Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шипалы сазбен емделу 7 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

Уақытты тиімді пайдалануға ұлы ғалымдар және қазақ ғұламалары да үлкен жауапкершілікпен қараған. Отыз жасында қайтыс болған қазақ ғалымы Шоқан Уәлиханов артқа тастап кеткен қыруар еңбектерін есептесеңіз, 30 жылға қайта сыйғызу қиын. Өйткені ол уақытын үнемдеуді жақсы білген, өте аз ұйықтаған.

Дана халқымыз: «Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық» - дейді. Сол айтқандарға біз салғырт қарайтын секілдіміз. Өйткені бүгінгі күні уақыт өлтіретін нәрсе өте көп. Соның бірі - теледидар. Жасыратыны жоқ, бұл күнде көк сандығы жоқ үйді елестету қиын. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне көпшілік көңіл бөлмейді. Орташа есеппен күніне үш сағат теледидар тамашалаған адамның жылдық осыған жұмсайтын уақыты 1095 сағатты құрайды екен. Бұл дегеніміз 45 түн мен 45 күнге тең. Есіл болған қайран уақыт! Ал теледидарға кеткен осы 1095 сағат ішінде қандай істер бітіруге болады, соны бір ойға алып көрейік. Бұл уақыт оқушының бір жылғы орташа оқу жылынан да артық. Яғни бір жыл оқымай қалдыңыз деген сөз. 1095 сағат ішінде ағылшын тілін өте жақсы меңгеруге болады. Яғни теледидардың кесірінен біз бір шет тілін үйрене алмай қалудамыз. Осы уақытта кітапты өте жай оқитын адамның өзі 25000 беттік кітапты оқып тауысады. Айта берсек мысал көп. Міне, теледидар көрудің өзі адамды қаншама игілікті істерден құр қалдыратын осыдан-ақ байқауға болады. (http://peterik.ru)

22- сабақ тыңдалымы: Уақыттың маңызы

 

Уақыттың тағы бір аңдушысы - ұйқы. «Көп білмек болсаң, аз ұйықта», «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының астарынан түнгі уақыттарын шығармашылыққа арнаған, ұйқымен өткен уақыттарын өлдіге балап, өкініш білдірген Мұқағали ақынның мына бір ғибратты өлеңінен аңғарғандаймыз:

Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,

Ұйықтасын сапарларын тамамдаған.

Алдымда сапар жолы тарам-тарам,

Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам.

Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,

Ұйқы тең шала-жансар өлімменен.

Қанша менің өлді екен уақытым,

Ақ төсек, ала жастық кебіндеген?!

Көп ұйқыдан арылу үшін жүйелі түрде бір уақытта жатып, бір уақытта тұру керек. Ал ұйқыны азайтқыныз келсе, дәрігерлер алты ай сайын жарты сағатқа азайтуға кеңес береді. Сонымен бірге аса тойып жатар кезде тамақ жеу көп ұйқыға себеп болады. Себебі адамның асқазаны жұмыс жасаған кезде миы да жұмыс жасайды. Адамға ұйқы денесінің демалуы үшін емес, миы демалу үшін қажет екен.

Рас, уақыттың бұдан да басқа жауы - ғаламторда отыру. Оның пайдасынан зияны әлдеқайда көп. Қазірде жастарымыз осындай уақыттарын текке кетіріп өздерінің болашақтарына балта шауып жатыр ма деп қатты қорқам. Сол үшін үлкендер тарапынан қатты қадағалап, болашағына, еліне керекті, дұрыс бағыт-бағдар берсек, өз борышымызды өтеген болар ма едік? Біле-білгенге уақыт - зор мүмкіндік. Адам мүмкіндікті дер кезінде кәдесіне жаратып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық. «Уақыт адамзатпен санаспайды, ал уақытпен санасқан адам адаспайды» деп түйген халық нақылы мына бір дәмді оймен үндесе түскендей. (http://www.elarna.com/koru)

 

23- сабақ тыңдалымы: Уақыт –алтыннан қымбат.

