Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Йіндіні тыҒыздау сапасын баҚылау

Читайте также:
  1. ЖАСАНДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ САПАСЫН БАСТАПҚЫ БАҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ ТОПЫРАҚТАРДЫ ТЫҒЫЗДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ
  2. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
  3. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
  4. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
  5. ЖОЛ ҚАБАТЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
  6. Жол құрылысының сапасын бағалаудагы пайдаланалытын сапасның кейбір бәрлік көрсеткіштері

Жұмыс мақсаты

Зертханалық жағдайда топырақты тығыздау сапасын бақылауды жүзеге асыру. Топырақ тығыздығы мен ылғалдығын анықтау тәсілімен танысу.

Жалпы ережелер

Үйіндідегі топырақты тығыздау сапасын бақылауды талапты тығыздықты үйінді топырақ қаңқасының тығыздығымен салыстыру жолымен жүзеге асады. Жобамен әр қабаттан әрбір құлашта бір сұлба алынады. Жоғарғы қабат тығыздығын бақылауды 50 м сайын жүргізген дұрыс. Біртекті емес топырақтарда сұлба саны да өзгереді. Бақылауды сонымен қатар топырақ ылғалдығына, қабат қалыңдығы мен тығыздағыш құрылымның өту санымен жүргізеді. Зертханалық бақылау тәсілінде жиі қолданатыны кескіш сақина (сақина тәсілі). Далалық жағдайда аймақты тазалап, тығыздалатын топырақ қабатына сақинаны көлемі 500 см3 қойып арнайы қондырғымен топырақ құрылымын бұзбай енгізеді (1-сурет)

Ылғал топырақ тығыздығын анықтайды

 

; (17)

 

мұндағы: р 1 – топырағы бар сақина салмағы;

р 2 – сақина салмағы;

V – сақина көлемі.

 

 

1- сурет.Топырақсұлбасын алуға арналған кескіш сақина:
1 – кескіш сақина; 2 - қақпағы; 3 - насадка; 4 - бағыттауыш цилиндр

Топырақ ылғалдығын (%) термостатта кептіру арқылы анықтау

; (18)

мұндағы: р 1 – кептіргенге дейінгі өлшенген топырақ салмағы;

р 2 – кептіргеннен кейінгі өлшенген топырақ салмағы.

Ылғал топырақтың тығыздығы мен ылғалдығын біле отырып, формула бойынша топырақ қаңқасының тығыздығын анықтайды

 

; (19)

 

Тығыздықты анықтау тәсілінің кемшілігі болып термостатта топырақты кептіру процесінің ұзақтығы саналады (сазды топырақ үшін 7 сағ кем емес және құмдақ үшін 5 сағ). Топырақтың тығыздығы мен ылғалдығын жедел анықтауда тығыздағыш плотномер - влагомер Ковалева қолданылады. (2-сурет), су көлемін екі еселенген өлшеу принципі негізінде құралған.

2-сурет. Ковалевтің тығыздық - ылғалдық өлшегіш аспабы:
1 – футляр қақпағы; 2 – футляр кілті; 3 - ыдыс-футляр; 4 - шойын насадка; 5 - пышақ; 6 – қалқыма түтік; 7 - қалқыма; 8 - ілмектер; 9 - ыдысша; 10 - тарирленген жүк; 11 - резеңке сақина; 12 – қалқыма қақпағы; 13 – қалқыма кілті; 14 - кескіш цилиндр

Ылғал топырақ тығыздығын келесі тәртіппен анықтайды:

1. Жер төсемесінің өсі бойынша және 1,5...2,0 м жол жиегінің ара қашықтығында кескіш целиндр 14 және насадка 4 көмегімен құрылымы бұзылмаған топырақтан сұлба алынады;

2. топырағы бар цилиндрді 1 қалқымаға салып 7, қалқыма қақпағын жауып 12 және құлпын жабады 13;

3. шелек-футляр 3 суға толтырылып, қалқыма 7 топыраққа толтырылған цилиндрмен бірге, суға салынады да аспаптың dw шкаласымен ылғал топырақтың тығыздығын анықтайды,

Топырақ қаңқасының тығыздығын келесі жолмен анықтайды:

1. Топырағы бар цилиндрді 14 қалқымадан алып 7, топырақты ыдысқа салады 9, оған су құйып 3/4 көлемінде және түйіндері кеткенше.

