Читайте также:
|
|
Жұмыс мақсаты
1. ҚНжЕ 3.06.03-85,101-102 беттері /1/ бойынша жер төсемесінің тұрғызу сапасын бағалау, 2-тараудағы жол құрылыс жұмыстарының сапасын бағалауын оқып-білу.
2. Берілген жұмыс көлемінің сметалық құнының орташа кешенді сапа көрсеткішін анықтау
Жалпы ережелер
Кешенді көрсеткішті есептеу негізінде жер төсемесі тұрғызу жұмыстарының сапалық бағасын анықтау. ҚНжЕ 3.06.03-85 б.2 2/1/ қосымшасына орай жер төсемесін тұрғызу сапасын бағалауды кешендік көрсеткіштер нeгізінде төмендeгi формуламен анықталады:
(2)
мұндағы: Р - кешенді корсеткіш; S1- S2 S3 S4 S5 тиісінше, жер төсемесі табанының (дайындық қабатының) сапа бағасы, үйінді тұрғызу жәнe ойық қазудың, су бұрғыш құрылымы, себілме жол жағасы жәнe бекіту жұмыстары (балл өлшемінде); α1 α2 α3 α4 α5 - жұмыс түрлерінің мәнділік коэффициенті, тиісінше 0,7; 1,0; 0,8; 0,6; 0,70.
Жоғарыдағы әдістеме жер төсемесі айтарлықтай көлемді жәнe аралық қабылдау aктiciмен өткізіліп, жол жамылғысының қабаттарын алдағы құрылыс маусымына қaлдырылған жағдайда қолданылады.
ҚНжЕ 3.06.03-85 б.2.1 көрсетілген жұмыс түpлepiнiң әрқайсының орташа сапалық бағасын анықтау үшін кейде әркезде және әртүрлі орындарда атқарылып, өткізiлeтін жер төсемесінің аймақтары үшін сапаның кешенді Р көрсеткіші арқылы төмендегі формуланы пайдалануға болады:
(3)
мұндағы: С1 С2, С3 - «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» бағалармен тиісінше атқарылған жұмыстардың көлeмiнiң сметалық құны.
Әр мезгілде, әр аймақтарда атқарылған жер төсемесінің құрылысын «жақсы» бағасымен қабылдаймыз.
Тапсырманы орындау тәсілі
Жер төсемесін тұрғызуда саны бағалауды жұмыс түрлері бойынша құрастыру:
- Жер төсемесінің төменгi төсенішінің дайындығы – «өте жақсы»;
- үйінді төселу үшін дайындалған ойма – «жақсы»;
- су бұратын құрылғы – «жақсы»;
- топырақ себілген жол жиектері – «өте жақсы»;
- бекіту жұмыстарының бағасы «өте жақсы».
Кешенді көрсеткіш бағасын 1.3 пунктіне сәйкес, ҚНмЕ 3.06.03.-85 жер төсемесін тұрғызу сапасын «жақсы» деп бағалады.
Әртүрлі аймақтарда, әр мезгілде салынған жер төсемесінің орташа кешенді сапа көрсеткішін Р, берілген жұмыс түрлерінің сметалық құны
С1= 12000 мың. теңге, С2= 18000 мың. теңге, СЗ =300 мың. теңгені құрағанда анықтау.
Шешуі:
1.3 бөліміне ҚНжЕ 3.06.03-85 сәйкес сапа бағасын (балл есебінде) формуламен Р-ның мәнін анықтаймыз:
ҚНжЕ 3.06.03.-85 1.3. бөліміне сай жер төсемесін тұрғызу «жақсы» бағасына бағаланады.
Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 130 | Нарушение авторских прав