Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шипалы сазбен емделу 9 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

Есік қаласынан табылған «Алтын адам» ескерткішінен бастап, Орхон-Енисей тас жазулары, кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылып жатқан ежелгі мәдениет жәдігерлері, көне сәулеттік ескерткіштер, халық шеберлерінің қолөнер туындыларының үлгілері – осының бәрі Қазақстан мәдениетінің қазынасын байыта түсті әрі бүгінгі ұрпақтың рухани білімін дамытты. (Ашық энцеклопедиядан алынды)

42-сабақ тыңдалымы: Домбыра

Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 ғасыр бұрын табылған таста қашалған суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр еліндегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш өзгермеген. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады.

Аспап әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.

Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтап, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді.

Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.

Домбыра шертудің «сұқпа» (сұқ және орта саусақпен шертіп ойнау), «жап тақымта» (ішекті бос күйінде қағып, пернені басып отыру), «іліп-қақпай» (ішекті іліп қағу), «теріс қақпай» (жоғары-төмен) деп аталатын түрлері бар.

Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар.

Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.

(Қазақ энциклопедиясынан алынды).

 

43- сабақ тыңдалымы: Күй— музыкалық жанр

Күй— музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй -қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні «көк» деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

Күй 14 ғасырда жеке музыкылық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға қүрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікқе қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтиқ-лирикаға негізделген; Тәттімбеттің күйлері әуені әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.

Домбыра күйлері күйге көркем нақыш-бояу берумен қатар оның әуен-саздылығын әсірелей түседі. Күйлердің көлемі әр түрлі болады. Кейбір күйлердің көлемі 150-ден 200 тактіге дейін жетелі.

Қазақ күйлері өзінің құрылыс тәсіліне, орындаушылық дәстүрін қағыс түріне қарай, негізінен, екі стильдік мектепке бөлінеді. Біріншісі - екпінді қарқынды, музыкылық бейнет жағынан бағдарламалы симф. сипатта шығарылатын күйлер, ал екіншісі - терең философиялы, ой-сырға толы, шертпе күйлер. Күйдің идеялық-қөркемдік диапазоны кең.

Халық қүйшілері өздерінің шығармаларында адамдарды, жануарларды, құстарды, табиғат құбылыстарын суреттейді. Бұдан басқа күйлер мазмұнына қарай тарихи күйлер, лирикалық күйлер, аңыз күйлер, қаралы күйлер, арнау күйлер сияқты тақырыптарға бөлінеді. Күй өзінің музыкалық формасы жағынан әр түрлі.

Күй орындауда қағыс маңызды орын алады. Қобыз бен сыбызғы күйлері домбыра күйлеріне қарағанда көп сақталмаған. Қобыз күйлері, негізінен, эпикалық мінезде келсе, сыбызғы күйлері табиғат көріністері мен хайуанаттар дүниесін суреттеуге құрылған, оларда әуен-саздылық басым келеді. Сыбызғы күйлері өте шағын. Олардың атаулары да көне. Қобыз күйлерінің құрылымы күрделі болып келеді. Қобыз күйлері Қорқыт Атадан бастау алған. Оның шығармаларын бізге жеткізген Ықылас. 18 - 19 ғасырларда өмір сүрген Абыл, Әлшекей, Әлікей, Байжұма, Байсерке, Баламайсан, Боғда, Дайрабай, Дәулеткерей, Дина, Есжан, Жантөре, Қазанғап, Құрманғазы, Саймақ, Сейтек, Сүгір, Тәттімбет, Тоқа, Түркеш, Ықылас сынды күйші-композиторлар қазақтың ұлттық күй мәдениетінің жан-жақты дамуына мол үлес қосты.

Күй сарындары қазақ қомпозиторларының музыкалық туындыларында дами түсті. Мысалы, Е.Г. Брусиловсқий «Қыз Жібеқте», «Ақсақ құланды», М.Төлебаев "Біржан - Сарада" "Соқыр Есжанды", Е.Рахмадиев "Алпамыста" "Құдаша" күйлерін пайдаланған. А.В. Затаевич, Құдайберген және А.Жұбановтар, Б.Г. Ерзакович, А.Алексеев, П.В. Аравин, А.Сейдімбеков, т.б. күйдің тарихи-теориялық мәселелерін зерттеп, нотаға түсіруге көп еңбек сіңірді. (Қазақ энциклопедиясынан алынды).

 

44 - сабақ тыңдалымы: Қобыз.

Қобыздың шығаратын үні адам дыбысына ұқсас. Бақсы-балгерлер оның осы ерекшелігін халықты көк тәңірмен сөйлестіретін құрал деп нандырған.

Қобыздың сыртқы түрі адам денесіне ұқсас. Оның мойны, басы мен құлағы, тостағанша дөңгеленіп келген беті, оны қаптаған сірі шанағы болады. Оған жылқы қылы тағылады. Осыған байланысты «қылқобыз» деп аталып кеткен. Қылқобыз қыл керілген қияқ (ысқы) арқылы тартылады.

