Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Анасы мен баласы 6 страница

Читайте также:
  1. A) жүректіктік ісінулерде 1 страница
  2. A) жүректіктік ісінулерде 2 страница
  3. A) жүректіктік ісінулерде 3 страница
  4. A) жүректіктік ісінулерде 4 страница
  5. A) жүректіктік ісінулерде 5 страница
  6. A) жүректіктік ісінулерде 6 страница
  7. A) жүректіктік ісінулерде 7 страница

еңкейтіп салынған – наклонный, был возведён с наклоном

тік тұру – встать прямо

шолу –обозревать

заманауи – современный

шаң-тозаң – пыль

бірегей – уникальный

сәулетші – архитектор

дәл іргесі – қасында, жанында, рядом

бірінші тоқсан – первый квартал, первая четверть

 

Тезаурус

қауым – ел, халық, көпшілік

іргеэтн. киіз үй керегесінің төменгі жағы

қаржыландыру – қаржы + лан + дыр+ у, ақша бөлу

 

15-сабақ

Пәтер интерьері

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Кеңістік, жапсарлас, үйлесу, көз тартарлық әсем, әшекей, мақала, көрме, осы заманғы.

 

Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз.

 

Интерьер — пәтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған әрі сәндеп жабдықталған ішкі кеңістігі.

Пәтер интерьерін қалыптастыруда оның сәулеттік шешімі және құрылыс жабдықтары: бөлменің саны мен өзара ыңғайластырылған олардың көлемі мен габариті, терезе мен есіктің, үй жылытатын радиаторлардың, жапсарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуы елеулі рөл атқарады. Пәтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан және жиһаздан құралады.

Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен әсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара әдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық әсем болуы тиіс. Пәтерді жабдықтарда үйге қандай заттар қажет, оларды қай жерге және қалай орналастыру, әшекейі мен түсі, бөлменің әшекеймен болуын өзгерту, не болмаса өзгертпеу туралы мәселені алдын ала ойластыру керек.

Пәтер интерьерін қалыптастыру мәселесіне арналған кітаптар шығарылады, журналдарға мақалалар басылады, көрмелер ұйымдастырылады, ал көрмелерде осы заманғы пәтер интерьерлерінің макет үлгісі және жиһаздың, жабдықтың, әшекейдің, жабдықтауға қажетті басқа да элементтердің ең жақсы өнеркәсіптік үлгілері көрсетіледі.

(Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Интерьер дегеніміз не?

2. Пәтер интерьері нелерден құралады?

3. Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты не?

4. Интерьердің барлық элементтері өзара қалай болу керек?

5. Суретте қандай бөлме бейнеленген?

 

Жазылым

1-жазылым. Ақпараттық хабарламаны толықтырыңыз.

Астана қаласының әкімдігі таяу арада Астана қаласында жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері берілмейтіндігін...... Сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен бекітілген Ережелерге сәйкес жүзеге асырылатындығын.........

Аталған Ережелер бойынша жер телімдерін алуға мүдделі тұлғалар қала әкімдігіне өтініш...., өтініштер арнайы есепке (кезекке).... және жер бөлу үшін қарастырылған дайын алаңдардың болуына қарай....

 

2-жазылым. Жеке тұрғын үй құрылысына не үшін жер телімдері берілмейтінін анықтаңыз.

 

Себебі, қала маңында

А) жақсы жер жоқ

Б) бос жер жоқ

С) дайын жер жоқ.

 

 

Тыңдалым

Орманды алқап

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Диалогте жауабы бар сұрақты табыңыз.

A) Астанадан басқа жақтарға да ағаштар егілді ме?

B) Жас Астананың жан-жағы орманға айналып келе ме?

C) Жас ағаштар орманға айналу үшін ұзақ уақыт қажет пе?

D) Ғалымдар ағаштың қандай түрін егу керек деп айтады?

 

Абзал Дастанұлының көзқарасын анықтаңыз.

A) Ағаштарды отырғызу – ауа райы үшін керек.

B) Ата-бабаларымыз ағаштардың әр түрлі болғанын қалады.

C) Ауаны ластайтын газдарды сіңіру үшін орман жеткіліксіз.

D) Ағаштарды азайтуға болмайтынын аталарымыз айтып кеткен.

 

Диалог мазмұнына сәйкес сөйлемді көрсетіңіз.

A) Табиғат таза болу үшін үш парызды білу керек.

