Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын басқа да талаптар

Читайте также:
  1. Ақпараттық жүйелер мамандығына арналған Физикадан тест сұрақтары
  2. Аймақты басқаруғы шетелдік озық тәжірибелер
  3. Аймақты басқарудың мен даму алғышарттары
  4. Бір елдің валютасын басқа елдің валютасымен айырбастау қалай аталады?
  5. Дипломдық жұмыстарға( жобаларға) қойылатын талаптар
  6. Жер ресурстарын басқару

Осы Стандарттың мақсаты ұйымның алдыңғы кезеңдердегi өз қаржы есептiлiгiмен де, сондай-ақ басқа ұйымдардың қаржы есептiлiгiмен де салыстырмалы болуына қол жеткiзу үшiн жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiн ұсынуға негiз қалау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшiн осы Стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi талаптар айтылады.

Анықтамалар

Жалпы мақсаттағы қаржылық есептіліктер (қаржылық есептіліктер деп аталады) – кәсіпорыннан есепті өздеріне ақпараттық мұқтаждықтарыа қарай дайындауды талап ете алмайтын қолданушылардың мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін ниеттілген қаржылық есептіліктер болап табылады.

Практикалық мүмкін еместігі – Қандай да болсын талапты қолдану, ұйым, бұл үшін ақылға қонымды күш-жігердің барлығын пайдалана отырып, қалай болғанда да оны қолдана алмаған жағдайда, іс жүзінде мүмкін болмайды.

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарттары (ХҚЕС) – бұл халықаралық қаржы есебі стандарттары жөніндегі Кеңес (ХҚЕСК) қабылдаған Стандарттар мен Түсіндірмелер.

Мәнділік – Баптарды қалдырып кету немесе бұрмалау, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтықты түрде қаржы есептілігінің негізінде қабылданатын пайдаланушылардың экономикалық шешімдеріне ықпал етуі мүмкін болса, елеулі болып табылады.

Ескертулерде – балансқа, пайдалар мен залалдар туралы есепке, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепке және ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепке қосымша ұсынылатын ақпарат болады. Иелер – үлес ретінде жіктелетін құралдарға иелік етушілер.

Пайда немесе шығын – басқа толық табыстың құрамдас бөліктерін алып тастағандағы шығындар шегерілген табысбың жалпы көлемі.

Қайта жіктеуден кейінгі өзгерістер – ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде басқа толық табыс бойынша танылған, ағымдағы кезеңде пайда немесе шығынға қайта жіктелген сомалар.

Жалпы толық табыс – иелермен, иелер ретінде жасалған операциялар нәтижесінде болатын өзгерістерден басқа, кезең ішінде операциялар және басқа оқиғалар нәтижесінде болатын үлестегі өзгеріс.

Қаржы есептілігінің мақсаты:

Қаржы есептiлiгi ұйым қызметінің қаржы жағдайы мен қаржы нәтижелерінің құрылымдалған ұсынуы болып табылады. Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн пайдалы ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi. Осы мақсатқа жету үшiн қаржы есептiлiгi ұйымның мынадай көрсеткiштерi туралы ақпарат бередi:

o активтер;

o мiндеттемелер;

o өз капиталы;

o пайдалар мен залалдарды қоса, кiрiстер мен шығыстар;

o өз капиталындағы басқа да өзгерістер;

o ақшалай қаражаттың қозғалысы.

Қаржы есептiлiгiнiң толық жинақталымы мыналарды қамтиды:

§ кезеңнің соңындағы қаржылық жағдай жөніндегі есептілік;

§ кезең ішіндегі толық табыс жөніндегі есептілік;

§ кезең ішіндегі үлес өзгерістері жөніндегі есептілік;

§ кезең ішіндегі ақшалай қаражаттардың қозғалысы жөніндегі есептілік;

§ есеп саясатының елеулі элементтерінің қысқаша сипаттамасын және басқа да түсіндірме ескертпелерді қоса, ескертулер;

Кәсіпорын барлық қаржылық есептіліктерді тең түрде қаржылық есептіліктердің толық жиынтығы ретінде ұсынуы тиіс.