Қас қағым - бір секунд бір минут - 60 секунд

бір сағат - 60 минут

бір тәулік - 24 сағат

сүт пісірім - 30- 50 минут

шай қайнатым - бір жарым да 2 сағат

ет асым - 2 - 3 сағат

Күн түн мезгілдерінің аталуы

Ала кеуім - жер беті әлі жарықтанбай болар болмас бозғыл тартқан мезгіл

Құлан иек - таң жаңа сыз берген мезгіл

Таң сәрі - жерге алғаш жарық түскен мезгіл

Таңертең - таң атқаннан сәскеге деиінгі мезгіл

С әске - күн шылбыр бойы көтерілген мезгіл

Сиыр түс - күн арқан бойы көтерілген мезгіл

Ұлы сәске - түске жақындаған мезгіл

Түс - сағат он екі мезгілі

тал түс - сағат бірлер мезгілі

шаңқайтүс - сағат үштер шамасы

ұлы бесін - сағат төрттер мезгілі

кіші бесін - ұлы бесін мен намаздігер аралығы

екінті - күн батуға жақындаған мезгіл

қызыл іңір - күннің қызылы батыстан әлі жоғала қоймаған мезгіл

кеш - күн толық батқан мезгіл

ақшам - қас қарайып, шам жағатын мезгіл

іңір - алғашқы түн

жарым түн - түннің ортасы

түн - қас қарайғаннан - таң атқанға деиінгі мезгіл

Алғашқы Ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шығып, онда әрбір 8 жылдың бесеуінің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған үшеуінікі 384 күннен есептелді де жылдың орташа ұзақтығы (354 х 5 + 384 х 3): 8 = 365, 25 күнге тең болды.

Араб күнтізбесі Ай қозғалысына негізделіп жасалынған. Ерте кезде әрбір 24 жылдың 15-і 12 айдан, 9-ы 13 айдан есептелді. 13-ай «Нәси» деп аталды. Біз-дің Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 631 жылы нәсиді есептен шығарып тастап, содан бері араб жылы да он екі айдан құрала-тын болды.

Һижра есебі Бұл һижра есебіне дейін арабтар 24 жылдық циклден құралған Ай – Күн күнтізбелерін пайдаланып келді. Мұнда 12 айлық 15 жыл, 13 айлық 9 жыл бар еді. Осы күнтізбелерде жылдар – Күндік жылдың мөлшерімен, айлар – туар айдың мөлшерімен тең болғанды. Һижра есебі – тек Аймен ғана тікелей байланысты уақыт есебі. Ол бойынша жыл басы – жаңа туған Аймен басталады. Һижра есебі – 30 жылдық циклден құралған. Оның 19 жылы 354 күндік – жай жыл, 11 жылы 355 күндік – кібі- се (кәбиса) жыл. 30 жылдық циклде барлығы – 10631 тәулік бар. (www.info-tses.kz/red/article).

 

24- сабақ тыңдалымы: Күн тәртібі және денсаулық

Күнтізбе (орыс. календарь) – уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған. Азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, өйткені онсыз шаруашылықты ұйымдастыру мүмкін болмады. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған. Бірақ дәлдігі нашар, құбылмалы ауа райына тәуелді табиғи күнтізбелер халық қажетін қанағаттандыра алмады. Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дәйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген күнтізбелер бойынша жүргізетін дәрежеге жетті. Мұндай күнтізбелер алғаш Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді 3 топқа бөлуге болады: күн күнтізбесі, ай күнтізбесі және аралас күнтізбелер.

Күн күнтізбесі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығын 365 тәулікке теңестіріп, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. Ол Еуропалық күнтізбелерге арқау болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 45 ж. Рим императоры Юлий Цезарь, астроном Созигеннің жобасы бойынша жаңа күнтізбе жариялады. Бұл күнтізбе Юлий күнтізбесі немесе ескі санат деп аталды. Юлий күнтізбесіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 с артықшылығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады. Осыны тұрақтандыру үшін Рим папасы Григорий ХІІІ 1582 ж. уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5-қазанды 15-қазан деп есептеу және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа санат деп аталады. Осы күні көптеген елдерде Григорий күнтізбесі қолданылады.

Алғашқы ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шықты. Онда әрбір 8 жылдың бесеуінің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған үшеуінікі 384 күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақтығы (354.5+384.3):8=365,25 күнге тең болады.

Араб күнтізбесі де Ай қозғалысына негізделген. Араб жылы 12 айдан құралады. Әрбір 30 жылда 11 жыл 355 күннен, 19 жыл 354 күннен саналады. Нақты жылдан 11 күні кем болғандықтан, араб жылының басы жылжып отырады.