B) Табиғат таза болсын десек, орманды аялай білейік!

C) Астананың ауа райын өзгертудің қажеті жоқ.

D) Әр адам он талдан ексе, парызын орындағаны.

 

Диалогте жоқ ақпаратты көрсетіңіз.

A) Астана маңында 60 гектар жерге орман егілді.

B) Жазда ыстықтан, қыста суықтан қорғайтын орман бар.

C) Бабалардан жеткен асыл сөз – ұрпаққа аманат.

D) Елбасының орманға қатысты тапсырмасы орындалуда.

 

Анықтама

кеңістік – пространство

жапсарлас – смежный, соприкасающийся, находящийся в соседстве

үйлесу – схождение, гармоничность

көз тартарлық әсем (фраз.) – здесь: красота, притягивающая взгляд

әшекей – украшение

мақала – статья

көрме – выставка

осы заманғы – современный

өсиет – завет, наставление

 

Тезаурус

аптап ыстық – өте ыстық

ызғарлы суық – қатты суық

жылыжай – өсімдіктер өсіруге арналған жылы орын, питомник

 

4-Блок: МІНЕЗ ЖӘНЕ КЕЛБЕТ

16‑сабақ

Сын есімді тіркестер мен сындық сипаттаманың берілуі

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

 

Кішіпейілділік, адамның азаматтығы, сүбелі үлес, көзге түсу, кепілдік нұс­қаушысы, бағалану, жөн көру, ұя, уыз көңіл, үйлесімді, белді қызметкер.

 

Мәтінді оқыңыз.

Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді

Адамның азаматтығының бір көрінетін жері оның әдеп­тілігі мен кішіпейілділігінен болса керек. Өзінің жетпеген биігіне шықтым деп айқай­лайтындар жеткілікті. Ал сол биікте тұрып, көптің көзіне түсе бергісі келмейтіндер сирек. Сонысымен де олар ерекшеленеді, сонысымен де бағаланады. МАГАТЭ-нің халықаралық кепілдік нұс­қаушысы Достай Төлемеш­ұлы Раманқұлов бауырымыз сондай азаматтар қатарына қосылады.

Жа­қын­да халықаралық атом қуа­ты жөніндегі агенттікке Бейбітшілік жө­нін­дегі Нобель сыйлығы берілді. Ұйымның көп жылғы жұмысы бағаланды. Солай болғанда да сол жұмысты ат­қар­ған адамдар ғой. Адамдар болғанда да, оның ішінде сүбелі үлес қосқандары болады, ол әркез атап көрсетіледі. МАГАТЭ-нің басшысы – Бас директор Мохаммад Бара­дейдің қызметі әлемге бел­гілі. Бұрындары да бірнеше рет сол Нобель сыйлығына үміткерлер қатарында Бара­дейдің аты аталып жүрді. Бірақ сыйлық беретін коми­тет бір адамның емес, бүкіл ұйымның жұмысын атап өтуді жөн көріп, сыйлықты МАГАТЭ-ге берді. Демек, бұл сол ұйымның басқа қызметкерлерінің де еңбегі бағаланды деген сөз. Баға­лан­ғанда, аттары аталып, сыйлық ұсынылды. Соның бірі – Достай Раманқұлов.

Венада тұратын бауыры­мызға телефон шалып, лау­реат болғанымен құттық­тадық.

–Бұл сыйлық МАГАТЭ-ге берілді, сондықтан өзімізді лауреатпыз дегеніміз артық болар, – деді Достай.

– Сол сыйлыққа ие болған адамдардың тізімі жасалып, суреттеріңіз атақты “Шпигель” журналында жарияланып, Интернетке де шықты.

– Қалай болғанда да, ұйымға берілген атақты иемдену ыңғайсыз ғой…

– Ал ақшалай сыйлығын алған жоқсыздар ма? – деп біз ойымызды нықтай түстік.

–Иә, алдық… Бірақ сол сый­лықты түгелдей Африка­дағы жетім-жесірлерге ар­нал­ған көмек қорына аудар­дық, – деді Достай Төлем­ешұлы. – Осы жерде сол сыйлықтың жартысы бас директор Барадей мырзаға берілгенін еске алыңыздар. Жартысын басқаларымыз бөліскенбіз. Бәріміз де оны көмек қорына аударғанды жөн көрдік. Ең бастысы – еңбегіміздің бағаланғаны ғой. Әлем халқына бейбіт­шілік керек. Соғыстың бол­мағаны, оның ішінде, ядро­лық қарудың қолданыл­мағаны керек. Ұйымымыз соған атсалысып жүр. Сол жұмыс бағаланды, сол қуаныш….

