Читайте также: |
|
4-жазылым. Мәтіннен Құрманғазы күйлерін теріп жазыңыз. Күйлердің шығу себептерін анықтаңыз.
Үлгі: «Кішкентай» күйі- ұлт-азаттық көтеріліске арнаған алғашқы туындысы.
Тыңдалым
Күй— музыкалық жанр
Тыңдаңыз.
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Күй— қандай жанр?
а) музыкалық жанр
в) драмалық жанр
с) сатиралық жанр
д) синкреттік жанр
2. Күйлер қайда орындалады?
а) оркестрлердің репертуарларында
в) әншілердің репертуарларында
с) суретшілердің бейнелеуінде
д) вокальдық орындауларда
3. Күй қай ғасырда жеке музыкылық жанр болып қалыптасты?
а) 14 ғасырда
в) 10 ғасырда
с) 17 ғасырда
д) 20 ғасырда
4. Қобыз күйлерінің құрылымы қандай болып келеді?
а) күрделі
в) жеңіл
с) оңай
д) күшті
5. Күй орындауда маңызды не?
а) қағыс
в) ұру
с) шалу
д) соғу
Анықтама
Музыкалық аспаптар – музыкальные инструменты
Өкіл – представитель
Музаканы зерттеу – музыкальное исследование
Өнер – искусство
Домбыра шерту – играть на домбре
Ұлы сазгер – великий композитор
Туындылар – произведение
Ырғақ – ритм
Әлеуметтік өмір – социальная жизнь
Тезаурус:
Мирасқор – мұрагер
Қомақты – аумақты, көлемді, үлкен деген мағына.
Толғау – жыр, жыраудың, күйшінің төгілтіп орындаған шығармасы.
Қағыс – домбыра тартудағы пернелерді қағу.
44-сабақ
Күйші Дина
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Аспап, ұлттық құндылық, перне, тиек, әртіс, көрнекті, құлағы, сан ғасырлар, шерпе күй, дыбыс, таста қашалған, үйренген, бата, үлкен өнер, риза болу, белес, арқау.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Нұрпейісова Дина
Күйші-композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері, Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген.
Дина домбыраны 9 жасында әкесі Кенжеден үйренген.
1870 жылы ол Құрманғазымен тұңғыш рет кездеседі. Жас Динаның өнеріне риза болған Құрманғазы бата береді. Бұл кездесу болашақ үлкен өнер иесі Динаның шығармашылық тағдырына зор әсер етті.
Дина шығармаларының негізгі арқауы – халық музыкасы. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінен халық шығармаларының дәстүрі айқын аңғарылады.
Дина шығармаларындағы жаңа бір белес оның «1916 жыл» деген күйінен басталады. Бұл шығарма қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысына арналған. 1937 жылы Халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, бірінші жүлде алған. Дина 1939 жылы Мәскеуде өткен халық аспаптары орындаушыларының Бүкілодақтық байқауына қатысты. Күйшінің «Әсем қоңыры», «Тойбастары», «Ана аманаты», «Жеңіс», «Еңбек Ері», «Сауыншы» атты күйлері – замана тынысын, өз замандастарының бейнесі мен мұрат-мақсатын күй тілінде өрнектеген шығармалар. Құрманғазы, Дәулеткерей дәстүрін дамыта отырып, кеңес дәуірінде күйшілік өнерді көтерді. Дина күйші «Еңбек Қызыл Ту» орденімен және бірнеше медальмен марапатталған.
Күйші Дина Нұрпейісова туралы жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың «Қайран шешем» атты романы бар.
( Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым.Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009 )
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Дина Нұрпейісова қай жерде және қашан дүниеге келген?
2. Дина домбыраны неше жасында кімнен үйренген?
3. Динаның өнеріне кім бата берген?
4. Дина Нұрпейісова кімдерге арнап күй шығарған?
5. Дина Нұрпейісова кімдердің дәстүрін жалғастырушы?
6. Сәуірбек Бақбергеновтың күйші Динаға арнаған қандай шығармасы бар?
Жазылым
1-жазылым. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.
1. Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова 1861 жылы Жаңақала ауданы,
........................
2. Дина шығармаларының негізгі арқауы –......................
3. 1937 жылы Халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып,
...................................
