Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тотықсыздану әдісі

Читайте также:
  1. Ағынды гидрографын канондық жіктеу әдісімен моделдеу
  2. В.П.Образцов және Н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация
  3. Дәріс. Құралда болу уақыты бойынша сұйық таралуы. Ағын құрылымын индикаторлы зерттеу әдісі.
  4. Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру
  5. Манипуляция- Жүрекке перкуссия жасау әдісін жасап көрсетіңіз.
  6. Оптикалық талдау әдісі
  7. Тотығу-тотықсыздану тепе-теңдігі

Ме ұнтақтарын тотықсыздандырғыш газдармен, (сутегі, СО және басқа), қатты заттармен (көміртегі), металмен (Мg, Ca, Na, Al)галогентердің окситері мен басқа қосылыстар тотықсыздандыру нәтижесінде алады.

Пория негіздері

Тотықсыздандыру рексиясы келесі түрде жазылады:

МеА+Х=Ме+ХА, Мұнда Ме-тотықсызданатын Ме, қосылысА-металл емес құраушысы (О2, F, Сl және басқа); Х-тотықсыздандырғыш (газ, қатты зат, Ме)

Термодинамикалық анализ тотықсыздандыру үрдісінің беріген бағытта жүруінің шартын анықтаудан тұрады. Тотықсыздандырғыш ретінде реакция шарты бойынша алынатын металлға қарағанда Ме емес құраушымен үлкен химиялық ұқсастығы бар зат бола алады. Химиялық ұқсастық бұл – химиялық байланыстың беріктілігі. Оның өлшемі ретінде химиялық байланыс түзілгенде босайтын байланыс энергиясының мөлшері, бұл энергия қаншалықты көп болса, байланыс та соншалықты берік болады. Бастапқы қосылыс түзілгендегі бөлінетін энергияға қарағанда жаңа қосылыс түзілгендегі бөлінетін энергия көп болса, тотықсыздану энергиясы жүреді:

Zr+O2=ZrO2-420 кдж/моль

2Са+О2=2СаО+525 кдж/моль

Орташа жылу эффектісі көрсеткендей, Са-ді ZrO2-нің тотықсыздандырғышы ретінде қолдануға болады.

Газбен тотықсыздандыру. Ме қосылыстарын газбен тотықсыздандыру механизмі адсорбционно-автокатолитикалық теорияға негізделген. Бұл теория гетерогенді топохимиялық реакциялардың қарапайым актілерін келесідей орналасуын қарастырады: Топо- бұл бетінде жүретін реакция.

1. Тотықсызданатын заттың бетіндегі тотықсыздандырушы газдың адсорбциясы.

2. Қосылыс торына тотықсыздандырғыш электрондарын беруі.

3) Ме емес А құраушының иондарының үзілуі және олардың тотықсыздандырғыш атомдарымен қосылуы.

4) Жаңа ХА қосылысының түзілген молекулаларының десорбциясы.

5) Кристалдардың өсуі және тотықсызданатын Ме иондарының тотықсыздандырғыш электрондарымен қосылысы.

Кинетика негіздері.

Кинетика тотықсыздандыру үрдісінің жүру жылдамдығын анықтайды, яғни уақыт бірлігіндегі реакцияласқан зат санын анықтайды. Үрдістің кинетикасына маңызды әсер тигізеді::

1) Бастапқы заттың меншікті беті (шикіқұрамның дисперстілігі).

2) Адсорбция сипаттамалары.

3) Адсорбциялық қабаттағы химиялық әсерлесу.

4) Катализатордың болуы.

5) Реакцияның газтәріздес өнімдерінің десорбциясының сипаттамалары.

6)Диффузиялық үрдістердің сипаттамалары.

 

W ангидридін сутегімен тотықсыздандыру.

WO3+3H2=W+3H2O

Ангидридті ұсату→Себу→Дозалау→Тотықсыздандыру (Н2)→Шығару→ Ұнтақтау→Сеперациялау.

1- 700-1200°С диапазонындағы зоналық қыздыруы бар зоналық пеш; 2-Конвейер; 3- W ангидрид ұнтағы бар қайықшалар (табандық); 4- Пешке сутегін жеткізетін құрылғы.

Тотықсыздандыру пешінің сұлбасы: технологиялық параметрлері - t, сутегін жеткізу өнімділігі, қайықшалардың қозғалу жылдамдығы, бастапқы материал қабатының биіктігі. Сутегінде ылғалдың болуы W бөлшектерінің өлшеміне әсерін тигізеді. Бөлшектердің өлшемі 10-15 мкм-ды құрайды.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 99 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)