Қылқобызды орындаушылардың есімі сонау ежелгі заманғы, аты аңызға айналған Қоқыт, Кетбұғы, Асанқайғы, Нысан абыз, Ықыластардан бастап, кейінгі Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаевтармен жалғасты.

Қылқобыздың қазіргі кезде жетілген прима-қобыз, альт-қобыз, басқобыз, контрабас-қобыз деп аталатын төрт шекті түрлері пайда болды.

Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының музыкалық аспабы. Скрипка аспабының атасы саналатын қобыздың арғы тегі садақтан шыққаны ғылыми түрде дәлелденген.

Аспап ысқысы бар аспаптардың қатарына жатады. Мұндай аспаптар Орта Азия, Повольжья, Закавказья, Сібір халықтарында сақталған. Әр халықтың ысқылы аспабының атаулары басқа болғанымен, ойнау тәсілдері ұқсайды.

Қобыз қайың, арша сияқты ағаштардың тұтас бөлігінен шауып жасалады. Бас, кеуде, аяқ деген үш бөліктен тұрады. Төменгі бөлік терімен қапталып, оған тиек қойылады. Екі ішегі жылқы қылынан тартылады. Аспап мүмкіндігі зор, әрқилы дауысты, оның ішінде табиғи дыбыстарды айнытпай шығарады.

Қобыз сөзі «қобыдан шыққан дыбыс» деген мағына береді. Қазақ халқы үшін қобыз киелі аспап болып саналады. Себебі, қобыз тартқан бақсы сынды жандардың адам тағдырына әсер ететін күші, бойында үлкен қабілеті бар болған. Қобыздан шыққан үн адам бойындағы әлсіздік я жағымсыз күштерді сыртқа шығарып, оған күш-қуат береді.

(Қазақ энциклопедиясынан алынды).

45 - сабақ тыңдалымы: Көшпенділер өркениеті

Әрбір ұлттық мәдениет бос кеңістікте емес, адамдандырылған қоршаған ортада әрекет етеді. Мәдени кеңістік оқшау, мәңгіге берілген енші емес. Ол тарихи ағынның өрісі болып табылады. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті — оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көпшелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындайды. Қауымдық қатынас мекендер егемендігінен туады. Ата қоныстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен- көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ ұрпақтарға мұра ретінде қалдырылған.

Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Кеңістікке үйлесімді мәдениетте адам мен табиғаттың арасында «қытай қорғаны» тұрған жоқ. Керісінше, мәдениет олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндігі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей байланыстырылды.

Табиғат аясындағы мәдениетті қатып-сеніп қалған, өзгеріссіз әлем дейтін пікірлер де әдебиетте жиі кездеседі. Алайда, бұл осы мәдениетке тынымсыз қозғалыс тән екендігін аңғармаудан туады. Шексіз далада бір орында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып, қозғалыс шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты сипатта болады. Қуаң даланы игеру табиғатты өзгертуге емес, қайта оның ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат құбылыстарына тәуелді болып қалады.

(Қазақ энциклопедиясынан алынды).

 

Бақылауға арналған сұрақтар

 

 

1.Отбасы және ұлттық дәстүрлер

2.Жас отбасы және дәстүр

3. Жас отбасының негізгі шығындары

4. ҚР отбасын әлеуметтік қорғау жүйесі

5. Қазіргі тұрғын үй

6. Уақыт – алтыннан да қымбат

7. Уақытты басқару - өнер

8. Салауатты өмір салты

9. Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені

10. Қазақ халқының дәстүрлі өнері

11. Халықтық қолөнер

12. Өнер жұлдыздары

13. Ұлттық мәдениет тамыры

14. Айтыстың түрлері

15. Күй өнері

 

Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық

 

Бұл өздік жұмыстарында студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша оқытушының алдын ала берген күнтізбелік тапсырмасына орай, жұмыстар жүргізеді. Осындай тақырыптар шегінде оларға Отан, ел, тіл туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер беріліп, студенттер оларды талдап үйренеді. Соған орай, аталған тапсырмаларды орындау барысында орыстілді студенттердің қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдылары қалыптастырылады. Сонымен бірге, өздік жұмыста студенттердің дыбыстау дағдыларын қалыптастыру үшін патриоттық тақырыптағы өлеңдер беріледі. Оларды жаттау барысында қазақ тілінде сөйлеу актілері қалыптасса, оған қоса жаңа лексикалық минимумды игеру жұмыстары да қоса жүргізіледі.

Өздік жұмыс барысында, сонымен қатар, оларға жазба жұмыстарын жүргізу де мақсат етілген. Осындай жазба жұмыстарының негізгі түрі – эссе жазғызу. «Менің туған қалам», «Ұлттық дәстүрлер», «Өнер түрлері», «Қазақ өнері», «Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері», «Қазақстанның сыртқы саясаты» және тағы да басқа ұсынылған тақырыптар бойынша жазылған эсселер арқылы студенттердің жазылым дағдысы қалыптасады. Сондай-ақ жазу дағдысымен бірге олардың қазақ тілінде ойлау жүйесі де мейлінше артады. Бұларға қоса олар өз жұмысын жазу барысында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланады. Соның негізінде, студенттердің мемлекеттік тілдегі сөз қорлары мейлінше еселенеді.