4. Құрманғазы, Дәулеткерей дәстүрін дамыта отырып,............
2-жазылым. Мәтіннен қайда? деген сұраққа жауап беретін кеңістіктік мағынадағы сөйлемдерді өзгертіп жазыңыз.
Үлгі: Қазақ КСР Халық артисі Дина Нұрпейісова 1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы, Бекетай құмында дүниеге келген- Күйші Дина Батыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген.
2-жазылым. Сөздердің баламаларын жазыңыз.
Музыкальные инструменты
Представитель
Музыкальное исследование
Музыкальный фольклор
3-жазылым. Берілген с өздер мен сөз тіркестерін сөйлем құраңыз.
Аспап, ұлттық құндылық, перне, тиек, құлағы, сан ғасырлар, шертпе күй, таста қашалған.
Тыңдалым
Қобыз
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Қобыздың шығаратын үні неге ұқсас?
а) адам дыбысына
в) құстың дыбысына
с) жануардың дыбысына
д) желдің дыбысына
2. Бақсы-балгерлер қобызды қандай құрал деп нандырған?
а) бейнелеп сөйлейтін
в) көк тәңірмен сөйлестіретін
с) дыбыс арқылы сөйлейтін
д) сурет арқылы сөйлейтін
3. Қобыз қандай ағаштардан жасалады?
а) қайың, арша
в) терек, қарағай
с) балқарағай, қарағаш
д) шырша, үйеңкі
4. Қылқобыздың қазіргі кезде жетілген қанша шекті түрлері бар?
а) алты
в) төрт
с) жеті
д) бес
5. Қобыз сөзі қандай мағына береді?
а) қобыдан шыққан дыбыс
в) ағаштан шыққан дыбыс
с) тастан шыққан дыбыс
д) сандықтан шыққан дыбыс
Анықтама
Аспап – инструмент
ұлттық құндылық – национальное ценность
пернелер – лады домбры
тиек – кобылка домбры
құлағы – колок домбры, настраивать
ғасырлар – веки
шертпе күй – вид наигрыша на домбре
дыбыс – звук
Тезаурус
Қобыз – тау аңғарындағы астау тәрізді болып біткен ойпаң жазық жер.
Ысқы – күміс бетін жылтыратуға арналған былғарымен қапталған қайқы таяқша.
Күйшілік – күй орындаушылық
45-сабақ
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Мәдениет орталығы, рухани кейпін арттыру, тарихи мұра, әлемдік мәдениет, бұқаралық кітапхана, зәулім ғимараттар, құрылымдық бөлімдер
құнды мәліметтері, ұйымдар, қорлар.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы — Астана қаласында орналасқан.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтің ұсынысы бойынша жаңа астананың мәдени және рухани кейпін арттыру, үлкен қоғамның Қазақстан халқының тарихи мұрасымен, оның әлемдік мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктерімен танысуы мақсатында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылдың 27 қазанынан № 1620) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайы» және «С. Сейфуллин атындағы Республикалық бұқаралық кітапхана» екі республикалық мекеменің бірігуі арқылы құрылған.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы Астана қаласындағы екі ірі жол торабы Республика даңғылы мен А. Бараев көшелерінің қиылысында орналасқан.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының жалпы ауданы — 20315,0 шаршы шақырым.
Бұл — Астана сәулетінде зәулім ғимараттардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы үлкен биіктіктен қазақ халқының мәдениетіне тән, сәулелері әлемнің төрт бұрышына таралатын дөңгелек ретінде көрінеді.
Бүкіл сәулет композициясының осьтік орталығы радиусы 19,5 м, ғимаратқа түркілік сипат беретін, 16 метрлік күмбезбен бекітілген 5 қабатты мұражай болып табылады. Күмбездің жоғарғы жағы бірінші қабаттан еденге дейінгі деңгейде орналасқан.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы — бұл ерекше орталық, мұнда келесі құрылымдық бөлімдер бар:
Қазақстан республикасы мемлекеттігі тарихының Мұражайы.
Ғылыми кітапхана. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен президенттілігі институтының тарихын зерттеу Ғылыми Орталығы.