622 ж. арабша 1-жыл. Ол Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мединеге көшіп барған жылы. Жылдардың бұл жүйесі ай һижрасы деп аталады. Араб күнтізбесі араб елдерінде, Азия мен Африканың мұсылман дінін тұтатын көптеген елдерінде ресми қолданылады. Еврейлер ертеде Вавилон күнтізбесін қолданған, кейін біздің заманымыздан бұрынғы 4-ғасырда аралас күнтізбеге көшті. Еврейше жыл есебі біздің заманымыздан бұрынғы 3761 жылдан басталады. Яғни сол жылы “дүние жаралған”. Бұл күнтізбе Израиль мемлекетінде қолданылады. Ежелгі түркілер, негізінен, күн күнтізбесін пайдаланған. Кейін ол қазақ, өзбек, түрікмен, татар, әзербайжан, т.б. халықтардың күнтізбелеріне негіз болды. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған. Қазақстанда 1918 жылдан бері Григорий күнтізбесі қолданылып келеді. (Қазақ ашық энциклопедиясынан алынды).

 

25- сабақ тыңдалымы: Уақытты қалай пайдаланып жүрміз?

Күн тәртібі және денсаулық

Жер бетін мекен ететін барша адамзат «Уақыт» атты Билеушіге бағынады. Мәртебесі биік Уақыт жаһандағы жұртты өзіне бас идіріп, өзінің құлы етті. Қазақта «Уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегендей бізбен санасуына да, оны тоқтатуға да пәрменіміз жоқ.

«Уақыт» ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың ауысып өткендігін білдіреді.Уақытты түсіну адамның өзінің жеке өмірі мен жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстармен өлшенетін ұғым болар. Жан-жағымыздағы табиғи құбылыстар, молекулалар мен атомдардың қозғалысы, жүректің соғуы т.т. Алайда, уақыттың өлшемін анықтау қоғамдағы, адамның өміріндегі даму процестеріне де тікелей байланысты. Уақыт бір орында тұрмайды. Ол ешнәрсеге қарамастан жылжуын жалғастыра береді. Ал, Жердегі уақытты өлшеу Ай, Күн, Жұлдыздар болмаса мүмкін болмас еді. Алғашқы уақытты өлшеу жүйесі б.з. дейін бірнеше мың жыл бұрын мемлекет пен мемлекеттік өркениеттің туған жерінде Таяу Шығыста пайда болған. Тәулікті 24 сағатқа, сағатты – 60 минутқа, ал әр минутты 60 секундқа бөлу Мысыр мен Вавилоннан бастау алады. Жеті күндік апта, жеті ғаламшар, жұлдыздар белгісінің бәрінің де тарихы осы елдің еншісінде. Шығыста уақытты өлшеудің негізгі жүйесі – күнтізбе болды. Күнтізбенің дамуына байланысты сол кездегі ғалымдар аса кіші хронологиялық кескіндерді де есептеп шығуға тырысты. Бұл зерттеулер Шығыста математикалық пен астрономиялық, физикалық білімдердің дамуына жол ашты. Ізденістерге шығыстықтардың уақытты анықтауға деген құштарлығы ғана емес, әлемдік заңдылықтар тарихын түсінуге, жаратылыстың мағынасын айқындауға ұмтылысы себеп болды. Уақыттың бір сызықтық есептеуі қарапайым реттеу мен күндерді есептеумен жүргізіледі. Ал, бүгінгі күнтізбелік уақыт белгілі бір сенімнің тұжырымынан басталады.

Бұрындары бабаларымыз дәл есептейтін сағаттың жоқтығынан, Жұлдыздық ай мөлшерін 28 күн етіп, сағат, минутсыз бөлшектемей, бүтіндей белгілеген. Өздеріңізге белгілі, бір жыл ішінде Ай мен Үркер 13 рет қана «тоғыса» алады. Мұны 28 күнге көбейтсек, Тоғыс есебінде 364 күн болады. Ертеде өркениетті деген елдердің өзі жыл есебін 360 күн деп белгілеген. Ал біздің ата-бабаларымыз болса, оны 364 күн деп дәл есептеп көрсеткен. қардың кетуі, өзендердің тасуы

PS. Бір минут, келесі минутты алмастырады, бір күн алдағы күнді, айлар өтеді, жылдар жылжиды. Жаһандық уақыт бір өлшемге бағынатынына қарамастан, жеке адамдар үшін белгілі бір уақыт ұзақ немесе қысқа болып өлшенеді екен. Алуан адамға сол бір сәт әртүрлі мағына беруі де мүмкін. Адамзаттың «уақыт» атты өте күрделі жүйені ойлап тапқан сәтінде, өздері сол уақытқа бағынарын білсе керек. Адам жүйесі өте күрделі. (Қазақ ашық энциклопедиясынан алынды.)

