Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шипалы сазбен емделу 1 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

 

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Денсаулықты сатып алуға болады ма?

2. Адам денсаулығын жақсартуға көмегі тиетін қандай емдеу шараларын білесіз?

3. Сазбен өз бетіңше емделе беруге болады ма?

4. Дәрігерлер емдік шараларды қалай белгілейді?

Анықтама

Сұлулықкрасота

Саз балшықглина

Шипалы саз ваннасылечебная глинная ванна

Емдік сазлечебная глина

Тест сұрақтарына тыңдалым мәтініне сәйкес жауап беріңіз.

Табиғи емдеу шараларының бірі?

А) шипалы саз ваннасы

В) сүлік салу

С) сылау

D) уқалау

 

Бұрыннан-ақ адамдар ненің пайдасын аңғара бастаған?

А) ине салудың

В) саз балшықтың

С) булаудың

D) таза ауаның

 

Емдік саздың құрамында кездесетін заттар.

А) су мен минералдар

В) ылғал мен тұздар

С) тұз бен су

D) органикалық заттар

 

Саз балшықтар нені емдеуге таптырмас ем?

А) аяқ-қолды

В) жұқарған жүйкені

С) жүректі

D) бүйрек пен бауырды

 

30-сабақ

Пайдалы кеңестер

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын есте сақтаңыз.

Тыныс жолдары, тұмау, қан тамырлары, тоңу, теңіз тұзы.

 

Мәтінді оқып, қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз.

Тез жылынудың жолдары

Қыстыгүні тыныс жолдарының ауруларының себебі далада көп жүріп, тоңып қалуыңыздан болуы мүмкін. Көшеде тоңып қалу денсаулығыңызға тікелей әсер етпесе де, жалпы адам ағзасына әсер етеді. Сондықтан осындай жағдайларға ұшырамас үшін далаға шығар алдында ыстық шай ішіп алыңыз. Әсері қаттырақ болсын десеңіз, шайға тосап, лимон қосып ішіңіз. Лимонның құрамындағы С дәрумені сізді тұмаудан қорғап, жылу сақтауға көмектеседі. Үйге кірген соң да ыстық шайды тағы ішіңіз. Тез жылынамын деп алкогольді ішімдікті ішкен дұрыс емес. Ол ағзаны жылытудың орнына қан тамырларын кеңейтіп, ағзадағы жылудың бөлінуіне әкеледі де, ағза одан сайын суып кетеді.

Суық күнде ұзақ жолға шықсаңыз, тоңып қалмау үшін өзіңізбен бірге кішкентай термосқа ыстық шай не кофе алып алыңыз. Ол сіздің тоңып қалмауыңызға септігін тигізеді.

Суық күндері аяқ-қол бірінші кезекте тоңады. Сондықтан сапалы, табиғи материалдан тігілген, жылы аяқ киім мен қолғаптар алыңыз. Далада бір орында тұрмаңыз. Қимылдап, секіріп жүгіріңіз. Адамдар көп шоғырланған жақтармен жүріңіз.

Қай уақытта да суықтан үйге кіргенде қатты тоңып келсеңіз, қолыңызды бірінші құрғақ орамалмен сүртіп, артынан жылы ванна қабылдағаныңыз дұрыс. Суға теңіз тұзы мен эфир майларын қосыңыз.

(«Жан мен тән саулығы» газетінен,№01 қаңтар, 2013ж.)

 

Мәтіндегі мезгілдік қатынастарды білдіріп тұрған сөздерді тауып, мағыналарын түсіндіріңіз.

ЖАЗЫЛЫМ

1-жазылым. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне сөйлем құрастырып жазыңыз.

Дәрумен, тоңып қалмау, ыстық шай, таза орамал

 

2-жазылым. Мәтіннен салдар мәнді жалғаулық шылауларды теріп жазыңыз.

 

3-жазылым. Сөйлемді толықтырыңыз.

Әсері қаттырақ болсын десеңіз, шайға........................... қосып ішіңіз.

Аяқ-қол............. кезекте тоңады.

Далада....................................... тұрмаңыз.

 

 

ТЫҢДАЛЫМ

 

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Пайдалы кеңестер

Омоним сөздердің мағыналарын есте сақтаңыз.