Концерттік зал — ұлттық дәстүр Театры, «Қазақстан музейлері» журналы баспасының орталығы.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы Қазақстандағы жалғыз мәдени-ағарту мекемесі болып табылады, мұнда: қазақ халқының тарихы мен рухы насихатталады қазақ мемлекеттігінің қалыптасуының тарихи оқиғалары анықталып, Қазақстан Республикасы президенттілігі институтының пайда болуы мен гүлденуінің қазіргі тарихының фактілері мен дәйектемелері анықталынады.
Қазақ этносының Евразия кең даласының ұлы халқы ретінде қалыптасуының ретротарихының аса құнды мәліметтері мен коллекциялары көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Н. Ә. Назарбаевтың көпқырлы және жемісті шығармашылығының құжаттары мен тарихи материалдары арқылы азаматтық қоғамда көпұлтты және көпконфессионалды қазақ халқының бірігуі, ұлтаралық келісім, бейбітшілік пен толеранттылық объектендіріледі.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы өзінің әртүрлі және әржақты шығармашылығы арқылы тарихи шыңдыққа, қазақ халқының дәстүрлі және әлем әдебиетінің гуманистік құндылықтарына сілтейді және өзінің алдындағы барлық мақсаттарын жүзеге асыруға және бұл салада еңбек ететін барлық ұйымдар мен мекемелер, қорлар мен агенттіліктермен ынтымақтастыққа келуге дайын.
(Қазақ энциклопедиясы)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы қай қалада орналасқан?
2. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы Астана қаласының қай көшелерінің қиылысында орналасқан?
3. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында қандай құрылымдық бөлімдер бар?
4. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығынан не көреміз?
5. е Қазақ этносының Евразия кең даласының ұлы халқы ретінде қалыптасуының ретротарихының аса құнды мәліметтері мен коллекциялары көрсетіледі.
Жазылым
1-жазылым. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.
1. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының жалпы ауданы —.....................
2. Бұл —..........................
3. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы үлкен биіктіктен қазақ халқының мәдениетіне тән,.........................
4. Концерттік зал —................................
2-жазылым. Сөйлемдерден адресат-объектіні табыңыз. Сұрақ қойыңыз.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы Астана қаласындағы екі ірі жол торабы Республика даңғылы мен А. Бараев көшелерінің қиылысында орналасқан.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығының жалпы ауданы — 20315,0 шаршы шақырым.
Бұл — Астана сәулетінде зәулім ғимараттардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы үлкен биіктіктен қазақ халқының мәдениетіне тән, сәулелері әлемнің төрт бұрышына таралатын дөңгелек ретінде көрінеді.
Бүкіл сәулет композициясының осьтік орталығы радиусы 19,5 м, ғимаратқа түркілік сипат беретін, 16 метрлік күмбезбен бекітілген 5 қабатты мұражай болып табылады. Күмбездің жоғарғы жағы бірінші қабаттан еденге дейінгі деңгейде орналасқан.
Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы — бұл ерекше орталық, мұнда келесі құрылымдық бөлімдер бар:
Қазақстан республикасы мемлекеттігі тарихының Мұражайы.
Ғылыми кітапхана. Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен президенттілігі институтының тарихын зерттеу Ғылыми Орталығы.
Концерттік зал — ұлттық дәстүр Театры, «Қазақстан музейлері» журналы баспасының орталығы.
3-жазылым. Сөздердің синонимдік ретін табыңыз.
Құбылыс...... | |
Құндылық...... | |
Ғұлама...... | |
Көне..... | |
Өрлеу..... |
Тыңдалым: Көшпенділер өркениеті
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Әрбір ұлттың мәдениеті қандай ортада әрекет етеді?
а) қоршаған ортада
в) айналадағы орта
с) кеңістіктегі орта
д) оқшау ортада
2. «Ата қоныс» көпшелілер үшін қандай ұғымды білдіреді?
а) түсініксіз
в) киелі
с) кең мағыналы
д) терең
3. Адам мен табиғат арасында мәдениеттің атқаратын қызметі нені білдіреді?
а) «қытай қорғанын»
в) нәзік үндестікті
с) дәнекерлікті
д) сүйіспеншілікті
4. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе әдептіліктік жүйесіндегі қандай ұғымдармен тікелей байланыстырылды?
а) амал және адал
в) дұрыс және бұрыс
с) жақсы және жаман
д) обал және сауап
5. Қуаң даланы игеру неге бағытталған?
