Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дипломдық жұмыстарға( жобаларға) қойылатын талаптар

Читайте также:
  1. Ақпаратты ашып көрсетуге қойылатын басқа да талаптар
  2. Профилактикалық егуді жүргізуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
  3. Тақырып. Лизинг (жалдау) талаптарындағы инвестициялық қызметті бухгалтерлік есепке алу. Операциялық жалдауды есепке алу
  4. Халыққа профилактикалық егуді жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Диплодық жоба немесе дипломдық жұмыс, студенттің оқуының соңғы этапы болып саналады және өзінің белгілі мақсаты болады:

1. жүйелілік, мамандық бойынша теориялық білімдерін кеңейту және бекіту және бұл білімдерін нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, және басқа мәселелерді шешуге пайдалану;

2. Жеке жұмыс жасау қабілеттерін арттыру, зерттеу әдістерін толық меңгеру.

3. Түлектердің қазіргі заманғы техника және мәдениет, өндірістік саладағы бағытта жеке жұмыс жасауға дайындық сатысын анықтау.

Студентті диплом алды практикаға жолдау алдында дипломдық жұмыс (жоба) тақырыбын ректордың бұйрығымен бекітеді.

Бұл мәліметтермен бірге дипломдық жұмыстың жетекшісі тағайындалады, аяқталу күні, соңында диплом МАК мүшелеріне талқылануға тапсырылады.

5.03.005-2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Кәсіптік практика» ҚР МЖМБС сәйкес диплом жұмысының (жоба) жазу және қорғау үшін білімдік-кәсіптік бағдарламада диплом алды практикасы қарастырылады.

Диплом алды практикасының мазмұны диплом жұмысының (жоба) тақырыбымен анықталады.

Диплом алды практикасының ғылыми жетекшісі, негізінен диплом жұмысының (жоба) ғылыми жетекшісі болып табылады.

Диплом алды практикасының аралығында оқушылар практикалық базасына тиісті кәсіптік қызметі туралы нақты мағлұмат жиынын, диплом жұмысы (жоба) тақырыбы бойынша практикалық мағлуматтарды іске асырады. Практиканың қорытындысы диплом жұмысы (жоба) жазуда қолданылады және тиісті нұсқамен даярланады.

Диплом алды практикасының қорытындысы диплом жұмысының (жоба) алдын ала қорғауда жүзеге асырылады.

Дипломдық жобалау немесе дипломдық жұмысты орындау студенттің жоғарғы оқу орнын оқуды аяқтау кезеңі болып табылады және өзінің мақсаты бар:

1) мамандық бойынша теориялық білімді жүйелеу, нығайту және кеңейту және бұл білімді нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өзге де міндеттерді шешу кезінде қолдану;

2) дербес жұмысты жүргізу жетістіктерін дамыту және қарастырылатын сұрақтарды шешу кезінде зерттеу және сынау әдістемесін игеру;

3) қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника және мәдениеттің жағдайында дербес жұмыс үшін түлектердің дайындық деңгейін анықтау.

Бітіру біліктілік жұмысы – практикалық мамандандырудың аяқтаушы кезеңі. Ол мазмұны бойынша ғылымның фундаментальды, теориялық және қолданбалы проблемалары жаңалықтарымен байланысты болуы керек.

Бітіру жұмысында келесілер көрініс табуы тиіс:

· түлектің дайындығының жалпы деңгейі;

· дербес ғылыми – зерттеу жұмысының жетістіктерін меңгеру деңгейі;

· зерттеу саласы үшін таңдап алынған арнайы білім негізі;

· қоғамның қазіргі заманғы проблемалармен практикалық байланыс;

· ғылымның өзекті проблемаларымен байланысы;

· ғылыми жұмыс әдістемесін жүргізу.

Дипломдық (біліктілік) жұмысының көлемі 0 беттен кем болмауы тиіс.

