Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

A) жүректіктік ісінулерде 6 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

E) терінің қышуы

541. Патологиялық физиология - бұл, туралы ғылым

A) ауру организмнің тіршілігі

B) дені сау организмнің құрылымдық ерекшеліктері

C) дені сау организмінде жүйелері мен ағзаларының қызметтері

D) ауру көріністері

Е) дені сау организмдегі зат алмасу үрдістері

542. Патологиялық физиологияның міндеттеріне жатады

A) жалпы этиология және патогенезді зерттеу

B) белгілі науқаста ауру өтуінің ерекшеліктерін зерттеу

C) аурудың нақтылайтын аңғарымдамасын зерттеу

D) ауруды зертханалық аңғарымдау сұрақтарын өңдеу

E) ауруды аспаптық аңғарымдау сұрақтарын өңдеу

543. Жануарларда үлгілеу мүмкін емес

A) психикалық ауруларды

B) қантты диабетті

C) гастритті

D) невроздарды

E) сәулесоқ ауруын

544. Кинетоздардың себебі болып, организмге тигізетін әсері табылады

A) ұзақ, өзгеретін үдеудің

B) салмақсыздықтың

C) иондаушы сәуленің

D) төмен температураның

E) жағымсыз эмоциялардың

545. Жалпы нозология - бұл:

A) аурулар пайда болуының себептері және жағдайлары туралы ілім

B) аурулар дамуының тетіктері туралы ілім

C) біртектес дерттік үрдістер туралы ілім

D) организм реактивтілігінің дерттанудағы маңызы туралы ілім

E) ауру туралы жалпы ілім

546. Ауру алдына тән

A) аурудын арнайы емес көріністерінің болуы

B) организмнің икемделулік тетіктерінің жүктемесіз шектелуі

C) организмнің икемделулік тетіктерінің жүктеме кезінде шектелуі

D) ауруға ауысуының шарасыздығы

Е) аурудын арнайы көріністерінің болуы

547. Жұқпалы аурулардың даму сатыларының дұрыс бірізділігі

A) аурудың аяқталуы

B) инкубациялық кезең

C) аурудың айқындалуы

D) хабаршы кезең

548. А урудың бейнақты белгілері тән

A) жасырын кезеңіне

B) хабаршы кезеңге

C) инкубациялық кезеңге

D) аурудың айқындалу кезеңіне

E) аурудың аяқталуына

549. Аурудың барлық белгілерінің болуы тән

A) жасырын кезеңіне

B) хабаршы кезеңіне

C) инкубациялық кезеңіне

D) аурудың айқындалу кезеңіне

E) аурудың аяқталуына

550. Құрылымның тұрақты ақауы – бұл

A) дерттік үрдіс

B) ауру

C) дерттік әсерленіс

D) дерттік жағдай

Е) ауру алды

551. Нозологиялық түр ретіндегі аурудың мысалы

А) қызба

В) лейкоцитоз

С) пиелонефрит

D) артериялық гиперемия

Е) қабыну

552. Біртектес дерттік үрдістерге жатады

A) буынның қозғалмай қалуы

B) қызба

C) көз күйігі әсерінен соқырлық

D) тісті жұлғаннан кейінгі қуыс

Е) отиттен кейінгі кереңдік

553. Дерттік жағдайға мысал болады

A) гемартроз салдарынан дамитын шорбуын

B) қызба

C) қабыну

D) аллергия

E) миелолйкоз

554. Тірілтілген адам ауруының аса жиі клиникалық көріністері

A) бүйректің жедел жеткіліксіздігі

B) бауырдың жедел жеткіліксіздігі

C) энцефалопатия

D) жүректің жедел жеткіліксіздігі

E) өкпе ісінуі

555. Қалыпты жағдайда клиникалық өлімнің ұзақтығы

A) 1 -1,5 мин

B) 5 – 6 мин

C) 30 – 60 мин

D) 1 – 2 сағ.