Есептеу әдісі бойынша есепке алу:

Ұйым, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, есептеу әдісі бойынша есепке алу ережелерін қолданып, қаржы есептiлiгiн жасауға міндетті.

Елеулілік және қорыту:

Ұқсас баптардың әрбiр елеулi сыныбы қаржы есептiлiгiнде міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс. Ұқсас емес сипаттағы немесе мақсаттағы баптар, егер олар елеулі болып табылмайтын ретте ғана, міндетті түрде жеке ұсынылуға тиiс.

Өзара есепке алу: Активтер мен мiндеттемелер және кірістер мен шығыстар өзара есепке алынбауға тиiс, бұған ол рұқсат етілген немесе қандай да болсын Стандарт немесе Түсіндірме талап ететін реттер кірмейді.

Қаржы есептiлiгiнде баптарды ұсыну немесе сыныптау өзгерген кезде, салыстырма сома, егер қайта сыныптауды жүргізу iс жүзiнде жүзеге асырылмайтын болғанда ғана, міндетті түрде қайта сыныпталуға тиiс. Салыстырма сомалар қайта сыныпталған кезде, ұйым мыналарды ашып көрсетуге тиiс:

Ø қайта сыныптау сипаты;

Ø әрбір баптың сомасы немесе қайта сыныпталған баптардың сыныбы;

Ø қайта сыныптауды жүргізу себебі.

Салыстырма сомаларға қайта сыныптау жасау іс жүзінде мүмкін болмайтын кезде, ұйым мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

ü тиісті сомаларға қайта сыныптау жүргізілмеген себеп;

ü егер тиісті сомалар қайта сыныпталған болса, жасалатын түзетулердің сипаты.

Қаржы есептiлiгiн анықтау:

Қаржы есептiлiгi міндетті түрде дәл анықталуға және жарияланған бір құжат шеңберiндегi басқа ақпараттан бөлiнуге тиiс.

Қаржы есептiлiгiнiң әрбiр компонентi міндетті түрде дәлме-дәл анықталуға тиiс. Бұған қоса, келесi ақпарат дәлме-дәл бөлiп көрсетiлуге және, егер бұл ұсынылған ақпаратты дұрыс түсiну үшiн қажет болса, қайталануға тиiс:

a) есеп беретiн ұйымның атауы немесе өзге де сәйкестік белгілері, сондай-ақ алдыңғы есепті кезеңнен бастап осы ақпараттағы кез келген өзгерістер;

b) қаржы есептiлiгi жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамти ма;

c) қаржы есептiлiгiнiң тиiстi компонентi үшiн ненiң көбiрек жарайтынына қарай, есепті күн немесе қаржы есептiлiгiн қамтитын кезең;

d) 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай, ұсыну валютасы;

e) қаржы есептiлiгiнде соманы ұсынған кезде пайдаланылған дәлдiк деңгейi.

Баланстың өзiнде ұсынылуға тиiстi ақпарат:

Баланс міндетті түрде кем дегенде мыналарды көрсететiн жекелеген баптарды қамтуға тиiс:

1. негізгі құралдар;

2. инвестициялық жылжымайтын мүлік;

3. материалдық емес активтер;

4. қатысу әдiсi бойынша ескерiлген инвестициялар;

5. биологиялық активтер;

6. босалқылар;

7. сауда және басқа дебиторлық берешек;

8. ақшалай қаражаттар және ақшалай қаражаттардың баламалары;

9. сауда және басқа кредиттік берешек;

Қысқа мерзімді активтер:

Актив, егер мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде айналымдық актив ретінде сыныпталуға тиіс:

1) оны өткiзу көзделсе, не ол кәсiпорынның әдеттегі операциялық кезеңiнiң барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;

2) ол негiзiнен сауда мақсаттарына арналса;

3) оны есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату ұйғарылса;

Қысқа мерзiмдi мiндеттемелер:

Мiндеттеме, егер ол мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде қысқа мерзімді міндеттеме ретінде сыныпталуға тиіс:

