Читайте также: |
|
( Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” )
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Қазақтың әйгілі актері Шәкен Айманов қайда дүниеге келген?
2. Ол кішкентай кезінен кімнің әндерін тыңдап өскен?
3. Шәкен Айманов қандай режиссер?
4. ҚазССР-і Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағы не үшін берілген?
5. Актер ретінде қандай фильмдерде ойнаған?
6. Әйгілі актер қандай фильмдер түсірген?
Жазылым
1-жазылым. Сөйлемдердің сыңарын табыңыз.
1. Ауыл мектебін бітіріп,.......................
2. Айманов актерлік өнерімен қатар режиссерлік шығармашылықпен де айналысып,.............
3. Театр өнерімен әуестеніп,................
4. Осы театр сахнасында жиырма жылдай еңбек етіп,...................
5. 1953 ж. бастап,.......................................
6. «Абай әні» фильмінде Абайдың шәкірті,............................
7. Айманов Қазақстан Кинематографистер одағын ұйымдастыруға қатысып,..........................
2-жазылым. Мәтіннен қайда? деген сұраққа жауап беретін кеңістіктік мағынадағы сөйлемдерді өзгертіп жазыңыз.
Үлгі: Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл өңірі - Қазақтың әйгілі актері, режиссері Баянауыл өңірінде дүниеге келген.
3-жазылым. Берілген фразеологизмдердің мағынасына қарай топтастырыңыз.
v Алтынның сынығы....................ұялды
v Ат басындай алтын..................қол жетпеске босқа әуре болма;
v Алтын дегенім мыс болды,
күміс дегенім жез болды..........жақсы адамның ұрпағы, жақсының көзі,
v Алтыннан ардақты, күмістен салмақты..сүйеніш, тірек, қамқоршы адам;
v Айдан алқа, жұлдыздан жүзік іздеме....... көлемді, үлкен алтын, олжа;
v Алтын бергек, асыл діңгек................. ойдағыдай болмай шықты,
Бет моншағы түсті..............аса қадірлі, қымбатты (адамға байланысты).
Тыңдалым
«Жаужүрек мың бала» – азаттықтың айнасы
Тыңдаңыз.
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының соңғы жылы түсірген ең ірі жобасын көрсетіңіз?
а) «Жаужүрек мың бала»
в) «Қыз Жібек»
с) «Амангелді»
д) «Менің атым Қожа»
2. Жоңғар шапқыншылығы – қандай тарих?
а) Ескі тарих
в) Ертеңгі тарих
с) Қанмен жазылған тарих
д) Ойдан кетпейтін тарих
3. Есімі кейінгі ұрпаққа тарихи жырлар мен аңыздар арқылы жеткен ержүрек сарбаздың бірі кім?
а) Сартай
в) Ақан
с) Сәкен
д) Мағжан
4. Картинада XVIII ғасырдағы атақты кімдердің бейнесі берілген?
а) Билер мен сұлтандардың
в) Хандар мен батырлардың
с) Жоңғарлардың
д) Көшпенділер мен сарбаздардың
5. «Жаужүрек мың бала» фильміндегі Сартай бейнесі бүгінгі ұрпаққа не береді?
а) Отансүйгіштікке тәрбиелейді
в) Ата-анасын қорғауға тәрбиелейді
с) Сүйгенін қорғауға тәрбиелейді
д) Бала-шағасын қорғуға тәрбиелейді
Анықтама
Әйгілі – известный
Бас режиссер – главный режиссер
Шебер орындау – с мастерством выполнить
Аяусыз – беспощадный, безжалостный
Жан дүниесі – внутренний мир
Ой толғам – мышление
Сомдады – сыграл образно
Тезаурус
Қысылтаяң – аласапыран, қарбалас, қатты қысылған кез.
Боздақ – елі үшін қаза тапқан сарбаз
Тұтқиылдан – күтпеген жерден
Жаужүрек – батыр, батыл жауынгер.
41-сабақ:
Ұлттық мәдениет тамыры
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Мәдениет, қоршаған орта, әлеумет, ұлттық құндылық, мәдени өрлеу, әлеуметтік құрылым, қозғаушы күш, табиғат объектісіндегі, әлеуметтік фактор, қоршаған орта, мақсат.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Ұлттық мәдениет
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. «Мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алып, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады.
Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б.
Бұл талап-тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талап, тілектер пайда болып, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейінірек те білімнің қалыптасып, жазудың шығуы жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды. Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттігі туды. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабымен тікелей байланысты.
(Ашық энцеклопедиясы)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Мәдениет дегеніміз қандай ұғымды білдіреді?
2. Мәдениет қалай пайда болады?
3. Қоғамды ілгері жылжытатын не?
4. Жеке адамның мәдениеті немен байланысты?
