Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жол ҚҰрылыс жҰмыстарыныҢ сапасын баҚылаудыҢ Әдістемелері

Читайте также:
  1. ЖАСАНДЫ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ САПАСЫН БАСТАПҚЫ БАҚЫЛАУ КЕЗІНДЕ ТОПЫРАҚТАРДЫ ТЫҒЫЗДАУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІН РЕТКЕ КЕЛТІРУ
  2. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
  3. ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ
  4. ЖОЛ ҚАБАТЫНЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ
  5. Жол құрылысының сапасын бағалаудагы пайдаланалытын сапасның кейбір бәрлік көрсеткіштері
  6. ЙІНДІНІ ТЫҒЫЗДАУ САПАСЫН БАҚЫЛАУ

Жұмыс мақсаты

1. 1 бөлім жол құрылыс жұмыстарының сапасын бағалау әдістемелерін оқу «Жалпы жағдайы» (ҚНжЕ 3.06.03 –85, 99-100 бет).

2. Бөлек жұмыс түрлерінің сапасын бағалау есептеулерін орындау.

Жалпы ережелер

 

1.2 б. сәйкес 99 бет ҚНжЕ 3.06.03-85 бойынша параметрлeрдің жоба мен нормативтік құжаттардың (Р) талаптарына сәйкестік дәрежесінің орташа бағамы төмeндегi формуламен анықталады:

 

(1)

 

мұндағы: Рі- і-нші параметрдің жоба мен нормативтік құжаттардың (103-104 беттер ҚНжЕ 3.06.03-85 қараңыз) сәйкестігінің дәрежелік бағасы; n - әр жұмыс түрі бойьшша (n=6) бағаланатын параметрлeрдің саны; Р - орташа баға.

1.3 б. Сәйкес, 2 қосымшада, ҚНжЕ 3.06.03.- 85 бойынша жекелeген жұмыс түpлepiнiң сапалары Р көрсеткіші мәніне байланысты анықталады.

Р=4,61-5,0 болғанда "өте жақсы" (бес балл).

Р=3,9І-4,6 болғанда "жақсы" (төрт балл).

Р = 3,0-3,9 болғанда "қанағаттанарлық" (үш балл).

Ескертпе. "қанағаттанарлық" бағасы жобалау мекемесі мен тапсырыс беруші арасында келісілген техникалық құжаттамалардан болымсыз ауытқулар орын алған жағдайда (маңыздылығы төмен ақаулық ҚНжЕ 15467-79 бойынша) белгіленеді. Бұл жағдайда мұндай параметрлeрдің саны берілген жұмыс түрі бойьшша бағалауға жататын параметрлeр жалпы сананың 50% -н аспауы керек. Демек, жол төсемесінің салыну бағасы «жақсы» бағамына сәйкес кeлeдi.

 

Тапсырманы орындау тәсілі

 

І-мысал Негізгі мағлұматтар: жол төсемесі үйіндісің тұрғызу жұмыстарын қабылдар кезеңінде жоба жәнe нормативтік құжаттар талабына параметрлeрдің сәйкестік дәрежесінің төмендегідей бағалары белгіленеді: жер төсемесінің қабаттарының тығыздығы жақсы, ұзына бойлық профильдің биiктiк белгiлeрі - «өте жақсы», жер төсемесінін жақтауы мен жол осінің арақашықтылығы «жақсы», көлденең көлбеуліктері - «жақсы», су бұрғыштар құрылысы - «өте жақсы», еңістік құламалығы «өте жақсы».

Жол төсемесі үйіндісін тұрғызғандағы сапалылық бағасын aнықтay керек.

Шешуі:

1.2 б. сәйкес ҚНжЕ 3.06.03-85, 99 бет, 2-қосымша бойынша параметрлердің жоба талаптары мен нормативтік құжаттарға (Р) сәйкестік дәрежесінің орташа бағасын төмендегі формула (3.1) бойынша анықтаймыз:

 

 

ҚНжЕ 3.06.03-85, 2-қосымшасының 1.3б. бойынша жекелeген жұмыс түpлepiнiң сапа бағасын Р көрсеткішінің мәндеріне байланысты анықтаймыз:

Р=3,91-4,6 – «жақсы» (төрт балл).

 

2-мысал Жолда жылжыту тәсілімен қиыршық тас-құм қоспасынан тұрғызылған жол табанын қабылдау кезінде параметрлердің жоба және нормативтік құжаттарға сәйкеcтiгi дәрежесінің төмендегідей бағалары алынады:

- жол өсі бойынша биіктік белгілeрі – «жақсы»;

- қабатының ені – «жақсы»;

- тегістігі – «қанағаттаңдырарлық»;

- еңістік құламалығы – «жақсы».

Шешуі:

Шағыл тас табанының орташа сапа бағасының мәні төмедегідей болады:

 

 

ҚНжЕ 3.06.03-85, 2-қосымшасының 1.3 б. бойынша бұл қабаттың соғылу сапасы «жақсы» бағасына орындалған болып шығады


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 161 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)