а) оны өзгертуге
в) оның ажырамас бір бөлігіне айналуға
с) адамдардың табиғаттың иесі екенін көрсетуге
д) оны құртып жіберуге
Анықтама
мәдениет орталығы – культурный центр
рухани кейпін арттыру – повисить духовный мир
тарихи мұра – историческая наследия
әлемдік мәдениет – мировая культура
бұқаралық кітапхана – массовая, информационная библиотека
зәулім ғимарат – высотное здание
құрылымдық бөлімдер – структурные отделение
құнды мәліметтері – ценные сведение
ұйымдар – организации
қорлар – фонды
Тезаурус
Күмбез– Кесененің, мешіттің мұнарасы, шаңырақ тәрізді төбесі
«Ата қоныс» – ежелгі тұрақ, мекен, жұрт, байырғы мекен – жай.
Әпсана – аңыз-әңгіме.
Үндесу – сәйкес келу.
Тыңдалымдар:
1- сабақ тыңдалымы: Ақын Мұхтар Шахановпен сұхбат
Тыңдаңыз:
– Мұхтар аға, сіз ақын ретінде де, қоғам қайраткері ретінде де қалың қазақтың аяулы ұлысыз. Сіз бір естелігіңізде атақты балуан Қажымұқанды бала кезіңізде көргеніңізді айтып едіңіз. Сол әңгімеге тағы да оралсақ дейміз...
– Қажымұқан секілді теңдессіз балуан біздің үйге қонаққа келген. Қажекең сол кездегі үлкен тракторды екі артқы дөңгелегінен көтеріп, жүргізбей қоятын, 15-20 еркек жабылып, майыстыра алмайтын ұзынша жуан темірді мойнына галстук етіп орай салатын, құлагер рухты даламыздың ұлы перзенті болған. Қажымұқан біздің үйге келгенде әкем өзінің бес жасар перзентіне, яғни маған сауын етіп отырған жалғыз ешкіні атып ұрып, ауыл қарияларын түгел жинап, қонақасы берді.
Тым ерке әрі тентектеу болғандықтан ба, төрде жамбастап жатқан, 215 келі «таудай адам» – Қажымұқанның үстіне шығып сырғанақ ойнағаным есімде. Сонда қатты ұялып, мені түсірмек болған анама Қажекең рұхсат бермепті. Менің қимыл-харакетімді денесіне шыбын қонған құрлы көрмей, кеңк-кеңк күліп, ауыл қарияларымен әңгімесін жалғай бергені санама тасқа басылғандай жазылып қалыпты.
Кешкілік Қажымұқанды шығарып салған соң, әкем анама ризалықпен бұрылып, басқа әйел болса, жалғыз ұлға талшық қылып отырған ешкіні сойғанына ренжитінін, ал анамның бір ауыз қарсылық білдірмегеніне ырза болғанын жеткізді.
–Расында да бұндай жағдайда кез келген әйел баласының қамын ойлайтын болар?
–Иә, кез келген әйелдің аузынан шығатын сөзді айтпаған анама мен ризамын. Менің анам елдегі ізгі даралықты мойындамаған адамның бәрі де өз ұлтының өсуіне кедергі болатынын жанымен түсінетін асыл адам болған. Қазақ әйелдеріне тән салқынқандылық пен жомартжандылық – анама туа біткен қасиет деп айта аламын.
2 –сабақ тыңдалымы: Жас Мұхтар
Тыңдаңыз:
–Ахмет аға! Жас кезінде Мұхтар өзін кімнің баласымын деп айтушы еді?
–Мұхтар кәрі апамнан тудым, атамның баласымын деп айтушы еді.
–Өз әкесі Омарханды кім деуші еді?
– Омарханды «аға» деп атайтын.
– Анасы Нұржамалды қалай атады?
– Жеңеше дейтін.
–Атасы мен әжесі бала Мұхтардың бұл сөздеріне қалай қарайтын?
–Олар баланың сөзін қызық көріп, ризалықпен күліп отыратын еді.
(«Жас Мұхтар» кітабынан)
3-сабақ тыңдалымы: Анасы мен баласы
Тыңдаңыз:
– Балам-ау, саған телефон соғып, ала алмадым ғой. Осынша кешіккенің не?
–Апа, телефонымды өшіріп қойып едім. Кино кеш аяқталды. Жатып ұйықтай бермедіңіз бе?