Түр (І) облик

Түр (ІІ) оттенок

Іш (І) живот

Іш (ІІ) пей

Шай (І) шай

Шай (ІІ) сполосни

Шаш (І) волосы

Шаш (ІІ) разбрасывай

 

Сәйкес сөздерді тауып жазыңыз.

Қасиеттерімен құрамындағы

Шайдың жасалған

Қосындысынан ерекшеленеді

Диетолог береді

Кеңес мамандар

Үлкен элементтер

Пайдалы адамдар

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

 

1. Қызанақтың құрамында не бар?

2. Шоколад қандай аурулардан қорғайды?

3. Сүт қатқан шай қандай аурулардың алдын алады?

4. Сүттің құрамындағы ең маңыздысы не және ол нені берік етеді?

5. Диетолог мамандар күніне сүт қатқан шайды қанша ішуге кеңес береді?

Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

1.«Күнделікті қажетті мөлшерде қабылданатын кейбір тағам түрлері адамды қатерлі аурудан сақтайды» деп кімдер айтқан?

А) мамандар

Ә) ғалымдар

Б) дәрігерлер

D) тағамтанушылар

 

2. Күніне ненің 1 тілімін жеп тұрған пайдалы?

А) шоколадтың

Ә) конфеттің

Б) бананның

D) торттың

 

3. Сүтті кімдер кеселеп көп іше алмайды?

А) балалар

Ә) үлкендер

Б) қарттар

D) сәбилер

 

4. Асқазан, ішек жолдары ауруларының алдын алу үшін таптырмас ем болатын көкөніс.

А) қияр

Ә) қырыққабат

Б) қызынақ

D қызылша

 

Анықтама

тыныс жолдары дыхательные пути

тұмау - простуда, насморк; грипп

қан тамырлары кровеносные сосуды

тоңу зябнуть, мерзнуть, остывать

теңіз тұзы морская соль

дәрумен витамин

шоғырлану скапливание, собирание группами (в кучу)

Тезаурус

Қыстыгүні – қыс мезгілі

Суық күндері – суық болатын мезгіл

Үйге кірген соң – үйге кіргеннен кейінгі уақыт

 

 

ІІ МОДУЛЬ. Қатысымның әлеуметтік-мәдени саласы

7блок. Менің Отаным – Қазақстан

31-сабақ

Менің елім – тәуелсіз Қазақстан

Жай сөйлемдегі сөйлем мүшелері мен салалас құралас сөйлем бөліктері арасындағы байланыстың берілуі

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын есте сақтаңыз.

Көшпелі, өркениет, қуатты әміршілер, зиялылар, сәтсіздікке ұшырады, зиян, ел тұтастығы.

 

Мәтінді оқыңыз.

Менің елім – тәуелсіз Қазақстан

Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болғанымен, оның тарихы Еуразияның Ұлы көшпелі өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз. Батыстан Шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай Қазақ даласы арқылы Үндістан мен Иранға, Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды. Олардың ізі Қазақ жерінде қалды.

Уақыт өте келе Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары қазақ деген біртұтас халыққа бірікті. Қазақ хандығы құрылып, Керей мен Жәнібек, Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке, т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты әміршілері болды.

Қилы-қилы замандарды бастан өткізіп, қазақ елі дербестігінен айрылып, Ресей империясының қол астына өтті. Тәуелсіздікті аңсап, қайта қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялылырының демократиялық идеялары сәтсіздікке ұшырады. 1930-жылдардан бастап тоталитарлық жүйе халықтың тіліне, дәстүрі мен салтына, тарихы мен мәдениетіне зиянын тигізді.

Көпұлтты Қазақстан 1991 жылы 16 желтоқстанда тәуелсіздігін жариялады. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасынының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады.

Осыдан бастап Қазақстан Тәуелсіз мемлекет ретінде дами бастады. Әрі Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзінің ондаған елі таныды. Елімізді алғашқылардың бірі болып Түркия, АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания мемлекеттері таныды. Қазақстан шетелдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Республикамыз егемендікке қол жеткізген алғашқы күндерінен-ақ басқа мемлекеттермен келісімшарттар жасады. Еліміздің алдында көптеген маңызды міндеттер тұрды. Ол ең әуелі ел тұтастығын сақтау міндеті тұрды. Қазір біздің Қазақстан – тәуелсіз, ынтымағы жарасқан ел. Сондықтан да Қазақстан әлем санасатын мемлекеттердің біріне айналды.

