Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аймақты басқарудың мен даму алғышарттары

Читайте также:
  1. Аймақты басқаруғы шетелдік озық тәжірибелер
  2. Аймақтық дамудағы стратегиялардың рөлі
  3. Несиелік тәуекелді басқарудың негізгі элементтерін көрсетіңіз

Аймақтың тұрақты дамуын басқарудың теориялық негіздері

Аймақты басқарудың мен даму алғышарттары

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.

Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етеді. Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi де өзгереді.

Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.

Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруді және жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi [2].

Аймақтар мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, аймақтық және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.

Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтардыңтұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету - мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және тағы басқа аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.

Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.

Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанменен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б.) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты.

Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:

- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;

- индустриялық дамыған;

- агроөнеркәсіптік;

- дағдарыстық [3].

Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:

- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;

- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;

- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.

Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін- өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.

Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;

- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары,автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;

- нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.

Үшінші топ – ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.

Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:

- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;

- ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;

- тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.

Төртінші топқа– қысылшаң (экстремалды) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:

- экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын-алу;

- осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;

- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;

- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.

Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.

Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификацияланған) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.

Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:

- өндіріс қарқынының төмендеуі;

- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);

- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);

- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б [4].

Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар – бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи –климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.

Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады

Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Аймақтандыру процессі өндірістік, әлеуметтік, ресурстық және саяси факторлар жүйелерінің әсерімен қалыптасады. Төменде соның біразын қарастырып өтейік.

1. Аймақты қалыптастыру факторы ретінде өндірістік қатынастар ең алдымен, ауданның өндірістік күштерін ұйымдастыру нысандары мен деңгейіне және оның шаруашылықтық мамандануына әсер етеді.

2. Аймақты қалыптастырудың маңызды элементінің бірі территориялық еңбек бөлінісі. Оның екі жағы бар: шаруашылықтың мамандануы және мамандандырылған территориялар арасындағы экономикалық байланыстың даму деңгейі.

3. Аймақты қалыптастыру факторларының тағы бірі ретінде еңбек ресурстарының орналасуын атап өтуге де болады. Себебі, табиғи жағдайлар мен табиғи ресурстар нақты территорияның шаруашылықтық мамандануының бағытын және өндірістік күштердің даму деңгейін анықтайды.

4. Аймақты қалыптастыру процесіне ұлттық фактор, елдің дамуының белгілі бір сатысына тән әлеуметтік – саяси жағдайлар, сонымен қатар, территориялардың көлікпен қамтамасыз етілуі, елдің және оның әрбір бөліктерінің геосаяси жағдайы жатқызылады [5].

Оғамның дамуындағы аймақты қалыптастырушы факторларға талдау жасаудың нәтижесі, олардың тарихи сатыға байланысты өзгеретінін көрсетеді. Аймақтардың қалыптасуына адам еңбегінің заттануы елеулі әсер етеді. Аймақты қалыптастыру мәселелерін шешу барысында объект ретінде көбінесе «өндірістік күштер» қарастырылады. Яғни, аймақтарды қалыптастыру процесі оны жүргізудің негізгі тәсілдерінің мәнін сақтап отырғанда ғана, динамикалық сипатқа ие болады.

Қазақстан экономикасын аймақтандыру процесін қайта қалыптастырудың маңызды екені сөзсіз. Оның негізінде фундаменталды фактор, соның ішінде экономикалық әлуеттің деңгейі, аймақтық экономиканың өсуге, нарық өзгерістерін қабылдауға қабілеттілігі және шын мәніндегі көрінісі мен бейімделуі жатыр.

Экономикалық әлеует деңгейін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы жүргізіледі: жан басына шаққандағы әр жылдың суды пайдалануы куб.м.; га сапасы бойынша ауыл шаруашылық жерлерін сәйкес аудандар; өнеркәсіптік өнімдер көлемі теңгемен; негізгі өндірістік қорлар теңгемен есептегенде; капиталды салымдардың көлемі теңгемен; Жалпы қосымша құн теңгемен; шаруашылықтың барлық салаларында электр энергиясын пайдалану, квт; халық тығыздығы – бірінші орынды жоғары көрсеткіштері бар аймақтар кв.км/адам.

Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясаттың мақсаты – территориялдық өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаларын құру және рационалды территориялдық еңбек бөлінісі негізінде әр аймақтың ресурстық өндірістік потенциалын тиімді пайдалану және халықтың өмір сүру қызметтері үшін сәйкес тең мүмкіндіктерін құруда болып табылады.

