Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Теориялық мәліметтер. №11 - №12 практикалық жұмыстары қаладағы ұялы байланыстың желiсiн

Читайте также:
  1. Бастапқы мәліметтер
  2. Жалпы мәліметтер
  3. Теориялық бөлім
  4. Теориялық бөлім
  5. Теориялық бөлім
  6. Теориялық бөлім
  7. Теориялық мәліметтер

 

№11 - №12 практикалық жұмыстары қаладағы ұялы байланыстың желiсiн жобалаудың ерекшелiктерiн зерттеуге арналған келесi негізгі мәлiметтер бойынша:

1. Қызмет көрсету аймағындағы аумақтың түрi.

2. Ұялы байланыстың пайдаланылатын стандарты.

3. Мжелі қызмет көрсету аймағындағы абоненттер саны, тыс. чел.

4. Sжелі қызмет көрсету ауданы, км2.

Бастапқы мәліметтердің нұсқасы IV-ші қосымшасында келтірілген.

Ұялы байланыс желiсiнің нөлдік жуықтамасы кезіндегі негізгі жорамалдар негізінде, берілген аймақтағы абоненттердің таралуын бір қалыпты деп есептейік, сол себептен желі көптеген мөлшері бойынша біркелкі ұяшықтардан тұрады, шартты түрде дұрыс алтыбұрышты пішінін көрсетеміз. Іс жүзінде GSM желісінде кластерлер 3/9 және 4/12 типті секторларға бөлінген ұяшықтарды қолданады. Бұл шекарада ұяшықтардың сигнал мен бөгеулерге 80% ықтималдылығымен тиісті 9 дБ шамасынан төмен емес қатынасын алуға ерік береді.

 

45 - сурет. Кластерлер түрлері

Жұмыстарды орындау кезінде келесі тапсырмаларды орындау қажет:

1) жиілік арналарына оңтайлы таңдау жасау;

2) желідегі ұяшықтар санын есептеу;

3) ұяшықтарда абоненттік станцияның базалық станциядан максималды қашқтығын табу;

4) жолдағы жоғалтуларды есептеу;

5) базалық станцияның таратқыштарының қуатын анықтау;

6) негізгі станцияның қоректенуін есептеу;

7) ұялы байланыс желісінің сенімділігін есептеу.

 

Жобалаудың І КЕЗЕҢІ

Жобаны орындаудың бірінші кезеңінде бойынша жоғарыда келтірілген 1-3 п.п. талаптарға қолайлы шешім табылу керек. Ұяшықтардағы арналардың жилігін таңдаудан бастау қажет. Басында 1 арнаны алады, содан кейін 2, 3 және оданда көп болуы мүмкін. Бірақ арналар саны шұғыл өсуі жалға алушы операторлардың төлеміне де әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар ұяшықтағы арналар санының азаюымен желідегі ұяшық сандары көбейеді және олардың көлемдері азаяды. Бұл желіні жобалу процессін және ұяшықтарғы қызмет көрсетуін қымбаттатады. Әдетте ұяшықтардың минимальды мөлшері хэндоверлердің мүмкін болған санын анықтайды. Сондықтанда GSM-900 желісі үшін ұяшықтардың радиусы R 1,1 – 1,4 км кем емес болу керек, ал GSM-1800 желісі үшін 0,6 – 0,8км кем емес, CDMA желісі үшін 0,5 -1 км кем емес (46 - сурет) [1, 2].

 

46 - cурет. Секторларға бөлінген ұяшық

Бір GSM жиілік арнасы 8 тәуелсіз физикалық арналардан құрылатын болғандықтан, 13 - кесте бойынша трафиктің арналар санын анықтаймыз.

13 - кесте. Трафиктің арналар санын анықтау

Жиіліктік арналардың саны          
Физикалық арналардың саны          
Арналарды басқару үшін қолданылады         3-4
Трафиктің арналар саны         36-37

 

CDMA желілері үшін бір жиілікте 25 трафик арнасына дейін беріледі.

Арналар санын таңдап, абоненттер статистикасы негізінде Эрланг формуласы бойынша ұяшықтағы рұқсат етілген трафигін анықтайды.

Трафик берілетін ақпараттың көлемімен сипатталады. Мәліметтерді беру кезінде трафикті тарату жылдамдығы анықтайды, бит/с, және беру уақыты, яғни биттегі берілген ақпараттың саны. Телефонияда трафиктің өлшем бірлігі эрланг болып табылады. 1 Эрл – бұл 1 сағат ішіндегі бір телефон арнаның жұмыспен қамтылуы.

 


Дата добавления: 2015-07-11; просмотров: 110 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Тапсырманы орындау мысалы | Теориялық бөлім | Тапсырманы орындау мысалы | Теориялық бөлім | Тапсырманы орындау мысалы | Тапсырманы орындау мысалы | Теориялық мәліметтер | Теориялық мәліметтер | Теориялық мәліметтер | Теориялық мәліметтер |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жұмысқа берілген тапсырма| Тапсырманы орындау мысалы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)