26-сабақ тыңдалымы: Дені саудың - жаны сау

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.. Сондықтан таңдауымыз - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап осы ұстанымды басшылыққа алып келеді. Қоғамның денсаулығы – бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндетін жүзеге асыру жолындағы басты тірек.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығына баса назар аударып, Республика Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында: «Егеменді еліміздің болашағы – жастар, олардың денсаулығы мықты болып, шынығып өскендері жөн. Негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге өскелең ұрпақ келеді. Бірақ бізге әрдайым қалың бұқара үшін адамдарды емдейтін дәрігерлерден гөрі, оларды үйрететін,

адамдарға бағыт көрсететін, оларды үлгі-өнегелерімен еліктіріп, ілестіріп жүретін ұстаздар керек. Оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі болып отыр. Әрбір адам салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүруі үшін, аурудың алдын алуы және болдырмауы үшін дұрыс тамақтануы, қоршаған ортаны жақсартуы, дене тәрбиесімен айналасуы керек. Есірткілерді, темекі мен алкогольды тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтау үшін күрес жүргізу керек. Денсаулық – әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Салауатты өмір салтын қалыптастыру процесі – ұзақ мерзімді қажет ететін баяу процесс, дегенмен бұл қазіргі таңда денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдісі болып табылады» дейді.
Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болса да болашағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда.

«Өмір қозғалысты талап етеді» деп Аристотель айтқандай, адамда қозғалыссыз өмір жоқ. Мұны әркім білуі тиіс, ұзақ өмір сүргің келсе қимыл- қозғалыста болу керек. Адамдарда аз қозғалудың нәтижесінде аурушандық пайда болады. «Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі» деген қағиданы естен шығармау керек..

 

27-сабақ тыңдалымы: Ауру – астан

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Дұрыс тамақтану мен күнделікті ас мәзірінің әртүрлі болуы денсаулыққа ие болу мен ұзақ өмір сүрудің кепілі болып табылады. Адам баласы өз денсаулығын күтсе ғана денсаулығын жақсы сақтай алады. «Ауру – астан, дау – қарындастан» деген сөзді үнемі есте ұстап, күнделікті тұтынатын тамағымызға ой жүгіртіп, денсаулыққа зиянды өнімдерді пайдаланбаған дұрыс. Тамаққа қатысты үнемі есте ұстайтын нәрсе – тұзды шектеу. Тұз адам ағзасына қатты әсер етеді. Сонымен бірге майлы ет, сары май, қаймақ сияқты майлы тағамдарды да аз мөлшерде қолданған дұрыс. Майлы тағамдарды, тәтті тағамдарды шамадан тыс жеу ағзада зат алмасуды бұзып, семіздікке әкеледі. Ал майлы, тәтті тағамдарды шектеп, ас мәзіріңізді мұхият қадағалап отырсаңыз артық салмақтан арыласыз әрі қандағы холестериннің мөлшері азаяды. Көшеде сатылатын донер, самса, чизбургер сияқты толып жатқан құрғақ тамақтарды мүмкіндігінше жемеген дұрыс. Олар адам денсаулығының бұзылуына бірден-бір кері әсерін тигізеді.

 

(«Денсаулық» журналынан).

 

28-сабақ тыңдалымы: Тазалық – денсаулық кепілі

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді тыңдаңыз.

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуын қадағалауы тиіс. Ол үшін ең әуелі әрбір адам жеке басының тазалығын сақтауы керек. Күнделікті бір уақытта тұрып, бөлмені желдетіп, жаттығу жасауы, тісін тазалап, беті-қолын жууы керек. Таңғы, түскі және кешкі асты ішердің алдында, сабақтан, жұмыстан келгеннен соң міндетті түрде қолын сабындап жуған жөн. Кешке жатар алдында жуынып, бөлмені желдетіп алсаңыз түнде жақсы ұйықтайсыз әрі жақсы демаласыз. Адамның жақсы ұйықтауы үшін көрпе-жастықтың гигиеналық рөлі ерекше. Олар ауаны жақсы өткізетін, оңай жуылатын болуы керек. Көрпе-жастықтың тыстарының кенеп, мақта маталардан тігілгені пайдалы. Өйткені олар ыстықтатпайды, ауаны жақсы өткізеді де дененің еркін демалуына септігін тигізеді. Төсек-орынды кем дегенде 7-10 күнде ауыстырады. Күндіз оларды арнайы орынға немесе шкафқа жинап қойған дұрыс.

 

(«Жан мен тән саулығы» газетінен).

 

29-сабақ тыңдалымы

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Шипалы сазбен емделу

Сұлулық пен денсаулық – арзанға алған тауар емес. Оны сатып алу мүмкін емес, ал сақтау қиынға соғады. Сондықтан адамдар өз денсаулықтары жолында бәріне дайын болып, түрлі емдеу шараларынан бас тартпайды. Табиғи емдеу шараларының адам денінің саулығына берері мол. Солардың бірі – шипалы саз ваннасы.