E) 2 тәулік

556. Ауру себебі бола алады

A) механикалық жайттар

B) организмнің конституциялық ерекшеліктері

C) жас мөлшері

D) балалық шақ

E) жыныс

557. Физикалық этиологиялық жайттарға жатады

A) ауыр металл тұздары

B) вирустар

C) пестицидтер

D) гельминттер

E) иондаушы сәуле

558. Аурудың пайда болуына

A) бір себептің әсері жеткілікті

B) себеп болмаса да жағдайлар жиынтығы қажет

C) ауруды туындататын себеп те, септік жағдай да қажет

D) себептер жиынтығы әсер етуі қажет

E) тұқым қуалауға бейімділік мндетті түрде қажет

559. Сыртқы этиологиялық жайттарға жатады

A) дерттік тұқым куалаушылык

B) микроорганизмдер, вирустар

C) жыныс

D) конституция

E) жас мөлшері

560. Механикалық этиологиялық жайттарға жатады

A) қысылу

B) сілтілер

C) төмен температура

D) электр ағымы

E) иондаушы сәуле

561. Ішкі этиологиялық жайт

A) жыныс

B) бактериялар

C) вибрация

D) иондаушы сәуле

E) шу

562. Тұқым қуалаушылықтың этиологиядағы маңызы

A) ауру тек себебі бола алады

B) ауру пайда болуының тек жағдайы бола алады

C) ауру пайда болуының себебі де, жағдайы да бола алады

D) этиологияда ешқандай маңызы жоқ

E) тек ауру патогенезінде маңызы бар

563. Бір топ саяхатшы нөсер жаңбыр астында қалды. Бір күннен кейін біреуі пневмониямен ауырды. Аурудың себебін анықтаңыз.

А) мұздау

В) жұқпа

С) гипоксия

D) организм төзімділігінің төмендеуі

Е) жүктемелік зорығу

564. Гипертониялық ауру жатады:

A) нағыз тұқым қуалайтын ауруларға

B) полигендіг ауруларға

C) тек сыртқы орта әсерінен дамитын ауруға

D) моногендік ауруларға

E) хромосомдық ауруларға

565.Жүректің ишемиялық ауруы жатады

a) нағыз тұқым қуалайтын ауруларға

b) полигендік ауруларға

c) тек сыртқы орта әсерінен дамитын ауруға

d) моногендік ауруларға

e) хромосомдық ауруларға

556. Веналық гиперемия патогенезінің негізгі тізбегі

A) қан ағып кетуінің қиындауы

B) қан ағып келуінің күшеюі

C) қан ағымының тоқтауы

D) қанағып келуінің азаюы

E) қан ағымының сызықты жылдамдығының артуы

567. Өт-тас ауруы кезіндегі қатты ауырулық тітіркену АҚ жоғарлауына, жүрек ырғағының өзгеруіне, әкеледі. Бұл мысалы:

A) патогенезде жергілікті және жалпы әсерленістердің арақатынасының

 

B) арнайы және арнайы емес тетіктерінің арақатынасының

C) кері айналып соғу шеңберінің

D) патогенездің негізгі тізбегінің

E) қорғаныстық икемделістік тетіктері қосылуының

568. Биіктік ауруының себебі

A) жоғары барометрлік қысымның әсері

B) төменгі барометрлік қысымның әсері

C) жоғары барометрлік қысым аймағынан атмосфералық қысымы қалыпты аймаққа ауысу

D) төмен барометрлік қысым аймағынан атмосфералық қысымы жоғары аймаққа ауысу

E) қалыпты барометрлік қысым аймағынан атмосфералық қысымы жоғары аймаққа ауысу

569. Патогенездік емнің негізіне жататыны

A) аурудың әрбір көрінісіне әсер ету

B) ауруды туындатқан себебіне әсер ету

C) ауру патогенезінің негізгі тізбегіне әсер ету

D) организмнің реактивтілігіне әсер ету

E) ауруды туындатқан септік жағдайға әсер ету.