Аймақтық саясаттың мақсатына жету үшін төмендегідей тапсырмаларды шешуді талап етеді:

Бірінші кезеңде аймақтық саясатты жасау мен жүзеге асыру үшін алғы шарттарды құру болжанды. Оларға келесілер жатады:

- аймақтардың сәйкестілік шаруашылықтың даму қызметін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы кешенді шүараларды құру;

- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық ережелеріне сәйкес территориялдық артықшылықтарын анықтау;

- Қазақстан Республикасының барлық территориясында экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандырумен жеке аймақтарды селективті мемлекеттік қолдаудың келісімі;

Екінші кезеңде еліміздің экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шегінде аймақтық дамудың алғашқы кезектегі тапсырмаларын жүзеге асыру болжанды. Яғни:

- Институционалды және нарықтық инфроқұрылымның, аймақтық және жалпы республикалық еңбек, капитал және тауар нарықтарының құрылуы және дамуы;

- Артта қалған ауылдарды көркейту үшін материалдық негіз құру.

Республикамыздың экономикасын өсіру және көркейту жағдайында көптеген тапсырмаларды шешу үшін мүмкіндіктер пайда болды. Оларға жататындар:

- аймақаралық инфрақұрылымды құру және өндірістің территориалды ұйымын жетілдіру, экономиканың тиімді кеңістік құрылымын қалаптастыру;

- территорияның ғылыми-техникалық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, экология-экономикалық теңдікті сақтау өндірістік кешеннің ресурстық-мақсатты тепе-теңдігін қамтамасыз ету;

- нашар дамыған аймақтардағы әлеуметтік сфера және экономиканың депрессивті жағдайын басиан кешіруден сақтану, аймақтар бойынша халықтың өмір саласын және деңгейіндегі әртүрлікті түзету.

Аймақтттық саясаттың мақсаты мен тапсымаларына сәйкес оның төмендегідей негізгі бағыттары бөлінеді:

- құрылымдық өнеркәсіптік және инвестициондық саясатқа сәйкес кәсіпорын санауышы бойынша жұмыстар ұйымдастыру, аймақтағы кәсіпорын мен өндіріс үшін беделді қажетті селективті көмек көрсету;

- аймақтық экспортық потенциалын көбейту, сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие өнім шығаруды көбейтуді қолдау;

- өнекәсіптің базалық саласындағы ірі кәсіпорындарда өндірістік қызметті көркейту және капитал концентрациялау мақсатында технлогиялық өзара байланысты өндірістің жаңа ұйымдастырушылық құрылымын құру;

- жергілікті рыноктарда тауар және қызмет ұсынысын көтеру, халықтың жұмысбастылығын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жеке меншік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнестідамытуды қолдау;

- материалдық өндіріс және аймақтық инфроқұрылым сферасына тікелей шетел инвестициясын қоса инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- бюджеттен тыс көздерді, институционалдық инвесторлар жүйесін, ацмақтың қаржылық ресурсын қалыптастыру;

- табиғаттың ландшавты және әртүрлігін, генетикалық қорларын сақтау.

Мемлекеттің аймақтық саясаты әр типтегі аймақ ерекшеліктерін қосқанда, олардың потенциалын біршама толық ашу мақсатында дифференциалды жүзеге асырылады.

Республикалық аймақтық артықшылықтарды анықтау үшін жалпы қабылданған типология қолданылады, жаңа салықтық және бюджеттік саясат құрылу позициясына байланысты аймақтарды 3 топқа бөледі:

Бірінші топ – кірістің орташа республикалық деңгейін көтеретін кірістері бар аймақтар (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы). Бұл аймақтарда біршама жоғары салық қойылымы бекітілуі керек.

Екінші топ – кірістің орташа республикалық деңгейіне жақын аймақтар (Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары), бұларға салық қойылымының орташа деңгейі ұсынылады.

Үшінші топ – орташа кірістің ең төмен деңгейін көрсететін аймақтар (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары).

Көрсетілген типологияға сәйкес республиканың территориалдық даму артықшылықтары санына 1-ші және 2-ші топтағы аймақтар кіреді. Территориясында негізгі экономикалық және өнеркәсіптік потенциалы бар лидер аймақты, яғни даму деңгейі жоғары аймақтарға республикамыздың экономикасының дағдарыстан шығуы бойынша және оның келешекте өсуіне үлкен үміт қойылды.

3 топтың аймақтары – аутсайдер деп айтылатын, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен артта қалған облыстарға мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігі шартында көңіл аудару керек /35/.

Бұл типология қаржылық қаражаттарды аймақаралық қайта бөлу қажеттілігі сақталған кезде аймақтық саясатты жүзеге асыру бірінші, екінші кезеңдерде актуалды болады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру шаралары бойынша аймақтардың топ құрамы ылғи ауысып тұрады.

