Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жол ҚҰрылысы жҰмыстарыныҢ сапасын баҚылау кӨрсеткіштері

Читайте также:
  1. ЖАСАНДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ САПАСЫН БАСТАПҚЫ БАҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ ТОПЫРАҚТАРДЫ ТЫҒЫЗДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ
  2. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
  3. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
  4. ЖОЛ ҚАБАТЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
  5. Жол құрылысының сапасын бағалаудагы пайдаланалытын сапасның кейбір бәрлік көрсеткіштері
  6. ЙІНДІНІ ТЫҒЫЗДАУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар

Академиясы

Көлік құрылысы» кафедрасы

«Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау»

пәнінен тәжірибелік сабақты орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

(5В072900 – «Құрылыс», 5В074500 – «Көлік құрылысы» мамандығының студенттері үшін)

 

Алматы - 2012

М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар

Академиясы

Көлік құрылысы» кафедрасы

 

БЕКІТЕМІН

Оқу және ғылыми жұмыс

проректоры

______________ М.Б. Имандосова

«_____» _______________ 2012 ж.

 

 

«Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау»

пәнінен тәжірибелік сабақтарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

(5В072900 – «Құрылыс», 5В074500 – «Көлік құрылысы» мамандығының студенттері үшін)

 

АЛМАТЫ - 2012

Әдістемелік нұсқаулар «Жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау» пәнінен тәжірибелік сабақты орындауға арналған 050729 – «Құрылыс», 5В074500 – «Көлік құрылысы» мамандықтарына арналған.

 

 

Пікір жазғандар:

Дюсенгалиева Т.М. - т.ғ.к., доцент ҚазККА

Махамбетова Ұ.Қ. - т.ғ.д., профессор ҚҚЖУ

 

Авторлар:

Утешбаева А.А. – т.ғ.к., доцент.

Бибатшаева С.Б. – оқытушы.

 

Әдістемелік нұсқаулар студенттерді автомобиль жолдарын салу және пайдалану барысында жүргізілетін жол құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау, инженерлiк жабдықтау барысында сапа көрсеткіштерін, жол жұмыстары өндiрiсiндегi сапаны бақылауын үйрете отырып, нормативтік құжаттардың талаптарына сай жіберілетін ақаулардың мәнін анықтап білуге үйрету. Талаптарға сай орындалған құрылыс жұмыстары ұзақ, сенімді, қауіпсіз қызмет ете алатынын еске сақтаулары қажет.

 

 

Әдістемелік нұсқаулар «Көлік құрылысы» кафедрасының отырысында талқыланған және оң шешім алған (07 маусым 2012 ж. № 9 хаттама).

Әдістемелік нұсқаулар «Құрылыс» факультетінің Оқу - әдістемелік бюросының отырысында қарастырылған және ұсынылған (22 маусым 2012 ж. № 5 хаттама).

Әдістемелік нұсқаулар Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Оқу - әдістемелік кеңесі төралқасының отырысында мақұлдаған және бекітілген. (28 маусым 2012 жыл № 5 хаттама).

 

 

КІРІСПЕ

 

Сапаны бақылау құрылыс технолгиясының маңызды бөлігі болып саналады, ол жұмыс сапасының жоғарылауын, технологиялық нормалар мен ережелердің орындалуын, еңбек ресурсының аз шығынын қамтамасыз етеді. Сапаны бақылау барлық технологиялық операцияларда жүзеге асады.

Жол құрылысында бақылаудың негізгі үш түрін қарастырады: бастапқы, операциялық, қабылдау бақылаулары.

Бастапқы бақылау жобалы сметалы құжаттардың кешенділігін және сапасын бақылайды.

Материалдардың бастапқы бақылауында сапалы және мөлшері деп қарастыруға болады. Сапалы бақылауды әсер етуші мемлекеттік стандарттарға сай материалды алғаннан кейін 36 сағат ішінде зертханалық іздену жолымен жүргізеді. Мөлшерлік бақылау қабылданған материалдың сапалық және мөлшерлік сапасын қарастырады.

Операциялық бақылау – құрылыс жұмыстарының орындалуының технологиялық процесін бақылайды, және технологиялық операциялардың орындалуын параллель қадағалайды. Жұмыстардың орындалуының сапасын операциялық бақылаудың негізгі мақсаты болып жол құрылысының талапты сапа деңгейін қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау барысында ақаулардың пайда болу салдарын алдын-ала анықтау және оларды жоюға шаралар қолдану, жұмысты атқарушылар мен инженерлі- техникалық бөлімнің жеке және ұжымдық жауапкершілікті жоғарылату.

Зертханалық бақылау құрылым материалдары мен өнімдері, конструкциялар, құрылыс монтаж жұмыстарының нормативті- техникалық және жобалық құжаттарға сай келуін, сонымен қатар технологиялық режимдардың орындалуын анықтау үшін жүргізіледі.

Зертханалық бақылауды бастапқы бақылауда келіп түскен құрылыс материалдары мен өнімдерге, конструкцияларға, операциялық бақылауда құрылыс - монтаж жұмыстарына, қабылдау бақылауында, сонымен қатар инспекциялық бақылауда сапаны тексеру үшін жүргізеді.

Сапаны бағалау және аяқталған жұмыстар мен обьектілерді қабылдау жоба, ҚНжЕ, бекітілген сапа көрсеткішінің номенклатурасына сай орындалады.

Жол ұйымдары орындалған жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз ету қажет. Жұмыстарды мемлекеттік стандарттарға, нормалар мен ережелерге, техникалық жағдайларға сай орындау қажет, сонымен қатар ғылым мен техниканың даму кезіндегі жетістіктерін өндіріске енгізіп, технологиялық процесстерді жаңаландырып отыруы керек.

