Читайте также:
|
|
Аса ірі экожүйелердің құрылымдық құрауыштарының, биомдардың және бүтін биосфераның ғылыми өзгеруі соңғы 250 жылдай бұрын басталды. Биосфераға антропогендік әсер етудің, яғни ластаудың көздері болып келетіндер өндірістік мекемелер, көлік, ауыл шаруашылығы, тұтыну және тұрмыстық сала – заманауи адамның кез келген әрекеті.
Заманауи адамның биосфераға әсер етуі келесі негізгі бағыттарда жүреді:
· жер бетінің құрылымын өзгерту;
· табиғи ортаның химиялық құрамын, заттардың айналымы мен тепе – теңдігін өзгерту;
· жер шарының жеке аумақтарында, сондайақ ғалами деңгейде энергетикалық (жекеше жылулық) тепе теңдіктің өзгеруі;
· жануарлар мен өсімдіктердің бір түрін құрту немесе жаңа түрлерді құру, интродукция нәтижесінде биотаның құрамындағы өзгерістер.
· Биосфераның физикалық, химиялық және биологиялық ластануын ауырлатып, тіршілік орта сапасын нашарлату.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану — коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты. Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану коғам дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпы халықтық міндет болып табылады.
Табиғат — санада және санадан тыс жүретін объективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы. Ол адамға байланысты негізгі 3 түрлі қызметті атқарады:
1. Жердегі өмірге кажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет;
2. Адамдардың материалдық кажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалык кызмет;
3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз — құлықтылык қызмет.
Адам — табиғаттың эволюциялық даму нәтижесінін өнімі. Табиғатқа қатынасына байланысты, ол — оның әсерін байқайтын, өмірдің жаратылысынан тәуелді болатын, оны қоршаған ортаның объектісі ретінде және табиғи ресурстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін шешу үшін табиғатты бейімдеуші субъект ретінде танылады.
Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде — табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану — материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамнын экономикалық мүддесімен анықталады. Табиғатты қорғау — қазіргі кезең және болашак ұрпақтар үшін коршаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Бірақ, тірі организмдердің (соның ішінде адамның да, қоғамның да) жалпы қоршаған ортамен емес, табиғи ортамен байланысты екендігін де көрсету керек.
Экология тұрғысынан адамзат – биологиялық түрдің жалпы әлемдік популяциясы, жер экожүйесінің бөлінбес құрама бөлігі. Биологиялық тіршілік пен әрекетті қамтамасыз ету мақсатымен адамға атмосфералық ауаның, ауыз судың, тамақтың абсолютті түрде үздіксіз ағыны қажет. Жануарлар тәрізді адамның ағзасы тәуліктік және мезгілдік ырғақтарға бағынады, қоршап тұрған температура мезгілдік өзгеруіне, күн сәулесінің қарқынына сезімтал болып келеді.Адамның биологиялық табиғатының көрінісі оның өзінің тіршілігін бар мүмкіндігінше қол жетімді құралдар арқылы сақтап қалуға тырмысуы. Оның ішінде табиғи факторларды пайдалана отырып, өмірін көбею арқылы жалғастырып, тіршілік әрекетінің максималды қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Әрине, бұл мақсаттарға қол жеткізу үщін адамның тіршілік ортасымен ұдайы қарым қатынаста болуы қажет.
Кең ауқымды антропогендік әрекет биосфералық үдерістердің дамуын бұзып қана қоймай, адамзатты табиғаттан алшақтатты. Адамзат биотоптармен органикалық біртұтастықта емес. Табиғатқа қожалық етемін деп, адам өзінің қызметінің барысында экожүйелік заң шеңберінен шығып кетіп, оларға қарама-қайшы дамиды. Адамға кең ауқымды экологиялық валенттілік тән. Бұған адамның шексіз экологиялық қуыста болуы қосылып, өзінің мүддесіне қол жеткізу үшін басқа түрлерді бағындырып, тіптен оларды құртып жіберуге мүмкіншілігі бар, супертүр қалыптасуына жағдай туды. Н.А. Воронков бойынша, бұл адамның биоәлеуметтік болмыс ретінде дамуының маңызды парадокстарының бірі. Бірақ адамның супертүрге айналуы биологиялық механизмдердің сатылап даму нәтижесінде емес, техникалық құралдар арқасында болды. Осының салдарынан адам өзінің биологиялық бейімделу әлеуметінен бірталай деңгейде айрылып қалды. Сондықтан қандай да болсын оғаш және жан түршігерлік парадокс: адам – табиғаттың қайталанбас туындысы – өзінің қолымен жасап отырған тіршілік ортасын өзгертуінің нәтижесінде өмір аренасынан бірінші кетуге кандидат болып тұр. Бұл қорытынды әлеуметтік – экологиялық тепе – теңдік ережесімен үйлесім тауып тұр: «Қоғам ортаға қысым жасау және ол ортаны қалпына келтіру арасындағы тепе – теңдік сақталғанға дейін дамиды».
Табиғатты қорғаудың негізгі ережелері мен ұстанымдары:
1. Табиғат байлықтарын пайдалануды тұтынушылардың мақсатын ескере отырып жүзеге асыру.
2. Табиғат байлықтарын пайдалану барысында оның жергілікті жер үшін маңызы мен қорын қатаң ескеру керек.
3. Табиғат қорларын пайдалануда, олардың бір-бірімен байланысты екенін есте сақтау керек.
Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 184 | Нарушение авторских прав