ü оны ұйымның әдеттегі операциялық кезеңiнiң шеңберінде өтеу көзделсе;

ü ол негізінен сату мақсаттарына арналса;

ü ол есепті күннен кейiн он екi айдың iшiнде өтелуге тиiс болса;

Ұйым не баланстың өзiнде, не ескертулерде мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

Ø акционерлiк капиталдың әрбiр тобы үшiн;

Ø шығаруға рұқсат етiлген акциялардың саны;

Ø акциялардың атаулы құны, немесе акциялардың атаулы құны жоқ екенiне нұсқама;

Ø жылдың басына және аяғына айналымдағы акциялардың санын тексеру;

Егер кәсіпорын қаржылық міндеттеме мен үлес арасында төмендегілерді қайта жіктесе:

v үлестік құрал ретінде жіктелетін мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар құралды;

v кәсіпорынға міндеттеме басқа тарапқа кәсіпорынның нетто-активтерінң пропорциялық үлесін жоюдан соңң үлестіруге жүктейтін және үлестік құрал ретінде жіктелетін құралды;

v ол әрбір категорияға жатқызылған немесе жатқызылмаған қайта жіктелген мөлшерді (қаржылық міндеттеме мен үлесті), және сол қайта жіктеу уақытын және себебін ашып көрсетуі тиіс.

Кәсіорын кезең ішінде танылған табыс және шығындардың барлық баптарын ашып көрсетуі тиіс:

§ толық табыс жөнідегі бір есептілікте;

§ екі есептілікте:пайда немесе шығынның компоненттерін көрсететін есептілікте (бөлек қаржылық есептілік) және пайда немесе шығыннан басталатын және басқа толық табыстың компоненттерін көрсететін екінші есептілікте (толық табыс жөніндегі есептілік).

Толық табыс жөніндегі есептілікте ұсынылуға тиiстi ақпарат:

Пайдалар мен залалдар туралы есептiң өзiнде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсететін кем дегенде мынадай желілік баптар болуға тиіс:

· табыс;

· қаржыландыру жөніндегі шығындар;

· салық бойынша шығыстар;

· пайда немесе залал;

· басқа толық табыстың сипатына қарай жіктелген әрбір компоненті ((h)тармағындағы сомадан басқасы);

Кәсіорын толық табыс жөніндегі есептілігінде төмендегі баптарды пайда немесе шығынның сол кезең ішінде бөлінуі ретінде ашып көрсетуі тиіс:

ü төмендегілерге тән кезең ішіндегі пайда немесе шығын:

ü бақыланбайтын пайыздарға;

ü бас ұйымның иелеріне.

төмендегілерге тән кезең ішіндегі жалпы толық табыс:

ü бақыланбайтын пайыздарға;

ü бас ұйымның иелеріне.

Кезең ішіндегі пайда немесе залал:

Кезең ішінде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары міндетті түрде, егер қандай да болсын Стандартта немесе Түсіндірмеде өзгеше талап етілмесе, пайдаға немесе залалға қосылуға тиiс.

Кезең ішіндегі басқа толық табыс:

Кәсіпорын қайта жіктеуден кейінгі өзгерістермен қоса, басқа толық табыстың әрбір компонентіне байланысты табыстық салықтың сомасын табыс жөніндегі есептілікте, немесе ескертпелерде ашып көрсетуі тиіс.

Кәсіпорын басқа толық табыс компоненттеріне байланысты қайта жіктеу өзгерістерін ашып көрсетуі тиіс.

Толық табыс туралы есептің өзінде, не ескертулерде ұсынылуға тиісті ақпарат:

Егер кірістер мен шығыстардың баптары елеулі болып табылса, олардың сипаты мен шамасы міндетті түрде бөлек ашып көрсетілуге тиіс.

Ұйым қандай ұсынудың сенімді болып табылатынына және неғұрлым маңызды ақпарат беретініне байланысты не шығыстарының сипатына, не ұйым ішіндегі олардың мақсатына негізделген сыныптауды пайдалана отырып, шығыстарды талдауды ұсынуға міндетті.