Нарықтық процесстерді жүзеге асыру механизмдерін нақтылау және ішкі аймақтық артықшылықтарды бөлу мақсатында аймақтарды мамандандыру (специализациялау) қағидасы бойынша типология қолданылады, соған сәйкес аймақ 4 топқа бөлінеді:

Бірінші топ – стратегиялық сипаттары минералды ресурстарының керемет қорларын иеленетін және ғылымиһөндірістік потенциалының интенсивті дамуының жеткілікті жоғары көрсеткіштермен республика экономикасын тездетілген темппен енгізу қабілеті, бірақ ауылдардың экономикалық-әлеуметтік артта қалуы, оның көп бөлігі эқологиялық жағдайы нашар болуы көрсетілген аймақтар. Бұл аймақ топтары үшін беделді болып төмендегідей проблемалар жатады:

- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өңдеу мен қазудың жаңа технологияларын енгізу базасы негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бой жерлерді интенсивті иелену (көмірсутек, хромит, калий тұзы, алтын, күміс, мыс, нырыш, фосфат, никель, борот, кобальт және тағы басқа);

- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық иныроқұрылымдарды құру (қонақ үйлерді салу құрылысы, офис мекемесі, аэропорт, халықаралық порттар, байланыс торабы, көлік және темір жол көлігі торабы, сыртқы халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз ете алады).

Екінші топ – негізінен қаржылық ресурстармен өзін- өзі қамтылған жоғары технологиялық ғылыми көлемді өндіріс құру үшін жеткілікті қолайлы экономикалық жағдайларымен, ауыр индустрия саласының нақты көрсетілген мамандануымен жоғары ғылыми-өндірістік потенциалы бар аймақтар жатады.

Бұл аймақтардың экономикасын реформалаудың артықшылықты бағыттары болып төмендегілер көрсетіледі:

- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық потенциалды қалыптастыру және мехника-технологиялық үзіліс базасы ретінде ірі өндірістік потенциалы бар келешекте құрылымдық реконструкциялау;

- жаңа ғылыми көлемді өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар базасында құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралы, ақпараттану, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту, шетел технологиясын және қаржыландырудың сыртқы көздерін пайдалана отырып құрал-жабдық және автоматтандырылған басқару жүйесін шығару;

- экономикалық қайта қалыптасу темпін анықтайтын нарықтық инфроқұрылымды дамытуды тездету;

- өздерінің өндірісін көтерілуін және жақсаруын қамтамасыз ететін өнеркәсіптің юасты салаларының ірі кәсіпорындармен басқарудың жаңа ұйымдастырушылық формасын құру, шетелдік консалтингалық фирмалар мен мамандарды тарту; өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымның территориялдық ұйымдастырудың рационалды деңгейін қалыптастыру; тұтынушы нарығын баланстау бойынша материалдық база құру.

Үшінші топ – еліміздің сатушылық қорын құруда басты орында алатын агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артықшылықты бағыттары болып келесілер жатады:

- жеке меншіктің әртүрлі формаларының дамуын, ауыл шаруашылық өндірісін реформалау бойынша курстарды жалғастыру;

- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге тиімді мамандықтанудың жүзеге асырылуы;

- ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығымен және экспорттың өсуін қамтамасыз ететін өндірістік процесстерде жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;

- аймақтық агроөнеркәсіпті кешеннің әртүрлі қызмет сферасын дамыту диспропорциясын бастан кешіру;

- республиканың тұрақты сауда кешенінқұру мақсатында айылшаруашылық шикізаттарды өндіру және қазіргі индустрияны сақтау бойынша кішігірім кәсіпорындардың кең байланысын ұйымдастыру.

- Тұтыну рыногын балансталған түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын қатайтуда, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымын міндетті түрде құру.

Бұл топтың еңбек шығындары бар аймақтар үшін ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу бойынша біршама кәсіпорын қатарында, халақтың жұмысбастылық проблемаларын жеңілдету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында шағын және орта бизнесті дамыту керек.

Төртінші топ – экстремалды климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың рационалды емес салалық құрылымы бар депрессивті аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарыстаға аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған шаруашылық байланыстарының бұзылуы және экономикалық және әлеуметтік дағдарыс критикалық жағдайға әкелуі мүмкін аймақтар, бұлар өздерінің күштерімен бұл проблемадан шыға алмайды. Бұл үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.