– Сенің үйден кеткеніңе төрт сағат болды, бір рет те хабарласқан жоқсың, мен қалай ұйықтаймын?
–Апа, мен кішкентай бала емеспін ғой, мені ойлап, уайымдай бермеңізші.
– «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада» деп айтқан екен аталарымыз. Өзің де әке боласың, сонда түсінерсің, балам.
–Жарайды, міне, келдім, қазір айран ішемін де жатамын.
–Тамақ жылытайын ба?
– Жан анашым! Тамақ ішпеймін. Бұдан былай кешіксем, телефон соғып, міндетті түрде хабарласамын. Ренжімеңізші, расында да сіздің мені ойлап, уайымдап ұйықтамай отыратыныңызды ұмытып кетіппін. Жатып, демала беріңіз. Міне, мен де жатамын.
4-сабақ тыңдалымы: Абай жеткізген сәлем
Тыңдаңыз:
– Құлыншақ аға, әкем сізге сәлем айтып еді...
– Сәлемет болсын... Иә, Абайжан, әкең не дейді?
–Айтқаны – мына жердегі Бетқұдық жайы. Бұрын Борсаққа тиісті қоныс екен. Соған былтыр күзді күні қыстауға кірер алдында сіздің ауыл қоныпты. Бірталай отырыпты. Қазір жаз шыға: «Осы жерді Құлыншақ маған қиса екен, қонбаса екен» деп әкеме Борсақ өтініш айтыпты.
–Оған әкең не депті?
–Әкем Құлыншақ қонбаса жақсы болар еді деп мені сәлеммен жіберді.
–Балам, бұл жердің даусыз иесі – Борсақ екені рас. Мен иелік жөнімен емес, келісім ретімен үлес алып келіп едім. Үлкен кісі ғой, Құнекеңнің сәлеміне көнбеске райымыз бар ма?!
5-сабақ тыңдалымы: Әйел- ерінің тірегі
Тыңдаңыз:
Ерлеріне тірек болған әйелдер туралы ән де, жыр да, аңыз-әңгімелер де көп. Соның бірі мынадай...
Ибраһим пайғамбардың ұлы Ысмайыл алыста жүріп үйреніпті. Бұл хабарды естіген әкесі бір күні ұлын іздеп келіпті. Келсе, ұлы үйінде жоқ, жас келін бейтаныс ақсақалды есік алдында қарсы алыпты. Келін келген кісі өзінің қайын атасы екенін білмейтін еді. Жолдан шаршап, шөлдеп келген ақсақалға үйге кіріп, шай ішіңіз демейді. Көңілі қалып тұрса да, ақсақал жас келіншектен тұрмыс жағдайлары қалай екенін сұрайды. Келіншек «жоқ» деген сөзден басқасын айтпайды. Үнсіз тыңдаған қария кетерінде «Күйеуіңе айт, үйдің босағасын ауыстырсын, сонда ғана тұрмысы түзеледі» дейді. Сөз астарын түсінбеген әйел күйеуі келгенде көрген-естігенін түгел айтып береді. Ысмайыл келіп кеткен өз әкесі екенін, келініне ренжіп кеткенін түсінеді.
Арада жылға жуық уақыт өтеді. Ибраһим пайғамбар тағы да ұлын іздеп келеді. Баласы тағы да үйінде болмай шығады. Бұл жолы қарияны бейтаныс келіншек күтіп алады. Ол қартты өз әкесіндей сыйлайды. Жол соғып шаршап келген ақсақалды төріне шығарып, дәм-тұзын ортаға салады. Тұрмыс – тіршілігі туралы қойылған сұрақтарға көп ойланбастан «Құдайға шүкір, бұйыртқаны болып жатыр» деп жауап береді. Күйеуінің қандай адам екенін сұрағанда, оның иманды, еңбекқор, адал азамат екенінін айтады. Мынадай жауапқа жаны жадыраған пайғамбар аттанарында: «Күйеуіңе сәлем айт, үйдің босағасын берік ұстасын» дейді. Ысмайыл келгенде келіншегінің айтқандарын тыңдай отырып, жарына әкесінің риза болып кеткенін, отбасының мықтылығы осы жарымен бірге болатынын түсінеді.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 227 | Нарушение авторских прав