|
Ең алдымен «Rominat A3» (1-сурет) машинасының құрылымдық схемасымен және техникалық сипаттамасымен танысу қажет.
«Rominat A3» – басу машинасының негізгі құрылғыларына жатады: басу аппараты,бояу аппараты, ылғалдандырғыш аппараты, қағаз өткізу жүйесі.
Басу аппараты үш цилиндрден тұрады: формалық (1), офсеттік (2), басу (3). Олардың қызметі офсеттік басу принципіне негізделеді: формалық цилиндрдегі басу формасындағы (4) элементтерден бояу машинаның жұмыс істеу барысында қысымның әсерінен офсеттік цилиндрдің резеңкематалы покрышкасына өтеді, содан кейін барып қағазға беріледі. Осы кзде басу формасында тура бейне, офсеттік покрышкада айналық бейне, қағазда тура бейне пайда болады.
Форма және таңбада біркелкі бейне алу үшін және цилиндрдің сырғанауын болдырмау үшін, олардың диаметрлері жұмыс жағдайында бірдей болу қажет.
Формалық цилиндрдің ілгіштері бар планкада перфорирленген формаларды бекіту үшін арнайы қысқыш құрылғысы және формамаен бірге сәйкестендіру кезінде радикалды және диагональды бағыттарда жыжыту құрылғысы бар. Жылжу мәні милиметрлік шкала бойынша бақыланады.
Офсеттік цилиндрде офсетік покрышка бекітіледі. Ол декель ролін атқарады.
Басу цилиндрі бірнеше функция атқарады: басу қысымын тудырады және арнайы қармауыштың көмегімен бетті қабылдау-шығыру құрылғысына тасымалдайды.
Бояу аппарты қажетті мөлшерде бояудың берілуін, оның арнайы құрылымды-механикалық қасиеттерін алу үшін жаймалау барысында басылым элементтерге тегіс қалыңдықта жайылуын қаматамасыз етеді. Бояу аппараты бояу жәшігінен (6), пышақ (7), дукторлық цилиндрден (8), беретін біліктен (9) тұратын қоректендіргіш тораптан, жаятын цилиндрлер (10,11) мен жаятын біліктерден (12) тұратын жаятын топтан және жағатын біліктерден (13) тұратын жағатын топтан тұрады.
Бояудың жалпы берілуін дуктолық цилиндрдің бұрышын өзгерту арқылы, ал форманың жеке учаскелеріне бояудың жергілікті берілуін бояу пышағын қысып тұрған бұрамалар (14) арқылы реттейді.
Ылғалдандырғыш аппарат бояудың формаға жағылу алдында ашық элементтерге ылғалдандырғыш ерітіндінің жұқа қабатын жағуға арналған. Ол ылғалдандырғыш ерітіндіге арналған ваннадан (15), дукторлық цилиндр (16), беретін білік (17), қабылдап-таратқыш цилиндр (18), ылғал жағатын біліктер (19), қысатын немесе тазартқыш цилиндр (20), резеңкелі ракельден (21) тұрады.
Ылғалдың жалпы берілуін дуктолық цилиндрдің бұрышын өзгерту арқылы, ал жергілікті берілуін резеңкелі ракельдің жағдайын өзгерту арқылы реттейді.
Қағаз өткізу жүйесі пневматикалық самонаклад арқылы қағазды береді де, оны көлбеу столы арқылы тасымалдап, басу цилиндріне беріп, шынжырлы тасымалдағыш арқылы қабылдау столына шығарады.
Қағаз бумасының жоғарғы бетінің тұрақты деңгейін қаматамасыз ету үшін, қағаз алынған сайын автоматты түрде көтеріліп отыратын самонакладтың стапельдік столына (22) қағаз бумасы салынып отырады. Үрлегіштер (23) арқылы буманың жоғарғы бетіне ауа жіберіледі, ал алты сорғышы бар штанга (24) жоғары бетке түсіріліп, бұрылған кезде бетті бумадан бөледі. Беттерді бөліп тұратын серіппе (25) арқылы бірнеше беттің беріліп кетпеуін қадағалайды.