Дипломдық жұмысты орындау курстық жобалаумен және ғылыми жұмыс дайындығымен тығыз байланысты. Дипломдық жұмыс (жоба) курстық жұмыс (жоба) тақырыбының жалғасы болып табылатын жағдай тиімді деп саналады. Бұл бұрыннан жиналған материалдарды пайдалануға және зерттеу сапасы мен маңыздылығын көтеруге мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың курстық жобалаудан басты айырмашылығы түлектердің творчестволық қабілеттерінің, тапқырлығының, бастамашылдығының көрінуін талап ететін инженерлік немесе ғылыми – зерттеу міндеттерін шешуде студенттердің толық дербестігі. Сонымен қатар зерттеліп отырған проблеманың немесе жасалатын жобаның үлкендігінде, зерттеудің тереңдігі және жобаның кешенділігінде айырмашылық бар.

Дипломдық жобалаудың сапасын анықтайтын неғұрлым маңызды және жауапты сәті болып зерттеу тақырыбының дұрыс таңдап алынуы. Дипломдық жұмыстың тақырыбы:

- өзекті, ғылым мен өндірістің қазіргі жағдайы мен даму болашағына сәйкес келуі;

- мазмұны бойынша дипломдық жобалау міндеттеріне жауап беруі, мамандық бойынша теориялық және практикалық білімдерді нығайту және кеңейтуді қамтамасыз етуі тиіс.

Дипломдық жұмыстың тақырыптары кең, кешенді теориялық және практикалық сипатқа ие болуы, халық шаруашылығы кешенімен ұсынылатын неғұрлым маңызды сұрақтарды көрсетуі, ғылыми - өндірістік маңыздағы зерттеулерді орындауды қарастыруы керек.

Дипломдық жұмыстың (жобанаң) тақырыптары кафедраның ғылыми – зерттеу жұмысының профилімен анықталады. Зерттеудің басты бөлігі ғылыми жетекшілермен орындалатын жұмыстардың деңгейі жоғары болады. Нақты кәсіпорындардың тапсырысы бойынша орындалған жұмыстар ерекше құнды: бұл студеннтке өндіріс жағдайын, еңбек ұжымының жұмысын терең зерттеуге мүмкіндік береді, орындаушының қызығушылығы мен жауапкершілігін арттырады. Творчестволық ойлаудың дамуы, зерттеудің тереңдігі және жанжақтылығы кешенді дипломдық жұмыстар орындауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда екі–үш студент бір объекті мысалында жеке жұмыстар орындайды, бірақ тақырып және зерттелетін сұрақтар өзара келісілген және бірін–бірі толықтыратын болуы керек.

Зерттеу тақырыбы тәжірибеден өту орны белгіленген соң анықталуы тиіс. Студент тәжірибеге кеткенге дейін таңдап алынған тақырып, тапсырма және дипломдық жұмыстың толық жоспарын алуы керек.

Өндірістік тәжірибеден оралғаннан кейін, есепті рәсімдеу мен қорғаудан соң студент жетекшімен кеңесе отырып соңғы рет дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдап, оның мазмұнын нықтайды, оны орындау жоспары мен кестесін жасайды. Осының негізінде студент кафедра меңгерушісі бекіткен дипломдық жұмыс тапсырмасын алады.

Кафедрада орындалатын дипломдық жұмыс тақырыбы кең және әр түрлі. Бірақта тақырыптан тәуелсіз жұмыс құрылымы бірен саран.

Студентті диплом алды тәжірибеге жіберер алдында бітіртуші кафедра ректор бұйрығымен бекітілетін дипломдық жұмыс тақырыбын тағайындайды. Тәжірибенің аяқталуы бойынша дипломдық жұмыс тақырыбы қажет болғанда бітіртуші кафедраның ұсынысы бойынша түпкілікті бекітіледі. Студентке дипломдық жұмыспен бірге МАК–ға берілетін оның жетекшісімен толтырылған және кафедра меңгерушісімен бекітілген дипломдық жұмыс тапсырмасы беріледі. Кестені рәсімдеу және дипломдық жұмыс тапсырмасының үлгілері қосымшаларда берілген (1,2 қосымшалар).


Дата добавления: 2015-11-28; просмотров: 803 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)