама

Осы анықтама _____________________________________________

(аты-жөні)

_______________________________________ туралы берілді.

(лауазымын көрсету)

Анықтама _________________________________________________

(берілген органның атауы)

көрсету үшін берілді.

(қолы) (аты-жөні)

2 сурак: 6 билет

Билет

Қызметтік хаттар, олардың түрлері

Қызметтік (іскерлік) хат дегеніміз түрлі мазмұндағы хаттардың жиынтығы, олар мәтінді өзгеше жеткізу әдісімен, атап айтқанда, пошта арқылы жеткізумен ерекшеленеді. Хат мәтіні формасы жағынан ойға қонымды, дәйекті, шынайы әрі әдепке сай жазылуы тиіс. Фактілер мен оқиғалар обьективті, ықшамды, анық түсіндірілуі керек. Хат мәтінінде түрлі түсініктемеге жол берілмеуі қажет.

Хаттың мазмұны мен тұрпатына байланысты оның мәтіні қарапайым немесе күрделі болып келуі мүмкін. Қарапайым хаттар бір-екі бөлімнен: алғысөзден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан құралады. Алғысөзде мәселенің негізгі: мәселенің туындауы себебі немесе оның қысқаша тарихы беріледі. Егер хатты құрастыруға қандай да бір құжат пайдаланылса, оған сілтеме жасалады. Негізгі бөлімде көрсетілген мәселеге қатысты дәлелдемелер немесе оны жоққа шығару фактілері айтылады.

Қызмет бабындағы хаттар өндірістердегі жағдайларға байланысты қатынас қағазын қолдануды қажет етеді. Сондықтан қызмет бабындағы хаттарды жіктеу дегеніміз – қатынас қағазын қажет етуші өндірістік оқиғалардың жіктемесін құру. Ондай, жағдайлардың көп қырлығына қарамастан олардың диапазоны шектеулі, ол іскер хаттарды бірнеше белгілері бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Олар: қызметтік; тақырыптық; құрылымдық.

Ұйымның іс қағаздарын жүргізудегі осы аталған хат түрлерін қолдану туралы дербес шешім қабылданады жөне ол іс қағаздарын жүргізу жөніндегі нұсқаулықпен бекітіледі. Ұйымның кадрлық қызметінде қолданылатын іскер хаттардың негізгі белгілеріне тоқталайық.

Қызметтік белгісі: 1) Жауапты талап етуші хаттар; 2)Жауапты талап етпейтін хаттар; Бірінші топқа жататын хаттарды шартты түрде, «сұрақ хаттар» және «жауап хаттар» деп атауға болады, олар өз кезегінде былайша бөлінеді: өтініш; үндеу; ұсыныс; сұрау салу; талап ету хаттары. Жауап талап етпейтін хаттар: ескерту; еске алу; шақыру; растау; қабылданбаған; хабарлама; ақпараттық хаттар. Қызмет бабындағы хаттың міндетті түрде тақырыбы болуы шарт.

Улгі. Өкілеттілігін растау туралы қызметтік хат

Құрметті Гүлдария Рыскелдіқызы!

Осы хатты алған күннен бастап жоба бойынша жұмысты бастауға өкілеттісіз. Егер компания бұл жоба туралы шешімін өзгертетін болса, онда осы жобаға кеткен уақытыңызға төлемақы төленеді. Біз таяу арада жоба жұмыстары тоқтатылмайды деп үміттенеміз.

Құрметпен жоба жетекшісі Шүленбаева Ұ.Р.

2 сурак: 8 билетте

Билет

Сауалнама. Оның әдістері

Бұрыштама (Резолюция)

Қазіргі заманда сауалнама әдісі кеңінен қолданылып жүрген іс қағаздарының бір түрі. Әлеуметтік сауалнамалардың басты міндеті – адамдардың пікірлері, олардың дәлелдері мен әлеуметтік құбылыстарды бағалауы, қоғамдық, топтық және жеке сана феномендері мен жағдайлары туралы ақпарат алу. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде жалпы немесе қоғамның нақты сегментінде шынайы бейнесін қалыптастыру, терең үрдістер мен проблемалық аймақтарды анықтау, оқиғалардың перспективалық даму бағыттарын анықтау мүмкін болады.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар: анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью). Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды. Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады.

Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Негізінен анкета үш бөлімнен құралады: үндеулік, негізгі, төлқұжаттық. Үндеулік бөлімде қысқаша зерттеудің мақсаты туралы айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі және зерттеу нәтижесі қалайша қолданылатыны жазылады, анкетаны толтыру ережесі көрсетіледі. Қайтарылған жауаптардың құпия түрінде болатынына кепілдік беріледі.

Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналасады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті, қызықты болуы керек. Осыдан кейін сұрақтар олардың пікірін, оқиғалар мен қазіргі жағдайға беретін бағаларын білуге бағытталуы әрі күрделі болуы шарт. Ал төлқұжаттық бөлімде респонденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы т.б) жөніндегі сұрақтар қойылады. Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұжырымдылығына баса назар аударылады. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.

Бұрыштама (Резолюция) – келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы, бұрыштама.

Бұрыштама қысқа жазылып, лауазымы жоғары адамнан лауазымы төмен адамға жіберіледі. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі және не істеу керектігі нақты көрсетіледі. Резолюция құжаттың бірінші бетінің жоғары жағына жазылады. Брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады. Күнделікті құжаттардың көптігіне байланысты жазылатын резолюция да көп болуы мүмкін.Нұсқауды қысқартусыз, анық етіп жазу керек. Нұсқауды орындау тапсырылатын адамның аты-жөнінің басқы әріптері, орындау мерзімдері анық жазылады. Резолюция ресми стилде жазылады. Соңына күні жазылып, басшының қолы қойылады. Бұрыштамада «Таныстым» (айы, күні, қолы, аты-жөні), «Келісемін» (айы, күні, қолы, аты-жөні), «Қарсы емеспін», «Мәселе қаралады», «Бекітемін», «Қабылданбайды» сөздері қолданылады.

2 сурақ:9 билет

23 билет. 1 сурак: 5 билет

2 сурак: 10 билет

24 билет 1 сурак: 7 билет

2 сурак: 14 билет

25 билет: 1 сурак: 6 билет

2 сурак: 12 билет

         
   
Жұмысқа қабылдау туралы   ________қаласы (_____ ауданының) әкімі _________________ (аты-жөні)   _______________________________ мекенжайында тұратын   ________________ (аты-жөні)   ӨТІНІШ   Мені __________________________ айлығымен штаттық кестеге сәйкес 200__ жылғы «___» ___________ бастап_______________ лауазымына қызметке алуыңызды сұраймын.   200__ жылғы «___» ___________ ________ (қолы)
 
 
Қызмет ақысын төлеу туралы ____________________________ Бас директоры ________________   КЕПІЛХАТ   _________________қаласы______________(ауданы)әкімдігі ______________ __________________________________________________________________________ (ұйымның атауы) ___________________________________________ бағыты бойынша жүк тасымалдағаны үшін қызмет ақысын төлеуге кепілдік береді. Біздің реквизиттеріміз: Заңды мекенжайымыз: ______________________________________________ СТН __________________________________________________________________ Есеп айырысу шотымыз ____________________________________________ (банк аты) БСК___________ қаласы (_____________ ауданы) әкімі (қолы) (аты-жөні)   Бас бухгалтер ______________________________________ (қолы) (аты-жөні) М.О.
 
   
САУАЛНАМА 1. Мекеменің атауы_______________________________ 2. Мекемедегі жұмысшы (қызметкер) саны ___________________ 3. Мекемеде ісқағаздары қай тілде жүргізіледі? __________________ 4. Мекемеңізде Қазақ тілі кабинеті жабдықталған ба? __________ 5. Мекемеңізде мемлекеттік тілді оқытып-үйрету курсы бар ма?____ 6. Бар болса, қандай топтар жұмыс істейді және неше адам қатысады? _______________________________ а) бастауыш тобы _________________ адам б) жалғастырушы топ _______________________ адам в) тереңдетіп оқыту тобы _____________ адам 7. Оқытушының аты-жөні, білімі ______________ 8. Мекемеңізде аудармашы немесе ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізумен айналысатын лауазым штатқа енгізілген бе? ____________ 9. Мемлекеттік тілде құжат дайындай алатын қызметкерлер ынталандыра ма? _______________________________ 10. Ісқағаздарының мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен өтуінің бекітілген кестесіне сәйкес мекемеңіз 2011 жылы өтуі тиіс. Сіздің болжамыңыз: 11. Ұсынысыңыз _________________________________________________  


Дата добавления: 2015-07-24; просмотров: 262 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мекеме басшысы| ДВИЖЕНИЯ РАБОЧЕГО ОРГАНА.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)