570. Патогенездің негізгі тізбегі – бұл

A) патогенездің басқа барлық тізбектерін өрістететін тізбек

B) патогенездің бастапқы тізбегі

C) алғашқы зақымдану

D) салдарлық зақымдану

Е)патогенездің жекелеген тізбектері арасында теріс кері байланыстың қалыптасуы

571. Әрбір тұлғаның бірегейлігі анықталады

A) түрлік реактивтілікпен

B) топтық реактивтілікпен

C) даралық реактивтілікпен

D) арнайы емес реактивтілікпен

E) организмнің төзімділігімен

572. Арнайы дерттік реактивтілікке мысал болады

A) аллергия

B) түрлік реактивтілік

C) наркоз жағдайындағы реактивтілік

D) сілеймедегі реактивтілік

E) жұқпалы аурудан кейінгі иммунитет

573. Бақалар, теңіз шошқасына қарағанда, гипоксияға төзімді. Бұл мысал бола алады

A) топтық реактивтілікке

B) түрлік реактивтілікке

C) даралық реактивтілікке

D) жасына байланысты реактивтілікке

E) арнайы реактивтілікке

574. Организмнің төзімділігі– бұл

A) біртұтас организмнің қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертуімен жауап беру қасиеті

B) тітіркендіргішке организмнің жауабы

C) тітіркендіргішке организмнің әлсіз жауабы

D) ауру туындататын ықпалдарға организмнің тұрақтылығы

E) организмнің қоршаған ортаның жайттары әсеріне сезімталдығы

575. Бейнақты төзімділіктің мысалы болады

A) уды бейтараптандыру үрдісі

B) «жедел кезеңнің» жауабы

C) егу

D) аурудан кейінгі иммунитет

E) асқазан сөлінде НCl мөлшері

576. Белсенді төзімділіктің көрінісі болады

A) аэрогемдік тосқауыл

B) гематоэнцефалдық тосқауыл

C) тері және шырышты қабықтардың тосқауылдық қызметі

D) аурудан кейінгі иммунитет

E) асқазан сөлінде НCl мөлшері

577. Әйелдер, ерлерге қарағанда, төзімдірек келеді

A) есірткілерге

B) төмен температураға

C) гипоксияға

D) жедел қансырауға

E) ашығуға

578. И.П.Павлов бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

A) нормостеник

B) мыйлық түрі

C) күшті, ұстамды, жігерлі

D) пикниктік түрі

E) липоматоздық түрі

579. Черноруцкий бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

A) нормостеник

B) сангвиник

C) атлеттік

D) бұлшықеттік

E) күшті, ұстамды, жігерлі.

580. Черноруцкий бойынша конституция түрлерінің жіктелуі

A) нормостеник, астеник, гиперстеник

B) мыйлық түрі, бұлшықеттік,тыныстық, асқорытулық

C) күшті, ұстамды, жігерлі, күшті жігерсіз

D) астениялық, атлеттік, бұлшықеттік

E) холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик

581. Қарттық шаққа тән

A) аурудың гиперергиялық өтуі

B) аурудың гипоергиялық өтуі

C) аурулар әйгіленімдерінің айқындығы

D) организмнің төзімділігінің жоғары болуы

E) аурудың жедел түрде өтуі

582. Қарт адамдар жұқпаларға бейім. Бұл мысалы

A) түрлік реактивтіліктің

B) даралық реактивтіліктің

C) топтық реактивтіліктің

D) арнайы реактивтіліктің

E) иммундық реактивтіліктің

583. Цитохромоксидаза белсенділігі төмендеуі жасуша зақымдануының арнайы көрінісі болады:

