Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ең жек көрген кезімнің өзінде де!

Читайте также:
  1. quot;Бизнес Кеңесші" бағдарламасы
  2. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  3. Айнымалысы түбір таңбасына тәуелді теңдеулер
  4. Алгебралық теңдеулермен теңсіздік жүйесіне келтірілетін есептер
  5. Бөлшек-рационал теңсіздіктер
  6. Балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауды жүргізудің кезеңділігі
  7. Бір ақын өлсе талай қырылды өлең».

 

Бәрі әншейін екен ғой, шын сүйгенім

Жүрегімді шын сезім шымши менің

Маза бермей қойғаны, қорласаң да

Өр басымды өзіңе мұнша игенім.

 

Көл қорыған қызғыштай тілектерім,

Көрмегенде толғаны жүрекке мұң.

Сені жаман дегенді жаман көріп,

Шоқ басқандай болғаным, шыр еткенім.

 

Неге сонша арланбай төмендедім?

Көгермеді сезімдер көгендегі.

Қандай ед мақсатым

Мәңгі – бақи

Жалғыз жанды сүйемін дегендегі!

 

Бәрі әншейін екен ғой, оны ұғамын,

Азап, кешіп, ойлармен арығаным,

Бәрі жақсы түс көрсем де, өзіме емес,

Сенің жолың болғай деп жорығаным.

 

Жерге басып осынша ойымды асқақ,

Сен өмірде өзгеше өмір бастап,

Кете бердің шексіз сол махаббатты

Өткінші бір күндерге айырбастап.

 

Бәрі әншейін екен ғой, шын сүйгенің...

 

Бәрі өткінші, өшеді асыл шам да...

Неге жұмбақ боласың осынша онда?

Жұрттың бәрі біледі

Мен дегенде

Сенде сабыр жоқтығын, жасырсаңда.

 

Жүрегіңді

Үздігіп мені аңсаған,

Тыңдамауға қалайша келер шамаң,

Аппақ таңда шашырап шыққан күнмен

Бірге келген махаббат мен ем саған!..

 

Сен сүйесің

Сүйесің жанып іштен,

Еркіңді алып сол сезім тағы күшпен,

Елемеген боп тұрып, іштей бағып,

Көзің толы қарайсың сағынышпен.

 

Кеш түседі, ақылдым, күн ауса анық,

Бірте – бірте сонан соң тынар сауық...

Сезімдердің таңы ғой сүю деген,

Таңғы арайға болама бұғау салып?

 

Менің жүзім сен үшін таң сәулелі,

Жұбанышың – еске алып, аңсау мені.

Сөйте тұра бағыңды арттырсам деп,

Құбыласың...

Қайтесің сонша әурені?!

 

Жеткізгенде жанымды жырға орап мен,

Әулиедей табынып, тыңдамап па ең?

Сол сезімнің қанаты сынған, әттең,

Қалай ғана ұшарсың бір қанатпен?!

 

Сыңар қанат қағылып, қайда барсын,

Қарапайым тағдырға байланарсың.

Өзің қинап өлтірген сол сезімді

Өкінішпен бір кезде ойға аларсың.

 

Өкінішпен уайым жеп бітерсің,

Басыңа – бақ немесе соққы төнсін,

Қандай жағдай болса да, мені есіңе ап,

Күдер үзбей күтерсің,

Көп күтерсің!

Сен –

Қорықпаған күлкіден де, қорлықтан да,

Менің тылсым жанымды мәңгі ұққан да.

Бірақ сені ардақтай алмадым мен,

Асқақ ұста басыңды сондықтан да!

 

Жарасып па ек жарысып тай – құлындай?

Жолдар бөлген

Тағдырдың айбынындай.

Жалғыз досы сен едің

Жас күнімнің

Саған болғым келемейді қайғы мұндай!

 

Мені жаман дегенмен төбелескен,

Шығармаймын ешқашан, - деген – естен,

Талай тату тайғанда уәдесінен,

Табынудан танбаған сен емес пе ең?!

 

Сені адал сөзіңе таң қалмадым,

Жырларымды тұрақсыз жанға арнадым.

Жалғыз сен ең үзіліп сүйген мені,

Сөйткен жанғ,а сор болдым, жар болмадым.

 

Сен қандай боп қалды – ау деп уайымдамай,

Өзге өмірге аударып ойымды оңай.

Маған үлкен сенім мен жарық берген

Махаббатыңды келемін мойындамай.

Сүйемін бе, сүймеймін бе, білмеймін.

Сені көрсем, жас ағаштай гүлдеймін.

Сенбе мейлің, күрсін мейлің, күл мейлің,

Сен болмасаң, басады бір зілдей мұң.

 

Зілдей мұңнан тұнжыраған түндеймін,

Ойлап кетсем, кіріпігімді ілмеймін.

Жоламаймын жақынырақ шақырсаң,

Сүйемін бе, сүймеймін бе, - білмеймін....

Күз еді мизам ұшқан, жел ойнаған,

Мен едім сағынышпен сені ойлаған.

Шынымен сеніп қалып жүрер демей,

Ыстық сыр айттың бүгін қалай маған?

 

Бұл жерде бір нәрсе бар сен ұқпаған,

Мен нәзік мизамнан да қалықтаған.

Қарама бар жаныңмен жақсы көріп,

Мен оған өмір бойы сеніп қалам.

 

Жалт қарап, жас күнімнен үміт берген

Сен едің көп ішінен іріктелген.

Өшкен жоқ сол бір ұшқын. Басқаша ғой

(Қыздардың махаббаты жігіттерден)

Еркектің махаббаты ұрғашыдан!

 

Кеудеңде сезім туып жаңа таңдай,

Келесің қондырғандай алақанға ай,

Қолыңда саусақтарым тыпырлайды

Ойнаған жылы ұяда балапандай.

 

Несі екен қараған жұрт таң қалғаны?

Сен – жігіт, мен – бойжеткен бар болғаны.

Алмада күзгі алмадан тәтті бар ма,

Жетеді үзіп берсең соңғы алманы.

 

Күз еді мизам ұшып қалықтаған,

Сен едің сыр айтудан жалықпаған.

Байқап айт сүю жайлы, сені қайдам,

Мен оған өмір бойы сеніп қалам...

Шырын қостым ерніңдегі шырынға,


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 119 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)