Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Теориялық мәліметтер. IMS жүйенің құрылымы

Читайте также:
  1. Бастапқы мәліметтер
  2. Жалпы мәліметтер
  3. Теориялық бөлім
  4. Теориялық бөлім
  5. Теориялық бөлім
  6. Теориялық бөлім
  7. Теориялық мәліметтер

IMS жүйенің құрылымы

39 - суретте IMS жүйесінің қарапайым сұлбасы көрсетілген. Сұлбада 3GPP сертификатталған негізгі элементтері қарастырылған. Төменде екі желі қарастырылған: - өзара әрекеттесетін ЖҚТЖ және IMS. ЖҚТЖ пайда болатын шақырулар шлюздар жабдықтау арқылы IMS желісіне келіп түседі, яғни сигналдық шлюз (SG) және транзиттік медиашлюз (TG) функцияларын орындайтын коммутаторына (Softswitch) (SS). Коммутатордан SS сигналдық ақпарат IMS жүйесінің функционалды элементтеріне түседі: өзара әрекеттесу (I-CSCF), проксирлеу (P-CSCF) және қызмет көрсету (S-CSCF), яғни шақыруға қызмет көрсетіле бастайды. Жіберілетін ақпарат түрі мен талап етілген қызметіне байланысты шақыруға қызмет көрсету үшін медиаресурстар MRF және/немесе қосымшалар сервері(лері) (AS) қолдануы мүмкін. Шақыруларға қызмет көрсету кезінде қажетті абоненттік мәліметтер үй абоненттер серверінен HSS алынады.

 

 

39- сурет. ЖҚТЖ және IMS жалғану сұлбасы

 

Бұл сұлбада IMS элементтері арасындағы төменде есептеу бөлімінде қолданатын логикалық байланыстар ғана көрсетілген. Байланыстарды белгілейтін жолдарында IMS жүйесінің объекттері арасындағы әрекеттесуін қамтитын протоколдар белгіленген.

Коммутатор (Softswitch) жабдықтауы медиашлюздар контроллердің функциясын MGCF орындайтын жағдайын қарастырайық. Бұл функционалдық элементтің негізгі мақсаты ЖҚТЖ жалғайтын көліктік шлюздарды басқару болып табылады.

40 - суретте ЖҚТЖ абоненті IMS желісіндегі абонентімен байланысу кезіндегі хабарламалармен алмасу процедурасы көрсетілген.

 

 

40- сурет. ЖҚТЖ – IMS әрекеттесу кезіндегі шақыруға қызмет көрсету алгоритмі (басталуы)

 

 

41- сурет. ЖҚТЖ – IMS әрекеттесу кезіндегі шақыруға қызмет көрсету алгоритмі (аяқталуы)

 

S-CSCF функциналды қызмет көрсететін элементінің жүктемесін есептеу

IMS желісіне шақыруларға қызмет көрсетуге түскен сұраныстар S-CSCF функционалды элементіне жіберіледі. Бұл желілік элемент байланыс сеансын басқаратын SIP-серверін ұсынады. Өзінің функциясы үшін желідегі басқа желілік элементтерінен орнатылатын жалғану мен талап етілген қызметі туралы барлық қажетті ақпаратты қабылдайды.

 

42 – сурет. S-CSCF функционалды элементінің жүктеме көздері

 

ЖҚТЖ шақырулар шлюздық жабдықтау арқылы коммутаторға (Softswitch) түседі, бұл архитектурада ол медиашлюздар контроллерінің функциясын орындайды. Softswitch SIP протоколы өзара әрекеттесудің функционалды элементіне I-CSCF сұраныс жібереді. Жалғануды орнату кезінде I-CSCF SIP протоколы арқылы қызмет көрсету элементімен S-CSCF хабарламалармен алмасып отырады. Коммутатор (Softswitch) SIP протоколы арқылы S-CSCF ақпаратпен алмасуды бастайды. Содан кейін I-CSCF және Softswitch S-CSCF элементіне адрестік мәліметтер, шақырылып отырған абоненттің орналасу туралы және шақырушы абонент талап еткен қызметі туралы ақпаратты жібереді. Бұл мәліметтерді қабылдап S-CSCF шақыруға қызмет көрсете бастайды. Талап етілген қызметіне байланысты S-CSCF медиаресурстар MRF функциясы немесе қосымшалар серверіне (AS) сұраныс жасайды. Осылай, S-CSCF функционалды элементі SIP протоколы көмегімен Softswitch, I-CSCF, MRF, AS жалғануларды іске асырады.

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 188 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Теориялық бөлім | Тапсырманы есептеу мысалы | Тапсырманы орындау мысалы | Теориялық бөлім | Тапсырманы орындау мысалы | Теориялық бөлім | Тапсырманы орындау мысалы | Тапсырманы орындау мысалы | Теориялық мәліметтер | Теориялық мәліметтер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Теориялық мәліметтер| Жұмысқа берілген тапсырма

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)