Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Гипертоникалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Читайте также:
  1. VI. ИКҚК пайда болған жағдайда медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
  2. Анафилактикалық шокта дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету
  3. Гипертоникалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
  4. Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсетіңіз.
  5. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметкерлердің функционалдық міндеттері

Манипуляция - Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасап көрсетіңіз.

Диагностикалық мәні

Өкпенің салыстырмалы перкуссиясы:

Мақсаты: өкпе ұлпасы және плевра қабатындағы патологиялық өзгерістерді анықтау.

Көрсеткіші: пневмония, туберкулез, ісік, ателектаз, өкпе инфаркті, экссудативті плеврит, гидраторакс, гематоракс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абцесс, өкпе туберкулезі.

Қарама-қарсы көрсеткіші: жоқ.

Асқынулары: жоқ.

Керекті заттар: сабын,бір реттік орамал,орындық.

Жасап көрсету реті:

1) Бөлме тыныш және жылы болу керек.

2) Тексерушінің қолы жылы және тырнағы алынған болу керек.

3) Қолыңызды гигиеналық дәрежеде жуыңыз.

4) Науқастың киімін беліне дейін шешуін сұраңыз.

5) Тексеретін адамның алдына тұрыңыз.

6) Алдынан: қалақша саусақты бұғана үстіне қойыңыз.

7) Ортаңғы бұғана сызығы бойынша оң жақ және сол жақ қабырға аралықтан III қабырғаға дейін перкуссия жасаңыз.

8) Алдыңғы қолтық асты сызықпен оң жақ және сол жақ VI-VII қабырға аралықпен симметриялы перкуссия жасаңыз.

9) Артынан: ”қалақша” саусақты жауырын үстіне қойыңыз, жауырын ортасына,жауырын астына 2 рет қойыңыз, оң жақ және сол жақ бөлігінің симметриялы жерлеріне қойыңыз.

10) Перкуторлық дыбыстың сипатын бағалаңыз.

Ескерту:- салыстырмалы перкуссия - симметриялы мүшелерді салыстырмалы жасағанда естілетін перкуторлық дыбыстың ерекшеліктеріне негізделген тәсіл

-Қалыпты жағдайда өкпе үстінен анық өкпе дыбысы естіледі.

Өкпе ауруларында перкуторлық дыбыс өзгереді.

Бәсең тынықталған-өкпе ұлпасы тығыздалғанда.

Тұйық перкуторлық дыбыс - плевра қабатына паталогиялық сұйықтық толғанда.қорап дыбысы-өкпе эмфиземасында, тимпаникалық өкпеде қуыс пайда болғанда.

 

Жедел көмек

Гипертоникалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Мақсаты: артериальды қан қысымын 2 сағат ішінде 15-20% төмендету;

Көрсеткіші: ОКН, гипертоникалық криз;

Қарама- қарсы көрсеткіші: жоқ;

Мүмкін болатын асқынулар: ОКС, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі(жүрек демікпесі, өкпе ісігі),ми-кан айналымның жедел бұзылуы.

Қажетті заттар: адамның муляж фантомы, кушетка, тонометр, фонендоскоп,қыша қағазы,жылытқыш, марлы салфеткасы, анаприлин таб., таб. нифедипин (коринфар, кордафен, адалат), каптоприл таб.,ерітінділер: лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл, клофелин 0,01%- 1мл, изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі, дроперидол 0, 25%-1-2мл, магний сульфаты 25% – 10мл, - клофелин0,01%- 1мл, эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т; диазепам 10-20мг, пентамин 5% - 1мл, қолдың муляждары, ерітінділерді көктамырға енгізу үшін қолданылатын штатив

, пинцет, залалсыздандырылған мақта шариктері, этиль спирті 700, лейкопластырь, қолғаптар, бір реттік қолданылатын залалсыздандарылған шприцтер

-5мл, 10мл, 20мл, бір реттік қолданылатын система, зембілдер.

Іс-әрекет алгоритмі:

1) Дәрігерді шақырыңыз.

2) Таза ауамен қамтамасыз етіңіз;

3) бас жағын көтеріп жатқызыңыз.

4) шүйдесіне және балтырына қыша қазазын қою

5)жылытқышты аяғына қойыңыз және қолына ыстық ванна жағдайын жасаңыз;

6) маңдайына суық компресс қойыңыз;

7) иньекцияға арналған дәрілік заттарды дайындаңыз:

Криздің нейро- вегетативтік түріндегі дәрігердің тағайындауы:

1)нифедипин (коринфар, кордафен, адалат)10мг тіл астына беріңіз

2)лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т;

3)клофелин немесе (клонидин) 0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ертіндісінде;

4)дроперидол 0, 25%-1-2мл изотоникалық ерітіндіде к/т;

5)тұрақты тахикардияда - анаприлин 1таблетку(40мг) тіл астына;

Криздің сулы-тұзды түрінде (криздің екінші түрі, норадреналдік):

1)лазикс (фуросемид) 1%-2-4мл к/т бір реттік;

2)нифедипин 10мг тіл астына немесе каптоприл тіл астына немесе ішке;

3)клофелин0,01%- 1мл к/т баяу 5 минут сайын 20мл изотоникалық натрий хлорид ертіндісінде;

4)эуфиллин 2,4%- 20 мл к/т;

Криздің тырысу түрінде:

1)диазепам 10-20мг к/т баяу 0,9%-10мл натрий хлорид ертіндісінде тырысу жойылғанша;

2)магния сульфат 25% - 10мл к/т өте баяу!

Сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігімен асқынған гипертоникалық кризде:

1)пентамин 5% - 0,3-0,5мл 20мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісінде к/т баяу,

артериальды қан қысымын және жалпы жағдайын бақылай отырып.

Криз кезінде артерияльды қан қысымын 20% дан төмен түсірмеу ұсынылады,


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 485 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)