Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Арнайы жҰмыс тҮрлері мен технологиялыҚ операциялардыҢ сапасы.

Читайте также:
  1. ЖАСАНДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ САПАСЫН БАСТАПҚЫ БАҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ ТОПЫРАҚТАРДЫ ТЫҒЫЗДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ
  2. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
  3. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
  4. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
  5. ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
  6. РЫЛЫМДЫҚ БӨЛШЕКТЕРДІ ТҰРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ

Жұмыс мақсаты

Жол ұйымдарының қызметтерін тұтастай бағалау және олардың қол жеткізген сапа деңгейін бекіту, сонымен қатар барлық жұмыс түрлерінің конструктивті бөлшектерінің және технологиялық операциялардың сапасын бағалау.

Жалпы ережелер

Арнайы жұмыс түрлері мен технологиялық операциялар сапасын бағалайды:

«өте жақсы» (5 балл), жұмыс ерекше дәлдікпен, шеберлікпен және техникалық көрсеткіштері нормативтік құжаттар мен стандарттардың талап ететін көрсеткіштерінен жоғары болған жағдайда немесе қарастырылатын жобанының пайдалану көрсеткіштерін жоғарылату кезінде сәйкес келетін жұмыс түрлерінің сметалық құнын жоғарылатпай орындаған жағдайда;

«жақсы» (4 балл), атқарылған жұмыс толықтай жобамен, нормативтік құжаттар мен стандарттарға сай орындалса;

«қанағаттанарлық» (3 балл), атқарылған жұмыста тапсырыс беруші мен жоба ұйымдарымен келісілген техникалық құжаттарда аз мөлшерде ауытқулар жіберілсе, бірақ сенімділік, беріктік, тұрақтылық, ұзақ мерзімдік, сыртқы көрінісі мен пайдалану сапа көрсеткіштерін төмендетпеген жағдайда.

Осыған орай нақтылық ауытқу мәнінің мөлшері мен саны жобалық мөлшерге және нормативтік көрсеткіштері кестедегі мәндермен сәйкес келуі керек; жамылғының тегістік көрсеткіші осы көрсеткішті анықтау үшін толчкомер қолданылса – 2-кесте, ал көлік дөңгелегі мен жамылғының ылғал бетімен ілігісу коэффициенті (жоғары жылдамдықты жолдар мен жалпы қалалық және аудандық маңыздағы магистральді көшелер - 3-кесте.

2-кесте

Жобалық пішіні мен нормативтік көрсеткіштерінен нақтылық ауытқулардың мөлшері мен санына байланысты арнайы жұмыс түрлерінің сапасын бағалау

Нақты ауытқу мөлшері, % ең үлкен жіберілетін ауытқулардан алғанда Жұмыс бағасы
«өте жақсы» «жақсы» «қанағат»
Ауытқу саны, % жалпы өлшеу сандарынан алғанда
50 дейін 50 кем емес 25 кем емес 90 кем емес
50ден 75дейін 50 артық емес 75 артық емес 10 артық емес
75 тен 100 дейін 10 артық емес 20 артық емес 40 артық емес
  3 артық емес 6 артық емес 10 артық емес

3-кесте

Толчкомер көрсеткіші бойынша жамылғы тегістігін бағалау

Жұмыс сапасын бағалау
«өте жақсы» «жақсы» «қанағат»
Толчкомер көрсеткіші, см/км
40 дейін 41-80 81-130

4-кесте

Көлік дөңгелегі мен жамылғының ылғал бетімен ілігісу коэффициентінің көрсеткіші бойынша жамылғының кедір бүдірлігін бағалау

Қозғалыс жағдайы Жұмыс сапасын бағалау
«өте жақсы» «жақсы» «қанағат»
Ілігісу коэффициенті
Жеңіл 0,55 және одан жоғары 0,51-0,55 0,45-0,50
Қиын 0,61 және одан жоғары 0,56-0,60 0,50-3,55
Қауіпті 0,71 және одан жоғары 3,66-0,70 0,60-0,65

Жолдың конструктивті элементтерінің сапасын бағалау, салмақтық коэффициентін ескеріп формулаға сәйкес есептелген арнайы жұмыс түрлерінің және технологиялық операциялардың сапасын бағалау негізінде бағаланады:

 

; (13)

 

мұндағы: К – конструктивті элементтердің сапасының кешенді көрсеткіші; pi – берілген конструктивті элементтің құрамына енетін арнайы жұмыс түрлері мен технологиялық операциялардың сапа бағасы баллмен (5, 4, 3); тi – арнайы жұмыс түрлері мен технологиялық операциялардың салмақтық коэффициенті, 10.4-10.6 кестелерінде көрсетілген; п - берілген конструктивті элементтің құрамына енетін арнайы жұмыс түрлері мен технологиялық операциялардың саны.

Барлық жұмыс түрлері мен технологиялық операциялардың конструктивті элементерінің сапасын бағалауда 5-7, кестелерінде көрсетілген мәндері бойынша есептеу

 

(14)

Бұл жағдайда жолдың кешенді бөлшегінің сапасын мына формуламен бағалауға болады

 

(15)

 

Есептеулер нәтижесінде алынған мәндерді қабылдау: 4,51 ден 5 дейін - «өте жақсы»; 3,51 ден 4,50 дейін - «жақсы»; 3 тен 3,50 дейін - «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

 

5-кесте

Жер төсемесін тұрғызу сапасын бағалау үшін жұмыс түрлері мен оның параметрлерін сипаттайтын салмақтық коэффициенті

Жұмыс түрлері мен параметрлері Салмақтық коэффициенті
Жер төсемесінің негізін дайындау 0,15
Жер төсемесін тығыздау 0,35
Суағар 0,20
Ұзына бойлық қиманың биіктік белгілері 0,15
Жер төсемесінің ені 0,10
Құлама тіктігі 0,05

 

6-кесте

Тротуарлар мен жаяу жүргінші жолағын салу мен жөндеу сапасын бағалау үшін жұмыс түрлері мен оның параметрлерін сипаттайтын салмақтық коэффициенті

Жұмыс түрлері мен параметрлері Салмақтық коэффициенті
Материал мен дара өнімдердің сапасы 0,15
Биіктік белгілер 0,15
Көлденең еңістік 0,07
Қабат қалыңдығы 0,10
Қабатты тығыздау 0,12
Жамылғы бетінің тегістігі 0,15
Ені 0,08
Орналастырылған жиектік тастардың дұрыстығы 0,08
Жиек тасының келесі тастан жоғары орналасуы 0,10
Жамылғы бетінің безендіру сапасы 0,10

 

7-кесте

Суағарларды тұрғызу сапасын бағалау үшін жұмыс түрлері мен оның параметрлерін сипаттайтын салмақтық коэффициенті

 

Жұмыс түрлері мен параметрлері Салмақтық коэффициенті
Құбып желісінің тығыздығы 0,20
Құбыр желісінің түзулігі 0,20
Қайтарымды төсеуде топырақты тығыздау дәрежесі 0,15
Суағарлар мен құдықтардың белгілері 0,25
Су қабылдайтын торлар мен құдықтардың дұрыс орналасуы 0,20

Аяқталған құрылыс, қайта салу немесе жолды күрделі жөндеу сапасын бағалау жолдың арнайы кешенді бөліктерінің сапасын бағалау негізінде жүргізіледі. Есептік формулалар және аяқталған жұмыс сапасының кешенді көрсеткішінің есептеу тәсілі келтірілген формуладан ерекшелігі жоқ. Осыған орай К, pit mi және ni мәндерін формулада белгілейді: аяқталған жұмыс сапасының кешенді көрсеткіші; жолдың кешенді бөлшегінің сапасын бағалау; қабылданатын жолдың құрамына енетін кешенді бөлшектердің салмақтық коэффициенті және кешенді бөлшектердің саны.

Қабылданатын жол объектісінің сапасын бағалауын бекіту үшін тапсырыс берушінің техникалық бақылау өкілімен бекітілген және жабық жұмыстар актісіне немесе аралық қабылдау актісіне тіркелген объектінің кешенді бөлшегінің бағасы қолданылуы мүмкін.

8-кесте


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 295 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)