Читайте также: |
|
Мысал ретінде, жолдағы қуат теңгерімін тексеруді төменге бағыттылған трассасы үшін формула (12.2) бойынша келесі бастапқы мәліметтер кезінде қарастырайық: жиілік диапазоны 1800 МГц (төменге бағытталған диапазонның орташа жиiлiгi БС => АС: 1842 МГц), НБС = 30 м; НАС = 1,5 м; R = 1 км; аймағы - орташа қала.
Онда жолдағы орташа жоғалтулар Lг, COST 231 моделіне сәйкес 136,4 дБ құрайды. Қажетті сигнал қуатының қоры 75 % ықтималдылығымен 90 % аумағында сенімді қабылдаунуы үшін ∆Рσ = 0,68σ, яғни ∆Рσ = 0,68 · 8 = 5,6 дБм, мұндағы σ= 8 дБ – қабылдау нүктесінде флуктуация әсерінен сигналдың орташа квадраттық ауытқуы. Сонымен қатар, LДОП = 12 дБ ғимаратының өосымша жоғалтуларын ескере отыра. Нәтижесінде, жолда жиынтықтық жоғалтулар
Lp = 136,5+5,6+12=154 дБ
БС таратқыш қуаты 28 Вт (44,5 дБм) жағдайы үшін АС қабылдағыш кірісіндегі сигналдың қуатын есептейміз:
Аналогия бойынша, формула бойынша жоғарыға бағытталған трассадағы қуат теңгерімін тексереміз. Жоғарыға бағытталған АС => БС диапазонының орташа жиілігі: 1744 МГц. Сол НБС және НАС кезіндегі жолдағы орташа жоғалтулар Lг COST 231 моделіне сәйкес 136,2 дБ құрайды, яғни төменге бағытталған жоғалтулардан іс жүзінде ажыратылмайды. Сол ∆Рσ =56 дБм, ғимаратындағы жоғалтулары LДОП = 12 дБ және АС тартқыштың қуаты 1 Вт кезіндегі:
Есептелген PinAC және PinБС мөлшерлері мобильдік станциялардың сезімталдылығынан – 104 дБм асыру керек және базалық станцияның - 111 дБм. Егер олар кем болып шықса, онда БС антенналарының ілгішінің ұзындығын ұлғайтып немесе ұяшықтың радиусын төмендетіп көру керек.
Тәжірибелік жұмыстың екінші кезеңінің қорытынды есептемесінде трассадағы жоғалтуларды Lг есептеу формуланы келтіру қажет және барлық нәтижелерді 16 - кестеге енгізу қажет.
16 - кесте. Екінші кезеңнің есептеу нәтижесі
Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 114 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Теориялық мәліметтер | | | Теориялық мәліметтер |