Бұл топтағы аймақтарға артықшылықты жағдайлары болып төмендегі проблемалар аталады:

- экологиялық дағдарысты тереңдету процесін алдын-алу:

- жекеленген ауылдық аймақтардағы ауыл шаруашылық шикізаты бар өнеркәсіптік қайта өндеу бойынша бірінші топтағы звеноларды құру, осынла тұратын халықтардың дәстүрі мен тәжірибесі және жергілікті ресурстарды пайдалануды қосқанда шаруашылық кешенін түр-тамырымен реконструкциялау;

- Осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деғгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;

- Қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардағы, кіші және орташа қалалардың және басқа тұрғылықты жерлердің тұрғындары республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетінін халықтар үшін қажет жағдайлар жасауы тиісті;

- Шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану болып табылады.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің реттеушісі әсері инититутционалды құрылымдарды жүргізу, сыртқы экономикалық саясат, жалпы мекроэкономикалық (бюджеттік, салықтық, акшалай-нешелік), әлеуметтік, экономикалық, кұрылымдық-инвестициалық саясаттарды жүзеге асыру және шаруашылық субьектілері мен халықтың өмірлік қызметі құқықтық регломентация жүесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды шығаруда және тәжірибелік түрде орындалуы кезінде жүзеге асырылатын шараларды интеграционды аймақтық тиімділікті ескере отырып, олардың территориалық кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүдделеріне сәйкес ескерілуі қажет.

Аймақтың стратегиялық дамуын жүзеге асырудың басты құралдарына төмендегілер жатады:

1. Аймақтағы өндірістік-экономикалық, интеллектуалдық және экспорттық потенциалдарын тиімді пайдалану және қатайту; жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделерімен келісім және өзара байланысын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді болашақтағы жетістіктерге Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін орналастыру мен аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамыткдағы кешенді болжамдар жасау.

2. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарттары мен кезеңдерін кешенді должауда көрсетілген жүзеге асыруға мақсатталған жалпы мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейдегі индикативтік жоспар жүесін құру.

3. Ірі масштабты аймақ аралық проблемаларды шешу жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды шығару және жүзеге асыру.

4. Нақты бір аймақтарды дамыту проблемаларын шешу бойынша мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, оның ішінде депрессивті кіші және орта қалаларды, экологиялық нашар аудандарды мемлекеттік қолдаудың арнайы бағдарламаларын және алыстағы ауылдық аудандарды дамыту болып табылады. Ғылыми-техникалық және басқарушылық тәжірибесін, қазіргі кездегі технологияларын, шетел инвестициясын тартумен қатар, сәйкес аймақтардың потенциалдарын толық пайдалану және дамытуды тездету мақсатында заңдылық, институтционалдық және әдістемелік қамтамасыз етуіне сәйкес арнайы экономикалық зоналарды құру.

Арнайы экономикалық зоналарды құру үшін бұл аймақ қажетті алғы шарттары болуы керек, яғни тиімді көліктік-географиялық жағдаймен және экпорттық бағыттауға жеткілікті шикізат қорларының болуын ескеру қажет. Жалпы аймақтарды дамыту үшін шығарылған бағдарлама, индикативтік жоспарлар жүзеге асырылуы керек және болашақта артта қалған аймақтарды дамытып, экономикалық өсуін қамтамасыз етілуі керек.

Аймақ деңгейінде аймақтық менеджмент механизмі аймақтардың ресурстық әлеуеті мен даму мүмкіндіктерін толықтай пайдалану барлық аймақтарда бірдей емес болғандықтан, әр облыста әр түрлі дамиды немесе мүлде болмауы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, аймақтық менеджмент механизмін жетілдіру жолдарын ұсынуды жөн санаймыз. Жалпы мақсаттардан оның негізгі міндеттері келіп шығады, олар келесідей:

- аймақтың өндірістік қызметінің ауқымын және жалпы табысын арттыру;

- ұтымды мамандандыру және салалар мен қызмет аяларының оңтайлы түрін құру;

- аумақтық жоспарлау мен өндіргіш күштерді орналастыруды жетілдіру;

- қолайлы инвестициялық климат жасау;

- кәсіпкерлік қызметті дамыту мен бәсекелестік ортаны құру үшін жағдайлар қалыптастыру.

Аймақтық менеджмент аймақтық мүдделер айқын бейнеленіп, олар жалпымемлекеттік мүдделермен үйлестірілгенде, оларды іске асырудың нақты қадамдары, тәсілдері мен әдістері айқындалғанда ғана белсенді әрі тиімді жүзеге аса алады.

Аймақтық менеджмент механизмін тиімді қолдану биліктің республикалық және аймақтық органдарының арасында функцияларды міндетті түрде бөлуді көздейді.

Сонымен, аймақтардың дамуын басқарудың маңызды міндеттерінің қатарына біздің көзқарасымыз бойынша, келесілерді жатқызуға болады:

- аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлеріндегі бастапқы айырмашылықтарды «тегістеу», халықтың лайықты өмір сүру деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету;

- мемлекет пен оның жекелеген аймақтарының мүдделерін үйлестіру арқылы біртұтас ұлттық экономиканың қызмет етуін қамтамасыз етуге бейімді әрекетті әлеуметтік-экономикалық механизмді құру;

- меншіктің түрлі нысандарын тең негізде дамыта отырып, көпукладты экономиканы, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 1145 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.028 сек.)