Читайте также: |
|
Ризография деп цифрлық трафареттік ротациялық басу технологиясын айтамыз. Осындай басу әдісі қолданылатын көшіру, көбейту аппараттарын сандық дубликатор немесе ризография деп атау қабылданған.
Цифрлық дубликатордың жұмыс істеу принципі. Цифрлық дубликатордың ең қарапайым және арзан модельдері нүктелендіруі 300 немесе 400 dрі көшіретін «протяжной» сканермен жабдықталған. Ал басқа модельдерде нүктелендіру мөлшері 400 немесе 600 dрі көшіретін планшетті сканерлер қолданылады. Түпнұсқа сканерленгеннен кейін цифрлық мәлімет (1) процессормен өңделеді. Содан кейін термоголовкамен басқару құрылғысына беріледі. Термоголовка дегеніміз – микротермосызықтар жиынтығы. Микротермосызықтар саны аппараттың нүктелендіру қабілетіне байланысты (300, 400 немесе 600) болады. Басу формасы полимерлі қабатпен жағылған, жұқа талшықты материал «мастер-пленка» болып табылады. Мастер-пленка автоматты түрде рулонмен айналады да (2) термоголовканың (3) астынан өтеді. Термоголовка мастер пленканың полимерлік қабатын күйдіріп, түпнұсқадағы бейнеге сәйкес саңылаулар жасайды. Формалық цилиндр беті шілтерлі (сетчатый) болады. Ол тубадан бояуды беру жүйесі мен бояуды цилиндрдің ішкі бетіне жайылуын қамтамасыз етеді. Басу кезінде бояу цилиндрдің шілтерлі бетінен қасым арқылы өтеді. Мастер-пленканың талшықты қабаты бояуды өткізеді, ал полимерлік қабат өткізбейді. Арнайы механизм форманы автоматты түрде рулоннан керекті ұзындықпен кеседі. Алынған басу формасы формалық цилиндрге (4) бекітіледі. Бекітілгеннен кейін цилиндрді бірінші көшірме басылады. Талшықты материалдан тұратын мастер-пленка бояуды өткізеді де одан қағазға ауысады. Басу процесінде астаудан (5) берілген қағаз формалық цилиндрдің және қысу білігінң (6) арасынан өтеді. Қағаз парағы сеператордың (7) көмегімен цилиндрден алыстайды. Содан кейін басылған парақ қабылдау астауына (8) түседі.
Бірінші көшірмені алған кезде операцияның уақыты 17-ден 35 с. Таралымды басудың максималды жылдамдығы минутына 120-130 көшірме.
Таралым басылып біткеннен кейін форма цилиндрде қалады, ал келесі таралымды басудың алдында форма автоматты түрде шешіледі де арнайы контейнер – қабылдау боксына (9) ауысады. Бұл операция түпнұсқаны сканерлеумен қатарласа жүруі мүмкін.
Әдетте, алғашқы баспа-таңба жіңішке сызықтар басылмай қалып сапасы төмен болады. Өйткені форманың талшықты қабаты бояуды толық сіңіріп үлгермейді. Келесі баспа-таңбада мұндай ақаулар болмайды. 1 формадан сапасын жоғалтпастан 4000 баспа-таңба алуға болады. Егер түпнұсқа тек мәтіннен тұратын болса 10 000 баспа-таңбаға дейін алуға болады. Ал үлкен плашкалар, қара, жартылай реңді бейнелерде бұл мүмкін емес.
Ризографияда қолданлатын бояулар формалық цилиндр шілтерінің саңылауларын бітеп, аппарата кеуіп қалмауы керек, бірақ қағазға жақсы бекуі тиіс. Бұл талапқа эмульсия түріндегі (сулы-глицериндік ертіндінің байланыстырғыш заттармен қоршалған ұсақ бөлшектері) бояулар сай келеді. Байланыстырғыш зат ретінде жоғарыдисперсті пигменттер бар майлар қолданылады. Май бояуды кеуіп кетуден сақтайды. Бояудың қағазға бекуі келесі принциппен іске асады: сулы-глицеринді ертінді бояуға сіңеді, ал бояу құрамына енген – пленкатүзуші – пигмент бөлшектерімен және ауадағы оттегімен әресеттесіп пленка түзеді. Егер сулы-глицеринді ертінді қағаз бетіне сіңбесе (борланған және суперкаландрланған қағазға басқанда) бояудың кебуі мен бекуі болмайды, өйткені оған глицерин кедергі жасайды.
Цифрлық дубликаторлар: басу режимдері және редакторлау функциялары,
Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 150 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Теориялық негіздеме | | | Осымша құрығылары. |