Білім алушыларға арналған өздік жұмыстары студенттердің академиялық сабақтарда алған тілдік дағдылары мен машықтарын бекітуге жәрдем жасайды.

Білімгерлердің өздік жұмысына арналған тапсырмалар

 

Апталар Тақырып аты Тапсырма түрі Сағат саны
1 апта Отбасы құндылығы Ойталқы, пікір алаңына дайындалу   6 сағ.
2 апта Қазақ халқының отбасына қатысты ұлттық дәстүрлері Баяндама әзірлеу. 6 сағ.  
3 апта Қазақстан республикасындағы халықтық санақ, демографиялық жағдаяттар Ғаламтор, БАҚ арқылы ақпараттар дайындау 6 сағ.  
4 апта Тұрғын үй жайлылығы Баяндама 6 сағ.  
5 апта Отау үй немесе жас шаңырақ Ой – пікір алаңын ұйымдастыру 6 сағ.  
6 апта Жаным – арымның садағасы Пікір алмасу. 6 сағ.  
7 апта Уақыт туралы қанатты сөздердің мағынасын тарқатыңыз. Эссе жазу 6 сағ.  
8 апта Адамның жас кезеңдері Баяндама әзірлеу 6 сағ.  
9 апта «Денсаулық – зор байлық» Сипаттама беру 6 сағ.  
10 апта Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Реферат жазу 6 сағ.  
11 апта Бұл – қазақ елі! Эссе жазу 6 сағ.  
12 апта Біздің елдің жері мен табиғаты Реферат әзірлеу 6 сағ.  
13 апта Қолданбалы өнер – ұлттық мұрамыз ақпараттар әзірлеу 6 сағ.  
14 апта Ұлттық әдебиет пен мәдениеттің тамырлары Баяндама дайындау 6 сағ.  
15 апта Ғасырлардан жеткен жауһар өнер Бейне көріністер мен слайдтар 6 сағ.  

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу бойынша әдістемелік

нұсқаулық

 

 

Білім алушылар қазақ тілі пәнінен типтік бағдарламаға сай тақырыптар негізінде семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында мәтіндерді оқып, мәтіндер бойынша тапсырмаларды орындайды. Мәтіндерді түсініп оқу, мазмұнын айту, өзара пікірлесу және сұрақтарға жауап беру арқылы сөздік қорларын байытып, қазақ тілінде өз ойын жеткізе білуге дағдыланады.

Сондай-ақ тақырыпқа сай түрлі жазба жұмыстарын орындай отырып, өз ойларын жаза білуге, жазылым дағдыларының қалыптасуына, сауатты жаза білуге үйренеді.

Семинар (практикалық) сабақтарға дайындалу барысында білім алушылар күнделікті сабақта жазылым, тыңдалым, оқылым бойынша алған тілдік дағдыларын дамыта алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Иманқұлова С., Егізбаева Н., Иманалиева Ғ. т.б. Қазақ тілі. Оқу құралы, Алматы, 2008.

2. З.С. Күзекова Қазақ тілінің грамматикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2009 ж. 3. www.til.gov.kz. (қазақ тілін жеделдетіп оқытуға арналған мультимедиялық кешен). Астана, 2010 ж.

4. Қазақ тілі кешені.Ф.Оразбаеваның жетекшілігімен. Алматы, 2009.

6.2. Қосымша әдебиеттер

1. Оралбай Н., Құрманәлиев Қ.А. Қазақ тілі. – Алматы, 2007.

2. Салқынбай А.Б., Иманасова Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2007.

3. Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. (қаржы инст.) Алматы, «Раритет», 2009.

4. Рысбаева Г.Қ.Қазақ тілі (грамматикалық анықтағыш), Алматы, 2000.

5. Р.Ғ.Сыздықова, К.Ш.Хұсайын. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 2008. Русско-казахский словарь. І-ІІ том. Алматы, 2007.

6. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика. Алматы: Рауан, 2000.

7. Қакзақша-орысша терминологиялық сөздік: Мәдениет және өнер. Алматы: Рауан, 2000.

8. Қазақша-орысша тілмаш. – Алматы, 2005.

тілін жоғары деңгейде тереңдете оқыту құралы. Өскемен. «Medi.ASoft» - 2009 ж.

 

 

 

 

Автор, құрастырушы:

Авторлық ұжымның мүшелерi, құрастырушылар: ____________Құлманов Қ.С.

___________Абдуова Б.С.

___________ Ахметова Қ.А.

___________ Байболат Л.Б.

(29.08.2014)

 

Кафедра мәжілісінің отырысында қаралған

№ 1 хаттама «29» тамыз 2014 ж.

Факультеттің ОӘК ұсынылған 29.08.2014 ж., № 1 хаттама

Факультеттің ОӘК төрағасы ф.ғ.к., доцент ____________Құлманов Қ.С.

(29.08.2014)

 

Приложение 1

Утверждаю

Декан _____________________

Факультета

_______________________ Ф.И.О.

(подпись) _______________________ 20____г.

МП


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 234 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.022 сек.)