Читайте также: |
|
Есептің құрылуы. Мына берілгендермен ұялы мобильді байланыс желісі сыйымдылығын (бір ұяшық сыйымдылығы немесе барлық ұялар желісінің сыйымдылығы) есептеу: бас тарту ықтималдығы Рв, арналар саны N және ұялар саны m.
Есептің шешуі.
1. Рв = ψ(А, N) функциясы А трафигіне және N арналар санына байланысты болса, онда екі параметр белгілі десек үшіншісін де табуға болады: егер, мысалы, Рв (таңдалған болса) және N белгілі болса, онда А-ны табамыз.
2. А трафигінің өлшемін (1) формуламен немесе 1 кестеден анықтағаннан кейін (шамамен 1 сағаттағы (λ1), сөйлесу ұзақтығындағы (T1) ұялы желі абоненттерінің шақыру санын бағалағаннан кейін) бір ұядағы абоненттер саны анықталады:
l =A/At (5.13)
мұндағы А – бір абонент трафигі (А1 = (λ1)·(T1).
m ұясындағы абоненттер саны:
L= тl=т (5.14)
Сандық мысалды қарастырайық.
Есептің құрылуы. Мобильді байланыстың ұялы желісі 51 ұядан құралсын, оның әрқайсысында N физикалық арналар қолданылсын. Бас тарту ықтималдығы (Эрланг В моделі үшін) Рв = 0,05 деп қарастырайық. GSM желісінің жұмысы кезінде шырқау уақытында әр абонент сағатына орташа есеппен бір шақыру ұйымдастырады деп алайық, яғни (λ1) = 1 шақыру/сағ. Абоненттердің орташа сөйлесу уақыты (Т1) 2 минутты құрасын, яғни (T)/1 сағ = 1/30 сағ. Бұл жағдайда, бір сөйлесу трафигі: А1 = (λ1)·(Tl) = 1*1/30 = 0,033 Эрл.
Есептің шешуі.
1.Бас тарту ықтималдығы Рв = 0,05 1-кестеге сәйкес ұядағы арналар саны п с = 20 болғанда, ұядағы трафик мәні Ас = 15,2 Эрл/ұя құрайды.
2. Бір ұя трафигінің бір абонент трафигіне қатынасына тең, бір ұя шегінде қызмет көрсетілуі мүмкін абоненттер саны келесідей болады: т i = Аc/Аl = 15,2/0,033 = 460 абонент.
3.Абоненттер саны М, 51 ұя көлемінде қызмет көрсетіледі, арна саны N = 20 кезінде: М= 51·460 = 23490. Эрланг В моделі бойынша ең үлкен жүктемесімен бір сағатқа есептелген ұялы мобильді байланыс желісінің қаралған сыйымдылығы осындай.
Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 109 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Теориялық бөлім | | | Тапсырманы орындау мысалы |