Ұйым меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп ұсынуға және осы есептің өзiнде мынадай ақпаратты ашып көрсетуге міндетті:

Ø бас ұйымның иелеріне және бақыланбайтын пайыздарға тән жалпы сомаларын бөлектеп көрсететін кезең iшiндегi жалпы толық табыс;

Ø меншікті капиталдың әрбір компоненті бойынша, төмендегілердің нәтижесі болатын өзгерістерді бөлектеп ашып көрсететін кезеңнің басындағы баланстық құны мен соңындағының арасындағы салыстырулар:

1) пайда немесе шығын;

2) басқа толық табыстың әрбір баптары;

3) бөлектеп иелердің жарналары мен оларға үлестірулерін және бақылау құзыретін жоймайтын еншілес ұйымдардағы иелік мүдделерінің өзгерісіні көрсететін иелермен, ие ретіндегі операциялар

Кәсіпорын үлестегі өзгерістер жөінідегі есептілікте немесе ескертпеде кезең ішіндегі иелерге үлестіру ретінде танылған дивиденд мөлшерін және әрбір акцияға қатысты мөлшерін ұсынуы тиіс.

Есеп саясаты туралы ақпаратты ашып көрсету:

Ұйым есеп саясатының елеулі элементтерінің жиынтығында мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

a) қаржы есептілігін әзірлеу кезінде пайдаланылған бағалау негізін (немесе негіздерін);

b) ұйымның қаржы есептілігін түсіну үшін маңызды есеп саясатының өзге аспектілерін.

Капитал: Ұйым оның есептілігін пайдаланатын адамдарға капиталды басқару мәселелерінде міндеттерді, саясатты және процестерді бағалалуға мүмкіндік беретін ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.

Үлес ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар қаржылық құралдар:

Үлестік құралдар ретінде жіктелген мерзімінен бұрын өтеу құқығы бар қаржылық құралдар бойынша, кәсіпорын (басқа құжаттарда ашып көрсетлімеген шамасында)ашып көрсетуі тиіс:

1. үлес ретінде жіктелген сома туралы сандық жиындық деректерді;

2. қаржылық құралдардың сондай түрлерін өтеуге немесеқайта сатып алуға шығатын күтілетін ақша шығындарын;

3. өтеуге немесеқайта сатып алуға шығатын күтілетін ақша шығындары қалай анықталғандығы туралы ақпаратты.

Ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын басқа да талаптар

Ұйым қаржы есептілігіне ескертулерде мыналарды ашып көрсетуге міндетті:

o қаржы есептілігі жариялауға бекітілгенге дейін ұсынылған немесе жарияланған, бірақ есепті кезеңнің ішінде меншікті капитал иелеріне бөлу ретінде танылмаған дивидендтер сомасы, және акцияға шаққандағы тиісті сома;

o артықшылықты кумулятивтік акциялар бойынша кез келген танылмаған дивидендтер сомасы.

Егер басқа құжатта ашып көрсетілмеген болса, қаржылық есеппен бірге басып шығарылған ақпаратта кәсіпорын келесілерді ашып көрсетуі тиіс:

· заңды мекен-жайын және кәсіпорын түрін, оның тіркелген елін және тіркелген офисінің мекен-жайын(немесе тіркелген офис мекен-жайына сәйкес келмейтін жағдайда, негізгі жұмыс орнын);

· кәсіпорынның жұмыстарының және оның негізгі қызметінің өзгешелігінің сипаттамасы;

· бас ұйымның және және топтың бас ұйымының атауы;

· егер ол қызмет мерзімі шектеулі кәсіпорын болса, мерзімінің ұзақтығы жөніндегі ақпаратты.

Күшіне енгізілген күн:

Ұйым осы Халықаралық стандартты 2005 жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейiн басталатын жылдық кезеңдерге қатысты қолдануға міндетті. Мерзiмiнен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін басталатын кезеңдерге қатысты қолданса, ол бұл фактіні ашып көрсетуге міндетті.

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 385 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.018 сек.)