А) радиация әсері

В) цианидтермен улану

С) жоғары температураның әсері

D) механикалық жарақат

Е) қанайналымдық гипоксия кезінде

584. Жасушаішілік ацидоз – бұл

A) жасуша зақымдануының бейнақты көрінісі

B) жасуша зақымдануының арнайы көрінісі

C) жасуша зақымдануында кездеспейді

D) гипоксияда ғана дамиды

E) химиялық жайттар әсерінен дамиды

585. МАТ әсерленеді

A) стрессте, Д гипервитаминозында

B) Е витаминін қабылдағанда

C) СОД белсенділігі жоғарылағанда

D) каталаза белсенділігі жоғарылағанда

E) пероксидаза белсенділігі жоғарылағанда

586. Жасуша мембраналары зақымдануының салдарына жатады

A) лизосома мембранасының тұрақтануы

B) лизосомалық ферменттердің белсенділігінің төмендеуі

C) митохондрий ферменттерінің әсерленуі

D) жасушаішілік кәлцийдің артуы

E) АҮФ өндірілуі әсерленуі

587. Жасуша мембраналары өткізгіштігінің жоғарылауы әкеледі

A) жасушадан натрий иондарының шығуына

B) жасушаға калий иондарының түсуіне

C) жасушадан кәлций иондарының шығуына

D) жасушада судың азаюына

E) жасуша боялуының жоғарылауына

588. Жасуша апоптозына тән

A) кариолизис

B) каспазалар жәнеи эндонуклеазалардың әсерленуі

C) мембраналардың бүлінуі лизосомалық ферменттердің әсерленуі,

D) қабыну дамуы

E) жасушаның ісінуі

589. Бос иондалған кәлцийдің мөлшері жоғарылауы қабаттасады

A) фосфолипазалардың белсенділенуімен

B) фосфолипазалардың тежелуімен

C) бұлшық ет жасушаларының тұрақты жиырылуымен

D) жасушада осмостық қысымның томендеуімен

E) тотығулық фосфарланудың ажырауымен.

590. Жасуша зақымдануының икемделулік-бейімделулік тетіктеріне жатады

A) анаэробтық гликолиздің әсерленуі

B) митохондрий тарақшалардың жыртылуы

C) антиоксиданттық қорғаныс жүйесі белсенділігінің төмендеуі

D) уытсыздандыру ферменттері белсенділігінің төмендеуі

E) жасушаішілік құрылымдардың гипертрофиясы және гиперплазиясы

591. Лизосомалар мембраналарының зақымдануы кезінде лизосомалық гидролазалардың белсенділігі

A) төмендейді

B) жоғарылайды

C) шамалы төмендейді

D) өзгермейді

E) тек қана белгілі зақымдануда өзгереді

592. Оң су тепе-теңдігі дамиды

A) гипергидратацияда

B) гиперосмостық дегидратацияда

C) эксикозда

D) дегидратацияда

E) гипоосмостық дегидратацияда

593. Оң су тепе-теңдігінің көріністеріне жатпайтыны

A) ісінулер, шемендік

B) дене массасының артуы

C) гематокриттің жоғарылауы

D) айналымдағы қан көлемінің ұлғаюы

E) артериялық қысымның жоғарылауы

594. Іш қуысында сұйықтық жиналуы аталады

A) асцит

B) гидроторакс

C) гидроперикардиум

D) перитонит

E) гидронефроз

595. Ісіну – бұл

A) сірі қуыстарда сұйықтың жиналуы

B) қан және тіндер арасында су алмасуының бұзылуынан тіндерде және тін аралық кеңістікте сұйықтың дерттік жиналуы

C) лимфа түзілуінің жоғарылауы

D) қантамырлық сұйықтың көбеюі

E) гиперволемия

596. Ісінудің патогенезінде маңызы бар

A) қан тамырлары өткізгіштігі жоғарылауының

B) әлдостерон мен ДҚГ түзілуі азаюының

C) тіндерде онкотикалық және осмостық қысым төмендеуінің

D) қанның онкотикалық қысымы жоғарылауының

E) қылтамырішілік қысым төмендеуінің

597. Микроциркуляторлық арнада тамырлардан сұйықтықтың шығуының артуы байланысты

A) қанның гидростатикалық қысымының төмендеуімен

B) тіндерде коллоидты – осмостық қысымның төмендеуімен

C) лимфа ағып кетуінің жоғарылауымен

D) қанның онкотикалық қысымының жоғарылауымен

E) тамыр қабырғасы өткізгіштігінің жоғарылауымен

598. Ісіну патогенезінде маңызы бар

А) әлдостеронның түзілуі төмендеуінің

В) тіндерде онкотикалық және осмостық қысым жоғарылауының

С) қан тамырлары өткізгіштігі төмендеуінің

D) қанның гидростатикалық қысымының төмендеуінің

Е) қанның онкотикалық қысымы жоғарылауының

599. Іркілулік ісінудің патогенезінде аса маңыздысы

A) гемодинамикалық жайт

B) онкотикалық жайт

C) қан тамырлық жайт

D) тіндік жайт

E) жүйкелік-ішкі сөлденістік жайт

600. Ренин-ангиотензин-әлдостерондық жүйенің әсерленуі (РАӘЖ) ісінулер дамуында маңызы бар

