Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Басты берілістің жабдықтары мен жұмыс қағидасы

Читайте также:
  1. Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың атқаратын қызметі
  2. Дипломдық жұмысты орындау кестесі
  3. Жұмыс уақытының заң орнатқан ұзақтылығы қандай?
  4. Жұмысқа берілген тапсырма
  5. Жұмысқа тапсырма
  6. Жұмыстың орындалу тәртібі

Алдыңғы белдік (мост)- гибойдты басты беріліс пен екі саталитті дифференциалды болады. Басты беріліс, дифференциал және алдыңғы және артқы белдіктердің (мост)бөлшектері біріңғай.

Гибойдты басты беріліс, жетекші шестерня өсі жетектегі өс шестернясына қааоағанда 31,75 мм ге төмен қарай жылжытылған. Гибойдты басты беріліс шестернясының тістерінің формасы бір уақытта көп мөлшерде тістермен ілініселі және олардың жұмыс бетінің сырғанауын қамтамасыз етеді. Бұның барлығы әрбір тіске түскен жүктемені азайтады, қорды (запас) жоғрылатады, алдыңғы белдік (мост) жұмысының гүрілін азайтады және конусты берілістің спиралімен салыстырғанда айналу моментінің берілуін қамтамасыз етеді.оған қоса гибоидты басты беріліс кардан білігінің биіктігін төмендетеді, демек кузов еденін де, сондықтан кузовтағы жолаушылардың ыңғайлы орналасады және ауырлық ценрті де төмендейді, сонымен қатар машинның орнықтылығы жоғарылайды.

Басты беріліс жетекші жіне жетектегі тегершіктерден тұрады. Жетекші тегершік (шестерня) екі конусты роликті мойынтіректерде (подшипник) редуктор картерінде орналасқан. Мойынтіректердің ішкі доңғалақтарының арасында кергіш фтулка орналасқан. Шлицты артқы ілмекке фланец киілген. Алдыңғы мойынтірек пен фланец арасында майды қайтарып тұратын май қайырғы (сальник) орнатылған. Ол май қайырғы картер мойынына престелген және жұмыс шетімен фланцтың тегістелген бетін қоршапалған. Май қайырғыны кір мен ақаудан қорғау үшін фланецке кірқайырғыш орнатылған.

Жетекші тегершік пен артқы мойынтіректің ішкі доңғалағының арасына жетекші мойынтіректің жетектегі мойынтірекке байланысты дұрыс қалпын анықтайтын реттегіш доңғалақ орналастырылған. Ол доңғалақ әр түрлі қалыңдықта болады, 2.55 тен 3.55 ке дейін.

Тегершіктің жұмыс жүктемесінің әсерінен жылжып кетпеуі үшін оның мойынтіректерін алдын ала сомын (гайка) арқылы тартады. Бұл жағдайда кергіш втулка белгілі бір шекке дейін деформацияға ұшырайды. Мойынтіректердің керілу үлкендігі жетекші тегершіктің қарсыласу моментіне байланысты диномометрмен бақыланады. Момент жаңа мойынтіректерге 16-20 кг/см және 30 км жүрісі бар мойынтіректерге 4-6 кг/см болу керек.

Жетектегі тегершік дифференциал коробкасының фланцысына сегіз болтпен орнатылған.

Дифференциалмен бірге жетектегі тегершік екі конусты мойынтіректерде айналады. Ол мойынтіректер алдыңғы белдіктің редуктор картеріне орналасқан және картерге болттармен бекітілетін қақпақпен жабылады. Мойынтірек қақпақтарында реттегіш гайкалар үшін орын ойылған. Ол гайкалармен басты беріліс тегершіктерінің бүйір жақ саңылауындағы ілінісуі мен дифференциал мойынтіректердің алдын ала керілуі реттеледі. Реттегіш гайкалардың орналасуы пластиналар арқылы бекітіледі және олар болттар арқылы дифференциал мойынтіректерінің қаақпағына бекітіледі.

Саталиттер дифференциал саңылауына орнатылған ортақ өске орналастырылған. Саңылаудан құлап кетпеу үшін өс жетекші тегершік арқылы ұсталып тұр. Өстерде саталиттер орнатылған жерлерінде саталиттер мен өстің жұмыс бетінің жақсы майлануы үшін арықшалар жасалған. Өзінің тістерімен саталиттер жарты өс тегершіктерінің тістерімен үнемі іліністе болады, олар өздерінің цилиндрлік белбеулерімен дифференциалда орнатылған. Жартылай өстер мен дифференциал шеттерінің арасында шайбалар орнатылған.

Алдыңғы белдіктің (мост) картері алюминий құймасынан құйылған. Картердің ортаңғы жағы үлкейтілген және ойығы бар, ол жазықтыққа штампыланған қақпақ бекітіледі. Картердің ортаңғы қуысында дифференциал мен басты беріліс орнатылған. Алдыңғы мост картері астыңғы жағынан құйылмалы қақпақпен жабылған. Оның ішінде қотару саңылауының тығыны орналасқан. Құйылмалы саңылау картердің сол жағында орналасқан жіне тығынмен жабылған. Картердің оң жағында сапун орналасқан, ол арқылы картердің ішкі жағы атмосферамен қамтамасыз етіліп отырады, сондықтан картердің ішіндегі қысымның ұлғаюын алдын алады. Сапун корпусының саңылауы сол саңылауға пружиналар арқылы қатайтылдған клапанмен жабылған. Клапан мен пружина қақпашамен жабылған. Клапан автомобльдің суда жүрген кезде немесе су үстінде тоқтаған кезінде картерге судың кіріп кетпеуін болдырмайды.

Ішкі топсаның корпусы жартылай өспен бірге жасалған. Мойынтіректің сыртқы доңғалағы ұстап тұратын доңғалақпен бекітілген. Мойынтіректің осындай бекітілуі шарнир корпусын өз өсінен жылжуын болдырмайды.

Мойынтірек қақпағында шағылдандырғышпен сақталған сальник орналасқан.

Алдыңғы мостттың жетекші тегершік сальнигі артқы мост редукторының сальнигімен размерлері бірдей, бірақ сальниктің қорғайтын шетіндегі кертіктер қарама-қарсы бетке бағытталған.кертіктердің бағытыбасты берілістің жетекші тегершігінің айналуына байланысты, және ол сальникте бағыттаушы ретінде көрсетілген. Алдыңғы және артқы мосттардың жетекші тегершіктерінің айналуының бағыты әр-түрлі болғандықтан, мосттарды құрастырғанда сальниктің қандай түрін орналастыруға болатынын ескеру керек, өйткені басқа мосттан алынған сальник майды ұстап тұра алмайды.


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 816 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Автомобиль | Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері | Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың атқаратын қызметі | Дифференциал |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жартылай өстер| Факультета ____________________________________

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)