2. Ыдысты 9 қалқымадағы ілмекке іліп 8 суы бар шелек-футлярға салады. Су қалқыма мен 7 ыдыс 9 арасындағы қуысты тесік арқылы ағып ыдыс ішіндегі ауаны шығарып толтырады, топырағы бар қалқыма суға енеді. Осыдан кейін шкала 6 бойынша топырақ қаңқасының тығыздығының санағы алынады.

Қалқыма түтікшесінің жоғарғы бөлігінде 6 ір түрлі топырақ түріне арналған төрт шкала сызылған. Бір шкала ылғал топырақтың тығыздығын анықтау үшін dw және үш шкала топырақ қаңқасының тығыздығын анықтау үшін: Ч - гумусті, П - құмдақ Г- сазды.

Топырақ ылғалдығы (%) мына формуламен анықталады

 

; (20)

 

мұндағы: dw – ылғал топырақ тығыздығы, г/см3;

d – топырақ қаңқасының тығыздығы.

Жер төсемесін іріленіп сынғыш және тасты топырақтардан тұрғызу кезінде тығыздықты бақылау «ойық» тәсілімен жүргізеді. Бұл тәсілдің негізі, тығыздалған қабаттан тереңдігі 10...15 см және көлемі 3...5 л. болатын ойық қазылады. Ойық көлемін өлшейді де ішін өлшегіш ыдыстан құрғақ құммен толтырылады. Ойық көлемін және оның ішіндегі салмақты біле отырып топырақ тығыздығын анықтайды.

Бірақта бұл тәсіл жұмыс көлемі үлкен және кейбір кемшіліктері бар. Жекелеп келгенде, соңғы қорытындыға келесі факторлар әсер етеді, құм ірілігі, ойықты құммен толтыру биіктігі мен жылдамдығы және т. б.

Ойықтың көлем өлшеу дәлдігін жоғарылату үшін, қазіргі кезде денситометром қолданылып жүр, ол резеңке қаппен жабдықталған, оған өлшегіш ыдыс арқылы су құяды. Қапты ойыққа қабырғасына тығыздап салады. Ойық көлемін су шығыны мен анықтайды. Топырақ ылғалдығын барлық сұлбаларды кептіру арқылы немесе түзетулер арқылы формуламен есептеледі.

 

; (21)

 

мұндағы: W 1 – топырақ ылғалдығы, 5 мм саңылаулы електен өткен %;

q – топырақтағы бөлшек ірілігі 5 мм, %.

 

Далалық жағдайда топырақ тығыздығы мен ылғалдығын үлгі алмай өлшеу үшін радиометриялық тәсіл қолданылады. Гамма-плотномерлер топырақ тереңдігі 20 см және одан жоғары болғанда дәлдігі ±0,05 г/см3 топырақ тығыздығын бағалауға мүмкіндік береді.

Топырақ тығыздығын гамма-сәуле арқылы өлшеу мәні болып, гамма-сәуле арқылы топыраққа радиацияның ену жылдамдығында өзгеруін анықтайды (3-сурет).

 

3-сурет.Тығыздықты бақылау кезінде аспаптың орналасу сұлбасы:
1 – болат құбыр d=40 мм; 2 – контейнердің ішкі құбыры; 3 - изотоп кобальта 60 (Со60); 4 - гамма-квант счетчигі; 5 – импульс регистраторы

Радиация көзін 3 болат немесе қорғасын жұмыс контейнеріне орналастырады 2 диаметрі 30 мм. Гамма-сәуле көзі ретінде Со60 қолданылды. Минутына импульстың санына тіркеу болып есептік сұлбасы қызмет етеді. Гамма-сәуле белгілі бір қабат ортасынан енуі х анықталады

 

; (22)

 

мұндағы: Jx – импульстың шығу кезіндегі сәуленің жылдамдығы 1 мин. 1 см2 ге;

J 0 - импульстың кіру кезіндегі сәуленің жылдамдығы 1 мин. 1 см2 ге;

m - гамма-сәуленің ортада бәсеңсуінің салмақтық коэффициенті.

 

Топырақ қаңқасының тығыздығы

 

; (23)

 

Топырақ ылғалдығының дәлдігі 1...2 % дейін нейтронды влагомер көмегімен анықталады. Жұмыс істеу принципі ылғал топырақта болатын жүйелі нейтрондардың баяу күйге өтуі негізінде жасалған.

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 446 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)