A) қабыну кезіндегі

B) жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі

C) аллергия кезіндегі

D) лимфа ағып кетуі қиындағандағы

E) ашығу кезіндегі

601. Жүректік ісінудің патогенезіндегі бастапқы тізбек болып табылады

A) қанда ДҚГ мөлшерінің жоғарылауы

B) бүйректің ШМҚ (ЮГА) ренин шығуының жоғарылауы

C) жүректің минөттік көлемінің азаюы (ҚМК)

D) қан тамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы

E) бүйрек өзекшелерінде натрий мен судың кері сіңірілуінің күшеюі

602. Онкотикалық фактор ісінудің патогенезіндегі негізгі рөл болып табылады

A) лимфа ағып кетуінің қиындауында

B) аллергияда

C) қабынуда

D) жүрек жеткіліксіздігінде

E) нефроздық синдромда

603. Теріс су балансы дамуы мүмкін

A) бауыр циррозында

B) жүрек жеткіліксіздігінде

C) қантсыз диабетте

D) нефроздық синдромда

E) жедел гломерулонефритте

604. Организм су мен электролитті артық жоғалтудан дамитын сусыздану пайда болады

A) іш өткенде

B) құтыруда

C) қантсыз диабетте

D) жұту бұзылғанда

E) гипервентиляцияда

605.Қантсыз диабеттің негізгі көріністері

A) полиурия, полидипсия, гиперстенурия

B) полиурия, полидипсия, гипостенурия

C) полиурия, полидипсия, глюкозурия

D) олигоурия, полидипсия, гиперстенурия

E) олигоурия, полидипсия, гипостенурия

606. Гипоосмолялдық дегидратация сипатталады

A) қатты шөлдеу сезімімен

B) судың жасуша ішінен жасушааралық кеңістікке ауысуымен

C) жасушаларда су мөлшері азаюымен

D) жасуша сыртындағы сұйықтың осмостық қысымы төмендеуімен

E) организмде судың жалпы мөлшері көбеюімен

607. Гипоосмолялдық гипергидратацияның көріністері

A) шөлдеу сезімі

B) жасуша сыртындағы су мөлшерінің азаюы

C) эритроциттердің ісінуі

D) жасушалардың бүрісуі

E) жасушаішілік сұйықтың азаюы

608. Сусыздану кезінде байқалады

A) гематокриттің төмендеуі

B) микроциркуляцияның бұзылуы

C) орталық көк тамырлық қысымның жоғарылауы

D) артериялық қысымның жоғарылауы

E) айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы

609. Жедел гипогликемияның себебі болып табылады

A) ашығу

B) бүйрек үсті безінің созылмалы жеткіліксіздігі

C) гликогеноздар

D) инсулинді артық енгізу

E) инсулинома

610. Гипогликемиялық кома патогенезінің негізгі тізбегі

A) мый нейрондарының көмірсулық және қажымдық «ашығуы»

B) миокардтың көмірсулық «ашығуы»

C) қанның гиперосмиясы

D) теңгерілмеген кетоацидоз

E) теңгерілген ацидоз

611. Гормондық гипергликемия дамиды

A) инсулиннің артықтығында

B) глюкокортикоидтардың тапшылығында

C) глюкагонның артықтығында

D) адреналиннің тапшылығында

E) соматотропиннің тапшылығында

612. Инсулиннің ұйқыбезінен тыс жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін

A) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденелер түзілуі

B) Лангерганс аралшықтарының аймағында қанайналымы бұзылуы

C) панкреатитпен ауыру

D) ұйқы безінің өспелермен зақымдануы

E) қанның протеолиздік ферменттерінің мөлшері жоғарылауы

613. Инсулиннің ұйқыбезінен тыс жеткіліксіздігінің себебі болуы мүмкін

A) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларына аутоантиденелер түзілуі

B) Лангерганс аралшықтарының аймағында қанайналымы бұзылуы

C) Панкреатитпен ауыру

D) ұйқы безінің өспелермен зақымдануы

E) инсулинге қарсы гормондардың қанда көбеюі (АКТГ)