Кішіпейілділіктен адам кішіреймейді дейміз. Сірә, өсе түседі, биіктейді десек, жөн-ау. Басқа біреу болса, әлдеқашан-ақ лауреат болдым, құттықтаңдар деп жар салып жатпас па еді. Достай бауырымыз кішіпейілділіктен асқысы жоқ. Ұйымға берілген сыйлық үшін оған белсенді үлес қосқан адамдарды лауреат деп атаған жөн бе, жоқ па, оны алда уақыт көрсете жатар, бірақ Достай Раманқұловтың МАГАТЭ-дей аса беделді халықаралық ұйымда жемісті еңбек етіп, үлкен абы­ройға бөленіп жүргені шын мәнінде мақтануға тұрарлық. Ол өзінің ғана емес, бүкіл бір айтулы ұйымның беделін көтеруге үлес қосып жүрген азамат.

Азаматтықтың тағы бір белгісі өз мүддесін елінің мүддесімен ұштастыруы болар. Ұяда осындай уыз-көңілді ішіп өскен баланың өскендегі ісі де соған үйлесімді болатындай көрінеді. МАГАТЭ-нің белді қызметкері, қарапайым қазақ баласы Достай Төлемешұлы Раманқұловтың өмірі соның бір дәлеліндей.

(«Егемен Қазақстан» газетінен).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Адамның азаматтығы неден байқалады?

2.Нобель сыйлығын алған МАГАТЭ қызметкерлері туралы қайда жарияланды?

3.Достай Раманқұлов МАГАТЭ-де қандай қызмет атқарады?

4.Кішіпейілділіктен адам кішірейе ме?

5.Сыйлық иелері ақшаларын қайда жұмсады?

6.Қазақ баласы Достай Раманқұловтың мінез‑құлқы қалай қалыптасқан?

 

1- жазылым. Сөйлемнің сыңарын табыңыз:

1. Адамның азаматтығының бір көрінетін жері..............

2. Бірақ сыйлық беретін коми­тет бір адамның емес, бүкіл ұйымның жұмысын атап өтуді жөн көріп,..........

3. Басқа біреу болса, әлдеқашан-ақ лауреат болдым,...........

4. Ең бастысы –............

5. Ұйымға берілген сыйлық үшін оған белсенді үлес қосқан адамдарды лауреат деп атаған жөн бе, жоқ па,............

6. Ол өзінің ғана емес,.............

7. Сол жұмыс бағаланды........

 

2-жазылым. Мәтіннен адамның болмыс-бітімін бейнелейтін сөздерді тауып жазыңыз.

3-жазылым. Мына сөздер мен тіркестердің синонимдік қатарын жазыңыз.

Ыңғайсыз, беделін көтеру, үлес қосу, ел мүддесі, жар салу, сүбелі үлес қосу, белді қызметкер, ат салысу, абы­ройға бөлену

Тыңдалым

Ас атасы

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Бұл оқиға қай жерде болды?

А) ауылда

В) есік алдында

С) банкінің жанында

D) асхананың ауласында

2. Әңгімеші жердегі нанды неліктен көтерді?

А) аш жүрді

В) дүкенге нанға бара жатқан

С) нан қасиетті

D) тегін тамақ

 

3. Қарт адам нанды неге көтермеді?

А) Түркияда тұрады

В) жағдайы жақсы

С) көшедегілерден ұялды

D жастарды сынады

4. 63 адамның ішінен нанды көтерген бір-ақ адам болды. Неге?

А) халық бай тұрады

В) тоқшылық

С) тәрбие дұрыс емес

D) жерден алған ұят

5. Қыздың құлағына әжесінің қандай сөзі келгендей болды?

А) Нанды таптама

В) Нанды көтер

С) Дүниедегі ең ұлық нәрсе – нан

D) Нан оңайлықпен табылмайды

 

 

Анықтама

кішіпейілділік – скромность, добродушие

адамның азаматтығы – мужественность, человечность

сүбелі үлес – весомый вклад

көзге түсу – выделяться среди других

кепілдік нұс­қаушысы –страховой инструктор

бағалану – быть оцененным

жөн көру – тсчитать правильным

ұя– родной дом (переносн.)