(«Қазақ тарихы» журналынан, 2013 жыл).

 

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Қазақ даласы арқылы арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар қайда ағылды?

3. Дешті Қыпшақтың әміршілері болған хандарды атаңыз.

4. Қазақ елі дербестігінен айрылып, қай мемлекеттің қол астына өтті?

5. Тәуелсіздікті аңсап, қайта қалпына келтіремін деген «Алаш» зиялылырының демократиялық идеялары неге ұшырады?

6. Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш қай мемлекеттер таныды?

ЖАЗЫЛЫМ

1-жазылым. Сөздерді, сөйлемдерді байланыстырушы жалғаулықтарға назар аударып, жазыңыз.

Ел ретінде Қазақстан жас мемлекет болса да, оның тарихы Еуразияның Ұлы көшпелі өркениетінің үш мыңжылдық тарихынан ажырағысыз. Қазақ даласы арқылы Үндістан мен Иранға, Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға, Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар, моңғолдар ағылды. 1930-жылдардан бастап тоталитарлық жүйе халықтың тіліне, дәстүрі мен салтына, тарихы мен мәдениетіне зиянын тигізді.

2-жазылым. Сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.

Уақыт өте келе Еділ... Ертістің арасындағы далалық алқапта көшпелі империялардың ұрпақтары қазақ деген біртұтас халыққа бірікті. Қазақ хандығы құрылып, Керей... Жәнібек, Қасым... Хақназар, Есім... Тәуке, т.б. хандар Дешті Қыпшақтың қуатты әміршілері болды.

 

ТЫҢДАЛЫМ

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Отансүйгіштік сезім

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері дегеніміз не?

2.Отансүйгіштік дегеніміз не?

3.Отансүйгіштік пен ұлтшылдықтың айырмашылығы қандай?

4..Отансүйгіштік сезімі қалай қалыптасады?

Тыңдалым мәтіні бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінде жоқ ақпаратты табыңыз.

А) Қазақ халқының патриоттық тәрбиесінің тамыры терең.

В)Отансүйгіштік сезім – ертеден қалыптасқан, ескірмейтін, әрқашан жаңа

жақтан көрініс табатын, мәңгілік ұғым.

С) Ол – ананың ақ сүтімен біртіндеп қалыптасады.

D) Отансүйгіштік сезім – әр адамға керек қасиет.

 

.......................... – ана тіліңді, еліңнің салт-дәстүрін құрметтеу деген сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз.

А) Отансүйгіштік

В) Патриоттық

С) Ұлтшылдық

D)Табандылық

 

Мәтінде кездесетін сөзді табыңыз.

А) тұрмыс-салт

В) салт-дәстүр

С) Салт-сана

D) әдет

 

Дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

А) Қахарман

В) қаһарман

С) қақарман

D) қакарман

 

Сөйлемге қажетті сөзді табыңыз.

Сан ғасырлар бойы.................. сезімнің сан түрлі үлгілерін тарих дәлелдеп отыр.

А) махаббат

В) туысқандық

С) отансүйгіштік

D) бауырмалдық

 

Тезаурус

Жанына жақын – ұнайды

жүрекке жылы тию (көңілге қону) – ұнады

игілікке жұмсау – қажетіне жұмсау, жарату, пайдалану

 

Анықтама

көшпелі кочевой; кочующий, передвижной

өркениет цивилизация

қуатты әміршілер сильные (влиятельные) повелители,

правители

зиялылар образованный, интеллигентный

сәтсіздік неудача

зиян вред, ущерб, убыток

ел тұтастығы единство народа

ұғым понятие

қаһармандық мужество (героизм)

ерік-жігер сила-воля

32-сабақ

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын есте сақтаңыз.

Аялы бесік, ұлт өкілдері, басым көпшілікгі, нығайту, келісім мен татулық.