614. Инсулиннің ұйқыбезінен тыс жеткіліксіздігінің патогенезінде маңызы бар

a) Лангерганс аралшығы бета-жасушаларына антидене түзілуінің

b) инсулин түзілуінің тектік ақауының

c) бауыр инсулиназасының белсенділігі төмендеуінің

d) инсулиннің рецепторлары бөгелуінің

e) ұйқы безінде қанайналымы бұзылуының

615. Бүйректен тыс глюкозурия салдары болып табылады

A) гиперлактатацидемияның

B) кетонемияның

C) гипергликемияның

D) гиперлипидемияның

E) полиурияның

616. Гипоксияның тыныстық түрі дамиды

A) ауада рО 2 азайғанда

B) өкпе гиповентиляциясында

C) тыныстық ферменттердің белсенділігі төмендегенде

D) қанда гемоглобин саны азайғанда

E) айналымдағы қан көлемі азайғанда

617. Гемдік гипоксияны дамытады

A) темірдің тапшылығы

B) тиреоидты гормондардың тапшылығы

C) тиреоидты гормондардың артықтығы

D) цитохромоксидазаның әсерсізденуі

E) қоршаған ортада оттегінің жетіспеуі

618. Иіс газымен улану дамытады

A) тіндік гипоксияны

B) гемдік гипоксияны

C) қанайналымдық гипоксияны

D) тыныстық гипоксияны

E) экзогендік гипоксияны

619. Жергілікті және жалпы қанайналымы бұзылуынан дамитын гипоксия аталады

A) аралас

B) вазодилятациялық

C) экзогендік

D) қанайналымдық

E) тыныстық

620. Тіндік гипоксия дамуында маңызы жоғы

A) тыныстық ферменттердің әсерсізденуі

B) тыныстық ферменттердің түзілуінің бұзылуы

C) тотығу мен фосфорланудың ажырауы

D) митохондрийлардың бүліністері

E) тыныс орталығының тежелуі

621. Цианидтермен улану дамытады

A) тіндік гипоксияны

B) гемдік гипоксияны

C) қанайналымдық гипоксияны

D) тыныстық гипоксияны

E) экзогендік гипоксияны

622. Қанайналымдық – гемдік (аралас) гипоксия тән

A) организм сусыздануына

B) пневмонияға

C) жедел қансырауға

D) анемияға

E) иіс газымен (СО) улануға

623. Таулы аймақта ұзақ уақыт тұрған адамда кездеседі

A) қанда эритроциттер санының көбеюі

B) анемия

C) өкпе гиповентиляциясы

D) нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің тежелуі

E) тыныс бұлшықеттерінің атрофиясы

624.Гипоксия кезінде жедел бейімделулік серпілістерге жатады

A) қанның қорға дерттік жиналуы

B) тахикардия, тахипноэ

C) брадипноэ

D) тыныс бұлшықеттерінің гипертрофиясы

E) эритропоэздің әсерленуі

625. Ацетилхолин, брадикинин, гистамин дамытады

A) стазды

B) эмболияны

C) тромбозды

D) артериялық гиперемияны

E) ишемияны

626. Веналық гиперемияға тән

A) тіннің қызаруы

B) тіннің температурасының көтерілуі

C) қанағымы жылдамдығының азаюы

D) тіннің көлемінің азаюы

E) тіннің бозаруы

627. Обтурациялық ишемияның себебі болуы мүмкін

A) артериялық тамырдың эмболиясы, артериялық тамырдың тромбозы

B) вена тамырларының эмболиясы, тромбозы

C) ангиоспазм

D) артерияның сырттан қысылуы

E) артериялар мен веналардың арасындағы қысым айырмашылығының жеткіліксіздігі

628. Компрессиялық ишемия дамиды

A) артерия эмболмен бітелгенде

B) артерия тромбпен бітелгенде

C) артерия сырттан басылғанда

D) артерия жарылғанда

E) артерия тарылғанда

629. Жанама қылтамырлар саны шынайы-жеткілікті ағза


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 455 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.074 сек.)