Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. ПӘнніҢ оҚу-Әдістемелік кешені

Читайте также:
  1. VII. Глоссарий
  2. VII. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. ГЛОССАРИЙ
  7. Глоссарий

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Коллоидты химия»

 

«5В072100» – Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

 

Семей 2013

 

 

Мазмұны

 

  Глоссарий  
2. Дәрістер  
3. Зертханалық сабақтар  
4. Студенттердің өздік жұмыстары  

 

 


 

Глоссарий

Агрегаттық тұрақтылық – бұл жүйенің түзілетін мицелланың дисперстілік дәрежесін сақтап қалу қабілеттілігі.

 

Аэрозольдер - С/Г, Қ/Г жүйелерінің жалпы атауы. Аэрозольдерде дисперсті орта ролін ауа ғана емес, кез келген газ атқара алады.

 

Байланысқан дисперсті жүйелер – құрылымы тұйық болғандықтан фазалардың ешқайсысы еркін араласа алмайтын жүйелер. Мұндай жүйелерге, көбінесе, диафрагмалар немесе капиллярлы жүйелер деп аталатын капиллярлы – кеуекті денелер; мембраналар – жұқа қабықшалар, әдетте, полимерлі, сұйық және газ өткізгіштер; гельдер және ұйымалар (студни); көбіктер; қатты ерітінділер жатады.

 

Бос дисперсті жүйелер – дисперсті фаза бөлшектері бір-бірімен әрекеттеспеген, яғни оңай араласа алатын жүйелер (суспензиялар, эмульсиялар, зольдер, оның ішінде аэрозольдер).

Диализ - жартылай өтізгіш мембранадан өткізу арқылы коллоидты бөлшектерді ұстап қалу қасиетіне негізделген коллоидты ерітінділерді иондар мен молекулалар қоспаларынан тазарту әдісі.

 

Диспергация - ұнтақтау тәсілі (латынша dispegere – себу, шашу).


Дисперсті орта -ұсақталған күйдегі заты бар орта.


Дисперсті фаза - сол ортада таралған ұнтақталған зат.

 

Диффузия – жүйедегі молекулар, иондар немесе коллоидты бөлшектердің хауосты жылулық қозғалысының әсерінен концентрацияның өз бетінен теңесу процесі.

 

Ірі дисперсті жүйелер - суспензиялар-жүзгінділер мен эмульсияларда дисперсті фаза бөлшектерінің мөлшср өлшемі 10-7-10-5 см артық болатын жүйелер.

 

Жүзгінді жүйе - кез-келген екі құрамдасты жүйедегі құрамдастарының біреуі екіншісінде бөлшектеніп, біркелкі таралған күйдегі жүйе.

 

Зольдер - коллоидты жүйедегі дисперсті фаза бөлшектері қатты күйде, ал орта сұйық күйде болатын ерітінділер.

 

Кинетикалық тұрақтылық – бұл дисперсті жүйелердің ауырлық күші әсерінен туындайтын тұрақтылық. Түйіршіктердің ауырлық күші әсерінен шөгу жылдамдығы аз жүйелердің тұрақтылығын кинетикалық тұрақтылық деп атайды.

 

Коагулянт - коллоидты еріген заттардың ерітіндіден сыртқы жағдайлардың әсер етуіне байланысты оңай бөлініп, нәтижесінде коллоидты ерітіндіде пайдаболған тұнба.

 

Коагуляция - коллоидты еріген заттадың ерітіндіден сыртқы жағдайлардың әсер етуіне байланысты оңай бөлінуі. Дисперсті жүйе түйіршіктерінің іріленуі.

 

Коллоидты жүйелер - дисперсті фаза бөлшектерінің мөлшері 10-7 – 10-5 см. болатын жүйелер. Оларға тән қасиеттер: мөлдір, жартылай өткізгіштен өтпейді, микро гетерогенді, яғни өте ұсақ, әр текті көп фазалы жүйе.

 

Коллоидты химия – гетерогенді, жоғары дисперсті жүйелердің қасиеттері мен оларда жүретін процестер туралы ғылым.

 

Коло - грекше желім (клей).

 

Конденсация - молекулаларды ірілендіру (агрегациялау) тәсілі (латынша aggregare – қосу, біріктіру).


Лиозольдер - дисперстік ортасы сұйық жүйелер (Г/С, С/С, Қ/С) (грек. лиос – сұйық).

Лиофильді жүйелер - дисперсті фаза мен орта заттарының күшті молекулааралық әрекеттесуі тән жүйелер.


Лиофобты жүйелер - дисперсті фаза мен орта заттарының әлсіз молекулааралық әрекеттесуі тән жүйелер.

Нағыз ерітінділер -дисперсті орта рөлін еріткіш, ал дисперсті фаза рөлін еріген заттың молекулалары немесе иондары атқарады. Ондағы бөлшектердің мөлшер өлшемі, яғни орташа диаметрі 10 -10см.

Органозольдер - дисперстік ортасы органикалық сұйықтық болып табылатын коллоидты жүйелер.

 

Седиментация - түйіршіктердің массалары үлкейген сайын, олардың тұнуы немес қатты фаза бөлшектерінің іріленіп, тұну процесі.

Сольваттық қабат - дисперсті фаза бөлшектерінің сыртын қаптайтын, дисперсті орта молекулаларынан тұратын қабат.

С табилизатор – коллоидты бөөлшектерді неғұрлым ірі агрегаттарға біріктіруші зат (тұрақтандырғыш).

 

Суспензия - дисперстік фазасы қатты, дисперстік ортасы сұйық болатын жүйелер.

 

Тиндаль конусы - коллоидтық ерітінділердің шоқталған сәулені шашыратуға бейімділігі. Тиндаль зерттеген коллоидты ерітінді арқылы жарық шоғын өткізген кезде жанынан қарағанда жарық конусы анық байқалды.

Ультрафильтрация - коллоидты ерітінділерді жартылай өткізгіш мембрана арқылы фильтрлеу жолымен дисперстік фазаны дисперстік ортадан бөлу процесі.

Эмульсия - дисперсті орта да, фаза да сұйық болатын жүйелер.

 



Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 421 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Ос электрлік қабаттың пайда болу механизмі | Коллоидты жүйелердің молекулалы-кинетикалық қасиеттері | Осмостық қысым | Седиментация | Коллоидты ерітінділердің тұрақтылығы | Дәріс. | Дәріс Тақырыбы «Коллоидты ерітінділерді алу |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мы предлагаем Вашему вниманию| Тақырып. Кіріспе. Коллоидты химияның негізгі түсініктері мен анықтамалары. Коллоидты жүйелер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)