Жазылым
1-Тапсырма. Берілген мақал –мәтелдердің сыңарын табыңыз.
1. Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
.....................................................................
2. Ас көп болса,..............
3. Ағаны көріп іні өсер,
.....................................
4. «Сіз» деген – әдеп,
................................
5. Әдепті бала, ата-анасын мақтатар,
...........................................................
6. Жақсыдан үйрен,
......................................
2-Тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен..... 2. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше....
3. Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді,.... 4. Олар оны өз мақсатына.... 5. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі....
3-Тапсырма. Берілген фразеологизмдердің мағынасын ашып жазыңыз.
Бір тарының қауызына сыйғызу; иненің жасуындай; темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей; тізе бүкпеу; бел жазбау; көз ілмеу; кірпік қақпау; дүниені бір уыс қылу.
Тыңдалым
Қазақ мәдениеті
Тыңдаңыз.
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Әр халықтың өзіне тән, тарихи-әлеуметтік даму ерекшеліктері қандай құндылықтармен қалыптасады?
а) ежелгі
в) рухани
с) әдеби
д) мәдени
1. Қазақ халқы ненің иесі?
а) Бай кітаптың
в) Бай баспаның
с) Бай тарихтың
д) Бай орманның
3. Қазақстанның мәдени қазыналарын сақтау кімдерге арналады?
а) Үлкендерге
в) Жастарға
с) Ағаларға
д) Әпкелерге
4. Есік қаласынан табылған ескерткішті көрсетіңіз?
а) Айша бибі
в) Алтын адам
с) Арыстанбаб
д) Қарашаш ана
5. Кең байтақ жеріміздің әр аймағынан табылған жәдігерлер Қазақстан мәдениетінің несіне айналды?
а) Бай әдебиетіне
в) Бай қазынасына
с) Бай ескерткіштеріне
д) Бай шаруашылығына
Анықтама
Мәдениет – культура
қоршаған орта – окружающая среда
ұлттық құндылық – национальная ценность
өрлеу – продвижение; развитие
әлеуметтік құрылым – социальная формирования
жүйе – система
әлеуметтік фактор – социальный фактор
ежелгі – древний
Тезаурус
Мәдениет – (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгеріс.
42-сабақ: Айты с
Грамматика: Кеңістіктік қатынастың берілуі
(выражение пространственных отношений)
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Айтыс, синкреттік жанр, ақындар, ауыз әдебиеті, халықтық, көне заманда, жырау, көркемөнер, зерттеушілер, ақындар айтысы,суырып салма, дәріптеу.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Айтыс өнері
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, ақындар айтысына айналды. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық болып келеді.
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түркі тілдес елдердің бірқатарында кездеседі.
Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады.
Айтыстың ескі түрі – қыз бен жігіт айтысы. Айтыскерлердің негізгі тақырыбы – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптеп жырлаған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрі сақталған. Айтыстың кеш дамыған түрі бұл - жұмбақ айтысы.
Айтыс ақындары. Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Көбіне айтыста жеңілген ақын өткен айтысты ел арасына таратуға міндетті саналған. Сөйтіп, бір-біріне логикалық ой-жүйемен терең жымдасқан екі ақынның өлеңдері біртұтас дүниеге, қисса-дастан секілді шығармаға айналған. Айтыс ақындарының ұғымында өлең белгілі бір кісіге қонатын өнер саналған.
Өнер жарысы. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Өткен ғасырда Жанақ, Сабырбай, Шөже, Сүйінбай сияқты ғажайып айтыс ақындары болған. Бұл үлкен дәстүрді қазір Әсия, Әселхан, Қонысбай, Баянғали, Әлфия, Абаш, Мұхамеджан сияқты айтыс ақындары жалғастырып келе жатыр.
(Қазақ энциклопедиясынан)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Айтыс дегеніміз не?
2. Айтыс өнері қандай жанрға жатады?
3. Айтыс өнері қандай халықтарда кездеседі?
4. Қыз бен жігіт айтысының нгізгі тақырыбы не?
5. Қазіргі таңда айтыстың қай түрі дамыған?
6. Қандай айтыскер ақындарды білесіз?
Жазылым
1-жазылым. Мәтіннен сөйлемдердің сыңарын тауып аяқтаңыз.
1. Айтыс –...............
2. Айтыста осыған орай......
3. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында,.................
4. Айтыстың кеш дамыған түрі бұл -........
2-жазылым. Айтыс өнері неден басталады деп ойлайсыз, сол туралы ойыңызды жазыңыз.
Үлгі: Айтыс – өнер жарысы деп білемін.Мен атақты айтыскер ақындардың көбін білемін. Ақындардың айтысын қазақ жұртшылығы қызығып тамашалайды. Мысалы, «Біржан мен Сара» айтысында қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік сөз болады.
