Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жартылай өстер

Читайте также:
  1. Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың атқаратын қызметі
  2. Жартылай жату және жартылай отыру қалпы

Жартылай өстер айналу мементін Т дифференциалдан алып жетекші доңғалақтарға береді (8 - сурет), және де келесі иілу моменттерін де береді: вертикалды реакция доңғалаққа келетін ауырлық күшінің әсерінен, жанама реакция тежілу, тарту күштерінен жәнебүйірлік күш әсерлерінен болады. Шеткі тартқыш, бұрылыста жүру немесе көлденең еңісі бар жолдарда және бүйірден соққан желдің әсерлерінен болуы мүмкін. Қазіргі автомобильдерде иілуші моменттерге жүктелуін анықтайтын дәреже мен ішкі тіректің құрылымынан байланысты жартылай өстер екі түрлі болады: жартылай жүктемесіз және жүктемесіз.

Жартылай жүктемесіз жартылай өстерді жалпы жүк көтергіштігі аздау және жеңіл автомобильдерде қолданады, оларда мойынтірек (2) доңғалақтың орта жазықтығынан ара қашықтығына жартылай өс (4) және оның қаптамасының (3) арасында орналасқан. Реакциалар иінде иілуші моменттер туғызады, олар жартылай өстерге сәйкесінше вертикаль және горизонталь жазықтықта әсер етеді, ал бүйірден келген реакцияда иілуші момент тудырады, ол доңғалақтың радиусына тең иіннің вертикаль жазықтығына әсер етеді.

 

 

а – жартылай жүктемесі; б – толығымен жүктемесіз;

1 – доңғалақ; 2,6 және 7 – мойынтіректер; 3 – жартылай өс қаптамасы; 4 – жартылай өс; 5 – ступица

8 – сурет. Жартылай өстер сұлбасы

 

Жартылай өстер артқы белдік қаптамасында (7) орнатылған (8 – сурет). Жартылай өстің ішкі бітістігі дифференциалдың жартылай өстік тісті доңғалағы мен шлицтері арқылы қосылған, ал екінші бітістігі тежегіш барабанның (4) ернемегі мен (1) доңғалағы байланысқан. Артқы белдіктің картерін желдету үшін, жартылай өстің қаптамасында сапун (10) орналастырылады.

Толығымен жүктемесіз жартылай өстерді орта және жүк көтергіштікке ие автобустармен жүктік автомобильдерде қолданады (8 – сурет). Бұл жағдайда барлық иілуші моменттер мойынтіректермен (6) және (7) қабылданады, олар доңғалақ ступицасы (5) және жартылай өс қаптамасы (3) арасында орнатылған, ал жартылай өс тек қана айналдырушы моментті береді.

 


Дата добавления: 2015-07-14; просмотров: 363 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Автомобиль | Автомобиль өндірісінің негізгі даму кезеңдері | Басты беріліс, дифференциал және жартылай өс. Олардың атқаратын қызметі |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дифференциал| Басты берілістің жабдықтары мен жұмыс қағидасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)