Өнім сапасын және оның жарамдылық дәрежесін бағалау үшін нормативтік құжаттарда келтірілген бекітілен сапа көрсеткіштерін қолданады.

Өндіріс жұмыстарының сапасы анықталады:
- жобалық құжаттардың сапасымен;
- қолданылатын құрылыс материалдары мен өнімдердің сапасымен;
- технологиялық процесстері автоматтандырылғын және механизация құрылымдарының потенциальді мүмкіндіктерінің пайдалану тиімділігімен;
- автомобиль жолының құрылысында техникалық жағдайлар мен норма талаптарын сақтауда;
- инженерлі- техникалық қызметкерлер мен жұмысшылардың білімі мен тәжірибесі, мамандандырылу деңгейімен.

 

 

№ 1- тәжірибелік сабақ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Жұмыс мақсаты

1. Жол құрылысы жұмыстарының сапасын анықтауда пайдаланылатын параметрлер кестесін (СЖК) оқып білу. (1 қосымшаны қараңыз).

2. 1.1.1., 1.2.1., 2.1., 2.3.1., 2.5.1. пункттері бойынша конструктивтік элементтерге сәйкес параметрлер мен олардың "жақсы" және "өте жақсы" бағаларына сәйкес көрсетілген бақылаудағы параметрлeр үшін анықтaмалар саны мен нақты минимальды (не максимальды) ауытқуларын табу.

Жалпы ережелер

Жол құрылысы жұмыстарының сапасын өндірістік тұрғыда бақылау үшін сапасының жеке көрсеткіштері (СЖК) /1/ пайдаланылады.

Нақты СЖК-ның барлық қосындыларын қамтамасыз ету өнімнің мемлекеттік (МЕМСТ), стандарттардың, құрылыс нормалары мен ережелерінің, жобалық құжаттамаларының талаптарына сәйкес болуына кепілдік береді. СЖК-ның құрамына кіретін әрбір көрсеткішке деген міндетті талап, оны аспаптық өлшеулерге және жалпылама қабылданған өлшемнің физикалық бірліктерінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Жол құрылысында нормативтік құжаттарымен белгіленген жеке көрсеткіштердің құрамы мен деңгейін пайдаланады. Дербес жобалауда жобалық құжаттамада келтірілген бақылауда болатын сапаның жеке көрсеткіші пайдаланыуы мүмкін. Құрылыс компаниялары әлемдік банкпен қаржыланған құрылыс-монтаж жүмыстарын атқарған жағдайда сапаны бақылау жалпыға бірдей халықаралық стаңдартқа сәйкес жургізiлeді.

Автомобиль жолының ерекшеліктері арнайы бағыттағы пайдаланылатын инжерлік ғимарат ретінде, өзінің құрылымын өлшеу әдісімен сипаты арқылы анықталып, сапаның жеке көрсеткішіңде қамтылып, бейнеленеді.

3.06.03-85 құрылыс нормалары және ережелерінде (ҚНжЕ) "Автомобиль жолдары" аспап apқылы өлшенетін 22 сапаның жеке көрсеткіші енгізілген (/2/, 103-109 беттер қараңыз). әр СЖК жер төсемесі үшін (15) жалпылама ретінде, ал табанының қабаттары мен жол төсеніші үшін (7) СЖК­ның жеке түрі жалпы (3 көрсеткіш), ал бір бөлігі - 7 көрсеткіштер тұтас (дифференциал) түрінде табаны және төсемесінің түрінде, жолдың категориясына байланысты қабылданады.

3.06.03.-85 ҚНжЕ-де белгіленген СЖК-ның құрамы және олардың деңгейiнe (бағалау шарты "жақсы" және өте жақсы") қойылатын талаптар көп жылдық тәжірибелeр нәтижесінде анықталған және сапаның алға басуын ынтaландырады (қазіргі кездегі жол қурылысы жұмыстарының техникалык деңгейінде нақты қол жеткізуге болатын жайт).

Тапсырманы орындау тәсілі

Құнарлы қабатты алу жұмыстарының сапасын бақылауда (п. 1.1.1 кесте ҚНиЕ 3.06.03–85, 103бет) оның қалыңдығына 40 өлшеулер жүргізілді. Алынатын құнарлы қабат қалыңдығының жобалық мәні hрс = 30 см. Осы жұмыстарды «жақсы» бағасына бағалауда сандық көрсеткіштерді анықтау.

ҚНмЕ 3.06.03–85 кестесіндегі талабына сай жіберілетін ақаулар мәнін анықтау.

а) 40 % дейін жобалық қалыңдықтан: hрс = 30 см.• 0,4 = 12 см.

б) 20 % дейін жобалық қалыңдықтан: hрс = 30 см.• 0,2 = 6 см.

Жобалық қалыңдықтан жіберілетін ақауларды анықтау мөлшері ▲ h 12 см дейін 10 % көп емес жіберіледі, яғни = 40 • 0,1= 4; жіберілетін ауытқулармен қалғаны 6 см немесе 36 өлшемдер.

Сонымен қатар құнарлы қабатты алу жұмыстарының сапасын «жақсы» бағасына бағалауда қажет, қабат қалыңдығын 40 рет анықтаулардың ішінде 36 анықтаулар жағдайында ауытқулар мәні аспауы керек 6 см, 24 тен 36 см дейін және тек 4 жағдай шегінде 12 см дейін (18 ден 42 см дейін).

1.2.1, 2.3.1 бөлімдері бойынша есептеулер жүргізіледі.


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 532 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)