3-жазылым. Берілген мақал –мәтелдердің мағынасын ашыңыз.
v Әдептіліктің белгісі иіліп сәлем бергені,
Жақындықтың белгісі көп кешікпей келгені.
v Ас көп болса, кәде көп.
v Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.
v «Сіз» деген – әдеп
«Біз» деген - көмек.
v Әдепті бала, ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала, ата-анасын қақсатар.
v Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
4-жазылым. Сөздермен сөз тіркестерінің мағынасын ашып сөйлем құраңыз.
Құндылық, әдептілік, сыпайы, өнегелі, тал бесік, тұрмыстық, әдет-ғұрып.
Тыңдалым
Домбыра
Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1. Қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабын анықтаңыз?
а) күй сандық
в) рояль
с) домбыра
д) скрипка
2. Домбыра қай елдің тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді?
а) алтай
б) түркі
в) славян
г) Шумер
3. Қажетті сөзді қойыңыз: Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті,.... аспаптар тобына жатады.
а) үрмелі
в) ұрмалы
с) шертпелі
д) сілкілемелі
4. Аспаптар неден жасалады?
а) тастан
в) ағаштан
с) балшықтан
д) қыштан
5. Домбыраның қанша пернесі болады?
а) 8,10,12, 34
в) 5,6,15, 20
с) 9,11,14, 24
д) 2,16,19, 29
6. Домбыра аспабында қандай шығармалар орындалады?
а) симфония
в) күй
с) опера
д) пьеса
5. Сөйлемді толықтырыңыз:... күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған.
а) сазды
в) мұңлы
с) қайғылы
д) көңілді
Анықтама
Айтыс – песенное состязание акынов в импровизации или состязание ораторов
Синкреттік жанр – синкретический жанр
Ақындар – акыны, поэты
Ауыз әдебиеті – устная литература
Халықтық – народный
Жырау – представитель определенного жанра казахского исторического поэтического творчества
Көркемөнер – художественное искусство
Зерттеушілер – исследователи
Ақындар айтысы – состязание акынов
Тезаурус
Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Топшылау – бір нарсе жайлы ойша жорамалжасау, болжау.
Жымдасқан – бір-бірімен ниеттес, пікірлес.
43-сабақ: Күй атасы - Құрманғазы
Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
Музыкалық аспаптар, өкіл, музаканы зерттеу, өнер, домбыра шерту, шығармашылық, ұлы сазгер, туындылар, ырғақ, әлеуметтік өмір, ұстаз, табиғат көріністері.
Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.
Құрманғазы Сағырбайұлы
Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы XIX ғасырдың басында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы Ұзақ күйші болған. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болады. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер — халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі «Кішкентай» күйін арнаған. Одан кейінгі «Ақбай», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Адай» күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.
Оның «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем», «Ертең кетем», «Бұқтым-бұқтым» деген күйлерінде адам даусының ырғағын айқын берілген.
Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері «Балбырауын», «Әсем» бар.
Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнелеген. «Алатау» және «Сарыарқа» күйлерін дүниеге келтірген.
1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Е.Есжанов, М.Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Сүгірәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.
«Байжұма», «Бозқаңғыр» туындылары да Сағырбайұлының асқан өнерпаз күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өз күйлері арқылы орындаушылық өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. «Итог» атты күйінде күйші ауыр да азапты өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді. Сазгер шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған ортадан алған әсері сияқты арналары да айрықша орын алады.
Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуынақомақты үлес қосты.
(Тарихи тұлғалар. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009)
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы қай ғасырда және қай жерде өмір сүрген?
2. Құрманғазыны күй өнеріне баулығанұстазы туралы баяндаңыз.
3. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізуіне кімдер ықпал етті?
4. Күйші шығармашылығында қандай мәселелерге назар аударған?
5. Құрманғазы Сағырбайұлы түрмеге не үшін қамалған?
6. Қазіргі таңда атақты күйшілерді білесіз?
Жазылым
1-жазылым. Берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
1. Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы........ 2. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де.... 3. Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын.... 4. «Алатау» және «Сарыарқа» күйлерін дүниеге....
2-жазылым.Сөздердің синонимдік ретін табыңыз.
1. Дарынды...........
2. Өнерпаз..........
3. Сегіз қырлы............
4. Инабатты.........
5. Күміс көмей........
6. Айшық............
3-жазылым. Берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
«Байжұма», «Бозқаңғыр» туындылары да Сағырбайұлының асқан... күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өз күйлері арқылы... өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. «Итог» атты күйінде күйші ауыр да... өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді.... шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған... алған әсері сияқты арналары да айрықша орын алады.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 112 | Нарушение авторских прав