Вакуумның арқасында сорғыштарға беттің алдыңғы шеттері арқылы самонакладтың көлбеу столының шығаратын цилиндр (26) және шығаратын ролик (27) арасына орналасқанша қысылып, ұсталып тұрады. Көлбеу столда алдыңғы тіректерге беттердің бір-бірлеп жылжуын қамтамасыз ететін тесьмалық тасымалдауыш (29) бар. Тесьма резеңкеленген роликтермен (30) тартылған. Парақтарды тесьмаға қысу үшін қағаздың қалыңдығына қарай серіппе арқылы реттелетін жүктемені немесе қысықыш роликтер (31) қысады.
Жоғары жылдамдықты жұмыс кезінде немесе жұқа қағаз қолданған кезде самонакладтың көлбеу столында беттің форматына байланысты штанга бойымен жылжи алатын металдық қысқыш планкалар (32) орнатылады.
Алдыңғы тірекке жақын қысатын роликтер беттердің алдыңғы шеті алдыңғы тірекке келген кезде, беттердің артқы шетіне 0,5мм жетпей орналасуы керек.
Алдыңғы тіректер (33) басу цилиндріне беттерді берер алдында олардың шеттерін 0,1-0,2мм шектікте теңестіріп, қажет жағдайда форманың елеусіз қисықтығын жояды. Бүйірлік теңестіру механизмі (34) беттерді көлденең бағытта 3мм шектікте теңестіреді.
Машинада екі беттің бірден өтіп кетпеуі үшін, беттің қалыңдығына қарй реттеліп отыратын механикалық бақылау құрылғысы (39) раманың алдыңғы штангасына орнатылады.
Қағазды теңестіргеннен соң, басу цилиндрінің қармауыш клапандары (35) арқылы алынып, басу процесі жүреді, содан кейін парақ шынжырлы тасымалдауыш (37) қармауышы (36) арқылы басылған бет қабылдау столына (38) шығарылады.
Кіші форматты басу машиналарын басуға дайындау операцияларына жартылай өнімді дайындау (қағаз, бояу, форма, декель материалдары, басу машиналарының тораптарын реттеу) жатады.
«Rominat A3» басу машинасының техникалық сипаттамасы:
Қағаз парағының максималды өлшемі, мм | 307х440 |
Қағаз парағының минимальды өлшемі, мм | 110х148 |
Максималды басу аймағы, мм | 297х430 |
Қағаз салмағы, г/м2 | 30-350 |
Қағаз қалыңдығы, мм | 0,4 |
Басу жылдамдығы, отт/час | 10 тыс. |
Қағаз беру астауының биіктігі, мм | |
Қағаз қабылдау астауының биіктігі, мм | |
Басу қалыбының өлшемі, мм | 0,15 (0,1) х 307х478 |
Резиналық полотно өлшемі, мм | 1,9х312х510 |
Габариті, мм | 1610х890х1510 |
Салмағы, кг |
«Rominat A3» басу машинасын тиражды басуға дайындаудың технологиялық процесінің схемасы
Қағазды дайындау | Қағазөткізу жүйесін дайындау |
Декелді дайындау | Басу аппаратын дайындау Басу қысымын реттеу |
Басу қалыбын бақылау | |
Ылғалдауыш ертіндіні дайындау | Ылғалдауыш аппаратты дайындау |
Бояуды дайындау | Бояу аппаратын дайындау |
Бақылау таңба алу | |
Бекіту | |
Таралымды басу |
Қағаз өткізу жүйесінің дайындығы самонакладтың стапельдік столын қағазбен зарядтаудан басталады. Қағаз тура орталыққа орналасуы қажет. Қағаздың өлшемі бойынша бүйірлік сызғыштар және шеттік шектегіштер, сонымен қатар үрлегіштер мен сорғыштарға берілетін ауаның мөлшері реттеледі; сүңгі көмегі арқылы стапельдік столды қолданылатын қағаз қалыңдығына қарай автоматты көтеріліп отырылуы реттеледі, орташа қалыпқа бүйір және алдыңғы тіректер қойылады; қағаздың қалыңдығына қарай басу цилиндрінің қарамауышы реттеледі және барлық жүйе арқылы қағаз өткізілгеннен кейін қабылдау столындағы машинаның негізгі бөлігін қолмен айналдыра отырып, бүйірлік итермелеуіштер және артқы тірек орнатылады.
