Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Теориялық негіздемесі. Жедел полиграфияда басу әдісінің көптеген түрлерін қолданады: офсетті

Читайте также:
  1. Теориялық бөлім
  2. Теориялық бөлім
  3. Теориялық бөлім
  4. Теориялық бөлім
  5. Теориялық мәліметтер
  6. Теориялық мәліметтер
  7. Теориялық мәліметтер

Жедел полиграфияда басу әдісінің көптеген түрлерін қолданады: офсетті, электрофотографиялық, бүрікпелі, т.б. Олардың негізінде әртүрлі процестер жатыр. Олар бір-бірінен түс шығару мүмкіндіктерімен, бейненің ұсақ элементтерінің шығарылу дәлдіктерімен ажыратылады.

Таңба сапасының негізгі сипаттамасын анықтау әдісі. Таңба сапасын салыстыру үшін мәтінді, жіңішке сызықшаларды, жартылай реңді бейнелерді өндіруді бағалау керек. Ол үшін тесттік элементтер басылған таңбалар қолданылады. Тестік элементтерге төмендегі элементтер жатады:

- әртүрлі кеглдегі (2 пт-тен бастап), гарнитурадағы, сызбадағы (қалың, курсив) түрлі шрифттер (кесілген немесе засечкасымен) тобы. Мұнда шрифттерді барлық ұсақ бөлшектері (засечкалары, сызықшалары) басылған, оқылатын ең минималды кеглін өндіру сапасы анықталады (1.1 а-сурет а);

- выворотка (қара фондағы ақ түсті мәтін) (1.1 а- сурет);

- Мира. Мира дегеніміз – белгілі ретпен орналасқан басу процесінде жеке-жеке басылатын, ендері әртүрлі сызықшалар тобы. Басу процессінде нүктелендіру қабілетін анықтау үшін қолданылады (1.1 в - сурет);

Нүктелендіру (R) - белгілі бір ұзындық бірлігіндегі басу процесі кезінде жеке-жеке басылатын сызықшалар немесе нүктелер саны. Көшіру процесінің нүктелендіру қабілеті келесі жолмен анықталады: мира бейнеленген көшірме 10-20 есе үлкейтіліп, жеке-жеке өндірілген сызықшалар тобының номерін анықтайды. Одан кейін оның жиілігі анықталады. Ол R-ға тең. Ол көрсетілмеген жағдайда, оны сызықшалардың арақашықтығын өлшеу (L) арқылы анықтайды. Кейде тесттік таңбаларда мираның сызықшалар тобы жанында сызықшалар енінің өлшемі көрсетіледі. Онда нүктелендіру қабілеті келесі формулада анықтауға болады R= 1/2r, r - сызықшалар ені.

Цифрлық көшіру-шығару техникасының нүктелендіру қабілеті әр бағытта әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан, мүмкіндігінше әр бағытта орналасқан сызықшалар тобы бар мираны қолданған абзал.

- Ені әр түрлі жеке сызықтар тобы. (1.1 г-сурет). Тесттің бұл элементі арқылы жеке тұрған ұсақ бөлшектерді өндіру бағаланады. Сызықтар қаншалықты тік, дәл берілгендігін немесе бұлыңғырлығы анықталады;

- Сұр шкала. Бейненің градациялық қасиетін анықтау үшін қолданылады. (1.1 д –сурет) Бейне градациясының неғұрлым толық берілуін градациялық қисықтар графигі арқылы бағалауға болады. Түпнұсқа бейнесінің градациясын Dот (Dор) координатасында көрсетеді. Dот- таңбаның оптикалық тығыздығы, Dор – денситометрмен өлшенген түпнұсқаның оптикалық тығыздығы.

Денситометр дегеніміз - бейненің белгілі бір аймағын (Fo) түскен жарық ағынының

шағылған мөлшерін (Fp) өлшеуге арнаған құрал. Денситометр көрсететін оптикалық тығыздық мөлшері D = Lg (Fo/Fp).

Градациялық график екі ось бойынша бірдей масштабта болу керек. 1.2-суретте көрсетілген графикте 1 қисық түпнұсқа градациясының көшірмеде дәл берілгендігін көрсетеді. (Dор = Dот). 2-қисық түпнұсқаға қарағанда көшірмеде қанықтау бейне алынғандығын көрсетеді. 3,4 қисықтар градацияның бірқалыпты берілмегендігін көрсетеді. Градациялық қисықтар тек таңба алу процессін сипаттау үшін ғана қолданылмайды. Оның басу процессін тиімді реттеу үшін де маңызы зор. Түпнұсқа мазмұнына қарай (маңызды бөлшектердің орналасуына қарай) тиімді градациялық қисықты бақылай отырып, түпнұсқа мазмұнына қарай талдап, тиімді басу режимін таңдауға болады.

- Плашка. Плашка – бояуы бірдей тығыздықтағы қара жолақ (1.1 е - сурет). Бояудың тегіс, қалың боялған ауданда түстің біркелкі берілуін бағалау үшін қолданылады. Жай көзбен немесе бірнеше нүктеде өлшенген оптикалық тығыздық арқылы бағаланады.

 

 

1.1 г- сурет
1.1 е- сурет
1.1 а- сурет

1.1 д- сурет

1.2-сурет. Градациялық график


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 170 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Теориялық негіздеме | Жұмыстың орындалу тәртібі | Теориялық негіздемесі | Теориялық негіздемесі | Теориялық негіздеме | Теориялық негіздемесі | Осымша құрығылары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КІРІСПЕ| Цифрлық фотокамераның құрылымдық тетіктері мен жұмыс істеу принципі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)