 

Мәтінді оқыңыз.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Қазақстан – көптеген ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп отырған аялы бесігі. Мемлекет халқының басым көпшілігін қазақтар құрайды. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік ұлтаралық келісім мен татулық, саяси тұрақтылық қана емес, мемлекетіміздің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы зор.

Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екендігін спортшыларымыздың түрлі ұлт өкілдерінен құралғандығынан да байқауға болады. Әсіресе, Орталық Азия спорттық ойындарында, олимпиадаларда Алтын медальдан алқа таққандардың арасында бокстан қазақ Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибраимов, грек-рим күресінен армян Мхиттар Манукян, ауыр атлетикадан украин Анатолий Храпатый, кәріс Олег Эм, орыс Илья Илин, дүнген қыздары Майя Манеза мен Зүльфия Чиншагло, еркін күрестен шешен Эльмади Жабраимов пен осетин Ислам Байрамуков, жүзуден орыс Евгения Ермакова, татар Руслан Субайдуллин, велоспорттан орыс Александр Винокуров және т.б. көптеген ұлт өкілдері болды. Осындай спортшыларымыздың жеңістері көңілге оптимизм мен еліміздің жарқын келешегіне деген сенім ұялатады. Бұл – Қазақстан халықтарының патриоттық және интерноцианалдық сезімдерінің жарастығы, Отанға деген адалдық пен шынайы сүйіспеншілік.

(Баспасөз беттерінен)

 

Жауаптарға байланысты сұрақтар қойыңыз.

 

1.............................................................?

Қазақстан көп ұлтты мемлекет.

2.............................................................?

Қазақстан халқының басым көпшілігін қазақтар құрайды.

3.................................................................?

Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

4.........................................................................?

 

Қазақстанның көп ұлтты мемлекет екендігін спортшыларымыздың түрлі ұлт өкілдерінен құралғандығынан да байқауға болады.

ЖАЗЫЛЫМ

Сөйлемдердің мазмұнын сондай-ақ жалғаулығын пайдалана отырып, өзгертіп жазыңыз.

Көп ұлтты Қазақстан үшін Отансүйгіштік сезім ұлтаралық келісім мен татулық, саяси тұрақтылық қана емес, мемлекетіміздің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы зор. Бұл – Қазақстан халықтарының патриоттық және интерноцианалдық сезімдерінің жарастығы, Отанға деген адалдық пен шынайы сүйіспеншілік.

 

ТЫҢДАЛЫМ.

Мәтінді мұхият тыңдаңыз.

Қазақстандағы ұлтаралық қатынастар

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстанда басты назар аударатын қандай мәселе бар?

2. Қазақстан халықтарын мақстатты болашаққа жетелейтін қандай мүдде болу керек?

3. Қандай жағдайда ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениеті қалыптасады?

4. Қазақстан халықтарының теңдігін қамтамасыз етуде не маңызды?

5. Ұлт саясаты бағдарламасы не үшін керек?

 

 

Тыңдалым мәтіні бойынша тест тапсырмаларын орындаңыз.

 

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Қазақстандық патриотизм – ата-бабамыздан қалған тәрбие.

B) Ол қазақстандық патриотизмге негізделуі қажет.

C) Мұнда Түркия тәжірибесін мысал ретінде алуға болады.

D) ҚР-дағы ұлт саясатының бағдарламасы саяси тұрақтылықтың кепілі

болып қала бермек.

 

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Қазақстанның ұлтаралық қатынасын жақсарту жолдары.

B) Патриоттық сезімді қалыптастыру

C) Әрбір адамның азаматтық құқын сақтау туралы.

D) Ұлт саясаты бағдарламасын талқылау.

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Әрбір қазақстандық өз елін сүйіп, құрметтеуі керек.

B) Қазақстан өзіндік жаңа жолды таңдап алды.

C) Ел тұрмысын жақсарту.

D) Ұлттар мен ұлыстардың бір тоқтамға келуі.

 

Мәтінде кездесетін ақпаратты табыңыз.

A) Әрбір адамның азаматтық құқы сақталуы шарт

В) Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірімен тату болуы керек.

C) Біз ұлт саясаты бағдарламасы бойынша көп істер атқарудамыз.

D) Қазақстан жас мемлекет.