Сазбен емдеу тәсілінің тарихы тым тереңде жатыр. Бұрыннан-ақ адамдар саз балшықтардың пайдасын аңғара бастаған. ХІХ ғасырда арнайы саз балшықтарымен емдейтін шипажайлар мен емдеу орталықтары ашылған. Ал бүгінгі күні бұл емдеу шарасына барша жанның қолы жетеді. Ол үшін ақша жинап «Өлі теңізге», «Қызыл теңізге» тартып кетудің түкке де қажеті жоқ. Бұл емдеу шарасын кез келген өңірде жасауға болады. Әйтсе де дәрігердің бақылауымен ғана жасаған дұрыс. Ауырудың түрлеріне қарай дәрігерлер адамға жалпы не жергілікті емдеу шараларын белгілейді. Ауру адамның жалпы денсаулығы міндетті түрде ескерілуі қажет.

Емдік саз – құрамында су мен минералды заттары мол бірден-бір дауа. Шипалы саз ваннасы тұздың таралуы мен зат алмасу жұмыстарының жақсы жүруін реттейді. Жұқарған жүйкені де емдеуге таптырмас ем. Бойында артық салмағы бар жандарға да пайдалы. Сазбен емделу барысында олар артық салмақтан да арылады.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен)

30-сабақ тыңдалымы: Пайдалы кеңестер

Тыңдалым

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Ғалымдардың айтуынша, күнделікті қажетті мөлшерде қабылданатын кейбір тағам түрлері адамды қатерлі аурудан сақтайды. Шоколад меланома немесе қатерлі тері ауруларынан қорғайды. Оның құрамында флавоноидтар бар. Сондықтан күніне шоколадтың 1 тілімін немесе 1 стакан какао ішіп тұрған пайдалы.

Қызанақтың да пайдасы көп. Ол – асқазан, ішек жолдары ауруларының алдын алу үшін таптырмас ем. Қызанақтың құрамында ликопин бар. Күніне қызанақтың 3 данасын жеу немесе 1 стакан томат шырынын ішу керек. Негізінен, қызанақтың пайдалылығы температуралық өңделгеннен кейін арта түседі.

Кофенің де пайдалы жақтары көп. Күніне 1-2 кішкене стакан кофе іш.

Сүт қатқан шайжүрек-тамыр ауруларының алдын алады. Сүттің өзі де пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Сүтте адам ағзасына қажет пайдалы элементтер көп. Сүтті балалар болмаса үлкендер кеселеп көп іше алмайды. Сүтті балаларға қарағанда үлкен адамдардың асқазаны ауыр қабылдайды. Ал шайға қосылған сүт жеңіл қабылданып, пайдалы қасиеттерін толықтай бере алады. Сонымен қатар шайдың құрамындағы кофеин, алкоидтардың жаман қасиеттерін баса алады. Шай мен сүттің қосындысынан жасалған сүтті шай хош иісті, жұмсақ дәмді болып, ішкен адамды сергітеді. Сүттің құрамындағы ең маңыздысы кальций сүйекті, шаш пен тырнақты берік етеді. Диетолог мамандардың өзі күніне сүт қатқан шайдың 3-8 шынысын ішуге кеңес береді.

 

(«Жан мен тән саулығы» газетінен).

 

31-сабақ: Менің елім – тәуелсіз Қазақстан

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең. Халқымыздың тарихында отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері мол. Отансүйгіштік сезім – ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа жақтан көрініс табатын, мәңгілік ұғым. Отансүйгіштік – Отанға деген сүйіспеншілік, бойыңдағы бар күш-қуатыңды, ерік-жігеріңді Отан игілігі мен мүддесі үшін аямай жұмсау, туған жеріңді, қасиетті ана тіліңді, еліңнің салт-дәстүрін құрметтеу. Ол – ананың ақ сүтімен біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің арқасында бойға даритын ұлы сезім. Отансүйгіштік сезім – еліміздің дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде қалыптасу тарихында айтарлықтай жетістікке қол жеткізетін басты күш. Сан ғасырлар бойы отансүйгіштік сезімнің сан түрлі үлгілерін тарих дәлелдеп отыр. Қоғамның әрбір саналы азаматы өзінің мемлекетіміздің өткеніне, бүгініне және келешегіне қатысы бар екенін, Отанымыздың күш-қуатын нығайтуға, оның дамып, алға жылжуына жауапты екенін сезіне білуі керек.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 248 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)