Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экология және тұрақты даму бойынша халқаралық ынтымақтастық.

Читайте также:
  1. G2 критерийі бойынша бірнеше дисперсиялардың біртектілігін бағалау.
  2. Xаралық экологиялық ұйымдар
  3. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  4. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  5. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  6. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  7. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі

ХІХ ғасырдың аяғынан бастап, мемлекет халықаралық-құқықтық құрал ретінде халықаралық ұйымдар механизмдерін, сонымен қатар экологиялық саясатты ендіру үдерістерін пайдаланып келеді. Осы мақсатта тұрақты жұмыс жасайтын және уақытша жұмыс жасайтын халықаралық ұйымдар (конференциялар) құрылады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қалыптасуын бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

1-кезең. 1913 жылы Берн қаласында халықаралық табиғат қорғау күніне арналған конференция болып өтеді. Бұл ғылыми үкіметтік емес конференция болатын, оған әлемнің 18 елінен өкілдер қатысты. Конференция ақпараттық және ұйымдастырушылық сипат алғандықтан, ешқандай шаралар жасалмады.

1923 жылы Парижде табиғатты қорғау жөніндегі І халықаралық конгресс болып өтті. Бұл конгресс жалпы пікірталастармен шектелді. Жалпы халықаралық серіктестіктің бірінші кезеңінде жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жеке түрлерін қорғау жолында бірқатар табыстар болғанымен, оның барлығы да үкімет тарапынан ешқандай қолдау таппады.

2-кезең. Оның басталуы 1945 жылы БҰҰ құрылуымен тікелей байланысты. Қоршаған ортаны қорғау БҰҰ жарғысында жазылған. БҰҰ – халықаралық экологиялық бірлестікте маңызды рөл ойнайды. БҰҰ міндеті – экономикалық және әлеуметтік өмірдегі, денсаулық сақтау, өмір сапасын көтеру, адам құқығын қорғау секілді халықаралық мәселелерді шешуге көмек көрсету.

3-кезең. 1960-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің басты оқиғаларына жататындар: Рим клубының құрылуы (1968); Стокгольмдегі БҰҰ қоршаған орта және даму жөніндегі 1-ші конференциясы; 1983 жылы құрылған қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия, 1987 жылы «біздің ортақ болашағымыз» баяндамасының шығуы.

А) Рим клубы. Тұрақты даму тұжырымдамасының пайда болып қалыптасуына Рим клубы шеңберінде өткен іс-әрекеттер көп ықпалын тигізді. Рим клубын құру идеясын қалыптастырған итальян экономисі, қоғамдық қайраткер, бизнесмен Аурелио Печчеи болатын.

B) Стокгольм конференциясы, 1972 жыл. Бұл қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ алғашқы конференциясы (ұраны: Жер –біреу ғана). Бұл конференцияға әлемнің 113 елінің өкілдері, БҰҰ арнайы ұйымдарының, басқа үкіметаралық және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

C) 1983 жылы БҰҰ қолдауымен қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия құрылды. Бұл комиссия қоршаған орта жағдайын толық бақылап, талдай келе, 1987 жылы «Біздің ортақ болашағымыз» атты баяндаманы дайындады. Осы баяндамада тұрақты даму түсінігіне сипаттама берілген.

4-кезең. Қоршаған орта және даму жөніндегі БҰҰ 1992 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен конференциясы. Бұл конференцияға әлемнің 179 елінің өкілдері қатынасып, онда Стокгольмде басталған жұмыстың жалғасы ретінде маңызды үш құжат қабылданды.

1. Тұрақты даму принциптері көрсетілген Декларация. Оның бес принципі адам құқығы, әйел, жастардың рөлі, халық қызығушылығына арналса, үш принципі әлем мен әлемдегі дауларды бейбітшілік жолмен шешу қарастырылған. Жеті принцип тұрақты дамуға байланысты көрсетілсе, қалғандары қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық, мемлекет саясаты, табиғат ресурстарын реттеу жолдарын көрсетеді.

2. «ХХІ ғасыр Күн тәртібінің» қабылдануы. Оның мазмұны төрт бөлімнен тұрады: әлеуметтік-экономикалық аспектілер, даму мақсатында ресурстарды ұтымды пайдалану және сақтау, халықтың негізгі топтарының рөлін күшейту, оларды жүзеге асыру құралдары.

3. «Орманның барлық түрлерін игеру және сақтау, ұтымды пайдалану қатынасындағы негізгі принциптер» атты құжат қабылданды. Одан басқа, осы конференцияда «Биологиялық алуандылықты сақтау туралы» және «Климаттың өзгеруі туралы» Конвенция қабылданды. 4-кезеңде Тұрақты даму жөніндегі БҰҰ бесінші конференциясы 1997 жылы өтті (РИО+5, 1997).

5-кезең. Тұрақты даму жөніндегі Бүкіләлемдік Саммит, Йоханнесбург, 2002 жыл. Саммитті ұйымдастырушылар талқыланатын мәселелерді бес топқа бөлді: су, энергия, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология. Саммит шеңберінде «Жер Хартиясы» деп аталатын құжат ұсынылды.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 368 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)