Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Автомобиль

Читайте также:
  1. Volkswagen - очень удобный автомобиль для...
  2. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері
  3. Автомобильные аварии
  4. Автомобильный транспорт
  5. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын тракторлар мен автомобильдердің жалпы құрылысы
  6. В 2015 году Мега-Dozor пройдет в автомобильной столице России, городе Тольятти, Самарская область.

Мазмұны

 

І. Кіріспе 6

ІІ. Негізгі бөлім

1. Автомобиль 7

2. Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері 9

3. Автомобильдердің техникалық сипаттамасы 10

4. Автомобильдің жалпы құрылысы 11

5. Автомобильдің түрлері 12

6. Атомобильдердің негізгі бөлшектері 12

7. ГАЗ - 4738 Техникалық сипаттамасы 13

8. Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың

атқаратын қызметі 14

9. Басты берілістің жабдықтары мен жұмыс қағидасы 23

10. Басты берілістің бұзылу себептері және оларды жою амалдары 24

11. Басты беріліске техникалық қызмет көрсету 25

12. Басты беріліске техникалық қызмет көрсету және жөндеу

кезіндегі қауіпсіздік ережелері 25

ІІІ. Қорытынды 27

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 28

 

 

І. Кіріспе

ГАЗ - 4738 - Горький автомобиль зауытының төртінші буынды отбасының жартылайтонналық орыс транспортының өндірісі. 1994 жылдың соңына - 1989 жылдың соңынан бастап карбюратор жүк ГАЗ-4738 массасы-өндірілген және турбо дизель жүк көлігі ГАЗ-4738 бортында. Басты беріліс – жетекші доңғалаққа қажет мәнге дейін бұрыштық жылдамдықты азайтуға және айналдырушы иінді күшті ұлғайтуға арналған көліктік құралдың күштік берілісіндегі беріліс. Құрылымдық жағынан басты беріліс тісті және шиыршықты болып жасалады бірақ автомобильдерде негізінен басты тісті берілісті қолданады, ал тісті берілістер бірлік және екілік болып бөлінеді.

 

Автомобиль

Автомобиль дегеніміз – қозғалысты қамтамасыз ететін қозғалтқышпен жабдықталған дөңгелекті рельссіз көлік кұралы.

Автомобиль бөлшетер (детальдар), тораптар, механизмдер, агрегаттар мен жүйелерден тұратын күрделі машина болып табылады.

Бөлшек – құрастыру операцияларын қолданбастан бұрын орындалған, біртекті материалдан (атауы мен маркасы бойынша) жасалған бұйым. Торап, механизм немесе агрегатты біріктірілген бөлшектер қатары.

Механизм –қозғалыс пен жылдамдықты өзгертіп тұратын өзара қозғалмалы қалыпта біріктірілген бөлшектер немесе тораптар.

Агрегат – біртұтас болып біріктірілген бірнешемеханизмдер.

Жүйе – жұмыс кезінде белгілі бір қызметтер атқаратын өзара әрекеттес механизмдер, аспаптар және басқа да құрылғылар жиынтығы.

Автомобиль үш негізгі бөлікті: қозғалқыщ, шанақ және шассиді құрайды.

Қозғалтқыш – автомобиль қозғалысы үшін қажет механикалық энергияның көзі болып табылады.

Шанақ – жүргізушіні, жолаушыларды, жүкті орналастыруға жіне оларды сыртқы әсерлерден (жел, жаңбыр, шаң т.б.) қорғауға арналған.

Шасси – автомобильдің қозғалысы мен басқарылуын қамтамасыз ететін механизмдер, агрегаттар мен жүйелер жиынтығын құрайды. Шасси құрамына трансмиссия, жетектеуші жүйе, алдыңғы және артқы аспалар, дөңгелектер, көпіршелер, рульдік басқарулар және тежеуңш жүйелерін кіргізуге болады.

Трансмиссия – автомобиль қозғалысы кезінде қуат пен айналу күшін қозғалтқыштан жетектеущі дөңгелектерге беріп тұралы.

Артқы жетектеуші дөңгелектері бар автомобильдерде трансмиссия жалғастырғыш, беріліс қорапшасы, кардандық беріліс, негізгі беріліс және дифференциал мен жартылай өстен тұрады. Негізгі беріліс, дифференциал және жартылай өс жетекші көпіршенің балкасына бекітіледі. Алдыңғы жетектеуші дөңгелектері бар автомобильде беріліс қорапшасы мен негізгі беріліс арасындағы трансмиссияда карданды беріліс болмайды. Барлық дөңгелектері жетекші болып келетін автомобильдерде трансмиссияға қосымша ретінде карданды ьерілістер мен жетектеуші көпіршелер арқылы байланыстырылған тарату қорапшасы енеді.