уыз көңіл– чистая душа

үйлесімді–гармоничный

белді қызметкер– ведущий работник

 

17 -САБАҚ

Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті

Қажетті сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Жан дүниесі, сана-сезім, сыйласу, психикалық өзгешеліктер, жүріс-тұрысы, ақау, ерік күші, аңғару.

 

Мәтінді оқыңыз.

Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді адамтану бойынша зерттеу жүргізушілер. Бәрі мүмкін. Өйткені ойшыл Меһмет Соймен айтпайды ма: «Дене мен рух, жеке-жеке нәрселер болумен қатар адамның өмірінде соншама сәйкескен, тіпті біреуінде болған ақау, екіншісіне де әсер етеді»,деп.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Адамның жан‑дүниесін қалай танып‑білуге болады?

2. Адамның ерекшеліктерінің қалыптасуына не әсер етеді?

3. Адамтанушылар адамды танып‑білуге болатын әрекеттерге нені жатқызады?

4. Меһмет Сойменннің пікірінше дене мен рух қандай нәрселер болып саналады?

1-жазылым. Тұрақты тіркестердің сәйкес мағыналарын табыңыз

басыңа іс түсу

жаның күйзелу

өмір өткелдерінен өту

басыңнан бақ таю

күш-қуатың кету

кедергілерге ұшырау

шаңырағы шайқалу

 

2-жазылым. Сыртқы келбетті бейнелейтін бірнеше сөздер мен тіркестер жазыңыз.

Үлгі: кең маңдайлы, қыр мұрынды,...

Тыңдалым

Мағжанның сыры

Тыңдалым бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

Мәтінде жоқ ақпаратты таңдаңыз.

A) Режисер Д. Исабековке пьеса жазуға тапсырыс береді.

B) Жазушы пьесаларды тек қана тапсырыспен жазады.

C) Мағжанды Пушкинмен теңестіруі.

D) Жазушыға Мағжанның әсіресе Москвадағы өмірінің ұнауы.

Мәтіндегі негізгі ақпаратты көрсетіңіз.

A) Жазушының Мағжанның мұхиттай, айсбергтей екенін тануы

B) Жазушыны тарихи тақырыптың қызықтырмауы.

C) Ақынның ғашықтық жырларының көркемдігі

D) Мағжанның ғылыми еңбектері

Мәтіндегі қосымша ақпаратты көрсетіңіз.

A) Мағжанның азғантай өмірде бәріне үлгіруі.

B) Жазушының Мағжанды өзі үшін ашуы.

C) Мағжанның М. Горький, В. Брюсов, С. Есенин, Д.Бедныйларды таңғалдыруы.

D) Мағжанды көрген қыздардың оған ғашық болуы.

Мәтіннің алғашқы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Мағжанның жазушылардың манифестін жазуы.

B) Мағжанның педагогиканы жазуы.

C) Мағжанның телегей теңіз талантпен біздің елде тууы.

D) Жазушы пьесаларының сахнадағы ғұмыры.

 

Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылғанын көрсетіңіз.

A) Мағжан өмірінің ешкімге ұқсамайтындығы.

B) Мағжанды жазушының зерттеуі.

C) Жазушының репрессия, түрмеден басқа не жазам деп ойлауы.

D) Балуан Шолақ туралы пьеса жазуы.

 

Анықтама

жан дүниесі – внутренний мир

сана-сезім – сознание

сыйласу – взаимоуважение

психикалық өзгешеліктер – психические особенности

жүріс-тұрысы – поступки и поведение

ақау – дефект, недостаток, изъян

ерік күші – сила воли

аңғару – заметить

Тезаурус

кілтін табу – шешімін табу

жылы қабылдау – жақсы қарсы алу

телегей теңіз шығарма – мол шығарма

 

18-сабақ

Мамандығыңыз темпераментіңізге сай ма?

 

Сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Жүйке жүйесі, тума қасиет, ортаны қабылдау, дүниені тану, тұйықталу, жұрттың назарын аудару, жаны жомарт, өмірге құштар, салқынқанды, мұқият, ұшып-қонып тұру, күйгелек, шамданғыш, ұялшақ, қыңыр, жайбасар, қисық адам, бей-жай қарау, жалғыздықты сүю.

Мәтінді оқыңыз.

«Ағашта қанша жапырақ болса, адамда сонша мінез бар» дейміз. Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешелігі.

