Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру

Читайте также:
  1. Ағынды гидрографын канондық жіктеу әдісімен моделдеу
  2. Жұмыртқа және жұмыртқалы өнімдер
  3. Желге мүжіліп бұзылған әртүрлі тау жыныстарының тасымалдану жағдайында пайда болған өнімдерді
  4. Нан өнімдерін пісіру режимі
  5. Сүт және сүт өнімдері
  6. Функциялардың суперпозициясын қолдану әдісімен шешу.

Уран өндіру

60-жылдардың екінші жартысында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен инфильтрациялық қабатты кен орындарындағы нашар рудалардан уран өндіру мүмкіндігі АҚШ-та дәлелденді. Бұл Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. 70-жылдардың соңына таман Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын сияқты тағы басқа бірегей кен орындары табылды.

1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге жетті. Дерлік 30 кен орнында уран өндірілді. Атом өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлер саны 70 мыңнан асып жығылды.

1953 жыл мен 1999 жылдар аралығында республика аумағында уран өндіру көлемі 225 миллион фунт U308 жетті. 90-жылдардың басында өндірістің кәдуілгі әдіс-тәсілдері кең қолданылып, ол жалпы өнімнің 70% құрады. Алайда жоғарыдан басқарылатын экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу бірыңғай жерасты шаймалау технологиясы қажеттігін көрсетті.

Алғаш рет уранға деген мемлекеттік тапсырыстың төмендеуі 1983 жылы тіркелді. Өндіріс 25-30%-ға құлдырап, одан кейінгі жылдарда да сол деңгейде қалып қойды.

80-жылдардың ортасына таман басталған қарусыздану саясаты салдарынан және атышулы Чернобыль оқиғасынан кейін (әсіресе 1988 жылдан бастап) атом энергетикасын дамыту бағдарламасы кейінге ысырылды да, Целинный мен Прикаспийск өндірістік кеніштерінде және қайта өңдеуші комбинаттарда уран өндіру көлемі одан әрі қысқартыла берді. Шахталық және карьерлік өндірудің тиімсіздігінен және әлемдік рыноктағы бағаның төмендігінен Қазақстанда 6 кен басқармасы жабылып, 2 басқармада өнім өндіру мүлде тоқтатылды.

Дағдылы әдіспен өнім өндіру

Целинный тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинаты (Степногорск қ.) 1995 жылы өндірістің нәтижесіздігінен өзінің Грачев және Шығыс кеніштерінде руда өндіруді аяқтады.

Уран концентраты біріккен өнім ретінде Ақтаудағы балық сүйектері қазбаларынан фосфор қышқылын шығаратын бұрынғы Прикаспийск тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинатында да (АО “КАСКОР”) дайындалатын. Номинальды қуаты жылына 5,2 миллион фунт U308 болған бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіздігінен 1993 жылы консервацияланды.

Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру

Республикамыз жерасты шаймалау әдісімен алынатын бай уран қорына ие. МАГАТЭ-нің соңғы Қызыл Кытабына (1999 ж.) сәйкес, барланған және алдын ала бағаланған 433,940 МТ U (1,1 миллиард фунт U308) Қазақстан уранының қоры ең аз шығын талап ететін 1-інші категорияға жатқызылған және ол осы шығындар классификациясындағы әлемдік уран қорының 35% құрайды. Бұл ресурстардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария бассейнінде шоғырланған.

Жерасты шаймалау әдісімен өндірілген кезеңдегі өнімнің жалпы көлемі 1990 жылы 4,9 миллион фунт U308 жеткенімен, 1997 жылы 2,5 миллион фунтқа дейін төмендеп кетті. Алайда, 1999 жылы қолданыстағы инфрақұрылымдарды жаңғыртуға қаржы салудың ұлғаюына байланысты 3,6 миллион фунтқа U308 өсті.

Кен басқармалары бойынша бұл көрсеткіш мынадай көрініс табады: “СТЕПНОЕ”

Жерасты шаймалау әдісімен өнеркәсіптік өндіріс мұнда 70-жылдардың соңына қарай Уанас және Мыңқұдық кеніштерін игеруден басталды. 1990 жылы “Степное”-дағы өнім мөлшері 2,4 миллион фунтты U308 құрады, бұл номинальды жылдық өндірістік қуаттың (2,6 миллион U308) 90%-дан астамы еді. Әйтсе де, өнім өндіру көлемі 90-жылдардың ортасына дейін жыл сайын құлдырап, 1,0 миллион фунтқа U308 жетті.

«ЦЕНТРАЛЬНОЕ»

Жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру 1982 жылы уран қоры 50 миллион фунтты U308 (орташа кен құрамы 0,45%) құрайтын Қанжуған кенішінде басталды. Ал номинальды өндірістік қуаты - жылына 2,6 миллион фунт U308. 90-жылдардың ортасына дейін өнім өндіру көлемі орташа есеппен әлеуеттік деңгейдің 50%-да болып, 90-жылдардың соңына қарай жылына 1 миллион фунтқа U308 азайды.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 300 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)