Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Теориялық негіздемесі. «Heidelberg» фирмасы шығарған Quickmaster DI 46-4басу машинасында «Computer-to-print» принципі

Читайте также:
  1. Теориялық бөлім
  2. Теориялық бөлім
  3. Теориялық бөлім
  4. Теориялық бөлім
  5. Теориялық мәліметтер
  6. Теориялық мәліметтер
  7. Теориялық мәліметтер

«Heidelberg» фирмасы шығарған Quickmaster DI 46-4басу машинасында «Computer-to-print» принципі және «құрғақ» офсеттік жазық басу әдісі қолданылады.

Жазық басу әдісінде басу және ашық элементтер басу формасының жазықтығы бойынша біркелкі орналасады.

Құрғақ офсеттік басу әдісінде форманың ашық элементтерінің беттік энергиясы өте төмен болады. (Басу элеменнтерінің беттік энергиясы 40 мН/м, ашық элементтерде 20 мН/м). Бояудық беттік энергиясы орташа болады. Физикалық химия заңы бойынша бояу жоғары беттік энергиясы жоғары бетке жағылып, адгезиялық қасиет көрсетеді. Құрғақ офсеттік басу формасының ашық элементттері беттік энергиясы төмен силиконды полимерден жасалады. Бояу біліктері басу формасының ашық элементтерімен түйіскенде бояу білікте қалады, ал басу элементтерінде бояу оған көшеді.

 

Басу формасын дайындау. Quickmaster DI 46-4басу машинасында силиконды формалық материал қолданылады және «Realdry» басу формасын дайындау технологиясы бойынша орындалады. Формалық материал полиэфирлі пленкадан тұрады, оның үстіне өте жұқа титанды қабат жағылады. Ал оның үстінен 2,5 мкм қалыңдықта силиконды қабат жағылады. Бейне толқын ұзындығы 830 нм лазерлік инфрақызыл сәулемен жазылады. Сәуле титандық қабатта жұтылады (2.1 сурет).

Соның нәтижесінде сәулеленген аймақ қызады. Силикондық қабатта термиялық абляция (ұсақ бөлшектерге бөліну) жүреді. Экспонирленген соң оны сумен жуып, форманы термиялық бұзылу қалдықтарынан тазалайды. Сәулеленген аймақта бояуды жақсы қабылдайтын полиэфирлі негіз айқындалады. Форманың таралымға төзімділігі 20 мың баспа-таңба.

Quickmaster DI 46-4 басу машинасын құрылымы. Машинаның негізгі функционалды элементіне растрлік процессор (RIP) жатады. Машина құрылымы планетарлық. Ол 4 секция, яғни бояу аппараты, формалық цилиндр, офсеттік цилиндр және басу цилиндрінен тұрады. Қағазды айналып тұрған басу цилиндрі іліп алып, барлық төрт секция арқылы өткізеді. Оған кезекпен қара, көгілдір, күлгін және сары бейне жағылады.

Сурет 2.2 Формалық материалдың құрылымы және басу формасын дайындау: 1- силиконды қабат, 2- титанды қабат, 3- полиэфирлі астар

 

 

Басу цилиндрінің төрт ілгіші бар, сондықтан онда бір мезгілде 4 қағазбен жұмыс істеуге болады. Мұндай құрылым дәл келтіруді (точная приводка) жеңілдетеді. Машинада рулонды формалық материал қолданылады. Дайындалған форма рулонға оралады. Экспонирлеу үшін «Presstek» фирмасы шығарған «ProFire» лазерлік құрылғысы қолданылады.

Тапсырыспен жұмыс істеу. « Quickmaster DI 46-4»машинасында PostScript, PDF тағы да басқа форматта беттеліп келетін RІР-ке түседі. Тапсырыс растрленеді және Ethernet желісі бойынша буферлік есте сақтау құрылғысында сақталады. Графикалық басқару пульті арқылы басушы кез-келген тапсырысты таңдай ала алады.

Осы графикалық пульті арқылы тапсырысты басуға дайындайды. Басу алдында бейнені монитор арқылы бақылап отырады.

Машина жұмысы ең алдымен формалық материалды барлық секциядан өткізіп, содан соң лазерлік сәуле арқылы бейне жазылады. Ол кезде нүктелендіру мүмкіндігі 1270 - 2540 dpi, яғни 50 - 100 нүкте/мм, ал нүкте өлшемі 35 мкм тең болады. Бұл операциялардан кейін форма экспонирленіп, ол автоматты түрде жуылады. Егер нүктелендіру мүмкіндігі төмен болса, онда форма - 4 мин-та, ал жоғары болған жағдайда - 12 мин-та жазылады.

Содан кейін басу жылдамдығы сағатына 10 мың баспа табаққа дейін шығарылады. Тапсырысты жылдам кептіру үшін қажет болған жағдайда жылдамдытылған кептіру аппараты қолданылады. Ол Quickmaster DI 46-4басумашинасы «Heidelberg DryStar» инфрақызыл - кептіру жабдығы қолданылады.


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 144 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: КІРІСПЕ | Теориялық негіздемесі | Цифрлық фотокамераның құрылымдық тетіктері мен жұмыс істеу принципі. | Теориялық негіздеме | Теориялық негіздеме | Теориялық негіздемесі | Осымша құрығылары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жұмыстың орындалу тәртібі| Теориялық негіздемесі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)