Адамның қандай темпераментке жататыны балалық шақтан-ақ белгілі болады. Темперамент табиғаттан беріледі. Дегенмен, адам есейген сайын, қоршаған ортаға деген қарым-қатынас та күрделене береді. Бәрі де әркімнің ортаны қалай қабылдауына, дүниені қалай тануына байланысты. Ашық мінезді адамның өсе келе тұйықталып кетуі, керісінше, тұйық адамның ашылуы өмірде кездесетін құбылыс.

Темпераменттің төрт түрі белгілі.

Сангвиник – ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, жаны жомарт, оптимист, өмірге құштар, қуатты адам. Басшылық етуге, жетекшілікке құмар. Сангвиник адам эмоциясын ішінде ұстап қала алмайды, қандай жағдайда да, әсерін сыртқы ортамен бөлісе береді. Олар – жұрттың назарын өздеріне аударта алатын белсенді жандар.

Сангвиниктер менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, даяшы, инженерт – технолог т.б. мамандықтарды иелене алады.

Флегматик – өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, салқынқанды, жұртқа жақсылық тілеумен жүретін адам. Бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кетпейтін флегматиктер іске келгенде өте мұқият. Адамдармен қарым-қатынас жасағанда, мінездері тұрақты, бір қалыпты.

Флегматиктер механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғалым–ботаник, астроном, физик, математик т.б. мамандық иелері бола алады.

Холерик – ұшып-қонып тұратын, күйгелек, шамданғыш, тынымсыз, көңіл-күйі құбылмалы, қарым-қатынас жасағанда мінезі аумалы-төкпелі, тұрақсыз, пысық, ашуланшақ адам. Қолына алған жұмысы өнбей жатса, күйіп-пісіп, жылдам ашуланады.

Холериктерге әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспетчер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады.

Меланхолик – өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, ұялшақ, қыңыр, жайбасар, қисық адам. Кез келген қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға бей-жай қарап, сезімін үнемі ішінде сақтап жүреді. Жаңа таныстық пен адамдар көп жиналған жерден қашқақтайды. Жалғыздықты сүйеді.

Меланхоликтерге педагог, суретші, тігінші – модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик т.б. мамандықтар сай келеді.

Сіз қандай темпераментке жатасыз? Темпераментіңізге мамандығыңыз сай келе ме?

 

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Темперамент дегеніміз не?

2.Темпераменттің неше түрі бар?

3. Флегматиктер қай мамандыққа бейім және осы темпераменттегі адамды қалай тануға болады?

4. Холериктердің ерекшеліктері қандай?

5. Сангвинниктердің ерекше қаситеттері неде?

6. Меланхоликтер қай мамандықты жақсы меңгереді?

 

1-жазылым: Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. "Ағашта қанша жапырақ болса, ",...........

2. Ашық мінезді адамның өсе келе тұйықталып кетуі, керісінше,................

3. Сангвиник -,........

4. Флегматик -............

5. Холериктерге әртіс, дипломат,...,....,...,...,...,...,....

6. Меланхолик -,.............

7. Темпераментіңізге,................?

2-жазылым. Мәтіннің соңғы сұрақтарына жауап жазыңыз.

Тыңдалым

Тыңдаңыз.

Өлең оқи отырыңыз

 

Өлеңге сәйкес ақпаратты көрсетіңіз.

А) Қарағым сені кім еккен?
B) Сен гүл отырғыздың ба?

C) Сен гүлмісің, ағашпысың?

D)Ағаш отырғыздың ба?

 

Өлең мазмұнын анықтаңыз.

A) түсіне алмай таңдану

B) мінез‑құлқын сипаттау

C) ғашықтық арнау

D) адамның шыққан тегін болжау.

 

Автор ғашық адамын теңемеген образды көрсетіңіз.

A) теңіздің бір бұлағы

B) шырқалған ән

C) көзде тұнған тамшы жас

D) адасқан киіктің лағы.

 

 

Анықтама

жүйке жүйесі‑нервная система

тума қасиет‑ прирожденные качества, особенности

ортаны қабылдау‑ восприятие среды

дүниені тану‑познать мир

тұйықталу‑жить замкнуто

жұрттың назарын аудару‑ привлекать внимание общества

жаны жомарт‑щерая душа

салқынқанды‑хладнокровный


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 118 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.048 сек.)