Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Теориялық мәліметтер. ҚТЖ цифрландыру үшін «үстелме желі» концепциясы өңделіп

Читайте также:
  1. Бастапқы мәліметтер
  2. Жалпы мәліметтер
  3. Теориялық бөлім
  4. Теориялық бөлім
  5. Теориялық бөлім
  6. Теориялық бөлім
  7. Теориялық мәліметтер

 

ҚТЖ цифрландыру үшін «үстелме желі» концепциясы өңделіп шығарылған. Осы концепцияның мәні аналогты транзитті түйіндер арқылы жүретін маршруттар цифрлық коммутациялық станциялар арасында қолданбайтыны болып табылады. 30 - суреттегі төменгі жазықтығында төрт аналогты РАТС құрылған ҚТЖ моделі көрсетілген. Барлығы өзара физикалық тізбектері немесе аналогты беру жүйелерінің арналары арқылы жалғанады. Қолданыстағы аналогты РАТС кезеңдер бойынша цифрлық коммутациялық жабдықтауға алмастыру қажет.

 


 

30 –сурет. Аудандалған ҚТЖ цифрландырудың бірінші кезеңі

 

Жоғарғы жазықтығындағы «үстелме желі» құрылу процессі көрсетіледі. Бұл жазықтықта жаңа цифрлық коммутациялық станция РАТС5 көрсетілген, өшу шамалар нормалары мен сапалы телефондық байланысты қамту үшін жаңа станция аналогты станциялармен цифрлық тракттар арқылы байлансады (пунктирлі сызықтармен көрсетілген). Әр аналогты РАТС аналогты-цифрлық түрлендіргіштер орнатылған.

ЖҚТЖ цифрландыруға дейін болашақтағы цифрлық желі құрылымы жобаланады. Мысалы, 31 - суретінде ЖҚТЖ оңтайлы құрылымы көрсетілген. ҚТЖ құрамына төрт концентраторы бар бір РАТС


кіреді.

 

31- сурет. Жетілдірілген ҚТЖ оңтайлы құрылымы

 

ҚТЖ цифрландырудың келесі кезеңдері жетілдірілген ҚТЖ оңтайлы топологиясын құруға бағытталу қажет.

 

 

32 – сурет. Аудандалған ҚТЖ цифрландырудың екінші кезеңі

 

32 - суретте РАТС4 демонтаж жасалған және абоненттеріне қызмет көрсету үшін №51концентратор орнатылғаны көрсетілген.

Аналогты РАТС арасындағы байланыс өзгермейді. РАТС5 және оның концентраторына қосылған терминалдар арасындағы жалғануды орнату үшін сөйлесу тракт аналогтық коммутациялық жабдықтау арқылы өтпейді - «үстелме желі» концепциясының талабына сай. «Үстелме желі» концепциясы бойынша аналогты және цифрлық коммутациялық жабдықтауға қосылған екі терминалдар арасындағы байланысы үшін «аналог-цифра» немесе «цифра-аналог» бір түрлендіру ғана болу қажет.

Цифрландырудың әр кезеңінде қолданыстағы бір РАТС ауыстырылады. 33 және 34 - суреттерінде сәйкесінше РАТС2 және РАТС1 ауыстырылған кезеңдері көрсетілген. Әрқайсысы концентратормен ауыстырылады.

РАТСЗ станцияны К54 концентраторына ауыстырғаннан кейін ҚТЖ цифрландыру процессі аяқталады. Цифрлық ҚТЖ құрылымы оңтайландырылағын желі тополгиясына толық сәйкес болды.

 

 

33- сурет. Аудандалған ҚТЖ цифрландырудың үшінші кезеңі

 

 

34 - сурет. Аудандалған ҚТЖ цифрландырудың төртінші кезеңі

 

Түйіндері бар ҚТЖ цифрландыру поцессі аналогия бойынша іске асырылады. 35- суретте КХТ және ШХТ бар ҚТЖ цифрландырудың бірініші кезеңі көрсетілген. Біріншіден РАТС 12 ауыстырылады. «Үстелме желі» жазықтығында цифрлық станция РАТС 12 транзитті станциясына ТС1 жалғанады.АЦТ жабдықталуы көрсетілмеген.

 

 

35- сурет. КХТ және ШХТ бар ҚТЖ цифрландырудың бірініші кезеңі

 

Алдыңығы мысалында сияқты осы ҚТЖ үшін оңтайландырылған желі топологиясы құрылады. Бұл желі құрылымы 36 - суретінде көрсетілген. Екі транзитті станциялардан құрылады, әрқайсысына үш РАТС жалғанады. Балық цифрлық станцияларға РАТС шығарылған концентраторлар қосылу мүмкін.

 


36 –сурет. ҚТЖ оңтайландырылған құрылымы

 

36 - суретте КХТ және ШХТ бар ҚТЖ цифрландырудың екінші кезеңіндегі өзгерістер көрсетілген. Екі түйінді аудандарында орналасқан екі РАТС ауыстырылады. «Үстелме желі» жазықтығында тағы бір транзитті станция ТС орнатылады.

 

 

37 - сурет. КХТ және ШХТ бар ҚТЖ цифрландырудың екінші кезеңі

 

Бірінші түйінді ауданында қолданыста тек ғана бір аналогтық РАТС қалды. Оған қызмет көрсету үшін УИС1 және УВС1 қолданыста болу қажет.

ҚТЖ цифрландырудың үшінші кезеңінде – 38 сурет - РАТС11 істен шығарылады, сонымен қатар УИС1 және УВС1. Бұл кезеңінде РАТС22 және РАТС23 станцияларының жұмысын қолдау үшін УИС2 және УВС2 қолданыста қалды.

 

38- сурет. КХТ және ШХТ бар ҚТЖ цифрландырудың үшінші кезеңі

 

Цифрландырудың соңғы кезеңінде екі аналогты коммутациялық станциялар РАТС22 және РАТС23, сонымен қатар УИС2 және УВС2ауыстырылады. Нәтижесінде 36 - суретте көрсетілген оңтайландырылған желі топологиясы құрылады.

 

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 227 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Есептеу мысалы | Теориялық бөлім | Тапсырманы есептеу мысалы | Тапсырманы орындау мысалы | Теориялық бөлім | Тапсырманы орындау мысалы | Теориялық бөлім | Тапсырманы орындау мысалы | Тапсырманы орындау мысалы | Теориялық мәліметтер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Теориялық мәліметтер| Теориялық мәліметтер

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)