Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Экологияның қалыптасу тарихы және басқа ғылым жүйелерімен байланысы.

Читайте также:
  1. Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер ерекшеліктері
  2. Ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын басқа да талаптар
  3. Адам әлеуетінің даму индексі және халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.
  4. Адами даму және адам өмірінің әр түрлі аспектілері
  5. Адами даму концепциясындағы экономикалық өсім және еңбекпен
  6. Азақстан қоғамының саяси өмірінде қоғамдық қозғалыстардың орны және ролі
  7. Аймақты басқаруғы шетелдік озық тәжірибелер

I кезең (1707-1924)

Бұл кезеңде биоэкологиялық зерттеудің жаппай сипат алу кезеңі. Австриялық табиғат зерттеушісі – Дарвинист Эрнест Геккель 1866 жылы «Экология» терминін алғаш рет өзінің екі томдық «Организмнің жалпы морфологиясы» атты еңбегінде жан-жақты ғылыми түсінік берді.

II кезең (1924-1980)

Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең экология ғылымы- ның дара ғылым деңгейіне көтеріліп өзінің зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін жетілдіре түсті.

III кезең (1980-бүгінгі күнге дейін)

Экология ғылымдарының өрлеу кезеңі. Осы кезде экология-бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, саяси экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті.

Орта ғасырлардағы схоластика мен діннің үстемдігі табиғатты зерттеуге деген құштарлықты әлсіретті. Алайда қайта өрлеу дәуірінде, Ренессанс дәуірінде болған ұлы географиялық жаңалықтар натуралистердің биологиялық зерттеулерін қайта жаңғыртты. 17–18 ғасырлардағы экологиялық мәліметтер зоологтардың, саяхатшы натуралистердің еңбектерінде жиі кездеседі.

Алғашқы эволюциялық ілімнің авторы Жан Батист Ламарк (1744-1829) «сыртқы жағдайлардың» ықпалын жануарлар мен өсімдіктер дамуының аса маңызды себептерінің бірі ретінде атап көрсетті.

Өсімдіктер географиясына экологиялық бағытты Александр Гумбольдттың (1769-1859) еңбектері жол салды. Экологиялық ойларға орыс зоологтары К.Ф.Рулье (1814-1858)менН.А.Северцовтың(1827-1885) жәнебасқа ғалымдардың еңбектері зор үлес қосты.

Ғылым ретіндегі экология тарихындағы ерекше күн – 1866 жылдың 14-қыркүйегі болды, сол күні Э.Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» деген кітабын жарыққа шығарды. «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің шығуы» (1859) жарияланған соң жеті жылдан кейін Э.Геккель бүтіндей Ч.Дарвиннің идеяларын құптай отырып білімнің осы саласына айқын сипаттама берді. Американдық ғалым С.Форбс экологияның айқын сипаттамасын 1895 жылы берді.

ХХ ғасырдың басында ботаниктердің, зоологтардың, гидробиологтардың және т.б. экологиялық мектептері қалыптасып, дами бастады. 1910 жылы Брюссельде өткен үшінші ботаникалық конгрессте өсімдіктер экологиясы дербес өмір сүретін ағзалар (аутэкология) мен бірге өмір сүретін топтарға (синэкология) бөлінді. Бұл бөлініс жалпы экология мен жануарлар экологиясына таралды.

1913-1920 жылдары В.Шелфордтың, Ч.Адамстың, С.А.Зерновтың (1871-1945) экологиялық еңбектері, журналдар, экологиялық ғылыми қоғамдар пайда болды, экологияны университеттерде оқыта бастады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында экология ғылым ретінде ерекше қарқынды дамыды, себебі қоршаған ортаның антропогенді өзгерістері ұлғайды. 1962 жылы Париж қаласындағы біріккен ұлттар ұйымы көлемінде ұйымдастырылған биосфера халықаралық конференциясында ең алғаш рет халықаралық деңгейде биосфера ресурстарын қорғау және тиымды пайдалану туралы бағдарлама қабылданды.

1971 жылы Швецияда бірінші Еуразилық конференция өтіп, онда айнала қоршаған орта табиғатты қорғау мәселері көтерілді. 1972 жылы маусым айында Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Стокгольмде адамды қоршаған антропогенді өзгерген табиғи орта туралы бірінші халықаралық кеңесті шақырып өткізді. Қоршаған ортаны қорғау жөнінде тұрақты жұмыс жасайтын халықаралық ұйымды (ЮНЕП) – БҰҰ қоршаған орта жөнінде Бағдарламасын құру туралы шешім қабылданды.

Біздің елімізде жоғары Парламент және Үкімет қоршаған ортаны қорғау заңын 1997 жылы 15-ші шілдеде және ҚР-нің экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын, сондай-ақ ҚР-нің қоршаған ортаны қорғау ұлттық жоспарын қарастырып жоспар қабылданды.

Экологиялық заңдылықтар ағзалардың жиынтығы — популяцияларға, бірлестіктерге, экожүйелерге, ақырында бүкіл тірі табиғатқа қатысты қолданыла бастады. Сонымен экология барлық деңгейлердегі ағза үстілік биологиялық жүйелердің ұйымдасуы мен тіршілік қызметі туралы ғылымға айналды. 19 ғасырдың 60-70 ж-на дейін экология биологияның шеңберінде дамыды. Алайда ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуан – түрлігінің кемуі, адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлауы экологияның жеке ғылым болып қалыптасуына ықпал етті. Экология көптеген білім салаларына ене бастады. Экология мен жаратылыстану және техникалық ғылымдардың гуманизациясы, экономика, әлеуметтану, мәдениет және т.б. байланыстырыла бастады. қазіргі заманғы экология тек жеке ғылым ретінде ғана қарастырылып қоймай, ол дүниеге көзқарасқа, адамзаттың тіршілігін сақтауы туралы ғылымға айналып отыр. Экологиялық ойлар мен мәселелердің, ғылымның басқа салаларына енуін экологияландыру деп атайды.

Экологияның ғылым саласы ретінде екі аспектісі бар, бірінші, таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші орынға табиғат даму заңдылықтарын ашу және түсіндіру, екінші, жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты проблемаларды шешу үшін қолдану. Қазіргі кезде экология ғылымың табиғатты ұтымды пайдаланудың өткір проблемаларын шешуде орны үлкен дербес ғылым ретінде маңызы зор.

 


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 408 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)