Анықтама

біртұтас – единный

парасат – здравый смысл, рассудительность

ұлтаралық – межнациональный

ізгілікті – доброжелательный

ұлттық келісім – национальное согласие

33-сабақ

Қазақ жері – бірлік пен татулық мекені

Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсініп алыңыз.

Түсінік, кір жуып, кіндік кескен жер, бейімделу, жорық, тайпа, жою, аңыз.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

Атамекен

Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, суық Сібір, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп-өнген жерін «атамекенім» деп жанындай жақсы көреді. Сондықтан адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері – өз Отаны. Ертеден ақындардың ел-жұртын, өзінің туып-өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.

Біздің ата-баба қонысымыз, атамекеніміз – Қазақстан. Мұнда ерте заманда, орта ғасырларды мекендеген жүздеген тайпалар, ондаған халықтарболған. Олар да оны туып-өскен жерім, атамекенім деп сүйген. Ол үшін талай жорық, соғыс майданын басынан өткізген.

Осы күні дүние жүзі жаратылыстану ғылымы алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі – жер бетінен жойылып кеткен немесе мүлде өзгерген тайпаларды, халықтарды әбден анықтау. Қазақстан жерінде тым ертеде, тас, қола және темір дәуірінде түрлі тайпалар болған. Олар дайын табиғат қорын пайдаланып, тау бөктерлерінде, жыныс ағаш ішінде, үлкен көл, өзен жағаларына бейімделген.

Осы күнгі біздің ата-баба қонысымыз, атамекен – Қазақстан жері бағзы заманнан мәлім, оны мекендеген ел туралы грек авторларының түсінігі тым ертеде, б.з.д. ҮІІІ-ҮІІ ғасырларда-ақ болған. Мысалы, Гомер (ҮІІІ ғ.) «Иллиада» поэмасында қазақ даласын «көшпелілер елі», «Одиссеяда» «массагеттер», «етпен қоректенушілер» дейді.

Геродоттың айтуы бойынша, Қара теңіз жағалауына скифтер б.з.д. ҮІІІ – ҮІІ ғасырларда келген. Скифтер орта бойлы, шымыр денелі, атқа бала жасынан мініп, онымен «бірге өсіп қайнайды», «ат құлағында ойнайды». Сақал-мұртын жіберіп, қару-жарақ асынып, жаумен алысуға қолайлы киім киіп жүреді, өлімнен ешбір қорықпайды, жеріне бас-көктеп кіргендерді жоймай қоймайды. Геродот, ең алдымен, «Скифтердің тегі кім, қайдан шыққан?» деген сұрақтарға жауапты аңыздардан іздеген.

(Н.Баяндин)

Берілген сөздердің синонимдерін есте сақтаңыз.

тірек сүйенері – сүйеніші

жыныс ағаш – қалың орман

бағзы заман – бұрынғы заман

 

 

ЖАЗЫЛЫМ

1-жазылым.Сақтардың түр-келбетін сипаттайтын белгілерді мәтіннен теріп жазыңыз, оларды жаттап алыңыз.

2-жазылым. Сөйлемнен жалғаулық шылауларды тауып жазыңыз.

Осы бір сөзде ұлағатты ұғым, адамға өте бір жақын, ауызбен айтып болмайтын түсінік бар. Өйткені ежелден адамзат ата-бабасының қоныстанып, мекендеген жерін, мейлі ол құмды шөл, құрғақ дала, суық Сібір, биік тау болсын, өзінің кіндік кесіп, кірін жуып, өсіп-өнген жерін «атамекенім» деп жанындай жақсы көреді. Сондықтан адамзаттың асылы да, ардақтысы да, қысылғанда тірек сүйенері де, қуанғанда сүйсінері де туған жері – өз Отаны. Ертеден ақындардың ел-жұртын, өзінің туып-өскен жерін жырға қосуы, батырлардың туған топырағында өлсем деп арман етуі тегін емес.

ТЫҢДАЛЫМ

 

Мәтінді тыңдаңыз.

Б ірлік пен татулық мекені

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қазақстанды мекен ететін этнос өкілдері не істеуге тиіс?

2.Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт кім?


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 223 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.042 сек.)