Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бақаның гаструласында бластопордың арқа ернін алып тастаған, ұрықтың әрі қарай дамуы жүреді ме?

Читайте также:
  1. Алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді топтау.
  2. Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету
  3. Арқаралы Хұзырхаты
  4. Гипертоникалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
  5. Гипертоникалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
  6. Дәріс жоспары

Дамымайды.Шпеман тәжірибесі бойынша 101-103 бет Детерминация дегеніміз- ол басталған дифференциация процестерінің кері айналмауы. Басқаша айтқанда, детерминация клеткалар потенциалына байланысты. Потенция- дамудың жасырын түрдегі мүмкіндіктері. Жұмыртқаның немесе ұрық бөліктерінің әр түрлі потенциялары болады. Мысалы, кейбір бөліктен толық ұрық пайда болатын болса, оны тотипотентті деп атайды.

Екі бөліктің потенциясы бірдей болса, бір-бірінің орнын басып тұрса, оларды эквипотентті дейді.

ХХ ғ детерминация мен дифференциация мәселесін шешуде неміс ғалымы Г.Шпеман мекьебі көп жұмыс жасады. Ол жануарлар ұрығында ұйымдастырушы орталықтар құбылысын ашты, нерв жүйесінің дамуын зерттеді.

Детерминация және дифференциация тек жеке клеткалармен емес, сонымен қатар клеткалардың өзара бір- біріне әсер етуімен де байланысты және клеткалар интеграциясына тәуелді.

Кез келген жұмыртқаны алып қарасақ, ол біркелкі, гомогенді емес, жұмыртқа күрделі морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық құрылысты. Әр жұмыртқаның дамуы -дамуының алғашқы сатысынан бастап детерминациаланған. Мысалы, спиральды бөлінетін жұмыртқада әр бластомердің болашағы алғашқы даму сатыларында анықталып қойылған. Ал реттеуші жұмыртқада да сол сияқты Мысалы, теңіз кірпісі жұмыртқасының 16 бластомер сатысында үстіңгі 8 бластомерден гаструланың эктодермасы, ортаңғы 4 макромерден, алғашқы ішкі қабырғалары, ал 4 микромерлерден алғашқы мезенхима клеткалары түзіледі. Яғни жұмыртқаның әр бөлігі, әр бластомерлері қатал детерминациаланған.

Мысалы, тритонның бластула сатысында әр клеткалық комплексінің бөлігін бояу арқылы, қай бластомерден қандай мүшелер п.б. байқауға болады. Бұл әдісті бірінші Фогт 1925жылы қолданған. Ол әдіс арқылы презумптивті мұшелердің карталарын жасауға болады. Презумптивті – болашақтағы п.б. деген.

Г.Шпеман бластуланың соңғы кезіндегі пигменттелеген тритонның болашақ нерв пластинкасының материалын және пигменттелмеген тритонның болашақ тері эктодермасының материалын ауыстырып енгізді. Оның байқағаны ауыстырылған материал жаңа иесінің құрамына байланысты дамиды, атап айтқанда болашақ тері эктодермасының материалы нерв жүйесін құруға қатысады, ал нерв пластинкасының материалы терінің құрамына кіреді.

Г.Мангольд зерттеу барысында эктодерманы ұрықтың әр жеріне ауыстырды. Байқағаны: ауыстырылған материал жаңа орнына байланысты мүшелердің түзілуіне қатысады. Мысалы, эктодерма- сомиттері бүйрек түтіктерін, хорда, ішек қабырғаларын түзуге қатысады. Энтодерма мен мезодерма да осылайша болды. Шпеман бластула сатысында ұрықта тұрақсыз детерминация бар деген ұғым енгізді.

Енді басқа тәжірбиені қарастырайық. Ұрық соңғы гаструла немесе нейрула сатысында. Егер нерв пластинкасының материалын алып ұрықтың баса бөлігіне енгізсек, сол жерде нерв жүйесінің бөлігі пайда болады. АЛ басқа жерге отырғазалған тері эпидермисіне береді, яғни бұлар жаңа мүшелер бастамасын береді. Осы кезеңде соңғы гаструладан бастап Шпеман бойынша тұрақты детерминация п.б.

Г.Шпеман мен Г.Мангольд 1924 ж бластопордың арқа ернін пигемнттелемеген тритоннан алып пигементтелген триотонның құрсақ эктодермасының астына енгізеді. Бір тәулік өткеннен кейін пигменттелеген тритонның құрсақ жағында нерв түтігі, сомиттер, хорда және эмбрионалды бүйректің бастамасы п.б. Тіпті астындағы эктодерма өзгерді. Оның ішек қуысы қалыптасты. Енгізілген хорда- мезодерманың материалынан әдетте хорданың бөліктері және мезодерма сомиттері дамиды. Ал рецепиент материалынан құрсақ жағында ешқашан қалыптаспайтын нерв түтігі және мезодерманың кейбір бөліктері п.б.

Бұл құбылысты эмбриналды индукция д.а. Ал бластопордың дорсальды ерні Шпеманның тәжірбиесінде индуктор д.а. Бірақ Шпеманның өзі оны ұйымдастырушы деп атаған.

Нерв пластинкасының индукциясын зерттеуде И.Гольфретер көп еңбек сіңірді. И.Гольыретер 1938жылы тритонның гаструласыннан ұсақ бөліктерін алып стандартты ортаға отырғызады. Нәтижесінде эктодерма бөлімінен эпителий түзілмейді, клеткалар бір- бірінен ажырап кетеді, ал энтодермадан ішек эпителиі және бауыр эпителиі тәрізді құбылысмтар п.б. Бластопордың дорсалды ернінен эксплантация жағдайында бүкіл организмнің дамуы басталуы мүмкін. Ұрықтың бас жағымен құйрық жағы белгіленеді. Онда хорда, мезодерма, нерв түтігі п.б. Нерв түтігінің алдыңғы жағында ми тәрізді ұлғаю, жанында эпидермис, мезенхималық клеткалар түзіледі.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 161 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)