Басу аппаратын дайындау формалық және офсеттік, офсеттік пен басу цилиндрлерінің арасындағы саңылауды реттеуден басталады. Олардың мәндері машинаның паспортындағы берілген шамаларына сәйкес орнатылып, сүңгілер көмегімен өлшенеді. Саңылау мөлшеріне цилиндрлер арасындағы қысым тәуелді. Содан кейін қысқыш планкаларда машинаның өлшеміне сәйкес тік бұрышты кесілген офсеттік покрышка бекітіледі. Декельдің құрамы әр түрлі болуы мүмкін: резеңкематалы, қаптама т.б. Материал декельдің деформациялану мәніне байланысты таңдалады. 500 таңба алғаннан кейін офсеттік покрышканы міндетті түрде тарту керек.
Басу цилиндрін дайындауға қармау механизмдер жұмысын тексеру, офсеттік және басу цилиндрлері арасындағы қысымды милиметрлі градирленген шкала бойынша қағаз қалыңдығы бойынша орнату жатады.
Ылғалдандырғыш аппартты дайындау дукторлық цилиндр орналасқан ваннаны ылғалдандырғыш ерітіндімен толтырудан басталады. Біліктерді орнатып, ылғалдың берілуін реттеуден тұрады.
Алдын ала ылғалдандырғыш ерітіндінің РН мәні РН-метрлер немесе индикатор қағаздары көмегімен тексеріліп, қажет жағдайда ерітінді құрамын, компоненттерінің концентрациясын өзгерту арқылы қажетті РН мәнін алуды жүзеге асырады. Біліктердің цилиндрге қысылу дәрежесі сүңгі немесе қалыңдығы 0,1-0,2мм пластмассалы пленка көмегімен реттеледі. Олар ылғалдың тегіс жайылуы үшін біліктер ұзындығы бойымен оңай суырылып алынуы қажет.
Бояу аппаратн дайындамастан бұрын бояуды дайындау қажет; қажет болған жағдайда бояудың басу-техникалық қасиеттеріне түзетулер енгізу қажет.
Бояу аппаратын дайындау беретін білікті орнату, бояу жәшігін бояумен толтыру, бояудың формаға берілуін реттеуден тұрады. Жағатын біліктердің формаға қысылу дәрежесін байланыс аумағындағы бояу ізінің ені бойынша реттеледі. Қысылу дәрежесі біліктерде -3,7мм, 4,8мм, 4,4мм, ал біліктердің цилиндрге қысылу дәрежесі сүңгі немесе қалыңдығы 0,1мм пластмассалы пленка көмегімен реттеледі.
Машинаның барлық тораптарын тексегеннен кейін, орнатылған форманың декстрин қабатын алып, машинаны бос жүріске қосады. Содан кейін ылғалдандырғыш аппартатты, бірнеше айналымнан кейін бояу аппаратын іске қосады. Бірінші 15-20 айналымнан соң машинаны ісктен шығарып, форманы қарап, ылғалдану және бояу жағылу сипатын тексереді. Содан кейін қысым механизмін және самонакладты қосып, 2-3 бақылау таңбаларын алады да, крестері бойынша сәйкестендіру дәлдігін бағалайды.
Сәйкестендіру операциясынан кейін бояудың жергілікті және ортақ берілуіне реттеу жүргізіледі. Плашка бойымен шағылған зоналық оптикалық тығыздықты денситометрлік бақылау арқылы жүргізеді.
Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 209 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Теориялық негіздеме | | | Теориялық негіздемесі |