Жетектеуші жүйе автомобильдің барлық бөліктерін, жүйелерін және механизмдерін орнатуға және бекітуге арналған.

Жүк автомобильдерінде, жүк автомобильдері шассиі негізінде жасалған автобустарда үлкен және жоғары класты жеңіл автомобильдерде, сондай-ақ өтімділігі жоғары бірқатар жеңіл автомобильдерде жетектеуші жүйе рама болып табылады, мұндай автомобильдер рамалық деп аталады.

Ерекше шағын, шағын және орта класты жеңіл автомобильдерде, сондай-ақ автобустарда рама болмайды. Бұл автомобильдерде жетектеуші жүйенің қызметін шанақ атқарады, оны жетектеуші деп атайды. Ал мұндай автомобильдердің өздері рамасыз деп аталады.

Аспалар дөңгелектердің жетектеуші жүйемен серіппелі байланысын және автомобильдің қозғалыс кезіндегі жатық жүрісін қамтамасыз етеді, яғни жүргізушіні, жолушыларды, жүкті жолдың тегіс еместігінен сақтайтын дөңгелектер қабылдап алатын соққылар мен итермелер түріндегі әсерден қоғайды.

Жеңіл машиналардың көпшілігі алдыңғы тәуелсіз дөңгелектер аспасы және артқы тәуелділігі болады. Жүк автомобильдері мен автобустарда алдыңғы және артқы дөңгелектер аспалары тәуелді болып келеді.

Дөңгелектер автомобильді жолмен байланыстырады да оның қозғалысы мен бұрылуын қамтамасыз етеді.

Дөңгелектерге қозғалтқыш қуат пен айналу күшін беретін болса, онда жетектеуші болып саналады. Басқарушы деп автомобильдің бұрылуын қамтамасыз ететін және оларға қуат пен айналу күші берілмейтін дөңгелектер жатады. Дөңгелектер бір мезгілде жетектеуші және басқарушы болып табылса құрамалы деп аталады. Автомобильдердің көпшілігінде жетекші дөңгелектер артқылары, басқарушылары – алдыңғылары болып саналады.

Көпіршелер втомобильдің жетектеуші жүйесін ұстап тұрады.

Автомобильдерде жетекші, басқарушы және құрамалы көпіршелер қолданылады, оларға сәйкесінше жетекші, басқарушы және құрамалы дөңгелектер орнатылады. Автомобильдерде артқы көпіршелер – жетекші, алдыңғы көпіршелер басқарушы және құрамалы болып табылады.

Рульдік басқарулар қозғалыс бағытының өзгерісін және автомобильдің бұрылуын қамтамасыз етеді.

Автомобильдерде рульдік басқарулар күшейткішпен және күшейткішсіз, гидравликалық және сирек жағдайларда пневматикалық ретінде де қолданылады. Рульдік басқарудың күшейткіштері жүргізушінің жұмысын жеңілдетеді және қозғалыс қауіпсіздігін арттырады, яғни автомобильдің қозғалысы жол-көлік оқиғалары мен апаттардың анағұрлым аз ықтималдылығымен жүзеге асырылады.

Автомобильдерді рульдік басқару белгілі бір елде қабылданған көлік қозғалысы бағытына байланысты оң жақты немесе сол жақты болуы мүмкін. Сонымен қатар автомобильдің шанағы немесе кабинасы сол немесе оң жағында орнатылған рульдік дөңгелекке қарсы қозғалып келе жатқан көлікпен қатарласқан кезде анағұрлым жақсы көруді қамтамасыз етеді, бұл да қозғалыс қауіпсіздігін арттырады.

Тежеуіш жүйелері автомобиль қозғалысы жылдамдығын азайтады, қозғалыс кезіндегі және аялдамалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, оны тоқтатып және бір орнында ұстап тұрады.

Автомобильдер бірнеше тежеуіш жүйелерімен жабдықталады, олардың жиынтығы автомобильдің тежеуіштік басқарылуы деп аталады.

Жұмыс тежеуіш жүйесі қызметтік және шұғыл (апаттық) тежеу үшін қолданылады, автомобильдің барлық дөңгелектеріне әсер етеді және тежеуіш жүргізушінің аяғымен басуы арқылы іске қосылады.

Аялдамалық тежеуіш жүйесі автомобильді бір орнында қозғалтпай ұстап тұрады, тек артқы дөңгелектерге және трансмиссия білігінде әсер етеді. Жүргізушінің қолымен иінтіректі басқаруы арқылы іске қосылады.


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 839 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың атқаратын қызметі | Дифференциал | Жартылай өстер | Басты берілістің жабдықтары мен жұмыс қағидасы |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
MindManager| Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)